ІІІ нұсқа Ойын барысы: балаға жүргізушінің сұрағына жауап беруді ұсыныңыз. «жақсы» және «жаман» сөздерін айтуға болмайды.
Сұрақтар:
Сен өзіңді қалай ұстайсың?
Сен жақсы жүзесің бе?
Сен қалай сурет саласың?
Сен қалай өлең айтасың?
Сен қалай санайсың?
Тапсырмалар: «сандарды іздеп тап» (Л.Ф. Тихомированың әдістемесі)
Кестеде 1-ден 20 санына дейін еркін тәртіпте орналастырылған. Бала сандарды көрсете және атай отырып, сандарды ретімен табуға міндетті. Орындалу уақытын белгілеуге болады (1 минутқа дейін).
І нұсқа ІІ нұсқа
5
12
7
1
20
6
15
17
3
18
19
4
8
2
13
9
14
11
16
10
2
13
11
7
8
17
6
15
12
4
19
10
18
20
1
5
3
9
14
16
15-16-тақырыптар. Зейін қасиеттері Білім, икемділіктер, дағдылар: зейін қасиеттерін іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамыта отырып, оларды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Зейін тұрақтылығына түзету сынағы (И.Д.Баскакова әдістемесі).
Ойындар: «Дәл осындайды тап» И.Д.Баскакова әдістемесі). «Басқаларға ұқсамайтын затты тап, «Не өзгерді?», «Ерекшелігін тап», «Күн мен түн», «Жапалақ», «Дауысына қарай таны», «Назар сал», «Тарсылды тыңда», «Еріккендер», «Айдахар өз құйрығын тістейді».
Жаттығулар: «Ернеу», «Мен ғимаратпын», «Мен ағашпын».
17-тақырып. Мен және менің зейінім Білім, икемділіктер, дағдылар: еркін зейінді, зейін қасиеттерін жетілдіру, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдылары.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Конкурс ойын: «Мен және менің зейінім» оқушылар ойында зейіннің жағымды қасиеттерін байқата отырып, өз қабілеттерін көрсете, ойын тапсырмаларын, жаттығуларды, жағдаяттарды зейін сала орындау.
Тапсырмалар: «Шалтай-балтай», «Тыңда да орында», «Айна».
«Зейін сарайы бойынша саяхат», «Достарының портреттерінің көрмесі».
18-20-тақырыптар. Есте сақтау үдерістері: есте сақтау, сақтау, еске түсіру, ұмытып қалу. Білім, икемділіктер, дағдылар: есте сақтау үдерістерін, сондай-ақ оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын дамытуды жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: «12 сөзді есте сақтау» ойын тесті (И.Ю. Матюгина және т.б. әдістемесі). Оқушыларға есте сақтауға 6 сөзден 2 қатарға орналасқан, 12 сөз ұсынылады:
Қағаз беті
Теңіз
Үй
Алау
Пальма
теледидар
Сақина
Ара
Алма
Айна
Бан
самауыр
Бұл сөздерді бір ақ рет оқуға немесе бір бала баяу ғана дауыстап бір рет оқиды. Содан кейін оларды жазу немесе суретін салу керек.
Нәтижені бағалау.
Егер есте сақтағандары:
4 сөзден кем болса – 3 балл
4-7 сөз – 7 балл
8-11 сөз – 9 балл
12 сөз, бірақ тәртіпті шатастырса – 15 балл
Барлық 12 сөзді – 25 балл
Есте сақтауды дамыту деңгейі туралы тұжырымдау:
25 балл – өте жоғары деңгей
15 балл – жоғары деңгей
9 балл – орташа деңгей
7 балл – төмен деңгей
3 балдан кем – өте төменгі деңгей.
Ойын: сөздерді есте сақтау кезіндегі тактильді, ет сезім. Кітап және жастықпен мысал келтіру.
Ойын: сөздерді есте сақтау кезіндегі есту, тактильді, ет сезім, дәмі арқылы. Апельсинмен мысал келтіру.
Ойын: Сөздерді әңгімені ойлап шығару әдісімен есте сақтау.
Ойын: Жағымсыз жағдайды өз пайдасына қарай өзгертуге қалай үйренеді? Балалық шақты еске ала отырып, қиын жағдайдан қалай шығуға болады?