Ойынның сюжеті мен мазмұны


Ойынды басқару міндеттері



бет4/5
Дата13.09.2022
өлшемі35.62 Kb.
#460681
1   2   3   4   5
ойын технологиясы

Ойынды басқару міндеттері – мектепке дейінгі балалық шақта адамның жеке тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекшісі іс-әрекет ретінде қалыптасқан жағдайда ғана олардың дамуына кең мүмкіндік береді. Қазіргі кездегі мектепке дейінгі педагогикада ойынды басқаруда әр түрлі теориялық тәсілдер қалыптасуда.Мектепке дейінгі педагогикада бала ойынын басқарудың әр түрлі жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады.
Оларды мына сызба арқылы көрсетуге болады: ойынды кешенді басқару – қоршағанортамен белсендііс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – заттық-ойындық ортаны ұйымдастыру – тәрбиешілердің балалармен белсендіретін қарым-қатынасы. Ойынды кешенді басқарудың мазмұны ойын дамуының тәжірибесін байыту ерекшелігіне арналған. Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты балалардың ойындық тәжірибесін дамытудың негізгі бағыттарынан табуға болады.Балалардың ойындық тәжірибесін дамыту – мазмұнын күрделендіру – ойын әрекеттерін күрделендіру – серіктесімен қарым-қатынасы – өз бетінше жұмысы және шығармашылық. Тәрбиеші балалармен бірге күмәнданатын, ойланатын, ойынның басқа қатысушыларымен ақылдасатын, олардың пікірін ескеретін тең құқылы серіктес рөлін атқарады.
Үйрету ойыны барысында тәрбиеші балаларға ойындық тәжірибесі жоқтығына байланысты әлі шеше алмайтын ойындық проблемалық жағдайлар қатарын ұсынады. Міндетті түрде балаға қойылатын талап – баланың ойынға белсенді қатысуы. Ересек адам ойнап, балалар тек қарап отыратын ойындар тиімді бола алмайды. Тәрбиеші ойын барысында баланың орнына ештеңе орындамауы керек, ол тек көмек бере алады. Үйрету ойын түрінде, білінбей өтуі қажет. Балалар ойынның әдеттегі серігі ойыншықтар мен басқа ойын материалдары болады, сондықтан ойынды кешенді басқаруды дамытушылық заттық-ойындық ортаны ұйымдастыру ерекшелігін анықтауға көп көңіл бөлінеді.


Заттық-ойындық ортаны безендіруде төмендегі шарттарды сақтау қажет:ойын бұрыштарын әр түрлі тақырыптағы ойыншықтармен және басқа ойындық материалмен қамтамасыз ету;ойын бұрыштары ойынның даму деңгейіне байланысты безендіріледі.Мысалы, үш жастағы балаларға оқу жылының басында ойнауға тек ойыншықтар ғана беріледі. Ойынды әрі қарай күрделендіру ойын әрекеттерін елестеткен заттарды қатыстырып ойнауға ынталандыратын әр түрлі безендіру элементтерін қолдануды мәжбүр етеді.
Балалардың байытылған ойын тәжірибесін өз бетінше шығармашылықпен қолдануына ойындық проблемалық жағдайлар көмектеседі, олар шығармашылық ізденіске бағыттайды, білімдерін, ойын тәжірибесін жинақтайды. Ойындық проблемалық жағдайлар заттық-ойындық ортаны өзгерту жолымен де ересек адамның балалармен ойын мазмұны жөнінде белсенді қарым-қатынас жолымен де жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет