Ожж рефлекторлық қызметі. Физиологиялық қызметтің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері. Рефлекс. Жүйке орталықтары және оның қасиеттері. Ожж-нің үйлестіру және интегративті қызметтерінің механизмдері. Ожж-гі тежелу



бет2/5
Дата12.09.2023
өлшемі7.73 Mb.
#477282
1   2   3   4   5
63419 (1)

Рефлекстік жауап - рецептивтік өрістің табалдырықтық немесе табалдырықтан жоғары күшпен тітіркендіруден пайда болады. Рецептивтік өріс - дегеніміз әрбір рефлекстің рецепторлары орналасқан аймағы.

Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға (эффекторға) жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады.

Рефлекс уақыты – рефлекс орындалатын уақыт, ол 5 компоненттен құралады: - рецептордың жасырын (латенттік) кезеңі; - қозудың афференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - орталық уақыт – қозудың ОЖЖ-ден афференттік нейроннан эфференттік нейронға өтетін уақыты; - қозудың эфференттік жүйке талшықтарымен өтетін уақыты; - эффектордың латенттік кезеңі.

РЕФЛЕКСТЕР ЖІКТЕЛІСІ

  • 1. Пайда болу түріне қарай:
  • - шартсыз (туа біткен);
  • - шартты (жүре біткен).
  • 2. Рецепторлардың орналасуына (орнына) қарай:
  • - экстероцептивтік (ауру сезімді, температураны,
  • жанасу сезімді қабылдайтын);
  • - интероцептивтік (ішкі ағзаларда, тіндерде, қан
  • тамырларында);
  • - проприорецептивтік (сіңірде, буын қабында).
  • 3. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай:
  • - жұлын;
  • - сопақша ми
  • (булбарлық);
  • - ортаңғы ми
  • (мезенцефальдық);
  • - аралық
  • (диенцефальдық);
  • - алдыңғы ми
  • (қыртыстық).

4 . Биологиялық маңызына қарай:

  • 4 . Биологиялық маңызына қарай:
  • - ас қорыту;
  • - қорғаныс;
  • - жыныс және т.б.
  • 5. Жауаптар түрі бойынша:
  • - моторлық;
  • - секреторлық (сөл бөлу);
  • - тамыр қозғалтқыш.
  • 6. Жауаптың созылу уақытына қарай:
  • - фазалық;
  • - тонустық.
  • 7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын
  • нейрондар санына қарай:
  • - екі;
  • - үш және көп нейронды.
  • 8. Синапстар санына байланысты:
  • - моносинапстық;
  • - полисинапстық;
  • 9. ОЖЖ қатысуымен:
  • - нағыз (нейрондар қатысады);
  • - жалған (нейрондар қатыспайды).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет