Оксиќышќылдар



бет4/22
Дата26.01.2022
өлшемі1.11 Mb.
#454859
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Дип.-Бір-негізді-екі-атомды-оксиқышқылдар 2

1.1.1. Алу әдістері.

Оксиқышқылдарды құрамына гидроксил тобын енгізіп, қышқылдардан немесе құрамына карбоксил тобын енгізіп, спирттерден алуға болады.

1. Оксиқышқылдарды галогеналмасқан қышқылдарды гидролздендіріп алу. Бұл әдіс әсіресе -оксиқышқылдарды синтездеу үшін қолайлы: -галогеналмасқан қышқылдар карбон қышқылдарын галогендендірсе оңай алынады, суға араластырып қыздырғанның өзінде ешқандай қосалқы процессіз-ақ қышқылдың галогені судың гидроксилімен оңай алмасады:

СН3—CHC1—СООН+НОН↔ СН3—СНОН—СООН+НСl

Алкоголяттармен -галогеналмасқан қышқылдардың эфирлеріне әрекет жасап оксиқышқылдардың жай эфирлері алынады.










2.Оксинитрилдердің сабындануы. Оксинитрилдердің гидролизі -оксиқышқылдар береді. Бұл -оксиқышқылдар алудың көбірек қолданылатын әдістерінің бірі:

3. Реформатскийдің реакциясын қолданып галогеналмасқан қышқылдардың эфирлерінен β-оксиқышқылдарды алу. Галогеналмасқан қышқылдың эфирімен альдегидтің немесе кетонның қоспасынан мырышпен әрекеттестіріп оксиқышқыл эфирінің мырыш алкоголяты алынады (1), ол алкоголятты сумен әрекеттестіргенде оксиқышқыл алынады:

4. Қанықпаған қышқылдарға судың қосылуы. Акрил қышқылы, мысалы, H2SO4 барында су қосып алып β-оксипропион (гидракрил) қышқылын түзеді.
Мұнда судың қосылу бағыты екі еселенген байланыстың полюстелуіне карбоксил тобының тигізетін әсерімен тағайындалады. Соңғы көміртек атомдарының оң полюстілігі басымырақ келеді.

5.Оксиальдегидтердің және гликольдердің тотығуы. Оксиальдегидтерді, мысалы күміс тотығының аммиактағы ерітіндісімен, ептеп тотықтырып, бастапқы қосылыстағыдай топтардың орналасуына байланысты, құрылыстары әр турлі оксиқышқылдар алынады:
Оксиальдегидтер гликольдер тотыққанда түзілетіндіктен оқсиқышқылдар алу үшін гликольдерді пайдалануға да болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет