66
тұр.
Гендік инженерияның жеңілірек іске асатын мақсаты, ол
бөтен белок
гендерің тасымалдамай-ақ, əр өсімдікке тəн белоктың амин қышқыл құрамын
жақсарту. Көптеген астық тұқымдастарының
қор белогында лизин, треонин,
триптофан, ал бұршақ тұқымдастарында метионин мен цистеин жетіспейтіндігі
мəлім. Белоктың құрамына жетіспейтін амин қышқылдарын қосымша енгізу
арқылы белоктың сапасын жақсартуға болады. Дағдылы селекцияның əдістерімен
астық тұқымдастарының қор белоктарында лизин мөлшері едəуір көтерілген. Ол
үшін проламиндердің (спиртке еритін астық тұқымдастарының қор белоктары) бəр
бөлігі лизині көп басқа белоктарға ауыстырылды. Бірақ
соның салдарында бұл
өсімдіктерде дəн уақ болып кеткен жəне жалпы түсімі кеміген. Шамасы,
проламиндер дəннің толық болып қалыптасуына қажет шығар, сондықтан оларды
басқа белоктармен ауыстыру түсімді төмендетеді. Осы жағдайды ескеріп,
өнімділікті төмендетпейтін, бірақ құрамында лизин мен треонин көп белокты дəнді
дақылдарда қалыптастыру қажет.
Қор белоктардың
гендерін зерттегенде, олардың мынадай ерекшеліктері
анықталды:
1) оларда интрон болмайды;
2) 25 нуклеотид жұбынан тұратын ерекше тізбектері бар екен, оны
эндос-
Достарыңызбен бөлісу: