Қолдың топографиялық анатомиясы Жалпы сипаттама


Білектің алдыңғы бетінің клетчаткалық кеңістіктері



бет7/12
Дата05.11.2023
өлшемі34.45 Kb.
#482405
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-113131

Білектің алдыңғы бетінің клетчаткалық кеңістіктері
Білектің тамыр-жүйке шоғырымен бірге борпылдақ клетчатка жатады. Ол бұлшық ет арасындағы аралыққа да кіреді. Білектің төменгі білекзіктің шекарасында орналасқан парон клетчаткалық кеңістігінің практикалық маңызы зор. Оны Каневэл білектің үлкен клетчаткалық кеңістігі деп атаған. Ол артынан шаршы пронатормен және алдынан саусақтың терең бүккіш бұлшық-етімен шектеліп жатады, оны артқы қабырғасын сүйек арасындағы жарғақтың төменгі бөлігін құрайды. Кәрі жілік және шынтақ синовиальды сумкалары зақымдалғанда ірің парон кеңістігіне ағады. Оған ¼ литрдей ірің сияды. Парон кеңістігінің кең бөлігі білезіктен 5 см қашықтықта орналасқан. Оның беткей жататын бөліктері кәрі жілік пен шынтақ сүйектерінің алдыңғы бетінде орналасқан.


Білектің артқы бетінің қабаттары

  1. Терісі қалың, шашпен жабылған.

  2. Тері асты клетчаткада беткей тамырлар мен жүйкелер орналасқан.

  3. Беткі шандыр.

  4. Білектің меншікті шандыры бұлшық еттерге қынап түзеді.

  5. Бұл жердің бұлшық еттері екі қабаттан тұрады: беткі және терең.

Беткі қабатта mm. extensop carpi radialis longus, extensop carpi radialis brevis, extensop ligitorum communis, extensop ligiti guinti, ext carpi ulnaris терең қабатта m. supinator, abductor pollicis longus, extensop pollicis brevis, extensop pollicis longus, extensop lindicis proprius жатады.
Бірінші қабаттың бұлшық еттері иық сүйегінен басталады. Оның сыртқы айдаршығынан, ал басқа бұлшық еттер білек сүйектерінен басталады. M. supinator-дан crista шынтақ сүйегінен және жартылай иық сүйегінің сыртқы айдаршығынан басталады. M. externos carpii radialis longus II саусақ сүйегінен, brevis III саусақ сүйегіне, м. externos carpii ulnaris V саусақ сүйегіне бекітіледі. M. abductor pollicis longus I саусақтың сүйегінің негізіне бекітіледі. Басқа бұлшық еттер саусаққа барады.

  1. Аймақтың тамыр-жүйке шоғырын ramus protundus –тің n. radialis және a. interosseae dorsalis екі венамен бірге құрайды. Ол беткі және терең қабаттағы бұлшық еттер арасында жатады. Жүйкенің ұзын тармақтары /n. interosseus dorsalis/ білектің артқы бетіндегі бұлшық еттерді қоректендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет