Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет19/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Операция әдісі. 1. Операцияны жалпы жансыздандырылумен жүргізеді. 2. Түймелі зонд арқылы сипау жолымен некроздың көлемін анықтайды. 3. Алынған мәліметтің негізінде кесудің көлемінен бағытын анықтайды. 4. Жгут салады. 5. Жүйке мен тамырды сақтау арқылы тілік жасайды.
Некроз ошағын толық және кең түрде ашады.
А. Клапп бойынша тілу. Тері асты күбірткесінде тырнақ бақайшығының жұмсақ тканьін тырнаққа қатар етіп доға тәрізді кеседі. Оны тырнақтан 3 см төмен жүргізу керек. Екі кесінді алдыңғы және артқы пайда болады. Кесу арқылы кең жолмен іріңді шығарады.
І және ІІ бақайшықтардың тері асты күбірткелерінде қол басының алақан және сыртқы бетіне өтетін тілік қолданылады. Кесіндінің ұзындығы іріңді жолдың көлеміне байланысты болады.
Б. Тырнақ аймағындағы күбірткелерді Каневэл бойынша кесу. 1. Жгутті саусақтың негізіне салып, Оберст бойынша шеңберлі новокаинмен анестезия жасайды. 2. тілік негізі проксимальды болатын тік бұрышты кесінді пайда болады. 3. Теріні жоғары қайтарып қояды. 4. Тырнақтың зақымдалған бөлігін алып тастайды. 5. Тырнақтың арнасын өткір қасықпен тазалайды. Айтылған тілікті әдістер тері асты күбірткелерінің алғашқы кезеңдеріне ғана қолданылады. Күбірткенің кезеңдері өтіп кетсе жиі байшықтардың осьімен /сүйекті күбіртке/ немесе іріңді артритпен –буынды күбірткемен ашады. Бірінші жағдайда бақайшықтың толық немесе жартылай алып тасталуы керек, екінші жағдайда жаңа пайда болған жағдайда буынды алып тастау керек, ал өтіп кеткен кезеңде саусаққа ампутация жасайды. Тері асты күбірткесінің жиі асқынулары сіңірлі қынаптың іріңді қабынулары /сіңірлі күбіртке/- tendovaginalis болып табылады.


Тендовагиниттер және саусақтардың флегмонасы кезіндегі операциялар


Саусақтардың бүккіш бұлшық еттерінің сіңірлерінің қынабын құрайтын синовиальды және фиброзды қабықшалармен қапталған. Синовиальды қынап екі жапырақшадан тұрады: оның біреуі-эпитенон-сіңірге жабысып тұрады, сыртқы жапырақшасы-перитенон-ішкінің жалғасы –екеуі бірігіп жабық қуысты құрайды. Осы қуыстың ішінде синовиальды сұйықтықтың болуының арқасында саусақтың қозғалысында сіңір жеңіл және еркін жылжиды. Сіңірдің артқы беті мен сүйектің алдыңғы бетінің араснда май клетчаткасымен толтырылған кеңістік орналасқан. Бұл жерден ұсақ тамыр және жүйке талшықтары сіңірге қарай өтеді. Кеңістіктің ішкі және сыртқы бетінен сіңірдің «шажырқайын» құрайтын-мезотенон-синовиальды қабықтың ішкі және сыртқы жапырақшаларының өтпелі қатпарларымен шектелген.
Синовиальды қабықшаның сіңірі мен жапырақшалары сүйектің шеткі бетіне бекітілетін тығыз дәнекер қабықпен қапталған, ол сіңірді бір орнында ұстап тұрады. Бұл қабықшаны vagina fivrosa деп атайды. Осыған байланысты саусақтардың сіңірлері қабырғалары жұмсармайтын жабық қуыста орналасады, сондықтан жиі осы жерде болтаны іріңдеу жағдайында экссудат нәзік ұлпалармен сіңірдің тамырларын қысып езеді, ал бұл қоректенудің құрт нашарлауына, сонымен бірге сіңірдің өлуіне дейін әкеліп соғады.
Сіңірдің қынабының қуысында өтетін іріңдеуді емдегенде, олардың қабықшаларын сатау өте маңызды болып табылады, себебі іріңнің протеолитикалық ферменттерінің әсерінен және мезотенонда өтетін тамырлардың сығылуының салдарына олар жеңіл бір-бірімен бірігіп кетеді, сыртқы жапырақша ішкі жапырақшаның бірігуі саусақтың қимылын тежейді. Сондықтан сіңірлі қынаптардың қуыстарында экссудат пайда болған жағдайда, тілікті ерте жасау ұсынылады. Фиброзды қынаптардың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты дененің басқа бөлімдеріндегі тіліктен басқаша тіліктерді жүргізу талап етіледі.
Буынның фаланга аралық аймағындағы сіңірлердің фиброзды қынабында блокты аппарат деп аталатын, қиғаш және көлденең талшықтардың шоғырының нәтижесінде қалыңдау байқалады. Олар фалангтердің бүгілуінде блок тәрізді әсер етеді.Осы аппараттың бұзылуы сіңірдің тері асты клетчаткасы түсіп кетуіне әсер етеді. Соның нәтижесінде саусақтың қозғалысы шектеледі. Сондықтан дұрыс деп саналатын: 1. Саусақтардың алдыңғы-бүйірлік беттерінен тілікті жүргізу, 2. оларды үлкен емес, бірақ фиброзды қабықшалардың блок тәрізді байламдарын зақымдалмауын ескере отырып көбірек тілікті жасау керек. Осыған байланысты ауыр зақымдалмағанда, мысалы: V-тәрізді флегмонада /іріңдеу бас бармақтан сіңірлі қынапты алақанға дейінгі жолмен өтеді, ал осыдан ол кішкентай саусаққа өтеді/, келесі тіліктерді ұсынады. ІІ, ІІІ, І V саусақтарды тілгенде әр бір фалангілердің алдыңғы-бүйірлік бетінен жүргізеді /бірақ кесуді фалангі аралық қатпарларды жүргізуге болмайды/. І және V саусақтарды кесуді тек фалангілердің екі жағынан ғана емес, сонымен бірге осы саусақтардың алақандағы ұзын сіңірлері жолымен жүргізеді. Осындай жолмен алақанның бүйір бөлімдерін іріңнен босатады және дренаж қояды. Саусақтарды бүккіш бұлшық еттердің сіңірлері тобы болатын ортаңғы қапшыққа келетін болсақ, егер ол іріңмен қоршалған болса, іріңнің ағып шығуын білекке екі ітілк жасап шығаруға болады. Оларды m. flexoris digitorum communis sublimis сіңірінің жиектерімен білезік буынынан жоғары жасайды. Егер ірің білектің терең қабаттарын зақымдамаса, m. flexoris digitorum sublimis және protundus және білек сүйегімен бұлшық еттер /m. pronstor guadratus/ арасындағы терең шандырлы саңлауды ашып дренаж енгізеді. Бұл үшін, саусақты бүккіш бұлшық еттердің терең және беткі сіңірлерінің жиегін айтылған тіліктерден босатады және оларды жауып тұрған терімен бірге алға қарай ығыстырады. Терең бүккіш бұлшық еттердің артқы бетін бөліп және сылып алып, айтылған саңлауға дренажды енгізеді және сонымен қатар радикальды жағынан ульнарлы жаққа тесіп өтеді, бұны іріңді толық шығару үшін жасайды.
Алақанның ортаңғы бөлімінен, сонымен қатар үлкен саусақтың ұзын бүккіш бұлшық етінің сіңірі жолдары /m. flexor pollicis longus тілікті жүргізгенде n. mediani-дің қозғалғыш тармақтарының бас бармақтың қысқа бұлшық еттеріне өтетін, тағы m. opponeus pollicis –ке өтетін жолдарын тексеру керек /кесуге болмайтын зона/, яғни бұл кезде паралич болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет