Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы



бет38/55
Дата16.02.2024
өлшемі109.67 Kb.
#492185
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Сирақтың артқы аймағы
Қабаттары:

  1. Терісі жұқа, қозғалғыш.

  2. Тері асты клетчаткасы нашар дамыған, бірақ алдыңғы аймағына қарағанда жақсы дамыған. Бұл жерде беткі шандырдың жұқа жапырақшасы өтеді. Тері асты клетчаткасында v. saphena parva жатады. Ол әр түрлі көздерден пайда болады және балтырдың жоғарғы бөлігінде Fascia cruris-ке қиғаш өтіп, m. gastrocnemii-дің бастарының арасымен өтеді және v. poplitea-ге құяды /тақым ойсының төменгі бұрышында/. N. cutaneus surae medialis-n. tibialis-тің тармағы балтырдың ортаңғы бөлігінде клетчаткаға өтеді және терінің ішкі жағын жүйкелендіреді. N. cutaneus surae lateralis –n. peronei communis тармағы, балтырдың ортаңғы, төменгі бөлігінде меншікті шандырдан өтіп, ахиллов сіңірінің сыртқы жағында, оның тармағы ramus anastomoticus peroneus n. cutanei surаe medialis тармағымен байланысады және төменгі жағында n. suralis деген атпен жалғасады.

  3. Балтырдың артқы бетінде балтыр апоневрозы екі жапырақшадан тұрады. Артқы жапырақшасы бүккіш арнада екі бөлікке алдыңғы және артқыға бөлінеді. Бүккіш бұлшық еттің арнасының артқы бөлігінде икра тәрізді бұлшық етті құрайтын үш бұлшық еттер жатады: mm. gastrocnemius, soleus және plantaris. M. solei басталған жерде tibia мен fibula-дан сіңір талшықтары шоғыры өтеді, олар arcus tendineus m. solei-ні құрайды. Икра және камбало тәрізді бұлшық еттердің арасынан m. plantaris-тің ұзын, жіңішке сіңірі өтеді. Аталған бұлшық еттер төменгі жағында tendo calcaneus, s. achillis мықты сіңіріне бірігеді, сосын tuber calcanei-ге бекітіледі /табан бұлшық етінің сіңірі кейде өз бетімен өкше сүйегіне бекітіледі/. Бүккіш бұлшық еттер арнасының алдыңғы бөлігі алдынан сүйек аралық жарғақпен, артынан –балтыр шандырының алдыңғы жапырақшасымен, ішінен- tibia және сыртынан- fibulaмен шектелген, бұнда үш бұлшық еттер бір қатарда орналасқан. Ішкі жағында m. flexor digitorium longus, сыртқы жағында- m. flexor hallucis longus жатады. Осы қабаттың ең мықты бұлшық еттері. Олардың арасында m. tibialis posterior жатады. Canalis cruropopliteus саңлау, алдынан- m. tibialis posterior мен, артынан – m. soleus-пен, ішінен m. flexor digitorium longus және сыртынан - m. flexor hallucis longus пен шектелген. Жоғарғы кіруші тесік arcus tendineus m. solei /артынан/ және m. popliteus /алдынан/ арасындағы саңлау. Шығушы тесік екеу: жоғарғы және төменгі. Бірінші /алдыңғы/ membrana interosseea-ден жоғарғы орналасқан, ол арқылы a. tidialis anterior алдыңғы бұлшық етті арнаға өтеді, төменгі /артқы/-ахиллов сіңірінің басы мен м. tidialis posterior арасында жатады.

  4. Тамырлар және жүйкелер. А. tidialis posterior a. popliteae-нің тармағы, canalis cruropopliteus-тен өтіп, Lig. laciniatum –ге дейін келіп, a. plantaris medialis және Lаteralis-ке бөлінеді. Жоғарғы бөлігінде a. tidialis-тен жуан тармақ a. peronae шығады, ол canalis musculoreroneus inferior-ге өтіп, асықты жілікітің шыбығы мен m. flexor hallucis longus –тің арасында жатады. А. tidialis posterior-тің бағыты tidiae-нің ішкі қырынан бір елі жоғары өтетін сызықпен және төменде ішкі тобықтың артқы жиегімен ахиллов сіңірінің арасымен анықталады.vv. tibialis postereoris екеу, көптеген анастомоз жасайды. N. tidialis –n. ischiadici-дің тармағы артерияның сыртынан өтіп және бүккіш бұлшық еттерді қоректендіреді. Lig. laciniati деңгейінде rr. Calcanei-ні береді және n. plantaris medialis пен lateralis –ке бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет