Ќолдыњ топографиялыќ анатомиясы


Шынтақ шұңқырында иық артерияны байлау



бет23/85
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#452250
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85
Қайырбекова Қ.Қол мен аяқтың топографиялық анатомиясы және оперативтік хирургиясы

Шынтақ шұңқырында иық артерияны байлау

Ішкі айдаршықтан екі елі қашықтықта жататын нүктеден, шынтақ иірімінің ортасы арқылы және ары қарай білектің сыртқы жиегінде байлайды.



  1. Теріні, тері асты клетчаткасын және беткі шандырды қабат-қабатымен ұзындығы 6 см-дей кеседі. Оны айтылған сызықтың ортаңғы бөлігінен, оның ортасы шынтақ иірімінің қатпарына сәйкес келетіндей етіп кесу керек. 2. иықтың меншікті шандырын ашқаннан кейін, хирург қиғаш төмен және медиальды жүретін Lacerti fibrosi-дің жарқырауық талшықтарын анықтайды.

Lacertus-тің астынан науа тәрізді зондты енгізіп және оны көлденең, яғни тері жарасының бағытына қарай кеседі. Жараны кеңейтіп, зонд және пинцеттің көмегімен m. bicipitis –тің сіңірінің ішкі жиегіндегі sulcus cubitalis anterior medialis-те орналасқан артерияны тауып жекелейді. Ортаңғы жүйке артериядан 1 см ішкері жатады. Шынтақ шұқырындағы артерияны байлау қауіпті емесе, себебі айналмалы қан айналым шынтақтың артериясының өрімін құрайтын /rete cubiti/ бірнеше анастомоз жолдары арқылы жүзге асады: a. collateralis radialis, collateralis ulnares superior et interior, aa. recurrens radialis, recurrens ulnares, recurrens interossea, бұл жағдайда коллатериальды артериялар сәйкес қайтушы артериялармен анастомоз жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет