Лангенбек әдісі бойынша иық буыныны алып тастаау
10 см ұзындықта қабат-қабатымен acromion-нен алға қарай өтіп бастайды және төменге қарай тік теріні, тері асты клетчаткасын және шандырды кесіп m. deltoidei-ті ашып, оны талшықтарымен ішке қарай жүреді. Жараны ілмекпен кеңейтіп, жолында кездескен ұсақ тамырларды байлайды. Бұлшық етке бірте-бірте еніп, оны қалыңдығы бойынша тіледі. Содан соң буынды қоршап жатқан шандыр аралық саңлау, буын қабығы және тоқпан жіліктің эпифизін ашады. M. bicipitis brachii-дің ұзын басын үлкен және кіші төмпешіктердің арасында жататынын анықтап, науа тәрізді зонд бойымен қынапты кесіп, ойыстан сіңірді шығарып алады да, операция кезінде зақымдалудан сақтау үшін, оны доғал ілмекпен ығыстырады. Сосын ассистент иықты сыртқа қарай бұрады, сөйтіп буын сөмкесіне жолды ашады. Оператор оны кесе отырып, анатомиялық мойынға сөмкенің жабысқан жерін ашады сол уақытта распатормен немесе пышақпен сіңірінің м. bicipitis brachii-ка бекітілген жерін ажыратады. Содан соң M. bicipitis brachii-дің сіңірін иықтың басы арқылы ішке аударуды да, иықты күшпен ішке бұрады және операция жасаушы буын сөмкесінің сыртқы жартысын кесе бастайды, осы уақтта spinati және , teres minoris- tuberculum majus-тан сіңірінің иықтың басы арқылы ішке аударады да, иықты күшпен ішке бұрады және операция жасаушы буын сөмкесінің сыртқы жартысын кесе бастайды, осы уақытта spinati және teres minoris-ті tuberculum majus-тан сіңірлерін бөледі. Операцияның соңында қабықтың артқы бөлігін тіледі және иық басын жараға шығарады. Иық буынының соңын ары қарай тазалау жоғарыда көрсетілгндей операция жарасынан тыс әдістермен жүргізіледі. Жауырынның буын ойысына қарай жол тарылған, бірақ сүйектің зақымдалған бөлгін өткір қасықпен қыруға және ұзын тістеуіштермен тістеп алып тастауға болады. Алып тастауды аяқтағаннан соң жараға шығарылған иықтың эпифизін өзінің орнына қояды және sulcus interubercularis-m. bicipitis brfchii-ке сіңірін орналастырады.
Ары қарай қалай жүргізуге туралы әр түрлі ойлар бір. Бір хирургтер жауырын ойысы мен иық сүйегінің арасына аяқтан алған кесіндіні, оны m. daltoideus немесе m. pectorala major –дан алынған кесіндіні салады және содан соң қуықтың өзіндегі қимылдың қалпына келтіруге тырысады.
Тәжірибе жүзінде Лангенбектің таза емес классикалық әдісі қолданылады. Гютер мен Оллье ұсынған әдістердің айырмашылығы tuberculi minoris-ке қатысты m. deltoidei-нің алдыңғы жиегімен терілік тілік жасалады. Осындай тіліктің ауысуының негізі болып, лангенбек тілігіндегідей n. axillaris-тің тармақтарын кесіп кетеді, соның нәтижесінде операциядан кейін тіліктің ішінде жататын бұлшық еттер семіп қалады. Лангенбек әдісінен басқа, буынға жолды артынан /Кохер әдісі/ немесе үстінен /нейдерфер/ қамтамасыз ететін бірнеше қатар әдістер бар.
Достарыңызбен бөлісу: |