Ұршық асты остеотомия (ашық әдіс)
Жұмсақ ұлпаларды үлкен ұршықтың жоғарғы жиегінен бастап және төменнен санның сыртқы-бүйір беті бойынша 8-9 см созып кеседі. 2. жараның шеттерін ілмектермен ашып, сүйек қабығын ұзынша етіп кеседі және оны распатормен жан-жағына ығыстырады. 3. Сүйек қабығы тілігіне екі жағынан сүйекті кескенде жұмсақ ұлпалар зақымдалмас үшін көтергіштер және Буяльский күрекше ерін енгізеді. 4. Остеотомды керек бұршына өзгерген деңгейге байланысты қойып, Пельс-Лейсден бойынша сыртқа және төменнен жоғары және ішке бағыттап балғамен ұрып сүйекті кеседі.
Кескен кезде 1-1,5 см қалғанда, сүйекті сындырады. Сүйекті кесу бағыты әдістеріне байланысты әр түрлі болады. 5. аяқты керекті орнына қояды. Сүйек сынықтарының жоғарғы бөлігінің өткір ұштарын төменгі бөліктің сүйек-ми өзегіне қаратып бекітеді. 6. Жұмсақ ұлпаларды қабат-қабатымен түпкілікті тігеді. 7. Гипспен таңғыш салады. 8. бақылау үшін, рентген суретін жасайды, егер сынықтар дұрыс тұрмаса, олар тез арада оларды орындарына қойып түзетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |