Өлген адамдар өЗ Қабірлерінде естімейді «Өлген адамдар өз қабірлерінде естиді»



жүктеу 201.48 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі201.48 Kb.
Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

ӨЛГЕН АДАМДАР ӨЗ ҚАБІРЛЕРІНДЕ ЕСТІМЕЙДІ

«Өлген адамдар өз қабірлерінде естиді» деген сенімдерді қирату өте маңызды болып табылады, өйткені дәл осы идеология адамдарды қабірлерге барып, өлген адамдардан шапағат тілеуге итермелейді. Сондықтан да егер адамға ол өлген кісілерге (әруақтарға) қанша жалбарынса да, олар оны естімейтіні түсінікті болса, онда ол үшін өлілерге Аллаһпен қатар дұға етудің ешқандай мәні қалмайды.



1. Қабірге табынушылардың өлген адамдар өз қабірлерінде естиді деген сенімдері.

Қабірге әруақтарға табынушы сопылар (қубурилер) өлген адамдар тірі адамдардың сөйлегендерін және оларға дұға ететіндердің жалбарынуларын естиді деген сенімдерге ие.

Олар әулиелердің естуі, көруі және білімі тірі кездеріне қарағанда қайтыс болған соң едәуір арта түседі деп санайды. Олардың пайымы бойынша, әулиенің жасырын қабілеттері ол тірі кезінде, қынабына салынған қылыш секілді, оның денесінде тұтқында болады, бірақ әулие қайтыс болғаннан кейін оның әруағы осы тар кісендерден шығады да, оның мүмкіндіктері еселеп-еселеп арта түседі.

Олар өлген адамдар олардың қабірлерін зиярат етушілердің сөздерін естиді деп есептейді.

Олар қайтыс болған адамдар Құранның оқылғанын ол қай жерде оқылса да естиді және олар тірі адамдардың сәлем бергендерін де естиді дегенге сенеді.

Мұның үстіне олар әулиелер өз қабірлеріне өліп жатыр деп есептемейді. Олар әулиелерді жер бетін басып жүрген адамдар сияқты тірі деп санайды.

Осындай сенімдерге негізделіп, олар: «Егер әулиелердің естуі расталған болса, онда оларға жалбарынуға және дұға етуге не кедергі болмақ?!», - деп айтады. Дәл осы нәтижеге қол жеткізу үшін олар өлілер естиді дегенді дәлелдеуге бар күш-жігерін салады. Қубурия сопылары бұл мәселеге қатысты алғашқы кітаптардың бірі «Шифа ус-Сикамды» жазған Такиуддин әс-Субукиге (756 һ/ж) ілесіп, бұл туралы көптеген-көптеген кітаптар жазған1.


  1. Өлген адамдар өз қабірлерінде естімейтіндеріне дәлелдер мен олардың түсіндірмелері

Біліңіз, бауырымыз, өлген адамдар қабірлерінде естімейтініне дәлелдер бұлтартпас, айқын және сахих (сенімді) болып табылады. Дәл сондықтан да мәзһабтардың атақты ғалымдарынан дерлік ешкім бұған қарсы шықпаған. Осы жерде біз бұл дәлелдердің кейбіреулерін оларға жасалған түсіндірмелерімен бірге келтіреміз.

1-дәлел:

Аллаһ Тағала: «Еститіндер ғана жауап береді. Ал өлгендерді Аллаһ тірілтеді, содан соң олар Оған қайтарылады» («әл-Әнғам» сүресі, 6:36).

Осы аяттан көрініп тұрғанындай, Аллаһ Тағала адамдардың екі санатын атап көрсетті:

1. Еститіндер;

2. Өлілер.

Әрі егер өлілер еститіндерден болғанда, бұл жіктеу дұрыс болмайтын еді.



2-дәлел:

Аллаһ Тағала былай деген: «Шынында, өлілерге естірте алмайсың. Әрі бұрылып қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың» («ән-Нәмл» сүресі, 27:80).

Құранның барлық тәпсіршілері бұл аятта өлілер мен саңыраулар дегенде тірі кәпірлер аталып тұрғандығына келіскен. Аллаһ Тағала оларды саңыраулар мен өлілерге теңеді, өйткені олар өлілер мен саңыраулар сияқты, бірқұдайшылыққа деген шақыруға жауап бермейді. Өйткені егер өліге және саңырауға сөйлеп, оны әлдебір нәрселерге шақырсаңыз, ол сізге жауап бермейді, өйткені сізді естімейді және түсінбейді. Сондықтан да аяттардың бірінде Аллаһ Тағала былай деген: «Расында, кәпірлерді үгіттесең де, үгіттемесең де – оларға бәрі бір. Олар иман келтірмейді. Аллаһ олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ олар үшін зор қинау бар» («әл-Бақара» сүресі, 2:6-7).

Осыдан шыға келе, қабірге табынушы сопылар келтірілген дәлелге бұл аятта өлілер мен саңыраулар дегенде қабірлердегі қайтыс болған әулиелер емес, өздерінің шақыруды ұқпайтындықтарында өлілер мен саңырауларға ұқсайтын кәпірлер меңзеледі деп жауап берген.

Олардың бұл сөздеріне жауап келесідей болмақ:

1. Аят жалпы мағынаға ие әрі оны тікелей мағынада түсінуге еш нәрсе кедергі жасамайды;

2. Егер біз бұл аятта Аллаһ Тағала өлілер мен саңырауларға теңестірген кәпірлер меңзелген десек, онда бұл біздің мәселемізде бұрынғыдан да күштірек дәлел болмақ. Егер біз: «Ахмад өзінің батылдығында арыстан секілді», - деп айтсақ, онда осы теңестіруден нені түсінеміз? Біз бұдан арыстанның Ахмадтан батылырақ екенін түсінеміз, әйтпесе Ахмадты онымен салыстырудың мәні болмас еді. Тура сол сияқты, егер біз: «Кәпірлер өлілер секілді айтқан сөзді түсінбейді және естімейді», - десек, онда бұл теңестіруден нені түсінеміз? Біз бұдан екі нәрсені түсінеміз:

1. Өлілер өздерінің естуге және түсінуге деген қабілетсіздіктерінде кәпірлерден асып түседі, ал егер өлілер ести алатын болғанда онда кәпірлерді олармен теңеудің мәні болмайтын еді.

2. Осы теңеуден біз өлілердің естуге деген қабілетсіздігі адамдарда дәлелдеуді қажет етпейтін бұлжымас қағида (аксиома) болып табылатынын түсінеміз, өйткені егер Құран түсірілген адамдар өлілер естімейтініне сенімді болмағанда, онда оларға бұл теңестіруді келтірудің қажеті болмас еді.

Сондықтан да ханафи мәзһабының имамдарының бірі – имам әл-Жәнжухи (1323 һ/ж) осы аятқа түсіндірме жасап былай деген екен: «Бұл жерде Аллаһ Тағала кәпірлерді олардың ести алмайтындықтарында өлілермен теңестірді. Осыдан біз өлілердің естімейтіндерін түсінеміз, әйтпесе теңеу дұрыс болмас еді». Қз.: «әл-Каукаб әд-Дуррий» 319-бет.

Сондай-ақ бұл аятта өлілер мен саңыраулардың арасын ажырататын астарлы шекара өткізілген. Ол шекара мына нәрседе көрініс табады: Аллаһ Тағала өлілерді сөз еткен кезде, осыған еш нәрсені қоспады, ал саңыраулар туралы айтқан кезде: «Әрі бұрылып қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың», - деді. Не себепті Аллаһ Тағала саңыраулар бұрылып қашқан жағдайда ғана, яғни алысқа кетіп үлгергенде шақыруды ести алмайтындықтарын айтты? Саңырау адам алыста, не жақында болуына қарамастан бәрібір естімейді емес пе? Мұның себебі – егер саңырау оған сөйлеген кезде жақын тұрған болса, ол шақырудың мәнін қолдың қимылынан және беттің ымынан (мимикасынан) түсіне алады, ал алысқа кетсе, онда бұл қимылдар мен ымды көре алмай қалады. Осыдан шыға келе, өлі адам өзінің естуге және түсінуге деген қабілетсіздігінде саңыраудан асып түсетіні түсінікті болады, өйткені өлі адам саңыраудан айрықша естімейді де, көрмейді де. Бұл астарлы шекараны ханафи имамдарының бірі – имам ән-Нәсафи (710 һ/ж) өзінің «әл-Мадарик» кітабында нақтылап түсіндіріп берген. Қз.: «әл-Мадарик» 3/20.

3-дәлел:

Аллаһ былай деді: «Тірілер мен өлілер тең емес. Рас, Аллаһ кімді қаласа, естіртеді. (Мухаммад) сен қабірлердегі біреулерге естірте алмайсың» («Фатыр» сүресі, 35:22).

Осы аятқа түсіндірме жасап, ханафи мәзһабының имамы – имам әт-Тафтазани (792 һ/ж) былай деген: «Бұл аятта Аллаһ Тағала кәпірлерді өлілерге теңеді. Әрі өлі естімейтінінде ешқандай келіспеушілік жоқ». Қз.: «Шарх ул-Макасид» 5/116.

Бұл ханафи имамының сөздері бізді таң қаларлық қорытындыға алып келеді. Өлілер естімейтіндеріне ешқандай келіспеушіліктер болмаса да, өздерін ханафи мәзһабына жатқызатын қабірлерге (әруақтарға) табынушы сопылар, бар күш-жігерімен өлілер естиді, тіпті тірілерден де жақсырақ естиді, сондықтан да Аллаһқа жалбарынғаннан гөрі оларға жалбарынған пайдалырақ деген жалған пікірді қорғап қалғысы келеді.



4-дәлел:

Аллаһ былай деді: «Ол Аллаһ түнді күндізге кигізіп, күндізді де түнге кигізеді. Сондай-ақ ай мен күнді игерді. Бәрі де белгілі бір мерзімге дейін жүріп тұрады. Біртұтас осылар Раббыларың Аллаһтікі. Иелік Соған тән. Одан өзге табынғандарың бір ұрық қабығына да ие емес. Егер оларға жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Бірақ егер естігенде де, сендерге жауап қайтара алмайтын еді. Сондай-ақ Қиямет күні олар сендердің серік қосқандарыңды тәрк етеді. Бүкіл нәрседен толық Хабардар Аллаһтай саған ешкім түсіндірмейді» («Фатыр» сүресі, 35:13-14).

Сопылар осы дәлелге: «Бұл аятта жәһилиет кезіндегі көпқұдайшылдар (мүшріктер) жалбарынып, дұға ететін тастар, пұттар және мүсіндер туралы сөз болуда», - деп жауап береді. Алайда бұған жауап келесідей болады: «(Одан өзге) табынғандарың» «ин тад`уһум» деген сөздер олардың ақыл-сана иелеріне табынғандарына нұсқайды, өйткені егер аятта сөз тастар мен пұттар туралы болғанда, онда Аллаһ Тағала: «Одан өзге табынған заттарың» «ин тад`уһа», - деп айтар еді. Сондай-ақ «Олар сендердің серік қосқандарыңды тәрк етеді» деген сөлемше көпқұдайшылдар дұға етіп жалбарынған пайғамбарлар, періштелер, әулиелер, Қиямет күні қайта тірілген соң және осы пұтқа табынушылар Аллаһтан басқа оларға табынғандарын білгеннен кейін олардың жасаған құлшылықтарын тәрк етеді дегенді білдіреді. Ал тастар мен пұт-мүсіндерге келер болсақ, бұл шариғи мәтіндерден белгілі болғандай, олар Қиямет Күні қайта тірілтілмейді, себебі олар «өмір» және «өлім» деген сипаттармен сипатталмайды.

Сондықтан да осыған ұқсас аяттарда Аллаһ Тағала былай деген: Ол күні Аллаһ оларды тұтас жинайды. Сосын періштелерге: «Осылар сендерге табынушы ма еді?», - деп сұрайды. (Періштелер): «Сен Пәксің! Біздің иеміз олар емес, Сенсің. Олар жындарға табынатын еді. Олардың көбі соларға сенетін», - дейді” («Саба» сүресі, 34:40-41).

Сондай-ақ Ол былай деген: “(Сол уақытта) Аллаһ: «Әй, Мәриям ұлы `Иса! Адамдарға: «Мені әрі анамды Аллаһпен бірге екі тәңір етіп алыңдар», - деп айттың ба?», - дейді. (`Иса): «Уа, Аллаһ! Сен Пәксің. Мен құқықты болмаған нәрсені қалай айтамын. Егер мен осындайды айтқанымда, Сен оны анық білер едің. Сондай-ақ Сен менің ішімдегіні білесің, ал мен Сенікін білмеймін. Сен - шынайы түрде көместерді толык Білушісің», - дейді(«әл-Мәида» сүресі, 5:116).

Ол тағы да былай деп айтқан: Сол күні Ол оларды және Аллаһтан өзге табынғандарын жинайды. Сонда олардан: «Осы құлдарымды сендер адастырдыңдар ма? Немесе жолдан өздері адасты ма?», - деп сұрайды. Олар: «Сен Пәксің. Бізге Сенен өзгені ие және көмекші қылуымыз лайық емес. Бірақ Сен оларға да, аталарына да игіліктерден пайдалануға рұқсат бердің, сөйтіп Сені еске алуды ұмытты да, жоғалуға лайық бір ел болды», - деді. Рас, олар айтқандарыңды жасынға айналдырды. Сонда оны қайтара да алмайсыңдар, бір көмек те таба алмайсыңдар. Сендерден кім зұлымдық жасаса, соған ұлы азап таттырамыз” («әл-Фурқан» сүресі, 25:17-19).

Сондай-ақ біз келтірген аятта егер осы қайтыс болып кеткен әулиелер адамдардың сөйлегендерін және олардың жалбарынғандарын тіпті ести алатын болғанда да, бұл жалбарынуларға жауап бере алмас еді. Өйткені ести алу қабілетінің болуы, жауап бере алуды білдірмейді.

Сондықтан да ханафи мәзһабының имамы әл-Әлюси былай деген: “«Бірақ егер естігенде де», яғни егер мұндайды елестетсек те, «сендерге жауап қайтара алмайтын еді», өйткені өлгендерге сөйлеу қабілеті берілмеген, ал есту қабілетінің болуы жауап бере алуды білдірмейді” Қз.: «Рух ул-Мә’ани» 22/182.



5-дәлел:

Аллаһ былай деді: «Аллаһтан өзге Қияметке дейін өздеріне жауап бере алмайтындарға дұға етіп жалбарынғандардан (табынғандардан) кім залымырақ? Әрине, табынғандары олардың жалбарынуларынан хабарсыз. Адамдар жиналған кезде, оларға табынғандары дұшпан болып, олардың өздеріне құлшылық қылғандықтарына қарсы шығады» («әл-Ахқаф» сүресі, 46: 5-6).



6-дәлел:

Аллаһ былай деді: Немесе сондай қабырғалары төбесіне құлаған бір кенттен өткенді көрмедің бе? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қалай тірілтеді екен?», - деді. Аллаһ оны жүз жыл өлтіріп, сонсоң тірілтіп: «Қанша жаттың?», - деді. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігін жаттым», - деді. (Аллаһ): «Олай емес, жүз жыл өліп жаттың, енді тамағыңа, сусыныңа бір қара! Өзгермеген. Ал енді есегіңе қара! Сені міндетті түрде адамдар үшін бір белгі етеміз. Ал енді сүйектерге қара! Біз оны қалайша жинап, сонан соң оған ет кидіретінімізге қара», - деді. Бұл жағдайлар оған ашықша білінгенде: «Сөзсіз, Аллаһтың әр нәрсеге күші жететінін білемін», - деді” («әл-Бақара» сүресі, 2:259).

Ханафи мәзһабының имамы әл-Финжифири былай деген: «Бұл `Узайр пайғамбар болатын2. Ол Аллаһ Тағаланың өлілерді қалай тірілтетінін өз көзімен көруі үшін, Аллаһ Тағала оны өлтірді. Ол жер бетінде жерленбеген күйінде жүз жыл жатты. Кейін Аллаһ оны тірілтті де: «Сен осы күйде қанша уақыт болдың?», - деп сұрады. Бұған ‘Узайр күмәнданған күйде: «Бір күн немесе оның бір бөлігі», - деп жорамалдады. Әрі ол осы күйінде жүз жыл жатқанын білмеген еді. Бұл осы ұлы пайғамбар түн мен күннің ауысқанын да, ұрпақтардың қалай ауысқанын да сезбегеніне нұсқайды... Сондықтан да бұл уақиға өлілердің естімейтініне дәлел болады, бұған қоса ол жердің бетінде жатты және жерленбеген болатын. Сондай-ақ бұл оқиға пайғамбарлар қайтыс болған соң, олардың рухтары олардың денесінде қалмайтынына және олардың өлімі – бұл шынайы өлім, ал олардың қабірлеріндегі өмірі – бұл кәдімгі тәндік (сипаттағы) емес, арғы дүниелік өмір екеніне дәлел болып табылады». Қз.: «Жәуахир ул-Қур`ан» 1/127.

Осы оқиғадан біз қайтыс болған пайғамбарлар еш нәрсені естімейтінін және бұл дүниеде не болып жатқандығы туралы білмейтінін түсінеміз. Егер пайғамбарларға қатысты осылай болса, онда мәртебесі олардан сан алуан есе төмен «әулиелер» туралы не айтуға болады. Ал егер біреу-міреу: «Бәрібір әулиелер осы қабілеттерінде пайғамбарлардан ерекшеленеді, әрі қалай болғанда да естиді, көреді және біледі!» - деп тұжырымдаса, онда Аллаһтың келесі Сөздерін оқысын:



7-дәлел:

Аллаһ былай деді: “Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше жыл бойы перде қойдық... Осылайша оларды, өзара бір-бірінен сұрасулары үшін ояттық. Олардың бірі: «Қанша жатып қалдыңдар?», - деді. Олар: «Біз бір күн немесе күннің бір бөлігін болдық», - деді. «Қанша жатып, тұрғандарыңды Раббыларың жақсы біледі. Мына ақшаларыңмен біреуіңді қалаға жіберіңдер. Сонда тамақтың қайсысы жақсы екенін көріп, сендеге одан көрек келтірсін. Бірақ сақтық істеп, сендерді ешбіреуге сездірмесін», - десті... Олар үңгірлерінде үш жүз жыл және тоғыз (жыл) жатты. «Олардың қанша жатқанын Аллаһ жақсырақ біледі. Көктер мен жердегі көместі білу Оған тән. Ол нендей толық көріп, естиді. Оларға Аллаһтан өзге бір көмекші жоқ. Ол Өз үкіміне ешкімді ортақ қылмайды», - де («әл-Кәһф» сүресі, 18:11, 19, 25-26).

Бұл аяттар өлілердің естімейтіндеріне дәлел болады. Өйткені бұл жігіттер өлмеген болатын, олар терең ұйқыда еді, ал енді өлгендер туралы не айтуға болмақ?!

8-дәлел:

Абу Тәлха Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Бәдр шайқасы күні құрайштықтардың 24 жетекшілерінің мәйіттерін Бәдр ор-құдықтарының біріне тастауды бұйырғанын баяндаған. Әдетте, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір шайқасты жеңетін болса, ол шайқас орын алған жерде үш күн қалатын. Бірақ Бәдр шайқасынан кейін ол үшінші күні қайтуға аттанды. Ол өзінің мініс жануарын дайындауды бұйырды, содан соң оған мініп, жолға түсті, әрі сахабалары ізінен ілесті. Олар бір-біріне: «Бір маңызды нәрсе болған сияқты», - деп жатты. Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әлгі ордың жанынан өтіп бара жатқанда, оның іргесіне тұрып, өлген құрайштықтарды бірме-бір өздерінің және әкелерінің аттарымен атап, оларға сөйлей бастады: «Әй, пәленнің ұлы пәлен! Әй, пәленнің ұлы пәлен! Сендер дәл қазір осы дүниеге қайта оралып, Аллаһқа және Оның Елшісіне мойынсұнғыларың келе ме? Ақиқатында, біз Раббымыздың бізге ақиқат деп уәде еткен нәрсесін таптық. Ал сендер Раббыларыңның сендер үшін ақиқат деп уәде еткен нәрсесін таптыңдар ма?» Сонда ‘Умар Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Я, Аллаһтың Елшісі! Сіз қалайша жансыз денелерге сөйлеп тұрсыз?», - деді. Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мухаммадтың жаны Қолында болғанмен ант етемін, сендер менің айтып тұрған нәрселерімді олардан жақсы естіп тұрған жоқсыңдар», - деп айтты.

Қатада былай деген: «Аллаһ Тағала оларды олар оның сөздерін естіп, одан сайын қорлануы, масқара болуы, кектің (алынғанын білуі) және өкінуі үшін, тірілтті» (хадис сенімді (сахих); Бухари 4/1461).

Риуаяттардың бірінде: «Қазір олар мен айтып жатқан нәрселерді естіп жатыр», - деп айтылған (риуаят сенімді (сахих); Бухари 7/242).

Басқа бір риуаятта: «Уа, Аллаһтың елшісі! Олар сізді қалай естиді? Әрі олар сізге қалай жауап береді, олар шіріп кетті ғой?», - деп айтылады (риуаят сенімді (сахих); Муслим 4/2203).

Осы хадисті өлілер естиді дегенге дәлел ретінде келтіретін қубурия сопыларының логикасы таң қалдырады, өйткені бұл хадис өлілердің естімейтініне айқын дәлел болып табылады. Мұның түсіндірмесі келесідей:

1. Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Қазір олар менің айтқан нәрселерімді естіп жатыр» деген сөздері олар оны дәл сол сәтте ғана естігеніне нұсқайды, әйтпесе бұл құбылысты «қазір» деген сөзбен толықтыра сипаттаудың мәні болмас еді;

2. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умардың таң қалуына келіспеушілік білдірмеді әрі оған: «Сен сонда өлілердің тірілер секілді еститіндерін білмейтін бе едің?», - деп айтпады. Керісінше, Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Умарға, оның таң қалуы орынды екенін, бірақ бұл нәрсе мұғжизалар саласынан екенін ұқтырды;

3. Бұл хадисте сахабалардың мығым сенімі олардың өлілер естімейтінін білгенінде еді дегенге дәлел бар, демек, ешкім бұл хадисті өлілер естиді дегенге дәлел ретінде келтіре алмайды;

4. Қатаданың сөздері Аллаһ Тағала оларды тірілткеніне, әрі сол мезетте олар өлі болмағанына нұсқайды, демек, ешкім бұл хадисті өлілер естиді дегенге дәлел ретінде келтіре алмайды;

5. Негіз – өлілердің ешқашан және ешкімді естімейтінінде. Бірақ бұл оқиға Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұғжизаларының бірі болатын, әрі оның мәні Аллаһ Тағаланың сол мезетте оларды тірілтуінде еді. Дәл сондықтан да Хатыб әт-Тибризи бұл хадисті өзінің «әл-Мишкат» (№ 5983) кітабында «Муғжизалар туралы» тарауында келтірген;

6. Кәпірлерге олар қырылған соң сөйлеу - пайғамбарлар (оларға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы кәпірлердің өкініштері мен масқара болуын одан сайын арттыру үшін пайдаланатын ежелден жалғасып келе жатқан салт.

Аллаһ Салих пайғамбар және оның қауымының қырылуы жайында былай деді: Сонда оларды бір сілкініс қолға алды да, үйлерінде етпеттеген бойларында қалды. Сонда Салих олардан жүз бұрып: «Әй, елім! Расында, мен сендерге Раббымның жолдауын жеткіздім әрі сендерге ықыласты түрде жақсылық қаладым. Бірақ сендер өздеріңе жақсылық тілеушілерді жақсы көрмейсіңдер», - деді” («әл-Әғраф» сүресі, 7:78-79).

Сондай-ақ Шуғайып туралы да: Сонда оларды бір сілкіңіс қолға алып, жұрттарында етпеттеген бойларында қалды. Шұғайыпты жасынға шығарғандар тіпті ол жерде ешқашан болмағандай (жоқ) болды. Сондай-ақ Шұғайыпты жасынға шығарғандар зиян тартты. Сонда ол олардан бет бұрып: «Әй, елім! Расында, мен сендерге Раббымның нұсқауларын жеткізідім әрі сендерге ықыласты түрде жақсылық қаладым. Ал енді кәпір болған бір елге қалайша қайғырамын?», - деді(«әл-Әғраф» сүресі, 7:91-93).

Сонымен, осы бөлімде біз өлілер өз қабірлерінде естімейді дегенге дәлелдер келтірдік, сондай-ақ оқырмандарымыз іс белгілі бір мүдделерге қатысты болғанда біздің әулиелерден тілеуге шақыратын сопылар мен қабір-кесене-мазарларға сапарлар ұйымдастырушы «жетекшілеріміз» өздерінің қай мәзһабқа жататындарын мүлде ұмытып кететінін түсінулері үшін, әрбір аят пен хадиске дерлік ханафи мәзһабы ғалымдарының сөздерін қоса келтірдік. Сондай-ақ оқырмандарымыз «уаһһабилікпен күресу» ұраны – бұл кез-келген ыңғайлы жағдайда бүркене салатын кезекті қалқа ғана екенін түсінулері үшін де.

Ал барлық мақтау әлемдердің Раббысы – Аллаһқа тән.



3. Қарсылас тараптың күмәндары және оларға жауап

Өздерінің ұстанымдарын бекіту үшін түрлі сопы тариқаттарының өкілдері жоғарыда келтірілген айқын және бірмағыналы аяттар мен хадистерге көздерін жұмып, өздерінің айтулары бойынша «күшті» дәлелдерін келтіруге талпынады. Ендеше, құрметті бауырымыз, айқын, бірмағыналы шариғи мәтіндерге көз жұма қарап және оларды көрмей, шариғаттың мәтіндерінен өздерінің жалған сөздерінің дұрыс екендігіне алыстан нұсқайтын бір нәрсе болса да ақтару - бұл барлық заманның бидғатшыларының жолы екенін біліңіз. Ендеше, олардың күмәндарын қарап шығайық.



1-күмән:

Әнас ибн Мәлик Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Ақиқатында, Аллаһтың құлы қабіріне қойылып, одан достары кетіп бара жатып, ол олардың аяқ киімдерінің дүрсілін естіген кезінде, оған екі періште келеді...» (хадис сенімді (сахих); Бухари 1/462-463; Муслим 4/2200-2201).



Олардың қорытындысы: Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген адам кетіп бара жатқан адамдардың аяқ киімдерінің дүрсілін еститінін хабарлады, демек, өлілер естиді.

Жауап:

1. Тура осы жайт имам Ахмад пен Абу Дауд Бара ибн ‘Азибтен келтіретін хадисте түсіндіріледі. Бұл хадисте «... Әрі сол кезде оның денесіне рухы қайта оралады да, оған екі періште келеді....» деген өте маңызды үзінді келеді. Осы үзіндіден жерленген адамның тәніне жаны қайта оралатыны және енді ол өлілердің қатарына жатпайтыны түсініледі, әрі оның жаны ол осы періштелердің сұрақтарына жауап беріп болмайынша тәнінде болады. Сондықтан да бұл хадис өлілер естиді дегенге ешқандай дәлел болмайды, керісінше, сұрақтарға жауап беру үшін оған жаны қайта оралатынын атап айту «егер оның жаны тәніне қайтарылмағанда ол періштелердің сұрақтарын ести алмайтын еді және оларға жауап бере алмайтын еді» дегенді білдіреді.

2. Ханафи ғалымдарының бірі ‘Абдуссаләм әр-Рустами бұл хадиске келесідей етіп жауап берген екен: «Бұл хадисте жерленген адам тек аяқ киімдердің дүрсілін еститініне ғана нұсқау бар. Бұл хадисте ол адамдардың оған қарап сөйлеулерін немесе олардың осы сөйлеген сөздерін түсінетініне нұсқау жоқ. Бұл шатырдың астында болып шатырдың үстімен жүріп бара жатқан біреудің аяқ киімінің дүрсілін еститін, бірақ оның сөздерін естімейтін және түсінбейтін адамның мысалындай». Қз.: «әт-Тибьян» 140-бет.

3. Сондай-ақ бұл көпшілігі ашарилер мен матурудилер болып табылатын қабірге табынушы сопылардың осы хадисті дәлелге келтіретіні таң қалдырады. Өйткені олардың сенімдері бойынша мутауатир дәрежесіне жетпеген хадистер идеологиялық мәселелерде дәлел бола алмайды, бұл осы хадистің сыртқы қорытындысының Құранның көптеген аяттарына қайшы келетінін айтпағанның өзінде. Ендеше, оларды осы хадиске жармасып алуға және өздерінің негіздерін ұмытуға не итермеледі екен?

Қалай болғанда да бұл хадис Құранға қайшы келмейді әрі онда өлілердің еститініне дәлел жоқ.

Ал барлық мақтау тек жалғыз Аллаһқа тән.



2-күмән:

Абу Хурайра Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Ухуд шайқасынан қайтып келе жатқан кезінде Мус’аб ибн ‘Умайрдың және басқа да сахабалардың қабірінің басына келіп: «Мен олардың Аллаһтың құзырында тірі екендігіне куәлік етемін. Ендеше, оларды зиярат етіңдер және оларға сәлем беріңдер. Жаным Қолында болғанмен ант етемін, кім оларға сәлем берсе, олар оған Қиямет күніне дейін жауап қайтарады!», - деп айтты (қабылданбайтын хадис; әл-Байһақи; әл-Хаким).

Бұл хадис, бұл туралы имам әз-Зәһаби, Ибн Ражаб т.б. айтқандай, сенімсіз (сахих емес). Мұның үстіне имам әз-Зәһаби оны тіпті өтірік деген, әйтсе де бұл хадистің әлсіздігі мұндай деңгейге жетпейді. Қз.: «әд-Да’ифа» 5225.

3-күмән:

Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Кімде-кім өзі оны тірі кезінде білген мүмін адамның қабірінің жанынан өтіп бара жатып, оған сәлем берсе, бұл өлген кісі оны таниды әрі оған сәлеммен жауап береді» (қабылданбайтын хадис; әл-Хатыб «Тарих» 6/137; Қз.: «әд-Да’ифа» 4493).

Бұл хадис күші бойынша алдыңғы хадистен жоғары емес. Оның жеткізушілер тізбегінде (иснадында) ‘Абдуррахман ибн Зәйд ибн Әсләм деген өте әлсіз жеткізуші бар. Хафиз әл-Хаким «Мәдхалде» (1/180) ол туралы ол хадистерді ойдан тоқитын және оларды өз әкесінен жеткізетін деп айтқан. Сондықтан да имам Ибн Ражаб былай деген: «Хадис әлсіз, бұдан қалса қабылданбайтын». Мұндай дәрежедегі әлсіз хадистер дәлел ретінде келтіруге жарамсыз.

4-күмән:

Зәйд ибн Әслам былай деп баяндайтын: «Бірде Абу Хурайра досымен бірге қабірдің жанынан өтіп бара жатып (досына): «Оған сәлем бер!», - деді. Досы: «Қабірге сәлем беру керек пе?», - деді. Сонда Абу Хурайра: «Егер бұл адам бұл дүниеде сені бір рет болса да көрген болса, онда ол сені қазір міндетті түрде таниды», - деп айтты (хадис өтірік, ойдан шығарылған; ‘Абдурраззақ «Мусаннафта» 6723).

Бұл хадис бұдан алдын келтірілген екі хадистен анағұрлым әлсіздеу, өйткені бұл хадис жай әлсіз ғана емес, ол сонымен бірге өтірік, өйткені оның жеткізу тізбегінде хадистерді ойдан тоқитын Яхья ибн әл-‘Алә бар.

5-күмән:

Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім маған сәлем берсе, Аллаһ міндетті түрде менің жанымды тәніме қайтарады да, мен оған жауап беремін» (хадис жақсы (хасан); Абу Дауд 1/319; Бәйһақи 5/245; Ахмад 2/227; Табарани «әл-Әусатта» 449; Қз.: «әс-Сахиха» 2266).

Бұл хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне сәлем беретіндердің сәлемдерін еститініне дәлел жоқ, бірақ Аллаһ Тағала оған жанын қайтарады да, сәлемге жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Осы хадистен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) рухы оның тәнінде емес Аллаһтың құзырында екені әрі Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың сөздерін естімейтіні және оларға көмектесе алмайтыны түсініледі. Бар болғаны – бұл оған рухы қайтарылатыны және ол сәлемге жауап беретіні. Бұл қалай орын алатыны – белгісіз, өйткені бұл – ғайып әлемі.

Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған сәлем беретіндерді және салауат айтатындарды естімейтініне тағы да бір дәлел – бұл Абу Хурайра баян еткен мына хадис: “Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Менің қабірімді тұрақты түрде жиналыстар өтетін жерге айналдырмаңдар, бірақ мен үшін салауат тілеңдер, ақиқатында, сендер қай жақта болсаңдар да, салауаттарың маған жеткізіледі» (хадис жақсы (хасан); Абу Дауд 2042; Ахмад 2/367).

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «...маған жеткізіледі» деген сөздері оның өзі бұл салауаттарды естімейтініне айқын түрде нұсқайды. Ал «Кім менің қабірімнің жанында мен үшін салауат тілесе, мен оны етимін, ал кім алыстан мен үшін салауат тілесе, маған ол жеткізіледі» деген хадиске келер болсақ, бұл өтірік хадис.

Оның иснадындағы Мухаммад ибн Мәруан әс-Судди өтірікші болған және хадистерді ойдан шығарған. Сондықтан да имам Ибн әл-Жәузи бұл хадисті өзінің «әл-Мәуду’ат» (1/302-303) атты өтірік хадистер жинағында келтірген. Сондай-ақ «әд-Да’ифаны» № 203 қараңыз.



6-күмән:

Егер өлілер естімесе, онда не үшін қабірді зиярат еткенде оларға сәлем беріледі?!



Жауап:

Қабірлерді зиярат еткенде қайтыс болған мұсылмандарға: «Сәлем сендерге, бұл мекеннің тұрғындары», - деп сәлем беру өлілер осы сәлемді еститін болғандықтан айтылмайды, бұл олар үшін тыныштық пен кешірім тілеп айтылған дұға.

Осылайша, біз қабірге табынатын сопылардың осы маңызды идеологияқ мәселеде өз кесірлі ұстанымын дәлелдеуге тырысатын күмәндарын келтірдік.

Осы жерде сондай-ақ олардың «өлілер естиді» деген сенімдері олардың идеологиясының ең басты тіректерінің бірі болып табылатынын ерекше атап кету қажет. Осы сенімнің үстіне олар осыған жалғасатын, өлілерден тілеу, оларға сиыну, олардың қабірлерін аса құрметтеу, т.с.с. іс-әрекеттерін құрады. Олар бүкіл діннің мән-мағынасы осыда деп есептейді әрі қабірлерсіз дінді елестете алмайды. Ал біз олардан: «Егер өлілердің естуі туралы мәселе дінде соншалықты маңызды болса, онда неліктен бүкіл Құранда олардың еститінін растайтын бірде-бір аят та, сондай-ақ бұл туралы бірде-бір сенімді, бұлтарпас, айқын хадис те жоқ?!», - деп сұраймыз. Өйткені егер осы соншалықты маңызды болғанда және бұл мәселе діннің негізі болғанда, қасиетті мәтіндер осының дәлелдеріне толы болар еді ғой. Өйткені мәселе қаншалықты маңызды болған сайын, ол қасиетті мәтіндерде соншалықты егжей-тегжейлі мазмұндалады. Сондықтан да біз дәрет, намаз, қажылық, ораза т.б. туралы жүздеген және мыңдаған хадистерді көреміз.

Ханафи имамы - имам Ибн Әбил-‘Изз былай деп деп айтқан: «Сондықтан да, қандай да бір мәселені түсінуге адамдардың қажеттілігі қаншалықты көп болса, соншалықты осы мәселеге қатысты (шариғи) мәтіндер де, Аллаһтың Өз жаратылыстарына түсірген мейірімі ретінде, айқын болады». Қз.: «Шарх ‘Ақида Тахауия» 93-бет.

4. Қалған мәзһабтардың өкілдері де ханафилердің «өлілер естімейді» деген пікірін қолдайды

Біз ханафи мәзһабының ғалымдары мен имамдары өлілердің естімейтіні туралы бірмағыналы түрде айтатынын айқындап алғанымыздан соң, осы жерде басқа мәзһабтардың өкілдерінің сөздерін де келтіру қажет. Өйткені оқырман бұл пікірдің тек ханафилермен ғана шектелмейтініне көз жеткізуі керек. Бірақ мұндай сөздерді келтіру онсыз да ұзаққа созылған осы тарауды одан сайын ұзартып жіберетін болғандықтан, біз тек олардың аттары мен олардың сөздерін тауып алуға болатын дереккөздерін нұсқаумен ғана шектелеміз.

Сонымен, өлілер естімейді деген пікірді сондай-ақ мына атақты және ең танымал ғалымдар мен имамдар да таңдаған:

1. Әбул-Уалид Сулейман әл-Бәжи (474 һ/ж). Қз.: «әл-Мунтақа» 1/69;

2. Мухаммад ибн ‘Али әл-Мәзири (536 һ/ж). Қз.: «әл-Му’лим фи шарх Муслим» 17/206;

3. Абул-Фәдл Қады ‘Ияд (544 һ/ж). Қз.: «Шарх Зуркани ‘алә «Муатта» Мәлик» 1/63.

Олардың барлығы мәлики мәзһабының ең ұлы имамдары болып табылады.

4. Қады Абу Я’лә (458 һ/ж). Қз.: «әл-Жәми’ әл-Кәбир»;

5. Ибн Ражаб әл-Ханбали (795 һ/ж). Қз.: «әл-Әхуәл ул-Қубур»;

6. Мухаммад ибн Ахмад әс-Саффарини (1188 һ/ж). Қз.: «әл-Бәхр әз-Зәжира»;

Олардың барлығы ханбали мәзһабының ұлы имамдары;

7. Әл-Хусейн ибн Мухаммад әт-Тыби (743 һ/ж). Қз.: «әл-Мәфатих фи хиллил-Мәсабих»;

8. Ибн Хажәр әл-‘Асқаләни (852 һ/ж). Қз.: «Фәтх ул-Бәри» 3/182;

9. ‘Абдуррауф әл-Мунауи (1031 һ/ж) Қз.: «Файд ул-Қадир»;

Олардың барлығы шәфиғи мәзһабының ұлы имамдарынан.

Біз бұл бұл имамдардың есімдерін, олардан өзге ешкім бұл пікірді қолдамағандықтан емес, олар өз мәзһабтатының ең ұлы имамдары болғандығы себепті келтірдік.



Дереккөз: «Абу Ханифа мирасы» сайты

1 Оқырман сопылардың бұл сенімдерін келесі кітаптардан таба алады: Ибн Жиржис «әл-Минха әл-Уахбия»; әл-Дәжауи «Сулх ул-Ихуан»; әл-Куза’и «Барахин»; «әл-Басаир»; «Шамс макаләт фи сама’ ил-амуат»; «Сама’ ул-маута» т.б.

2 Имам Ибн Касир осы аяттың тәпсірінде: «Бұл өтіп бара жатқан адамның кім болғандығы жайлы ғалымдардың пікірлері бірдей болмаған», - деді де, кейін оның ‘Узайр пайғамбар болғандығына дәлелдер келтірді, содан соң ол: «Әрі бұл ең танымал пікір», - деді. Ал бұл қандай кент болғандығына қатысты имам Ибн Касир: «Әрі ең кең таралған пікір – бұл Иерусалим болғаны. ‘Узайр оның үстінен оны Навухудоносор (II) қиратқаннан кейін өткен болатын». Қз.: «Тафсир Ибн Касир» 1/437.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет