Қолжазба құқығында Жиентаева Бегайым Жиентайқызы



бет3/3
Дата29.06.2016
өлшемі426.01 Kb.
#165877
түріАвтореферат
1   2   3

Қорытынды

Зерттеуіміздің мақсат-міндеттеріне, ғылыми болжамына негіздей отырып, жүргізілген зерттеу жұмыстарының барысында жинақталған теориялық, тәжірибелік мәліметтерді талдай келіп, төмендегідей қорытындыға келдік:



  1. Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздерін, педагог-ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің тұжырымдары мен педагогика-психологиялық, әдістемелік тәжірибелерді талдай отырып, технология сабақтарында оқушылардың елжандылығы мен ұлттық талғам өрісін дамыту, ізгілік қасиеттерін қалыптастыру мәселелерін тәжірибе жүзінде зерттеу жолдары мен әдіс-тәсілдері белгіленді.

  2. Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие берудің сипаты беріліп, педагогикалық, психологиялық негіздері қарастырылды.

  3. Педагогикалық-психологиялық саладағы зерттеулерге талдау жасау ұлттық тәрбие беру негізінде оқушыларда қалыптасатын ізгілік қасиеттерді және «оқу-тәрбие-білім» жүйесінде технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнер арқылы “ұлттық тәрбие беру” деген ұғымды анықтауға мүмкіндік туғызды.

  4. Технология сабағында ұлттық тәрбие берудегі халықтық қолданбалы өнерді қолданудың теориялық негізі ашылып, педагогикалық мүмкіндіктері мен шарттары анықталды.

  5. Халықтық қолданбалы өнер арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беруде, олардың көркемдік талғамын, қызығушылығын қалыптастыру жолдары қарастырылып, педагогикалық алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе талданды.

  6. Мектептегі технология сабағына арналған бүгінгі күнге дейінгі оқу бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасау бағдарламалар мазмұнына халықтық қолданбалы өнерді енгізуде талпыныстар бар екендігін көрсетті, бірақ оқушыларға оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық тәрбие беру жолдары ескерілмегендігі дәлелденіп, оқушыларға ұлттық тәрбие беру әдіс-тәсілдеріне ұсыныстар жасалды.

  7. Эксперимент барысында пайдаланылған әдістер және әртүрлі жұмыс формалары (көрмелерге, мұражайларға бару, халықтық қолданбалы өнер шеберлерімен кездесу өткізу т.б.) оқушылар-дың шығармашылық іс-әрекеттерін, қабілетін, белсенділігін арт-тырды. Халықтық қолданбалы өнер түрлерін жасаудағы білімін, біліктілігін, дағдысын және шеберлігін қалыптастырды.

Мектептегі технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнерді меңгеру, оқу-тәрбие ісінің тиімділігін арттырып, оқушылардың дүниетанымы мен ойлау деңгейін, көркем шығармашылық белсенділігін дамытады, ұлттық танымын, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады және қызығушылығын арттырады. Көп жылғы жүргізілген зерттеу жұмысындағы байқау оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру әдіс-тәсілдері тиімді болатындығына көзімізді жеткізді.

Технология сабақтарында халықтық қолданбалы өнерді оқытуда ұлттық салт-дәстүр, мінез-құлық, наным сенімге негізделген ұлттық тәрбие және білім беру жүйесінің моделіне сәйкес теориялық қағидалар мен тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі негізінде төмендегідей ұсыныстар беріледі:



  • білім беру жүйесін реформалау саясаты технология, кәсіптік білім беру сияқты өмір талабына сәйкес жүргізіліп, технология пәні мамандарын даярлауда оқу-тәрбие үрдісіне салт-дәстүр, дүниетаным, атакәсіптің бай тәжірибесіне негізделген халықтық қолданбалы өнер технологиясын зерттеуді ендіру тиімді деп есептейміз.

  • оқытудың жаңа технологияларына сәйкес компютерлік-ақпараттық технологияны ендіру жолдарын қарастыру, технология пәні бойынша оқу-әдістемелік құралдар даярлау қажеттілігі.

  • мектепте оқушы тұлғасын қалыптастыру және дамыту барысындағы мұғалімдердің педагогикалық-психологиялық қызметін жетілдіріп, оқушы-мұғалім арасындағы қарым-қатынас мәселелерін сараптау, оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелілігінің үздіксіз мониторингін жүргізу, пәннің рейтингісін анықтау, оқушылардың дарындылық-даралық қабілеттеріне байланысты оқыту деңгейін анықтау және оның жолдарын белгілеу қажет.


Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер:

  1. Сәндік-қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы. /’’Қазақстандағы тарихи-мәдени үрдістердің өткені, бүгіні мен болашағы.” Марғұлан оқулары . Жезқазған, ЖезУ, 2000, 218-224 б.

  2. ’’Халықтық дәстүрлі қолданбалы өнер - ұлттық тәрбие құралы’’. Жезқазған, ЖезУ, 2000, 100 б.

  3. ’’Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнерді оқытудың тиімді әдістері’’. Жезқазған, ЖезУ, 2000, 90 б.

  4. Халық мұрасындағы ұлттық қолданбалы өнердің тәрбиелік маңызы. / Ұлт тағылымы, № 6, Алматы, 2000, 56-58 б.

  5. Оқушылардың дүниетанымын халықтық мұра қолданбалы өнер негізінде қалыптастыру - ұлттық тәрбие көзі. /Ғылыми еңбектер жинағы, Шымкент, ОҚМУ, 2000, 131-133 б.

  6. Оқушыларға халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде педагогика-психологиялық ерекшеліктерді ескеру. /Халықаралық ғылыми-теориялық конференция, Байқоңыров оқулары, Жезказган, ЖезУ, 2001,136-140

  7. Оқушыларға еңбек сабағында ұлттық тәрбие беру проблемалары. (5-7 сынып).//11Халықаралық Байқоңыров оқулары. 1-ші кітап, Жезказган, ЖезУ, 2002, 185-191 б.

  8. “Технология” сабағында моншақ тізу технологиясын оқыту әдістемесі. Жезқазған, ЖезУ,2002,53 б.

  9. “Тері өңдеу технологиясын оқыту әдістемесі”. Жезқазған, ЖезУ, 2002.60 б.

  10. Халықтық қолданбалы өнердің ұлттық мәдениетте алатын орны, ұлттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері. /Қазіргі қазақ мектептерінің өзекті мәселелері. Ғылыми еңбектер жинағы. Алматы, Ғылым, 2002, 180 б. 82-87 б.

  11. Ұлттық қолданбалы өнер және еңбекке баулу. //Тәрбие құралы. Ғылыми-педагогикалық басылым. №1, Алматы, 2004, 3-5б.

  12. Халықтық мұра - ұлттық қолданбалы өнердегі ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері, даму тарихы. // Хабаршы. «Қайнар» университеті, №1, 2004.

  13. Халықтық қолданбалы өнер – технология сабақтарында. //Қазақстан мектебі, Алматы, № 2, 2004, 52-53б.

  14. Танымы мол өнер. //Ұлт тағылымы, Алматы, №1, 2004, 33-35б.

  15. Қазақ мектептеріндегі технология сабағында ұлттық тәрбие беру жағдайы, міндеттері мен мақсаты. //Хабаршы. КарГУ, №2, 2004. (А.Манабаевамен бірге)

16. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру мәселелері. // Хабаршы. Евразия гуманитарлық институты, №2, 2004.

17. Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие берудің өзектілігі. //Хабаршы. Евразия гуманитарлық институты, №2, 2004.



18. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері (электронды оқулық). Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі № 070, 06.04.2004.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет