«Қолжетімді баспана 2020» Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының басты бағыты»



Дата07.07.2016
өлшемі49.49 Kb.
#183256
«Қолжетімді баспана 2020»

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыхалықтық жоспарға сәйкес, қазіргі уақытта «Қолжетімді баспана 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы (әрі қарай – Бағдарлама) әзірленуде.

Әзірленіп жатқан Бағдарламада іске асырудың келесідей бағыттары жоспарлануда:

1. ТҚЖБ арқылы сату арқылы тұрғын салу.

2. Кезекте тұрғандарға арналған жалға берілетін тұрғын үй салу.

3. Жас отбасыларына сатуға арналған жалға берілетін тұрғын үй салу.

4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жалға берілетін тұрғын үй салу.

5. Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, соның ішінде ТҚЖБ арқылы несие беру арқылы.

6. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі (ТҚЖБ)

Шығыс Қазақстан облысы ТҚЖБ жүйесі арқылы тұрғын үй салуға 2011-2015 жылдарға 13 920 млн.теңге сомасында несие көзделген, соның ішінде 2011 жылы -– 1 750 млн. теңге, 2012 жылы – 3 000 млн. теңге және 2013 жылы – 3 000 млн. теңге, 2014 жылы – 3 000 млн. теңге, 2015 жылы – 3 170 млн. теңге.

ТҚЖБ жүйесі арқылы тұрғын үй салу Өскемен және Семей қалаларында жүзеге асырылуда. Өскемен қ. 1 шаршы метрдің құны 112,5 мың теңгеден аспауы, ал Семей қ. 90,0 мың теңгеге дейін болуы тиіс.

2011 жылдың қазанында Өскемен қаласының Металлург кентінде сейсмикалық тұрақтылығы 7 баллға дейінгі жеті тұрғын үйдің құрылысы басталды (жалпы ауданы 31,6 мың шаршы метрді құрайтын 384 пәтер), құрылысты аяқтау мерзімі – 2012 жылдың желтоқсаны. 5 қабатты тұрғын үйлер, мансарда – жалға берілетін тұрғын үй ретінде (96 пәтер). Семей қаласының Аймауытов көшесінде 9 қабатты бір тұрғын үйдің құрылысы басталды (жалпы ауданы 2,6 мың шаршы метрді құрайтын 42 пәтер), 1 шаршы метрінің құны - 90,0 мың теңге, аяқталу мерзімі – 2012 жылдың мамыры. Бірінші екі қабатының құрылысы (12 пәтер) мердігер ұйым есебінен жүзеге асырылуда.



2012 жылы 3, 0 млрд.теңгеге 7 үйдің құрылысын аяқтау (1 млрд.теңгеден артық сомаға) және Өскемен қ. Металлургтер кенінде алты үйдің, Семей қ. Энергетик кентінде екі үйдің құрылыстарын бастау жоспарланып отыр.

2013 жылы 3,0 млрд. Өскемен қ. 6 үйдің және Семей қ. 2 үйдің құрылыстарын аяқтау көзделуде.
Жалға берілетін тұрғын үй.

Шығыс Қазақстан облысында жалға берілетін тұрғын үйге мұқтаж және соған кезекте тұрғандар саны 12,0 мың адамнан асады, оның 8,0 мың адамы Өскемен және Семей қалаларынан.

Жалға берілетін түрғын үйлерді салуға және сатып алуға қосымша берілен трансферттерді ескергенде республикалық бюджеттен 2012 жылы 3 603,5 млн.теңге бөлінді. Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Зайсан аудандарында көпқабатты тұрғын үйлер және Тарбағатай ауданында бір қабатты 10 тұрғын үй салу, сондай-ақ, Шемонаиха ауданында 30 пәтер сатып алу жоспарлануда.Осы жылы Өскемен қаласында пәтерлердің жалпы ауданы 5,4 мың шаршы метрді құрайтын 60 пәтерлік екі тұрғын үйдің және Тарбағатай ауданында жалпы ауданы 0,7 мың шаршы метрді құрайтын 10 жеке тұрғын үйдің құрылысын аяқтау көзделіп отыр.

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлер салуға 7 257,0 млн.теңге сомасындағы жобалау-сметалық құжаттама әзірленді (соның ішінде сметалық құны 1 764,0 млн.теңгені құрайтын жобалар бойынша түзетулер жасау қажет), сонымен бірге, шамамен алғандағы құны 7 598,9 млн.теңгені құрайтын жобалар әзірленуде, оның ішінде:

Жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына жыл сайын 8 800 млн. теңге қажет етіледі, соның ішінде: 5 280 млн. теңге – кезекте тұрғандарға арналған жалға берілетін тұрғын үйге, 3 520 млн. теңге – жас отбасыларына арналған жалға берілетін тұрғын үйге.
«Самұрык-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры.

Жалға берілетін тұрғын үйді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры арқылы салу үшін, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне «Айя иК» ЖШС (директоры Ибраев Н.) «Өскемен қ. 22-тұрғын ауданында төрт пәтерлі 100 тұрғын үй салу» жобасын іске асыруға қатысу бойынша ұсыныстар берілді. Ауданы 200 Га болатын жер телімі 400 тұрғын үйге көзделген. 2012 жылы 100 үйдің (400 пәтер) құрылысын бастауға мүмкіндік бар, 613,0 млн.теңге көлемінде қаражат жоспарланған. Инженерлік инфрақұрылымға қосылу нүктелері жақын орналасқан. Квартал ішінде мектеп пен балабақша салу қарастырылған, орталық жодар жақын орналасқан.

Сондай-ақ, жобаларды іске асыру «Стройэффект» «Востокспецавтоматика» ЖШС-не ұсынылды, қазіргі таңда жобалардың оң қорытындысы бар, Қор Меморандумдарға әлі қол қойған жоқ.
Жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ)

1. Елді мекендердің бекітілген Бас жоспарларына, түбегейлі жоспарлау жобаларына, құрылыс салу ережелеріне және елді мекен аумақтарының жер-шаруашылық құрылымдарының жобаларына сәйкес, ЖТҚ алаңдары алқап түрінде бөлінуі қажет.

2. ЖТҚ-ға бөлінген алқаптар тұрғын үйлердің құрылыстары басталғанға дейін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Тегін жер телімдері ауданы 10 соткадан аспайтын жерлерге беріледі.

4. Азаматтар жеке тұрғын үй құрылысын тиісті органдармен белгіленген тәртіпте келісілген жоба бойынша жүзеге асырады.

Өскемен қ.

Өскемен қ. Бас жоспарында 2008-2011 жылдары ЖТҚ барлық жаңа аудандарының түбегейлі жоспарлау жобалары әзірленді (20, 21, 25, 27, 28 ЖТҚ тұрғын аудандары, Ахмирово, Самсоновка ауылдары). 22 және 28-тұрғын аудандары инженерлік желілермен қамтамасыз етілді. 23-тұрғын ауданы су желілерімен қамтамасыз етілген. 20-тұрғын ауданын электрмен, сумен қамту және кәріз желілері инженерлік жүйелерін салуға ЖСҚ әзірленді. 23-тұрғын ауданын электр желісімен қамтуға арналған ЖСҚ әзір. Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қажет қаражат шамамен алғанда 60,0 млрд. теңгені құрайды.



Семей қ.

«Комсомольский» тұрғын ауданының, «Суық бұлақ», «Ақсай», «Ұшақтар» тұрғын аудандарының ТЖЖ әзірленген. Холодный ключ кнтінің электрмен, сумен қамту желілерін және кәріз жүйесін салуға, Смычок аралынан Энергетик кентіне дейін суқабылдағыштан су бұруға арналған 2,7 млрд.теңге сомасына ЖСҚ әзір.



Риддер қ.

Разработан ПДП 3-го жилого района «Ботаник» тұрғын ауданының 3-тұрғын ауданын ЖТҚ және көпқабатты тұрғын үй ретінде ТЖЖ әзірленді. Инженерлік инфрақұрылым салуға ЖСҚ жоқ.

Зайсан ауданындағы жеке құрылыс салушылар аудандарының инженерлік инфрақұрылымын дамытуға арналған 551,6 млн. теңге сомасындағы жобалар бар, Шемонаиха ауданында шамамен 1,0 млрд.теңге сомасындағы ЖСҚ мемсараптаманың келісімдеуінде жатыр.

2011 жылы, құрылыстың жалпы көлемі 240,5 млн. шаршы метрді құрағанда, ондағы ЖТҚ үлесі - 65%. Осы пара-парлықты, сондай-ақ ЖТҚ және тұрғын үй құрылысының өзге де түрлерін сақтау және олардың мерзімінде пайдалануға тапсырылуын қамтамасыз ету үшін, жаңа құрылыс салу алаңдарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға бөлінетін қаражат көлемін ұлғайту қажет.



Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ)

2012 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, жайластыруға және сатып алуға 2,8 млрд. теңге бағытталды. Өскемен және Семей қалаларында, Зайсан және Зырян аудандарында электрмен, сумен, жылумен қамту жүйелерінің, кәріз желісінің 23,3 шақырымын салу жоспарлануда.



Тұрғын үй құрылысы аудандарын инженерлік инфрақұрылыммен қамту үшін, жыл сайын шамамен 7,0 млрд.теңге көлемінде қаржыландыру қажет. Бұл - ЖТҚ, коммерциялық, мемлекеттік тұрғын үйлерді, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ және ТЖЖБ арқылы салынатын ЖТҚ ескергендегі сома. Облыста инженерлік инфрақұрылым салу үшін 4,0 млрд.теңгеге әзірленген ЖСҚ бар, сондай-ақ, болжамды құны 2,6 млрд.теңгені құрайтын ЖСҚ әзірленуде. Мұнан басқа, жалпы сметалық құны 1,3 млрд.теңгені құрайтын жеті жобаға түзетулер енгізу қажет.

Басқарма бастығы Д. Сүлейменов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет