"Қолжетімді тұрғын үй 2020" бағдарламасын бекіту туралы



бет2/13
Дата24.02.2016
өлшемі0.49 Mb.
#18000
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Кіріспе


      Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдары ішінде тұрғын үй құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттарының бірі болып танылды және жалпыұлттық сипаттағы ең маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
      Екі мыңыншы жылдардың ортасынан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша бірқатар құжаттарды қабылдады, олардың ішіндегі негізгілері:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 2005 - 2007 жылдардағы бағдарлама);
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 2008 - 2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарлама);
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1004 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 - 2014 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – 2011 - 2014 жылдардағы бағдарлама).
      2005 – 2007 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаның негізгi бағыттары тұрғын үйдiң құнын арзандату арқылы халықтың қалың жiгi үшiн қолжетiмдi тұрғын үй құрылысының тұрақты өсу қарқынын қамтамасыз ету, тұрғын үйге кредит беру мерзiмдерiн ұзарту, кредит берудiң бастапқы жарнасы мен ставкаларын азайту болып табылады.
      2005– 2007 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру орта тап пен халықтың әлеуеттiк қорғалған жiгi үшiн тұрғын үй салуды ынталандыруға: азаматтардың басым құқық берілген санаттары (балалары бар жас отбасылары, мемлекеттік органдар мен мекемелердiң қызметкерлерi және әлеуметтiк саланың мемлекеттiк кәсiпорындары қызметкерлерi) үшін мемлекеттік қаражат есебінен сату құны бiр шаршы метр үшін 56515 теңгеден аспайтын коммуналдық және қолжетімді тұрғын үй салуға, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға, жеке капитал инвестицияларын тарту есебiнен тұрғын үй салуға бағытталған шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылды.
      2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде Ипотекалық кредит берудiң арнайы бағдарламасы әзірленді және ипотекалық кредит берудің мынадай мақсатты шарттарына қол жеткізілді:
      1) сыйақы ставкасының көлемi – 10 %;
      2) бастапқы жарна көлемi – 10 %;
      3) ипотекалық кредит мерзiмi – 20 жыл.
      Тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешендi шешу мақсатында республикада жер учаскелерін беру рәсімдерін жетілдіруге және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарды инженерлік-коммуналдық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргізілді.
      2006 – 2007 жылдары инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға жергілікті атқарушы органдардың бюджеттеріне 50,5 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлінді. Нәтижесінде 3,3 мың км инженерлік желі салынды. Бұдан басқа, көптеген өңірлерде трансформаторлық қосалқы станциялар, күш трансформаторлары, жылу камералары, шаруашылық-нәжістік кәріз коллекторлары, сорғы станциялары пайдалануға берілді.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен жер учаскелерiн бөлудің жеңілдетілген тәртібін көздейтін Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесi бекітілді.
      2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 221594 учаске бөлінді, оның ішінде жас отбасыларына 59599 учаске (33 %), мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне – 13942 (28 %), әлеуметтік сала кәсіпорындарының қызметкерлеріне – 30874 (35 %) бөлінді.
      2005 – 2007 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде өткізілген іс-шаралардың арқасында тұрғын үй құрылысының қарқыны өсті, инвестиция үшін тұрғын үй құрылысының тартымдылығын арттыратын жағдай және қолжетімді тұрғын үй салу, кейін басым құқық берілген азаматтарға сату үшін жергілікті атқарушы органдарға кредит беру тетігі жасалды, ипотекалық кредит беру құралдары, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, ипотекалық кредиттерге кепілдік беру жүйесі пайдаланылды, коммуналдық тұрғын үй салу қайтадан басталды.
      Қазақстан Республикасының мынадай заңдары қабылданды:
      1) тұрғын үйдің жалдау секторын дамыту үшін жағдай жасауды көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне тұрғын үйдiң жалға берiлетiн секторын дамыту мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 182 Заң.
      Осы Заң республикада жалға берілетін үйлердің құқықтық мәртебесін, жалдау шартын, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйді жалдау тетігін, жалға берілетін тұрғын үй құрылысын салықтық ынталандыруды белгілейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жылжымайтын мүлік қорларының құқықтық ережесін, жұмыс істеу ерекшелігін айқындайды;
      2) Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт тараптарының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау кепiлдiгiн белгiлейтін, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдеде № 180 Заң.
      2005 – 2007 жылдары қаржыландырудың барлық көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 1113 млрд. теңге инвестиция жұмсалды.
      2005 – 2007 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың қорытындысы бойынша 15,8 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған, іс жүзінде жалпы алаңы 17,9 млн. шаршы метр тұрғын үй іске қосылды (жария етумен – 19,3 млн. шаршы метр), тапсырманы асыра орындау 13 % (жария етумен – 22 %).
      Сонымен, 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама өзінің тұрғын үй құрылысын ынталандыру деген негізгі міндетін орындады.
      2008 – 2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарламада да аз қамтамасыз етілген азаматтарды және басым құқық берілген санатқа жататын азаматтарды тұрғын үйдің жалпы алаңының 1 шаршы метрі үшін 56515 теңге деген бағада тұрғын үймен қамтамасыз етуге басты назар аударылды.
      Азаматтардың көпшілігінде бастапқы жарнаны төлеуге қаражат жоқ екенін ескере отырып, оларға кредит беру тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы алдын ала қарыздарды пайдаланып жүзеге асырылып жатыр.
      Сонымен қатар, республикалық бюджеттің қаражаты есебінен коммуналдық (жалға берілетін) тұрғын үй және тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу жалғасып жатыр.
      Бұдан басқа, Алматы облысында Алматы қаласының төрт серіктес қаласын және Ақмола облысында Астана қаласының серіктес қаласы ретінде Қосшы селосын дамыту жөніндегі алдын ала жұмыстар басталды.
      Мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті ынталандыру үшін тұрғын үй құрылысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны пайдалану көзделген.
      2008 – 2010 жылдардағы мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың қорытындысы бойынша 19,3 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарланған, іс жүзінде жалпы алаңы 19,7 млн. шаршы метр тұрғын үй немесе жоспардың 102 % пайдалануға берілді.
      2008 – 2010 жылдары тұрғын үйді іске қосу жоспары орындалғанына қарамастан, дүниежүзілік қаржы дағдарысы тұрғын үй құрылысына да, ең алдымен үлескерлер қатысқан құрылысқа да әсер етті.
      Үкімет әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіткен болатын, оған еліміздің ипотекалық нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету, үлескерлердің құқықтарын қорғау және құрылыс объектілерін аяқтау жөніндегі шаралар кірді.
      Үлескерлерді қолдау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі үлестік құрылысты 263,4 млрд. теңге сомасында бюджеттік қаржыландыру бойынша кешенді шаралар қабылдады (01.01.2011 жылғы жағдай).
      Нәтижесінде, егер 2007 жылғы 4-тоқсанда, дүниежүзілік дағдарыс басталған сәтте республикада 450 тұрғын үй кешені (62889 үлескер) салынып жатса, енді 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 58 объектіні (13650 үлескер) салып бітіру қажет болды.
      Бюджет қаражатын үлестік құрылысқа құю – бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу қажеттілігінен туындаған бір жолғы акция екенін атап өту керек.
      Үлестік құрылыста өзара қатынастарды реттеу үшін одан әрі бюджеттік шығындарға жол бермейтін жүйелі шара ретінде үлестік құрылысты регламенттейтін қолданыстағы заңнама қатаңдатылды – 2009 жылғы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған шаралардың арқасында коммерциялық тұрғын үй объектілерінің құрылысы аяқталды, бұл 2008 – 2010 жылдары жеке меншік нысанындағы кәсіпорындардың тұрғын үйді іске қосу қарқынының өсуін қамтамасыз етті.
      2011 жылдан бастап тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту бастапқыда Қазақстан Республикасында құрылыс индустриясын және құрылыс материалдары өндірісін дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның шеңберінде көзделген болатын. оның негізгі мақсаты елімізде құрылыс индустриясының индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету, тұрақты және теңгерімделген құрылыс материалдарын өндіру болып табылады. Бұл ретте тұрғын үй құрылысының мәселелері кейінге қалдырылды. Сонымен бірге, 2008 жылдан бастап тұрғын үй құрылысына жеке инвестициялардың төмендегені байқалды, олардың есебінен дағдарысқа дейінгі кезең ішінде тұрғын үйдің 87 % салынған болатын (оның ішінде ЖТҚ 60 %). Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі жүргізген талдау 2012 жылы тұрғын үй құрылысының көлемі күрт төмендейді деп күтіліп отырғанын, бұл өз кезегінде тұрғын үй бағасының өсуіне алып келетінін көрсетті.
      Тұрғын үй құрылысының көлемін сақтап қалу, оған жеке инвестициялар тартуды ынталандыру, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін мүмкіндігінше кеңінен пайдалану, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуды жалғастыру, сондай-ақ басқа міндеттерді шешу үшін 2011 жылғы 31 наурызда Үкімет Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті.
      Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың халықтың негізгі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыра отырып, ҚТҚЖБ арқылы сатылатын кредиттік тұрғын үй салуының жаңа схемасы, ЖТҚ дамыту, екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қорландыру жолымен коммерциялық тұрғын үйді қолдау, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үй салуы, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың басқа да бағыттары және тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту үшін қосымша ынталандыру шараларын жасау көзделген.
      Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 6,5 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспарланған іске қосу көлемінен 8,3 % артық.
      Осылайша, тұрғын үй құрылысының жоғарыда көрсетілген бағдарламасын іске асырудың нәтижесі туралы айтсақ, жүргізілген талдаудың нәтижесінде алға қойылған міндеттер толық орындалды деп айтуға болады.
      Сонымен бірге, талдау бағдарламада көрсетілген әлсіз жақтарды көрсетті:
      1) халықтың экономикалық жағынан белсенді негізгі топтары үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік болмады;
      2) мемлекет олардың алдында белгілi бiр мiндеттемелер алған азаматтарды, сондай-ақ жас отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету жылдамдатылған жоқ.
      Осы міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында құрылыс саласында қолданылып жүрген бағдарламаларға тексеру және талдау жүргізуді, олардың негізінде жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйдің көлемін 1 млн. шаршы метрге жеткізуді және сатып алу құқығымен жалдау тетігін, сондай-ақ құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кешенді шараларды көздейтін бірыңғай «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын әзірлеуді және бекітуді тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет