Қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі



Дата03.07.2016
өлшемі271 Kb.
#175827


Қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі (қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру)
1. Осы Қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары бойынша көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесі (қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру) қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары нарығын талдау кезінде пайдаланылатын көрсеткіштерді, сондай-ақ осы көрсеткіштерді есептеу тәртібін айқындайды.
2. Талдау жасалып отырған кезеңдегі қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлемі:

1) Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі, оған мыналар кіреді:

1.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (бұдан әрі – ҚБЕО) Банкаралық ақша аудару жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

2.

ҚБЕО Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

3.

Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары) арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

4.

Банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы Қазақстан аумағында жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

5.

Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

6.

Эмитенттері Қазақстанның банктері болатын электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген төлемдердің көлемі

7.

ҚБЕО Халықтың бөлшек төлемдерді өңдеу жүйесі (Авангард Plat) арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі

Қазақстанның аумағында Қазақстан теңгесімен жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының үлесі бөлек есептеледі.
2) Шетелге жіберілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі, оған мыналар кіреді:

1.

Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары) арқылы шетелге жіберілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

2.

Банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы шетелге жіберілген төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

3.

Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып шетелде жүргізілген төлемдердің көлемі

Шетелге төлемдер және ақша аударымдарын жүргізу кезінде пайдаланылған негізгі валюталардың үлестері бөлек есептеледі.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша деректер алу көздері және деректерді қалыптастыру әдістемесі осы Әдістемеге 1 және 2-қосымшалардың кестелерінде берілген.

Мысал үшін:

1. 2015 жылғы 9 айдағы қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлемі

Қазақстанның аумағында жүргізілген және шетелге жіберілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемі

276,2 трлн. теңге


Қазақстан бойынша жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

Жүйелер

Сомасы

(млрд. теңге)

Үлесі, %-бен

Банкаралық ақша аудару жүйесі

159 797,1

92,6%

Банкаралық клиринг жүйесі

3 999,0

2,3%

Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары)

38,2

0,02%

Тікелей корреспонденттік шоттар

7 679,4

4,5%

Төлем карточкалары, сондай-ақ оларды пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы

923,8

0,5%

Электрондық ақша

29,4

0,02%

Авангард Plat

46,9

0,03%

Жиынтығы

172 513,9

100,0%



оның ішінде теңгемен

168 201,1

97,5%


Шетелге жіберілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

Жүйелер

Сомасы

(млрд. теңге)

Үлесі, %-бен

Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары)

236,4

0,2%

Тікелей корреспонденттік шоттар

103 303,4

99,6%

Төлем карточкалары (шетелде пайдалану)

158,7

0,2%

Жиынтығы

103 698,4

100,0%

оның ішінде, тікелей корр.шоттар және БААЖ бойынша

103 539,7




АҚШ долларымен

82 911,1

80,1%

теңгемен

12 032,

11,6%


Ресей рублімен

4

536,1

4,4%


еуромен

3 161,9

3,1%

өзге валюталармен

898,4

0,9%





3. Қазақстан бойынша жүргізілген қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемін қолма-қол ақшамен төлемдер (операциялар) жүргізу көрсеткіштерімен салыстыру кезінде мынадай бағыттар пайдаланылады:

1) Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін мынадай көрсеткіштерді пайдалана отырып тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемімен салыстыру:

1.1) тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі (оның ішінде заңды және жеке тұлғалардың төлемдері), оған мыналар кіреді:

1.

Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі (ТМК1 нақтыланған кестесінің 7 және 8-бөлімдерінің ТМК таңдау)

3.

Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықаралық ақша аудару жүйелері және банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің көлемі (ТМК нақтыланған кестесінің 7 және 8-бөлімдерінің ТМК таңдау)

3.

Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, сондай-ақ оларды пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстан бойынша жүргізілген төлемдердің көлемі (операцияның түрі бойынша таңдау)

4.

Эмитенттері Қазақстанның банктері болатын электрондық ақшаны пайдалана отырып, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың пайдасына жүргізілген төлемдердің көлемі

5.

Авангард Plat арқылы төлемдер


1.2) тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің көлеңкелі экономика ескерілген көлемі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемі жөніндегі деректері, оған мыналар кіреді:

1.

бөлшек сауда көлемі

3.

көтерме сауда көлемі

3.

тамақ өнімдері мен сусындар беру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі (қоғамдық тамақтану)

4.

көрсетілген қызметтердің көлемі және нақты көлемнің индекстері

5.

автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі

6.

тұрғын үй құрылысына инвестициялар

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми деректеріндегі көлеңкелі экономика деректері.


1.3) тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің көлеңкелі экономика ескерілген жалпы көлеміндегі үлес салмағы


=

тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі

(тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің жалпы көлемі + көлеңкелі экономиканың көлемі)


Мысал үшін:

Тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер

тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі (оның ішінде дара кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың төлемдері)

17,3 трлн. теңге

тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлемдердің көлеңкелі экономика ескерілген жалпы көлеміндегі үлес салмағы

68%




2015 жылғы 9 айдағы тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер

млрд. теңге

Банкаралық ақша аудару жүйесі

13 394,3

Банкаралық клиринг жүйесі

2 133,1

Халықаралық ақша аудару жүйелері (Western Union, Золотая корона, Contact және басқалары)

0,01

Тікелей корреспонденттік шоттар

1 249,1


Төлем карточкалары, сондай-ақ оларды пайдаланбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы

431,0

Электрондық ақша

25,4

Авангард Plat2

46,9





Жиынтығы

17 279,8







ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2015 жылғы 9 айдағы деректері

млрд. теңге

Бөлшек сауда көлемі

4 415,8

Көтерме сауда көлемі

11 150,9

Тамақ өнімдері мен сусындар беру бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі (қоғамдық тамақтану)

208,0

Көрсетілген қызметтердің көлемі және нақты көлемнің индекстері

3 461,2

Автомобильдерге, мотоциклдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі

43,2

Тұрғын үй құрылысына инвестициялар

528,0

Барлығы

19 807,1

Көлеңкелі экономиканың көлемі3

5 549,7




Көлеңкелі экономика ескерілген жиынтығы

25 356,8








2) Жеке тұлғалардың тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз бөлшек төлемдерінің көлемін мынадай көрсеткіштерді пайдалана отырып бөлшек сауданың жалпы көлемімен салыстыру:

2.1) жеке тұлғалардың тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз бөлшек төлемдерінің көлемі, оған мыналар кіреді:

мынадай:

- Төлем мақсаты кодтарының нақтыланған кестесінің «Тауарлар» 7-бөлімінің ТМК бойынша тауарлар үшін;

- ақша жөнелтушінің «Үй шаруашылықтары» 9 экономика секторы бойынша жеке тұлғалардың төлемдері бойынша деректерді іріктей отырып Қазақстан бойынша ҚБЕО Банкаралық ақша аудару жүйесі, ҚБЕО Банкаралық клиринг жүйесі, халықаралық ақша аудару жүйелері және банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің көлемі;

2.2) бөлшек сауданың көлеңкелі экономика ескерілген көлемі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми деректеріндегі көлеңкелі экономика деректері;

2.3) жеке тұлғаларыдң тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің бөлшек сауданың Қазақстанның көлеңкелі экономикасы ескерілген жалпы көлеміндегі үлес салмағы


=

жеке тұлғалардың тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі

(бөлшек сауда көлемі + көлеңкелі экономиканың көлемі)





Мысал үшін:

Жеке тұлғалардың 2015 жылғы 9 айдағы тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз бөлшек төлемдері

жеке тұлғалардың тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз бөлшек төлемдерінің көлемі

901,0 млрд. теңге

бөлшек сауда көлемі

4 415,8 млрд. теңге

көлеңкелі экономика көлемі

549,7 млрд. теңге

жеке тұлғалардың тауарлар үшін бөлшек төлемдері мен ақша аударымдарының бөлшек сауданың Қазақстанның көлеңкелі экономикасы ескерілген жалпы көлеміндегі үлес салмағы

9,0%





2) Қолма-қол ақшасыз төлемдерінің және ақша аударымдарының көлемін және төлем карточкаларын қолдана отырып электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы жүзеге асырылған қолма-қол ақшамен операциялардың көлемін мынадай көрсеткіштерді пайдалана отырып салыстыру:

1) Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстанның аумағында жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі;

2) Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып Қазақстанның аумағында банкоматтар және өзге құрылғылар арқылы қолма-қол ақша алу бойынша операциялардың көлемі;

3) Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстанның аумағында жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары көлемінің осы төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлеміндегі үлес салмағы.

=

Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстанның аумағында жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз төлемдердің және ақша аударымдарының көлемі

Қазақстанның және шетелдің эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдердің және ақша аударымдарының жалпы көлемі



Мысал үшін:

2015 жылғы 9 айдағы төлем карточкаларын пайдалана отырып электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған төлемдер және ақша аударымдары

Көрсеткіш

Көлемі

(млрд. теңге)

Үлесі, %-бен

Қолма-қол ақшасыз төлемдер және ақша аударымдары

575,6

10,0%

Банкоматтар және өзге құрылғылар арқылы қолма-қол ақша алу бойынша операциялар

5 204,6

90,0%

Жиынтығы

5 780,2

100,0%







4. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың өтімділігі, талдау кезінде мына көрсеткіштер қолданылады:

4.1) халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ағымдағы банк шоттарындағы қалдық ақша көлемі4

=

ұлттық валютамен аударылатын депозиттер + шетел валютасымен аударылатын депозиттер




4.2) ақша салмағының жалпы көлемінен халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарындағы қалдық ақша көлемінің үлес салмағы

=



халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ағымдағы банк шоттарындағы қалдық ақша көлемі

М3 (ақша салмағы)



4.3) банктердің кассалары арқылы қолма-қол ақша айналымдылығымен салыстырғанда халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен ақша аударымдары бойынша ақша айналымдылығы


4.4) халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдары бойынша ақша айналымдылығы

=

халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен ақша аударымдарының жалпы көлемі

халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарындағы ақша қалдығы көлемінің орташа айлық мәні


4.5) банктердің кассалары арқылы қолма-қол ақша айналымдылығы

=

банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына қолма-қол ақшаның кірісі + банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан қолма-қол ақшаның шығысы)/2/М0

Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларына қолма-қол ақшаның кірісі/қолма-қол ақшаның шығысы көлемдері бойынша дерек көзі: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына сәйкес екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары ұсынатын 10 СБ есеп «Банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы бойынша қолма-қол ақша айналымы (касса айналымы) туралы есеп»

Мысал үшін:

2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың өтімділігі


халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ағымдағы банк шоттарындағы қалдық ақша көлемі

4 138,3 млрд. теңге

(жылдың басынан 18,1%-ға өсу)



ақша салмағының жалпы көлемінен халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың ағымдағы банктік шоттарындағы қалдық ақша көлемінің үлес салмағы

27%


халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз төлемдері мен ақша аударымдарының жалпы көлемі

89 573,0 млрд. теңге

халықтың және банктік емес заңды тұлғалардың қолма-қол ақшасыз төлемдерді және ақша аударымдары бойынша ақша айналымдылығы

25 рет

банктердің кассалары арқылы қолма-қол ақша айналымдылығы

12 рет



Қолма-қол ақшасыз төлемдер және

ақша аударымдары бойынша

көрсеткіштерді қалыптастыру әдістемесіне

(қолма-қол ақшаны пайдаланумен салыстыру)

қосымша
Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының ағындары



1-Кесте

Жүйенің атауы/төлем қызметі нарығының сегменті

Дерек көзі

Деректерді қалыптастыру әдістемесі

ҚБЕО банкаралық ақша аудару жүйесі

Төлем жүйесі деректеріне тікелей кіру арқылы Ұлттық Банк қалыптастыратын ХААЖ бойынша статистикалық деректер.

Талдау жүргізілетін кезеңдегі деректер жиынтығы.

ҚБЕО банкаралық клиринг жүйесі

Төлем жүйесі деректеріне тікелей кіру арқылы Ұлттық Банк қалыптастыратын ХААЖ бойынша статистикалық деректер.

Талдау жүргізілетін кезеңдегі деректер жиынтығы.

Халықаралық ақша аударымдары жүйесі (Western Union, Золотая корона, Contact және басқа жүйелер) – Қазақстан аумағында ақша аударымдары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Экономика секторының және төлемдер кодтарын қолдану және соларға сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (бұдан әрі – № 388 қаулы) сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері және «Казпочта» АҚ Ұлттық Банкке ұсынатын экономика секторларының және төлемдер белгілерінің кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер.

Ұсынылатын ақпаратты жинау және өңдеу «Төлемдер статистикасы» міндеттер кешені арқылы жүзеге асырылады, мына өлшемдер бойынша деректер алу:

1) ақпарат көзі – 02 – екінші деңгейдегі банктер;

2) төлем жүргізу ортасы - 04 – Қазақстан Республикасы аумағында ақша аудару жүйесі;

3) төлем белгілері: 01, 03, 05, 07, 09 – жіберілген төлемдер.

Банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар – Қазақстан аумағында ақша төлемдері мен аударымдары

388 сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер және «Казпочта» АҚ Ұлттық Банкке ұсынатын экономика секторының және төлем белгілерінің кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер


Ұсынылатын ақпаратты жинау және өңдеу «Төлемдер статистикасы» міндеттер кешені арқылы жүзеге асырылады, деректерді мына өлшемдер бойынша алу:

1) ақпарат көзі – 02 – екінші деңгейдегі банктер;

2) төлем жүргізу ортасы - 06 – Қазақстан Республикасы шегінде Ұлттық Банктің корреспонденттік шотты қоспағанда ностро және лоро корреспонденттік шоттары;

3) төлем белгілері: 01, 03, 05, 07, 09 – жіберілген төлемдер.

Қазақстан және шетел эмитенттерінің төлем карточкаларын, сондай-ақ оларды қолданбай электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы Қазақстан аумағында ақша төлемдері мен аударымдары

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту жөнінде» қаулысы» 2010 жылғы 29 наурыздағы №16 қаулысына (бұдан әрі - № 16 қаулы) сәйкес банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Ұлттық Банкке төлем карточкаларын пайдалана отырып және электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйелері арқылы жүргізілген оларды пайдаланбай қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемдері бойынша мәліметтер.

Ұсынылатын ақпаратты алу және өңдеу «Статистика» ААШЖ арқылы жүзеге асырылады.

Төлем карточкасын қолдана отырып, сондай-ақ төлем карточкасын қолданбай ақшаны банк шотынан аудару арқылы жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз ақша төлемдері мен аударымдары бойынша деректерді пайдалану:

І – банктің меншік желісіндегі төлем карточкаларын қолдана отырып жасалған операциялар;

IV – банктің төлем карточкаларын қоспағанда Қазақстан Республикасының эмитенттері шығарған төлем карточкаларын қолдана отырып банктің қызмет көрсету желісінде жасалған операциялар;

V – Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенттерінің төлем карточкаларын қолдана отырып банктің меншік желісінде жасалған операциялар.



Электрондық ақша

16 қаулысына сәйкес Ұлттық Банкке электрондық ақша банк эмитенттер ұсынатын электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер.

Ұсынылатын ақпаратты шығару және өңдеу «Статистика» ААШЖ арқылы жүзеге асырылады.



ҚБЕО Авангард Plat халықтың бөлшек төлемдерін өңдеу жүйесі

ҚБЕО Ұлттық Банкке ұсынатын ҚБЕО Авангард Plat халықтың бөлшек төлемдерін өңдеу жүйесі бойынша статистикалық деректер.

Талдау жүргізілетін кезеңдегі деректер жиынтығы.


Шетелге жіберілген қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының ағындары

2-кесте

Жүйенің атауы/төлем қызметі нарығының сегменті

Дерек көзі

Деректерді қалыптастыру әдістемесі

Халықаралық ақша аударымдары жүйесі (Western Union, Золотая корона, Contact және басқа жүйелер) – шетелге жіберілген ақша аударымдары

388 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері және «Казпочта» АҚ Ұлттық Банкке ұсынатын экономика секторының және төлем белгілерінің кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер.

Ұсынылатын ақпаратты жинау және өңдеу «Төлемдер статистикасы» міндеттер кешені арқылы жүзеге асырылады, деректерді мына өлшемдер арқылы алу:

1) ақпарат көзі – 02 – екінші деңгейдегі банктер;

2) төлем жүргізу ортасы - 05 – шетелге/шетелден ақша аудару жүйесі;

3) төлем белгілері: 01, 03, 05, 07, 09 – жіберілген төлемдер.

Банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар – шетелге жіберілген ақша төлемдері мен аударымдары

388 қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері және «Казпочта» АҚ Ұлттық Банкке ұсынатын экономика секторының және төлем белгілерінің кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер.


Ұсынылатын ақпаратты жинау және өңдеу «Төлемдер статистикасы» міндеттер кешені арқылы жүзеге асырылады, деректерді мына өлшемдер арқылы алу:

1) ақпарат көзі – 02 – екінші деңгейдегі банктер;

2) төлем жүргізу ортасы - 07 – Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарды қоспағанда шетелге/шетелден ностро және лоро корреспонденттік шоттар;

3) төлем белгілері: 01, 03, 05, 07, 09 – жіберілген төлемдер.

Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып шетелде жүргізілген ақша төлемдері мен аударымдары

16 қаулыға сәйкес Ұлттық Банкке банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынатын қашықтан кіру жүйесі және электрондық терминалдар арқылы жүргізілген, төлем карточкаларын қолдана отырып және оларды қолданбай қолма-қол ақша төлемдерінің көлемдері бойынша мәліметтер.

Ұсынылатын ақпаратты алу және өңдеу «Статистика» ААШЖ арқылы жүзеге асырылады.

Төлем карточкасын қолдана отырып, сондай-ақ төлем карточкасын қолданбай банк шотынан ақша аудару арқылы жүзеге асырылған қолма-қол ақша төлемдері мен аударымдары бойынша деректерді пайдалану.

Төлемнің мынадай белгілері бойынша таңдау:

III – Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде басқа банктің желісінде банктің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар



1 ТМК – төлем мақсатының коды

2 Авангард Plat бойынша жүйенің негізгі мақсатына сәйкес жүйе арқылы деректердің бүкіл көлемінің пайдаланылуына байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін төлемдерді бөлек бөліп көрсету мүмкіндігі жоқ.

3 Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің көлемінде көлеңкелі экономиканың көлемі қосымша ескеріледі, ол бағалауға сәйкес («Свобода Слова» газетіндегі сұхбат (2015 жылғы 18 мамыр) ІЖӨ-нің 20%-ын құрады (5,5 трлн. теңге - 2015 жылғы 9 айындағы ІЖӨ-нің 20%-ы).

4 ҚР екінші деңгейдегі банктерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет