Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыру ережелері 1 тарау. Жалпы ережелер



жүктеу 92.88 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі92.88 Kb.
Қазақстан Республикасы

Индустрия және сауда

министрлігінің Техникалық

реттеу және метрология комитеті төрағасының 2006 ж. «7» наурыздағы № 90 бұйрығымен бекітілген



Өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерін салыстыру ережелері

1 тарау. Жалпы ережелер


  1. Осы ережелер салыстырып тексеру нәтижелерін салыстыруды және өлшем құралдарын калибрлеуді (бұдан әрі салыстырулар) жүргізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайды, мемлекеттік метрология қызметіне және белгіленген тәртіпте өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеуге) құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметіне таратылады.

  2. Салыстырулар мына мақсатта жүргізіледі:

  • республикадағы өлшем бірлігін және талап етілген дәлдігін қамтамасыз ету;

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) құқығына бекітілген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің техникалық құзіретін растайды.

  1. Салыстыруларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық немесе оның нұсқауымен еншілес кәсіпорын ұйымдастырады және жүргізеді (бұдан әрі – салыстыруларды ұйымдастырушы).

  2. Салыстыруларға белгіленген тәртіпте өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) құқығына аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологияқ қызметтері (бұдан әрі – салыстыруға қатысушылар) қатысады.

Салыстыруға қатысуға олар міндетті.

  1. Салыстыру құралдары өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерін салыстыру үшін қолданылатын өлшем құралдары болып табылады.

Салыстыру құралдарының нормаланғаннан бөлек сипаттамалары болады.

Салыстыру құралдары салыстыруды ұйымдастырушымен ұсынылады.



  1. Салыстырулар айналмалы, тарамдалған немесе құрастырылған болып келеді.

  2. Айналмалы салыстыру кезіндегі салыстыру құралы салыстырып тексеруді (калибрлеу) жүргізу үшін бағыттағы картаға сәйкес барлық салыстыруға қатысушыларға жіберіледі. Толық салыстыру айналымы жүргізілгеннен кейін салыстыру құралы салыстыруды ұйымдастырушыға қайтарылады.

  3. Тарамдалған салыстыру кезінде салыстыру құралына кезекті салыстырып тексеруді (калибрлеу) жүргізгеннен кейін салыстыру құралдарының метрологиялық сипаттамасын анықтау үшін салыстыруды ұйымдастырушыға жіберіледі.

  4. Құрастырылған салыстырулар, салыстырудың айналмалы және тарамдалған түрлерінің қиыстырулары болып табылады.



2 тарау. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелеріне салыстыруды жүргізу тәртібі





  1. Салыстыруды жүргізу кестесі республиканың әр аймағы бойынша салыстыруды ұйымдастырушымен құрылады және өткізу орны мен мерзімін келісу үшін салыстыруға қатысушыларға жіберіледі. Салыстыруды жүргізу кестесі Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетімен (бұдан әрі – уәкілетті орган).

  2. Салыстыруды ұйымдастырушы салыстыруды жүргізуге ғылыми-әдістемелік басшылық жүргізеді, оның ішінде:

  • салыстыру түрлерін анықтау;

  • салыстыру құралдарын таңдау;

  • салыстыру құралдарының сипаттамаларын анықтау;

  • салыстыруды жүргізу жоспарын әзірлеу;

  • салыстыру нәтижелерінің құрама кестесін құру;

  • салыстыру нәтижелерін талдау.

  1. Салыстыруды өлшемнің бірнеше түрі бойынша бір уақытта жүргізуге болады.

  2. Салыстыруды жүргізу жоспарында мыналар көрсетілуі тиіс:

  • салыстыруға қатысушылар;

  • салыстыру түрлері;

  • салыстырулар жүргізілетін өлшемдер түрлері;

  • салыстыруды жүргізу мерзімі;

  • осы ережелерге 1 қосымша қалпы бойынша бағытты карта;

  • салыстыру құралдарын салыстыруға қатысушылардың метрологиялық қызметіне жеткізу шарттары мен процедурасы;

  • салыстыруға қатысушылардың салыстыру құралдарының сақталуына жауапкершілігі;

  • салыстыруды жүргізудің ұйымдастырушылық-техникалық міндеттерін нақтылайтын басқа деректер.

  1. Салыстыру құралдарын салыстыруды ұйымдастырушыдан салыстыруға қатысушыларға тапсыру екі тарап үшін біреуден екі данада құрылған актінің негізінде іске асырылады (Осы ереженің 2 қосымшасына сәйкес акт формасы).

3 тарау. Салыстыру нәтижелерін рәсімдеу


  1. Салыстыруға қатысушы, салыстыру құралдары болып табылатын өлшем құралдарына салыстырып тексеруді (калибрлеу) жүргізу нәтижелері бойынша салыстырып тексеру (калибрлеу) хаттамасын, салыстырып тексеру (калибрлеу) туралы сертификат немесе ҚР СТ 2.4 «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру. Жүргізу тәртібі және ұйымдастыру» және ҚР СТ 2.12 «Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі. Өлшем құралдарын калибрлеу. Жүргізу тәртібі және ұйымдастыру» талаптарына сәйкес салыстыру құралдарының жарамсыздығы туралы хабарламаны рәсімдейді және салыстыру материалдарын салыстыруды ұйымдастырушыға жібереді.

  2. Салыстыру құралдары болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) хаттамасында төмендегілер келтірілуі керек:

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) шарттары;

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеруде (калибрлеу) қолданылатын нормативтік құжаттар тізімі;

  • разряды, қателігі, дәлдік класы, өлшем шегі, салыстырып тексеру мерзімі және орны көрсетілген пайдаланылған өлшем құралдарының және (немесе) шама бірлігі эталонының тізімі;

  • өлшемдер есебі;

  • салыстырып тексерудің барлық операциясы бойынша салыстыруды жүргізудегі өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелері;

  • өлшем құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) нәтижелерін бағалау.

  1. Салыстыруды ұйымдастырушы салыстыру материалдарының негізінде он бес күнтізбелік күн ішінде осы ережелердің 3 қосымша қалпы бойынша салыстыру нәтижелерінің құрама кестесін құрады және салыстыруға қатысушыларға жеткізілетін салыстыру нәтижелеріне талдау жүргізеді.

  2. Салыстыру нәтижелері салыстыру құралдарының берілген сипаттамаларына сәйкес келмесе болымсыз болып есептеледі, ол мынадай жағдайларда болады, егер:

  • Салыстыру құралдарын салыстырып тексеру (калибрлеу) толық көлемде жүргізілмесе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеруге нормативтік құжаттар талаптары бұзылса;

  • салыстырып тексерілмеген немесе салыстырып тексеру құралдарының және шама бірлігінің эталонын салыстырып тексеру мерзімі өтіп кеткен жағдайда;

  • өлшем нәтижелерін анықтау кезінде қателік жіберілсе.

  1. Салыстырудың кері нәтижелері жағдайында салыстыруға қатысушылар айқындалған жетіспеушіліктерді шеттету бойынша іс-шаралар жоспарын 2 апта ішінде құрып (салыстырып тексерушілерді қайта аттестаттау, өлшем құралдарын және (немесе) шама бірлігі эталондарын салыстырып тексеру, салыстырып тексеру шарттарымен қамтамасыз ету), салыстыруларды ұйымдастырушыға жібереді .

  2. Салыстыру нәтижелерін талдау негізінде салыстыруларды ұйымдастырушы тұжырымдама құрады және уәкілетті органға жібереді.

  3. Уәкілетті орган өлшем түрлері немесе өлшем құралдарының типтерін салыстыруда кері нәтижелер алынған жағдайда аккредиттеу саласынан салыстыруға қатысушыларды алып тастау туралы шешімді қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Индустрия

және сауда министрлігіның

Техникалық реттеу және метрология

комитеті төрағасының 2006ж.

«___» _______ № _____ бұйрығымен

бекітілген өлшем құралдарын салыстырып

тексеру және калибрлеу нәтижелерін

салыстыру ережелеріне 1 қосымша







БАҒЫТТАҒЫ КАРТА


____________________________________________________________________

салыстыру жүргізілетін өлшем түрі

________________________________________________________________________________

салыстыру түрі

____________________________________________________________________

салыстыру құралдарының атауы




Салыстыруға қатысушының аты

Өлшем құралдарын алу мерзімі

Өлшем құралдарын жіберу мерзімі

Өлшем құралдарын жеткізу түрлері

Өлшем құралдарын алу мерзімі

Өлшем құралдарын жіберу мерзімі

Өлшем құралдарын жеткізу түрлері

Ескерту


Жоспар бойынша

Шын мәнінде



















________________________

___________________

_____________________

салыстыруды ұйымдастыру басшысы

қолы

аты-жөні

Қазақстан Республикасы Индустрия

және сауда министрлігіның

Техникалық реттеу және метрология

комитеті төрағасының 2006ж.

«___» _______ № _____ бұйрығымен

бекітілген өлшем құралдарын салыстырып

тексеру және калибрлеу нәтижелерін

салыстыру ережелеріне 2 қосымша
Салыстыру құралдарын салыстырып тексеруге беру актісі
____________ _______

қаланың аты күні


200_ ж. «___» ______ № ____ бұйрықтың негізінде, салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелеріне зертханалараралық салыстырулар жүргізудің бекітілген жаспарына сәйкес, біз төменде қол қоюшылар,

____________________, (бұдан әрі – алып жүрушілер), ____________________

(салыстыруды ұйымдастырушыдан) (салыстыруға қатысушыдан)

салыстыруға қатысушының қабылдағаны, ал алып жүруші мынадай өлшем құралдарын бергені туралы осы актқа қол қойды:




т/т


Өлшем түрі

Салыстыру құралдары

Типі

Зауыттық номері

Шығарылған жылы

Сыртқы пішіні

сәйкес

сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

7

8

Салыстыру құралдарын қабылдағаннан соң оларды сақтау жауапкершілігі салыстыруға қатысушыға жүктеледі.


Алып жүруші Салыстыруға қатысушы
__________ ____________________ ______________ ____________________

қолы аты-жөні қолы аты-жөні

_______________ _______________

күні күні


МО МО

Қазақстан Республикасы Индустрия

және сауда министрлігіның

Техникалық реттеу және метрология

комитеті төрағасының 2006ж.

«___» _______ № _____ бұйрығымен

бекітілген өлшем құралдарын салыстырып

тексеру және калибрлеу нәтижелерін

салыстыру ережелеріне 3 қосымша

Салыстыру нәтижелерінің құрама кестесі



Салыстыруға қатысушының аты

Салыстыру жүргізілетін өлшемнің түрі

Салыстыру түрлері

Салыстырып тексеру (калибрлеу) құжатының аты

Салыстырып тексеру опепациялары (калибрлеу)

Салыстыру нәтижесі

(болымды/



болымсыз)

Ескерту
















Салыстырып тексеру нәтижелері (калибрлеу)

























_______________________

___________________

_____________________

салыстыруды ұйымдастыру басшысы

қолы

аты-жөні

Салыстырып тексеру (калибрлеу) операциясы салыстырып тексеру (калибрлеу) құжатына сәйкес жүргізіледі









©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет