Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру



бет10/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
annotation33162 (1)

Есептік табақтың көлемін есептеу:
Баспада қосылатын мәліметтер: титулдық мәліметтер мен шығу деректері әрқашан 1000 таңба болып есептеледі.
Аннотация (шамамен 8-12 жол, біздің есепте ≈10 жол деп аламыз.): 10х60=600 таңба. (60 таңба жайлы алдыңғы слайдтарда айтылды)
Кітаптың мазмұнын санап шығамыз (біздің жағдайда шамамен≈71 жол): 71х60= 4260 таңба.
Тапсырыстың барлық беті (толық және жартылай беттер): 486+14=500беттен тұрады; Беттік нөмірлердегі (колонцифрлардағы) таңбаларды есептеу тәсілі: 500х60/2= 15000 таңбадан тұрады.
Баспада қосылатын осы мәліметтердің көлемі:
(1000+600+4260+15000):40 000 = 0,52 ге тең;
Осы шыққан көрсеткішті авторлық табақтың көлеміне қосу арқылы есптік табақтың көлемін табамыз Есептік табақтың көлемі:
22,1(18 слайд) + 0,52 = 22,62 тең.
Авторлық табақты баспа табаққа айналдыру
Баспа табақ дегенiмiз кез келген стандарттағы қағаз парағының бiр жақ бетiне тапсырыстың терілген беттері орналасқан, және олардың саны басылымның пішімдік көрсеткіші тұсындағы үлес (доля) санына тең болып келетін, басылымның көлемдік көрсеткіші. (Бұл термин кейде физикалық баспа табақ деп те аталады).
Баспа табақтың бiрi қағаздың оң жағында, екiншiсi керi жағында орналасады. Осылайша, кiтаптағы баспа табақтың көлемiн бiле отырып, оны екiге бөлсек, кітаптағы қағаз парағының саны шығады. Яғни, қағаз парағының екі жағында екi баспа табақ орналасады.
Қағаздағы пішім үлесі (доля формата издания) 1/8 ге тең екі баспа табақ
(қағаздың оң жағы мен кері жағы)

Авторлық табақты баспа табаққа айналдыру тәсілі
Стандартқа сәйкес басылымның безендіру вариантын таңдаймыз:
Стандарт талаптары бойынша осы пішімдегі көркем әдебиеттердің терілетін бетінің өлшеміне III вариант сәйкес келеді. (ОСТ 29.62-86. См. Нормативные материалы по издательскому делу/В.А. Маркус. - М., 1987. - С. 96-102.)
Яғни, болашақ кітаптағы терілетін беттің пішімдік өлшемін 5½ x 9¼ деп аламыз:
(жоғарыдағы стандарт талабы ескеріледі)
Стандарт талаптары бойынша <Таймс> әріптерінің гарнитурасымен көркем әдебиет мәтіндерін теруге болады. Сондықтан осы гарнитураны таңдап аламыз.
Көркем әдебиет мәтіндерін өлшемі
10 кегльге тең әріптермен теруге болады (стандарт).
Осы пішімдегі басылымдардағы терілген беттің өлшемі мен кегль өлшеміне қарай терілген жолдағы әріп таңбалардың саны 52 ге тең болады. (стандарт)
Жоғарыдағы көрсеткіштерді негізге ала отырып, терілген беттегі жолдардың санын шығарамыз:
Баспаханалық өлшем жүйесі бойынша
1 квадрат 48 пунктке тең. 1 квадратты пунктке айналдырып (48 ге тең) терілген беттің биіктігіне (9¼= 9,125, яғни 9 квадрат 12 пункт немесе 1 цицеро ) көбейтіп, әріптің кегль өлшеміне (10) бөлеміз де, бір терілген беттегі мәтін жолдардың жалпы санын табамыз
(48 x 9¼) ¸ 10 = 44 терілген жол.
Бір терілген бет 44 мәтін жолынан тұрады.
[(48пунктх 9,125) : 10(әріптің кегль өлшемі) = 44 т.жол]
(1:4=0,125)
Жоғарыда айтылып кеткендей (стандарт бойынша) терілген жолдағы әріп таңбалардың саны 52 ге тең болатын.
Ал терілген мәтін жолдары 44-ке тең болғандықтан екеуін көбейтіп, болашақ басылымның бір бетіндегі таңба санын табамыз.
Яғни, бір беттегі таңба саны 52х44=2288 - ге тең екені белгілі болды.
Авторлық табақтың толық беттеріндегі таңбалардың санын
(2 слайд, 874 800 таңба ), жоғарыда есептеп шығарған баспа табақтағы таңба санына бөліп (23 слайд, 2288 таңба), болашақ кітаптың қанша беттен тұратынын білеміз:

874 800 : 2288 = 382,34~ 383 беттік басылым шықты.

Енді осы беттерге:


  • негізгі және кері екі титулдық бетті,

  • мазмұны жазылған беттерді,

  • жартылай беттердің санын, кітаптің алдыңғы, соңғы беттерін

  • шығу деректері жазылған бетті,

  • жарнамалық беттердің санын қосып, кітаптың қанша беттен тұратынын санап шығарамыз.

Мысалы: Шыққан 383 бетке төмендегі баспалық ақпараттарды қосамыз:
Негізгі титул беті 1 бет
Титулдың кері жағы 1 бет
Мазмұны 3 бет
Жартылай беттер 14 бет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет