Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Мұқабаларды бекітуге кететін желім шығыны



бет21/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
annotation33162 (1)

Мұқабаларды бекітуге кететін желім шығыны


Желім шығынын есептеу тәсілі:
Басылымның пішімі 60х901/16,
таралымы 10 000 дана.
Көлемі 6 баспа табақ (3 қағаз парағы). Таралымның негізгі мәтіні басылатын қағаздың қалыңдығы 100 мкм.(0,1мм.).
1.Алдынғы мысалдарда бірнеше рет есептеліп кеткен жолмен тағы да болашақ кітаптың кесілмей тұрғандағы өлшемін табамыз. Көрсетілген кітап пішімінің үлестік санын, яғни 16 үлес санын ең үлкен екі көбейтіндіге бөлеміз де шыққан сандардың үлкенін қағаздың ұзындық өлшеміне, кіші санын қағаздың кіші өлшеміне бөлеміз.
16 = 4 х 4

Біздің жағдайда екі сан бірдей болып шыққандықтан екеуін қағаз өлшеміне бөліп, болашақ кітаптың үш жағынан кесілмей тұрғандағы өлшемін шығарамыз.


60:4=15см.
90:4= 22,5см.

2.Болашақ кітап бумасының қалыңдығын (толщина блока) табу керек.


Кітаптың техникалық көрсеткіші бойынша көлемі 6 баспа табақ делінген, ол 3 қағаз парағына тең. 6 баспа табақты үлес санына көбейтіп кітаптың қанша беттен тұратынын табамыз.

6х16 =96 бет.


Болашақ кітап 96 беттен тұратынын анықтадық. Қағаздың оң жағына бір бет, кері жағына екінші бет орнасатындықтан, 96 бетті екіге бөліп, кітаптағы қағаз санын табамыз:


96:2=48 қағаз беті.


Жоғарыда көрсетілген қағаздың қалыңдығын, яғни 100 мкм-ді миллиметрге айналдырамыз:


100: 1000 = 0,1 мм.


Осы шыққан 0,1 мм-ді қағаз санына көбейтіп кітап бумасының қалыңдық өлшемін шығарамыз.


48 х 0,1мм. = 4,8 мм. (0,48 см.)


Кітап бумасының қалыңдығы 4,8 мм.~ 0,48 см. немесе 0,0048м. болып шықты.



  1. Таралымдағы барлық кітап бумалары түбінің ауданын табу керек. Кітаптың кесілмей тұрғандағы биіктік өлшемі 22,5см-ге тең екендігін есептеп шығарғанбыз, енді осы сантиметрмен көрсетілген өлшемді метрге айналдыру керек. Ол үшін: 22,5см. :100 = 0,225м.

0,0048м. х 0,225м. х 10 000(таралымы) = 10,8 м2 ~ 11м2.


Таралымдағы барлық кітап бумаларының ауданы шамамен 11м2 тең болып шықты. Норма бойынша бір квадрат метрге кететін желім шығынын (нормасы, жоғарыда берілді) осы ауданның өлшеміне көбейтіп, пішімі 60х901/16, таралымы 10 000 дана, көлемі 6 баспа табақтан тұратын кітапшаның мұқабасын осы кітап бумасына бекітуге кететін желімнің барлық шығын мөлшерін табамыз.


11м2 х 760грамм= 8 360грамм ~ шамамен 9 кг. ПВАД желімі қажет.


Енді осы шыққан санға техникалық шығын нормасының желімге кететін пайыздық мөлшерін қосып, кітап мұқабасын желімдеуге кететін жалпы желім шығынының көлемін дәлірек шығарады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет