Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру



бет24/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
annotation33162 (1)

-сурет. Кітап бумалары түптерінің геометриялық формалары. 1-түбі тіке кітап бумасы; 2-түбі дөңгеленген кітап бумасы; 3-дәптер түптері кері қайырылған, тіке пішінді кітап бумасы; 4-дәптер түптері кері қайырылған, дөңгеленген пішінді кітап бумасы;

Кітап түбіне дөңгеленген пішін беру арқылы оның оңай ашылуы мен сол ашылған қалпында қалатын сапа қалыптастырады. Дөңгелендіру арқылы кітаптың түбіне және алдыңғы кесілген тұсына жартылай цилиндр пішімді форма береді. Ал бума түбінің шетін кері қарай майыстыру арқылы кітап түбіндегі желіммен бекітілген жерге түсетін жүктеме төмендеп, кітаптың ұзақ сақталуы қамтамасыз етіледі және пайдалану мерзімі де арта түседі. Бума түбін дөңгелендіру үдерісі арнайы біліктерді айналдыра отырып немесе теңселіп тұратын кедір-бұдырланған профильді жабдықтардың көмегімен орындалады.


Ал бума дәптерлері түбінің шеттерін кері қарай майыстыру үдерісі кітап бумасына жақын орналасқан және оған қарама - қарсы теңселмелі қозғалыста болып тұратын колодка арқылы орындалады. Дөңгеленген және шеттері кері қайырылған кітап бумасы түбінің үстіңгі және астыңғы кесілген тұсына каптал жолағы желімденеді де дайын болған кітап бумасы, бөлек дайындалған түптеу мұқабасына қондырылады.
Болашақ кітаптың өлшемдері мен бумасының қалыңдығын есептеп шығардық. Енді кітап мұқабасы түбінің қандай формада дайындалатынын анықтау керек. Бұл мәлімет осы кітаптың тапсырысын қабылдаған кезде, кітаптың ерекшеліктері ескеріліп, стандарт талаптарымен сәйкестіріліп және автормен келісіліп қабылданады.
Енді мұқаба шпациясының (жоғарыда суретте көрсетілген) өлшемін табу керек.
Егер кітап мұқабасының түбі қатты отставтан тұратын тіке болатын болса, оның шпациясының өлшемі мына формуламен есептеледі:

Штіке= Оқатты, тік + 2расстав


Шпациясы тіке = Отставы қатты, яғни түбі тіке + Екі расстав өлшемінің қосындысы

Оқатты, тік = Тқалыңдығы + (2К қалыңдығы)


Оқатты, тік = Кітап бумасы қалыңдығы мен екі картон бетінің қалыңдығының қосындысына тең
Оқатты, тік = 17,44 мм + (2х1,5) К қалыңдығын 1,5мм. деп кестеден алдық = 20,44мм.
Енді екі расставтың өлшемін табу керек.
Техникалық ережелер бойынша Расстав тіке болғанда = 5 +(2х1,5) =8мм-ге тең. Мұндағы 5 және 1,5 тұрақты сандар.

Штіке= 20,44 + 8 = 28,44 мм-ге тең.


3.Түптеу мұқабасы дайындамасының биіктік өлшемін табамыз:


Биіктігі = Кесілген буманың биіктік өлшемі + 2тұрақты сан (Үстіңгі және астыңғы кант өлшемдері + Картонның қалыңдық өлшемі + Картонға қайырылып желімденетін түптеу материалының өлшемі, кестеден аламыз 15мм-ге тең).


Дбиіктігі = 21,5 см. +2 (3+2+15) = 215 + 40 = 255 мм.
- кесте. Түптеу мұқабасын даярлауда ескерілетін көрсеткіштер



Кітап пішімі жататын топтың атауы

Үстіңгі және астыңғы кант өлшемдері

Алдыңғы канттың өлшемі


Расстав тардың өлшемі
р

Мұқабаны қаптайтын түптеу материалдың қайырылып желімденетін шетінің өлшемі, мм. зм













Кіші

2

3

6*

15

Орта

3

4

7*

15

Үлкен

4

5

8*

15




  1. Дайындаманың ендік өлшемін есептейміз.

Д ендік өлшемі = Шпацияның өлшемі + 2тұрақты сан (Картон бетінің ендік өлшемі + Картонның қалыңдық өлшемі+ картонға қайырылып желімденетін түптеу материалының өлшемі, кестеден аламыз 15мм-ге тең)


Д ендік өлшемі = 28,44 мм. + 2 (168+2+15) = 398,44мм.





  1. Рулонды түптеу материалының ендік өлшемін және оған қанша дайындама сиятынын анықтаймыз.

Жоғарыда айтылып кеткендей түптеу материалдарының көптеген түрлері бар. Маталы негізде шығарылатын – 910, 820, 760, 710 және 610мм. өлшемінде, ал қағазды негізде шығарылатын түптеу материалдарынан тұратын рулондарының ені – 780, 810, 820, 830, және 850мм. болып келеді. Рулондардағы түптеу материалдарының жалпы ұзындығы 300 метрдей болады.
Біздің мысалымызда дайындаманың биіктігі 255 мм.яғни 25,5см-ге тең, дайындаманың ені 398,44мм, яғни 39,84см-ге тең.
Берілген көрсеткіштер бойынша қолданылатын түптеу материалын мата негізді ледерин деп алдық. Дайындамамыздың ені 39,84см-ге тең екендігін ескеріп, ені 910мм-ге тең рулонды таңдаған ұтымды болады.
Басында айтылып кеткен талап бойынша рулонның екі шетінен 10-15 миллиметрдей кесілетінін ескеру керек.

820 - (10 х 2) = 800 мм. шеттері кесілген рулоннның өлшемі



Енді осы өлшемге дайындаманың қанша ендік өлшемі сиятынын анықтаймыз.

800мм. : 389.44 = 2,05 дайындама шығады.





  1. Басылмның таралымы 12 000 дана деп берілген, техникалық шығын нормасын шамамен 10% деп алайық. Таралымдағы барлық түптеу мұқабаларын дайындауға кететін түптеу материалының қажетті метрдегі мөлшерін табамыз. Ол үшін төмендегі формуланы қолданамыз.

ТмТүптеу материалы = (бдайындаманың биіктік өлшемі х Таралымы : д рулонның енінен шығатын дайындама саны) х (1+[Техникалық шығын нормасы:100]).

Тм = (0,255м х 12 000: 2) х (1+[10:100]) = 1683 метр түптеу материалы қажет екен.


Егер рулонмен есептесек 1683 : 300 = 5 рулон 61 метр шығады.

Кітап бумасының түбі дөңгеленген жағадайда отставтың өлшемін былай есептейді. Мұнда отставты доға деп алады да, Д = Тқалыңдығы + С; С – дөңгелену коэффициенті = 3 мм-ге тең.


Кітап бумасы дәптерлерінің түбі кері майыстырылып дайындалатын болса отставтың өлшемін былай есептейді. Мұнда да отставты доға деп алады.

Д кері майыст.= 1,11тұрақты сан х Тқалыңдығы + Сдөңгелену коэффициенті = 3 мм-ге тең


Мұндай мұқабаларға кететін түптеу материалдарының шығындары да жоғарыда келтірілген мысалдағыдай, бума түбі тіке, қатты отставты мұқабаны есептеу тәсілімен есептеле береді.


12-кесте.
Түптеу мұқабаларын дайындауда қолданылатын формулалар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет