Дәптерлері бір-бірінің үстіне қойылып жинақталған бумаларды бекітуге арналған сымдардың диаметрін таңдау.
14-кесте
Сым диаметрі
|
1000 м. сымның массасы
|
Бума түбіне бекітілетін сым саны
|
2
|
3
|
4
|
Сымның үстіңгі бетінің өлшемі, мм
|
13
|
19
|
13
|
19
|
13
|
19
|
0,40
|
990
|
50,3
|
72,4
|
75,4
|
108,6
|
100,5
|
144,7
|
0,45
|
1250
|
63,4
|
91,4
|
95,2
|
137,1
|
126,9
|
182,7
|
0,50
|
1540
|
78,2
|
112,6
|
117,3
|
168,9
|
156,4
|
225,1
|
0,55
|
1860
|
94,4
|
136,0
|
141,6
|
203,9
|
188,8
|
271,9
|
15-кесте. Дәптерлері бір-біріне кигізіліп жинақталған бумаларды бекітуге арналған сымдардың диаметрін таңдау.
Кітап бумасының қалыңдық өлшемі, мм
|
Дәптерлері бір-бірінің үстіне қойылып жинақталған бумаларды бекітетін сымның диаметрі мм.
|
Буманың биіктік өлшемі
|
Бума түбін бекітетін сымдардың саны
|
2,6—4
|
0,40—0,50
|
150 мм-ге дейін
|
1
|
5—10
|
0,55—0,65
|
150 мм-ден
270 мм-ге дейін
|
2
|
11—15
|
0,70
|
16—20
|
0,70—0,80
|
270 мм мм-ден ұзын
|
3
|
21—25
|
0,80
|
290 мм мм-ден ұзын
|
3—4
|
30—45
|
0,80—0,85
|
340 мм мм-ден ұзын
|
4
|
Дәптерлері бір-біріне қойылып жинақталған кітап бумасын бекітуге кететін сым шығынын есептеу тәсілі
Мысал: Дәптерлері бір-біріне қойылып жинақталған кітап бумасын бекітуге кететін сымның метрмен кететін шығынын есептеу.
Кітаптың пішімі 60х901/16, көлемі 8 баспа табақ (4 қағаз), таралымы 5 000 дана, қағазы №3 баспаханалық массасы 70г/м2 (қалыңдығы 75 мкм.).
1.Кітаптың қанша беттен тұратынын анықтап, сыммен бекітудің қай әдісінің сәйкес келетінін таңдаймыз.
Үлесті баспа табақ көлеміне көбейтіп кітаптың қанша беттен тұратынын табамыз:
16 х 8 = 128 бет
Сыммен бекіту әдісінің бұл түрі 160 бетке дейінгі басылымдарды бекітуге рұқсат етілген. Біздің кітабымыз 128 беттен тұратындықтан осы бекіту әдісін таңдаймыз.
2.Таралым қағазының қалыңдығын табамыз. Қағаз қалыңдығы 75мкм. болғандықтан оны мм-ге айналдырамыз. 75мкм. : 1000 = 0,075мм.
3.Кітап бумасының қалыңдық өлшемін табу керек.
Кітап беті 128 беттен тұратынын шығарғанбыз. Енді осы санды екіге бөліп бумадағы қағаздық бет санын табамыз
128 : 2 = 64 қағаз беті.
Қағаз санын оның қалыңдығына көбейтін бума қалыңдығын есептеп шығарамыз.
64 х 0,075 = 4,8 мм.
Яғни, кітап бумасының қалыңдығы 4,8 мм-ге тең екендігін таптық.
Кестеден бекітуге сәйкес келетін сымның диаметрін таңдаймыз. Бізге сәйкес келетіні 0,45 мм-лік сым.
Сымның үстіңгі бетінің өлшемі кітаптың қалыңдығына қарай әртүрлі болады. Мысалы кітаптың қалыңдығы 4 мм-ден жоғары болса сымның үстіңгі бетінің өлшемі 14 мм-ден болады.
4.Бір тігіске кететін сым өлшемін табу керек. Сымның үстіңгі бетінің өлшемін таптық, енді, буманың қалыңдығына және қайырылатын тұсына кететін сымның шығынын шығарамыз.
Буманың қалыңдығына кететін сым осы буманың қалыңдық өлшеміне тең. Яғни, бума қалыңдығы 4,8 мм-ге тең болғандықтан, оған енетін сымның өлшеміде 4,8 мм-ге тең болады. Сым екі жағынан бекітілетіндіктен тағы да 4,8 мм. қосамыз. Техникалық нұсқаулар бойынша, қайырылатын сымның өлшемі 6 мм-ге тең болады. Сым екі жағынан қайырылатындықтан тағы да 6 мм қосылады.
Сонымен бір тігіс сымының өлшемі
14 + 4,8 + 4,8 + 6 + 6 = 35,6 мм.
5.Енді кітаптың кесілгеннен кейінгі өлшемін тауып, оның қанша сыммен бекітілетінін табу керек.
Жоғарыда келтірілген тәсілдер бойынша: 90 : 4 = 22,5;
22,5 – 1 = 21,5см. яғни 215 мм-ге тең.
Кесте бойынша екі сыммен тігіп бекіту керек.
6.Бір бумаға кететін сым шығынын шығарамыз. Буманы екі сыммен бекітетін болғандықтан, жоғарыда есептелген бір сымға кететін сымның өлшемін екіге көбейтеміз.
35,6 мм. х 2 = 71,2 мм.
7.Жалпы таралымды бекітуге кететін сымның шығынын шығарамыз. Бір кітапқа кететін сым өлшемін метрге айналдырамыз да таралым санына көбейтеміз.
71,2 мм. : 1000 10% = 0,0712 метр.
0,0712 метр. х 5000 = 356 метр.
Шыққан сым шығынының мөлшеріне әр баспаханада әртүрлі қабылданатын техникалық шығын нормасының пайызын қосып шығарады. Мысалы техникалық шығын нормасының пайыздық көрсеткіші 10% болса
356 метр. + 10% = 391,6 метр сым.
Достарыңызбен бөлісу: |