Әр дәптері тігілетін бумалардың сыртқы тігісінің өлшемі 9,5 мм, ішкі соңғы тігіс 19 мм., қалған ішкі тігістер 28, 5 мм.-ге тең, ал жалпы тігіс саны 4- ке тең.
Кітаптың таралымы 4000 дана деп алайық. Кітап бумасы 16 беттен тұратын 5 дәптерден қалыптастырылған.
Бір дәптерді бекітуге кететін жіп шығыны:
(19 + 3+28,5) х 2 + 3 х 9,5 = 209 + 28,5 = 237,5 мм.
Бір кітап бумасына кететін жіп шығыны:
237,5 х 5 = 1187,6 ~ 1,2 м.
1000 кітап бумасына кететін жіп шығыны:
1,2 м. х 1000 = 1200 м.
Жалпы тараламдағы кітаптарды бекітуге кететін жіп шығыны:
1 200 м. х 4000 = 4800 метр.
1000 метр жіптің құны шамамен 15 тенге болса:
Х 15 = 72 000 тенге
Полиграфиялық бояу шығынын есептеу
Баспа-полиграфия саласында қолданылатын бояулардың, басқа да әр түрлі салаларда қолданылатын бояулардан (металдарды коррозиядан сактауға, декоративтік-көркемдік және санитарлық-гигиеналык мақсаттарға пайдаланатын) біраз айырмашылықтары бар.
Баспа бояуларына тән бірқатар өзіндік қасиеттері болады. Басу бояулары – бояғыш заттан (пигмент) және оларды байланыстыратын өсімдік не минералды майдан құралады. Полиграфияда қолданылатын әртүрлі - шығыңқы, жазық офсет, ойыңқы басу әдістеріне қарай әртүрлі басу бояулары арналып дайындалады. Қасиеттеріне қарай, астыңғы бояуды жауып тастайтын (кроющая способность), қағазда тұрақтану, жарыққа төзгіштік қабілеттерімен, түсті бояулар тек түсімен ғана емес, оның реңімен де ерекшеленеді.
Қағаздың немесе картонның сыртқы бетіне бір түсті немесе көп түсті бейне-суреттерді түсіру үшін, олар қағаздың бетіне жұқа кабат болып жағылып, қағазға тез сіңіп кетуі керек. Полиграфия өнеркәсібінде қолданылатын баспа бояуларының құрамындағы негізгі екі қоспаның бірі – бояуға әртүрлі түс беретін құрғақ ұнтақ пигменттер мен оларды байланыстыратын арнайы қоспа заттар (связующая). Осы негізгі – екі қоспадан тыс, бояудың қоюлығын, жабысқақтығын, бекітілу жылдамдығын және тағы басқа осы сияқты көптеген қасиеттерін қамтамасыз ететін басқа да көптеген қосындылар болады.
Пигмент, жоғарыда айтылып кеткен бояуға түс беретін ұнтақтар – суда және қарапайым техникалық ерітінділерде ерімейтін де, суда еритін болып келеді. Олар өз пигменттеріне, бояғыштарына және түр ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Полиграфиялық бояудың құрамына кіретін, негізгі екі қоспаның екіншісі - байланыстырғыш заттарсыз ешқандай бояу дайындалмайды. Байланыстырғыш заттар қатты және құрғақ пигмент ұнтақтарын өзара байланыста ұстап тұратын дисперсиялық жүйені - бояуды қалыптастырады. Әртүрлі басу әдістерінде қолданылатын бояулардың түрлеріне қарай – басу үдерісі кезіндегі бояу мен қағаздың арасындағы байланысы, бояудың басу аппаратынан берілуі, оның басу қалыбына жағылуы, басылған материалдағы мәтін-бейне материалдарының сапалы қалыптасуы да әртүрлі болып келеді. Әр басу әдісіне арналған бояуларға сай келетін көрсеткіштердің бәрі байланыстырғыш заттардың құрамы мен қасиеттері өзгертіле отырып қалыптастырылады.
Полиграфиялық басу бояуларының таралымды басуға кететін шығынын басылатын өнімнің түрлі-түстілігіне қарай әр түске кететін бояудың қажетті мөлшерін төменде берілген формула бойынша есептейді.
M = N / (1000 * 600 * 900) * (T + P) * X * Y * R / 100
мұндағы:
M – таралымды басуға кететін бір түсті бояудың граммен көрсетілген мөлшері;
N –600*900 мм. өлшеміндегі 1000 дана оттискіге тұтас жағылатын бояудың бояудың шығын нормасы (борланған қағазға 185 г., борланбаған қағазға 222 г, этикеткаларға арналған қағазға 230 г, картонға 244 г);
T – таралымдағы басылатын қағаз саны;
P – түзету-реттеу жұмыстарына кететін қағаз саны (приладка);
X – қағаздың ендік өлшемі, мм;
Y – қағаздың ұзындық өлшемі, мм;
R – басылатын ауданның пайыздық көрсеткіші.
Достарыңызбен бөлісу: |