Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру


Кітап басуға кететін қағаз шығынын есептеу



бет16/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
annotation33162 (1)

Кітап басуға кететін қағаз шығынын есептеу


Баспа өнімдерін жарыққа шығаруға барысында кететін баспа-полиграфиялық материалдардың шығынын есептей білу керек. Төменде баспа өнімдерін басып шығаруға кететін қағаз шығынын есептеу тәсілдері берілді.
Бірінші тәсіл:
Қажетті мәліметтер:
Қағаздың массасы (бір квадрат метрдегі) 60г/м2.
Кітаптың пішімі 84 x 108
Кітаптың баспа табақта көрсетілген көлемі 13 баспа табақ (қағаз парағы 13:2=6,5-ға тең)
Кітаптың таралымы 5000 дана.
Технологиялық шығындарға кететін пайыздық нормасын 2,5% деп алайық. (Жалпы әр баспа-баспаханалардың өз пайыздық көрсеткіштері қабылданады).
Кез-келген қағаздың сипаттамасында немесе оның орамасында көрсетілген массасының көрсеткіші осы қағаздың бір квадрат метр өлшеміндегі салмағын көрсетеді.
Мысалы, А4 форматында сатылатын офистік қағаздың орамасында, қағаздың массасы 80 г/м деп жазылған. Бұл осы қағаздың бір квадрат метр өлшеміндегі салмағы 80 грамға тең екенін көрсетеді.
Мысалы біздің қағаздың пішімі 84 x 108- ге тең, массасы 60 г/м2-ге тең.
Алдымен бұл пішімдегі қағаздың бір квадрат метрлік өлшеміндегі көлемін табамыз. Ол үшін біздің қағаздың пішімін (84 x 108) бір квадрат метрдегі қағаздың ауданына (100х100=10 000) бөлеміз. Шыққан санды қағаздың берілген массасына көбейтеміз де кітаптың қағаз парақтағы көлеміне (баспа табақтағы емес) және таралымға көбейтеміз. Граммдық салмақпен шыққан нәтижені мыңға бөліп килограммға аударамыз, сосын тағы бір рет мыңға бөліп тоннаға аударамыз. (Баспа полиграфия саласында қағаздың мөлшері көбіне тоннамен көрсетіледі.)
[(84 x 108)/10000] x 60г. X(13/2=6,5 )х5000таралым ¸1000 = 1769,04т.
Шыққан нәтижеге техникалық шығындарға кететін пайызды қосып, (әр өндірістің пайыздық мөлшері әртүрлі болатыны айтылып кетті. Ол жабдықтың түрі мен сапалылығына, әр баспа мен баспахананың ерекшеліктеріне қарай тағайындалады) кететін қағаз шығынының жалпы салмағын шығарады. Біздің көрсеткішіміз бойынша техникалық шығындар 2,5% ға тең деп алайық.
Сонда, жалпы қағазымыздың салмағы

1769,04х2,5%=1769,04+ 44,23=1 813,3 тоннаға тең болады.


Қағаздың құнын газеттерден қарап, орташа алғанда 1 тонна қағаздың құны 125000 тенге тұрады деп алсақ, кітаптың негізгі мәтінін басуға кететін қағазды сатып алуға:


125000тенге Х 1813,3тн = 226 658,75 тенге қажет екендігі шығады.


Қағаз шығынын есептеудің тағы екі әдісі бар. Олардың бірі баспа- полиграфия саласында кеңінен қолданылып жүрген бүкіл таралымға кететін қағаздың ауданын есептеп алып, шыққан нәтижені сол қағаздың бір квадрат метрдегі массасына көбейту арқылы, кітапты басуға кететін қағаз шығынын есептеп шығару.


Екінші тәсіл:
Қағаздың өлшемдік ауданы арқылы кітапқа қажетті қағаз шығынын есептеу тәсілдері.

Қажетті мәліметтер:


Қағаздың массасы (бір квадрат метрдегі салмағы) 60г/м2.
Кітаптың пішімі 84 x 108
Кітаптың баспа табақта көрсетілген көлемі 13 баспа табақ (қағаз парағы 13:2=6,5-ға тең)
Кітаптың таралымы 5000 дана.
Технологиялық шығындарға кететін пайыздық норма 2,5%.

1.Алдымен таралымды басуға кететін барлық қағаздың санын есептеп шығарамыз. Ол үшін басылымның қағаз парақтағы көлемін таралымға көбейтеміз.


Қағаз парағының көлемі 13:2=6,5-ға тең
6,5х5000 = 32 500 дана қағаз.

2. Бір квадрат метрдегі қағаздың ауданы:


100см2 х 100см2 = 10 000 см2-ге тең


3. Басылымның пішімі 84 x 108 ге тең. Қағаздың ені мен ұзындығын көрсететін осы екі көрсеткішті өзара көбейтіп қағазымыздың ауданын табамыз.


84х 108 = 9072м2.


4.Есептеуді оңайлату мақсатында см2 –та көрсетілген өлшемдерді м2 аударамыз. Ол үшін, есептеп шығарған қағазымыздың ауданын 10 000см2 –қа бөлеміз.


9072м2: 10 000см2 = 0,9072 м2 (көрсеткішті дөңгелеуге болмайды).
5.Таралымдағы барлық қағаздың жалпы ауданын табамыз.
32 500 дана қағаз х 0,9072 м2 = 29 484 м2
Бұл таралымды басуға кететін барлық қағаздың ауданы.
Басында берілген көрсеткіштер бойынша 1м2 қағаздың салмағы 60г/м2-ға тең.

29 484 м2 х 60г/м2 = 1 769 040 г/м2


Енді 1 кг қағаз 1000 граммға, ал, 1 тоннаның 1000 кг-ға тең екенін ескере отырып, таралымға қажетті қағаздың тоннамен көрсетілген өлшемін табамыз. Ол үшін:


1 769 040 г/м2 :1000 = 1 769,04 кг.


17 690, 4 кг : 1000 = 1,769 04 тоннаға тең.


1,7690 4х2,5%=1,76904+ 44,23=1, 8133 тоннаға тең болады.


Қағаз шығынының мөлшері бірінші тәсілдегідей болып дәл шықты. Әр баспа мен полиграфиялық мекемелердің өздері қабылдаған қағаз шығынының нормасына сәйкес пайыздық көлемін қосып кететін қағаз шығынын шығарады. Пайыздық көрсеткішке қарайқағаз шығыны басқаша болуы мүмкін. Мысалы қағаз шығынының нормасы 10% болса:


1,76904 х 10%= 1,76904 х 176,904 = 1,94594 т.




Үшінші тәсіл:

Қағаз шығынын есептеудің соңғы әдісіне берілген пішімдегі қағаздың бір мың данасының салмағын есептеп шығарып алып (1000 дана қағазды - метрлік стопа деп атайды), барлық таралымға кететін қағаздың санын мыңға бөлу арқылы стопа санына, яғни, әрбір мың қағаз-стопаның санын, есептеліп қойған метрлік стопа салмағына көбейтсек, жалпы кітапты басып шығаруға қажетті қағаздың салмағы шығады.


Мысалы:
Алдыңғы мысалдарда берілген көрсеткіштерді негізге аламыз.
Қажетті мәліметтер:
Қағаздың массасы (бір квадрат метрдегі салмағы) 60г/м2.
Кітаптың пішімі 84 x 108
Кітаптың баспа табақта көрсетілген көлемі 13 баспа табақ (қағаз парағы 13:2=6,5-ға тең)
Кітаптың таралымы 5000 дана.

Таралымды басуға кететін барлық қағаздың санын есептеп шығарамыз. Ол үшін басылымның қағаз парақтағы көлемін таралымға көбейтеміз.


Қағаз парағының көлемі 13:2=6,5-ға тең
6,5х5000 = 32 500 дана қағаз.
2. Стопалардың санын табамыз. Бір стопа 1000 дана қағазға тең дедік. Жалпы қағаз саны 32 500 дана болғандықтан, оларды 1000-ға, яғни бір стопаға бөлеміз.

32 500 дана : 1000 = 32,5 стопа бар екен.


3. Біздің пішімдегі, (яғни, 84х108) 60г/м2 қағаздың бір мың данасының, яғни, бір стопадағы салмағын есептейміз.


(84х108) х 60г/м2 х 1000 дана (бір стопа)/ 10 000 см = 54, 432 кг.





  1. Жоғарыда таралым қағазының қанша стопадан тұратынын есептедік. Енді осы бір стопадағы қағаздың салмағын барлық стопа санына көбейтіп таралымға қажетті қағаз шығынын есептейміз.

54, 432 кг. Х 32,5 = 1 769, 04кг.

Шыққан сан жоғарыда есептелген барлық тәсілдердің дұрыс есептелгенін дәлелдейді. Шыққан көрсеткішке мекемеде қабылданған қағаздың пайыздық шығын нормасын қосамыз.


Қағаз шығынын есептеудің осы әдістерін біле отырып, өзара салыстыру арқылы есептелген қағаз шығынының дұрыс-бұрыстығын тексеріп отырған дұрыс.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет