Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру



бет20/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
annotation33162 (1)

- кесте. Түптеу мұқабасын даярлауда ескерілетін көрсеткіштер

Кітап пішімінің
жататын
тоб ы

Үстіңгі және астыңғы кант өлшемдері

Алдыңғы канттың өлшемі


Расстав
тардың өлшемі
р

Картон беті мен түбінің желімдену ені, с

Қаптайтын материалдың картон бетімен арақашықтығы


Қаптайтын материалдың қайырылып желімденетің шетінің өлшемі
зм

Көрсеткіштері, мм

Кіші

2

3

6*

10

4

15

Орта

3

4

7*

12

4

15

Үлкен

4

5

8*

14

5

15

Картон беттерінің ендік өлшемі кітап бумасының енінен 1—3 мм-дей кіші болуы керек. Бұл көрсеткіш соңынан, мұқабаны дайындау барысында сәйкестіріледі.


Картонның түрі мен оның қалыңдығы болашақ кітаптың пішім өлшемі мен кітап бумасының қалыңдығына қарай таңдалып алынады. Кітаптың осы көрсеткіштерін ескере отырып - кестеден нақты басылымға сәйкес келетін картонның өлшемін таңдап алу керек.


- кесте. Түптеу мұқабасының картонын пішу барысында шығыны барынша аз шығатын, экономикалық ұтымды картон парағының өлшемін таңдау
Бір картон парағынан қанша түптеу мұқабасы шығатынын есептей отырып түптеу қабына қажетті картон шығынын шығаруға болады.
Мысалы:
Басылымның пішімі 70 Х 901/16.
Таралымы — 15 000 дана.
Түптеу мұқабасын даярлауға кететін техникалық шығынның пайыздық мөлшері 14%. (баспаханаларда нақты шығын нормасын білуге болады). Сәйкес келетін картон қалыңдығы —1,5 мм.
Алдымен осы пішімде барынша экономикалық ұтымды пішілетін картон өлшемін табу керек.
Біздің жағдайда барынша ұтымды болып 740x930 мм картон пішімі келеді екен.
Алдымен болашақ басылымның кесілмеген және үш жағынан кесілгендегі өлшемін табамыз.
Пішім үлесін (1/16 ) екі ең үлкен көбейтіндіге бөлеміз:
16 = 4x4,
70 : 4 = 17,5 см,
90 : 4 = 22,5 см
(яғни басылымның кесілмеген түрдегі өлшемі 17,5 х 22,5 см),
22,5—1 см = 21,5 см,
17,5 — 5 = 17,0 см
(үш жағынан кесілген басылымның өлшемі 17,0 х 21,5 см-ге тең).
2. Осы пішімге сәйкес келетін кант өлшемдерін кестеден қараймыз. Кестеде пішімдер кіші, орта және үлкен деп берілген. (Кітап пішімдерінің топталуы жайлы алдыңғы тарауларда айтылып кетті, - бет.)
Осы пішімге сәйкес келетін кант өлшемдерін кестеден табамыз. Біз есептеп жатқан кітаптың пішімі орташа топқа жататындықтан алдыңғы кант 4 мм-ге, ал үстіңгі және астыңғы канттар — 3 мм-ден болады.
3. Картон бетінің биіктігін анықтаймыз. Мұқабаның үстіңгі және астыңғы канттары — 3 мм-ге тең, яғни есептеліп шыққан кітап бумасының биіктігіне 0,3 см-ден қосылады.

21,5 см + (0,3x2) = 22,1 см.


4. Енді картон бетінің ендік өлшемін анықтау керек. Алдыңғы канттың өлшемі 4 мм. болатын, бірақ оны мұқабаны даярлау барысында қосатындықтан есептеуге кірмейді. Картон бетінің ендік өлшемін табу тәсілі басқаша есептеледі. Үш жағынан кесілген буманың ендік өлшемінен 1-3 мм-дей алып тастайды. Мысалы миниатюралық және кіші пішімді басылымдардан (1/128 и 1/64 үлестер) 3 мм алынады, кіші және орта пішімдерден (1/32 үлестен 70 х 100/16 –ке дейін) 2 мм. алынады, ал орта және үлкен пішімдерден (70x1001/16 ден 84x1081/8-дейін) —1 мм алып тасталады.


Біздің есепте орта пішімді басылым болғандықтан 2 мм. аламыз.
17,0 см — 0,2 см<=16,8 см (картон бетінің ендік өлшемі).

5. Біз таңдап алған 740x930мм пішімді бір картон парағынан кесіліп-пішіліп шығатын картон беттерінің санын анықтаймыз. (Арнайы кестесі бар). Бұл 740x930 мм пішімді картонның ендік өлшемін 74 см түптеу мұқабасына есептелген картон бетінің ендік өлшеміне 16.8, ал ұзын жағын 93 см картон бетінің биіктік өлшеміне 22,1 см бөлеміз. Осылайша пішілген жағдайда картон талшықтарының ұзын жағынан пішу талабы сақталады.


(74: 16,8)х(93: 22,1) = 4х4= 16 дана.


Яғни бір картон парағынан 16 дана картон беті шығады


Бір түптеу мұқабасы екі картон бетінен құралатындықтан әр кітапқа екі картон беті қажет. 16 дана картон бетінен 8 түптеу мұқабасы даярланады.

6. Барлық таралымдағы кітаптардың түптеу мұқабасын даярлауға қажетті картон парақтарының санын анықтаймыз. Біздің басылымның таралымы 15 000 дана болғандықтан бізге де 15 дана түптеу мұқабасын даярлау керек.


Пропорция құрастырамыз:
1 картон парағынан —8 түптеу мұқабасы шығады,
Х картон парағы—15000 түптеу мұқабасы,

Х = 15 000 : 8 = 1875 картон парағы шықты.


Арнайы кесте арқылы 1000 дана кітапқа қанша картон парағы кететінін білуге болады. Біздің мысалда 1000 кітапқа 125 картон парағы қажет. Біздің таралым 15 000 дана, яғни 125 х 15 = 1875 картон парағы шығады.


7. Енді картонды пішу барысында кететін техникалық шығын нормасы 14%-ға тең екендігін есепке ала отырып түптеу мұқабасын даярлау барысында кететін барлық картон парағының санын табамыз. Әртүрлі түптеу жұмыстарын орындау барысында кететін ақаулар болатындықтан төмендегі формула бойынша қажетті картон санын шығарамыз.

Лт= (2хТ/Кс) х (1 + Nт.о./100]),


Мұндағы Лт — картон шығыны ескерілген жалпы картон саны;


Т — таралымы, мың дана;
Кс— бір картон парағынан пішілетін түптеу мұқабасы картон беттерінің саны;
Nт.ш.—техникалық шығын нормасы. Картонды пішу барысында кететін техникалық шығын нормасы 14%-ға тең деп алдық (нақты көрсеткішін баспаханаларда білуге болады). Nт.ш.—техникалық шығын нормасы түптеу мұқабасын даярлау барысында кететін шығындар ескеріліп қабылданады.
Мысалы:
Nт.ш = НC + (Н0 • Рп) + Нв + Нм.т.)
Nт.ш.—техникалық шығын нормасы;
Нс — мұқабаны құрастыру барысында кететін шығындар;
Н0 — мұқабаға мәтін-сурет немесе басылғанда немесе бедерленгенде кететін шығындар, %;
Рп — мұқабаға мәтін-сурет немесе басылғанда немесе бедерленгендегі табақтық айналым саны;
Нв — кітап бумасын түптеу мұқабасына қондырғанда кететін шығындар %;
Нм.т — 0,2% (10 000 данаға дейінгі таралымда қосылатын шығын пайызы).
Нт.ш. =14%.
Лт = (2х15000/16)х(1 + [14%/ 100])= 1875 • (1 + 0,14) = 1875 • 1,14 = = 2137,5 (шыққан санды толықтырсақ 2138 картон парағы).
Сонымен 15 000 дана түптеу мұқабасын даярлау үшін пішімі 740x930 мм-ге тең 2138 картон парағы керек екенін есептеп шығардық.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет