Омарова Бәтіш Әбдірәшқызы баспа ісінің экономикасы және ұйымдастыру



бет25/35
Дата04.10.2023
өлшемі229.75 Kb.
#479865
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
annotation33162 (1)

Көрсеткіштері

Таңбасы

Есептейтін формула

Рұқсат етілген ақау өлш, мм

5, 7, 8, 9 мұқабалары картон беттерінің өлшемі





+0,5

Картон бетінің биіктік өлшемі





+0,5

Отстав биіктігі





-0,5

Түбі тіке мұқабалардың отстав өлшемдері





+1,0

Түбі дөңгеленген мұқабалардың отстав өлшемдері





+1,0

Түбі тіке № 7 мұқабасы түптеу материалының ені





+1,0

Түбі дөңгеленген № 7 мұқабасы түптеу материалының ені





+1,0

№ 8 және № 9 типті мұқабалардың түптеу материалының ені

Ш



+1,0

№ 5 типті мұқабаның түптеу материалдарының ені





+1,0

№ 5 және № 8 типті, түбі тіке мұқабалардың түптік өлшемі





+1,0

№ 5 типті мұқабаның түбі дөңгеленген түрінің ені.





+1,0

№ 7 типті мұқабаның түптеу материалының биіктігі, № 5,8,9 типті мұқабалардың түптеу материалдарының биіктігі, 5-8 мұқабалардың түптік өлшемі.





+1,0

Түбі тіке түптеу қаптары шпациясының ені





+1,0

Түбі дөңгеленген түптеу қаптары шпациясының ені





+1,0

№ 5,7,8,9 типті түбі тіке мұқабалардың жалпы ені





+1,5

№ 5,7,8,9 типті түбі дөңгеленген мұқабалардың жалпы ені





+1,5

№ 5,7,8,9 типті мұқабалардың биіктік өлшемі.





+0,5

Ескерту:
- алдыңғы канттың ендік өлшемі, мм;
- үстіңгі және астыңғы канттардың өлшемдері, мм;
р – расставтардың ендік өлшемі, мм;
с – картон беттеріне желімденетін түптеу материалының ені, мм;
- картон беттерін желімдеуде олардың шетінен рұқсат етілген ақау өлшемі, мм;
зм – мұқабаны қаптайтын түптеу материалдың қайырылып желімденетін шетінің өлшемі, мм.


  1. Баспа өнімдерін безендіруге арналған фольга шығынын есептеу


Басу цехынан басылып шыққан кейбір өнімдер қосымша өңдеу-безендіруді қажет етеді. Полиграфиялық өнімдерді кірленуден сақтау, бояу қанықтығын арттыру, лак жағу, пленкамен пресстеу, механикалық төзімділіктері арттыра түсу мақсатында көптеген өңдеу-безендіру үдерістері жүреді.
Металды фольгамен пресстеп өңдеу – өнімнің өңделетін тұстарына металды түсті жалтырақ фольгаларды қойып, үстінен қыздырылған штамптармен пресстеп бастыру арқылы алтын-күміс немесе басқа әртүрлі түстердің жалтырақтығы мен бояу түсін қалыптастырады. Бұл өңдеу әдісі открыткаларды, мақтау қағаздарды, шақыру билеттерін, түптеу мұқабаларын және т.б. көптеген өнімдерді өңдеуде қолданылады.
Кейбір полиграфиялық өнімдерде кымбат әрі бағалы материалдардың түсін беретін, мәтін-бейнелерінің көрінісі мен сапасын арттыра түсу үшін оттискілерді бронзалайды, арнайы металды бояуларды қолданады немесе алтын-күмісті түс беретін металды фольгаларды ыстықпен престеп, басылым мұқабаларына, открыткаларға, шақыру немесе грамоталарға бағалы түс береді.
Мұндай фольганы өнімде бекіту үшін оттискінің керекті жерлеріне, металды пленканы ыстықпен пресстеп, алтын мен күмістің жылтырлы түсін қалыптастырады.
Осындай алтын-күміс түсті фольгалардың қажетті шығынын есептеу тәсілдерін қарастырайық.
Мысал: Түптеу мұқабасының беті мен түбіне жазылатын алтын түсті фольганың кететін шығынын табу керек.
Алдымен түптеу мұқабасының беті мен түбіне жазылатын әріптердің өлшемін сантиметрмен өлшеп алып, пресстейтін штамптың өлшемін шығару керек. Мұқабаның бетіне алтындап жазатын штамптың өлшемін 15х10см., ал түбіне басылатын мәтіндік штамптың өлшемін 2х 17 см. деп аламыз. Басылымның таралымын 10 000 дана деп алайық.



  1. Қолданылатын фольга рулонының ендік өлшемінің екі жағынан 0,5 мм-ден 1 см. қосылады. Ал фольга рулонының ұзындық өлшеміне штамптың ұзындығын 5-8 мм-дей қосылады. Мұқабаның бетіне жазатын фольганың еніне штамптың өлшемі мен жоғарыда айтылған 1 см. қосамыз.

15 + 1см. = 16см. 10см. + 0,5 см. = 10,5 см.





  1. Мұқабаның түбіне жазатын фольганың еніне штамптың өлшемі мен жоғарыда айтылған 1 см. қосамыз.

2см. + 1см. = 3 см. 17см. + 0,5см. = 17,5 см.


Жалпы таралымдағы мұқабаның бетіне жазатын фольганың м2 өлшемін табамыз.


0,16 х 0,105м х 10 000 = 168 м2.

Жалпы таралымдағы мұқабаның түбіне жазатын фольганың м2 өлшемін табамыз.


0,03м. х 0,175м. х10 000 = 52,5 м2.


Жалпы таралымдағы мұқабаның бетіне және түбіне жазатын фольганың м2 өлшемін табамыз.


168 м2. + 52,5 м2. = 220,5 м2. фольга кетеді.


Мұқабаның бетіне алтындап жазатын штампының өлшемі 15х10см., ал түбіне басылатын мәтіндік штампының өлшемі 2х 17 см., таралымын 10 000 дана болатын кітаптың мұқабасын алтындап безендіруге кететін фольганың шығыны 220,5 м2-ге тең екендігін шығардық.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет