Омарова Гауһар Биология педагогтерін дайындау Ғылыми мақала менің көзіммен



Дата18.02.2024
өлшемі16.67 Kb.
#492309
Омарова Гауһар Философия Мөж


Омарова Гауһар Биология педагогтерін дайындау


Ғылыми мақала менің көзіммен 
1. Ғылыми мақаланың тақырыбы: Адам және оның өмір сүруінің мәні қазақ философиясының негізі ретінде.
Авторы: Жанатаев Д. Ж.
Сайт: https://bilim-all.kz/article/14402-Adam-zhane-onyn-omir-suruinin-mani-qazaq-filosofiyasynyn-negizgi-retinde
Жарияланған жылы: 22.02.2021
2. Философия ғылымдарының кандидаты, доцент Жанатаев Д.Ж.
3. Өзектілігі: Өмірдің мәні мәселесі философиялық рефлексияның "Мәңгілік" мәселесінің бірі болып табылады.
Адам ол әлеуметтік болмыс. Оның ерекшелігі оның қызметінің барлық салаларында ашылады. Мысалы еңбек саласы, отбасында, әлеуметтік салада. Адам өмір сүре келе, яғни осы салалармен байланыса келе даралана түседі. Өз ойы , өз тұжырымы қалыптасады.
Адам өмірінің мәні- осы дүниеде өз қабілеттерін жүзеге асыру және жеткен нәтижелерін киінгі ұрпаққа жеткізу, үйрету. 
Әлем өтпелі, бірақ рухани құндылықтар өзгеріссіз қалады. Сондықтан өмір бейбітшілік емес, тыныштықпен күрес. Күресу арқылы адам жаңашылдыққа ұмтылады, бір орында тұрып қалмайды. 
4. Қазақ философиясының басты мәселесі- адам және қоғам. Бұл арақатынаста өмірдің мәні мәселесінің философиялық аспектісі ашылады. 
Қазақ халқының санасында қасиетті орындар мен қабірлерді қастерлеумен көшпелі мәдениеттің ежелгі дәуірі туралы түсінік терең қалыптасқан. Абай, Шәкәрім, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев өз шығармаларында ескі дәстүрлі рулық түсініктермен күресте жаңа, ағартушы, білімді, еңбекқор адамды тәрбиелеуді көрді. 
Қазіргі қоғамда біраз адамның санасында ежелден қалыптасқан дәстүрлер, КСРО кезіндегі стереотиптер қалып қалған. Қазақ ағартушыларының міндеті , қазіргі біздің мемлекетіміздің даму кезеңінде алға қойған міндетімен сәйкес келетіні сөзсіз.  
Сол себепті әрбір жеке тұлға қоғаммен байланыс жасап, жаңашылданып отырса, мемлекеттің де жаңашалатыны сөзсіз. 
5. Ғылыми мақала - автордың белгілі бір саладағы ғылыми еңбегін мәтіндік түрде көрсететін еңбегі. Ғылыми мақаланы жариялауға өз бетінше жазу арнайы білімнің болуын, көп күш жұмсауды, әсіресе уақытты талап етеді. 
6. Газеттік мақала- қоғамдағы болған жағдайлар, әлеуметтік мәселелер, әр- түрлі іс- шаралар жайлы, тақырыптары алуан- түрлі ешқандай ғылымилық талап етілмейтін мақала. 
7. Қорытынды.
Мәдениет тұрақты құндылыққа ие, ол адамға шығармашылық процесінде, өмірдің мәнін жүзеге асыруда өзіне сенуге көмектеседі, бұл азаматтық қоғам құрылысында міндетті түрде қажет. Шәкәрімнің «әлем тозақ емес, керісінше, жұмақ. Егер адамдар бір-біріне қысым жасамаса және зиян келтірмесе, бірақ бауырластық бірлікте өмір сүрсе және өздерінің адал еңбектерімен табиғи байлықтарды риясыз пайдаланса, онда, әрине, әлем жұмаққа айналады» . Бұл демократиялық тәуелсіз мемлекеттің мақсаты өзін-өзі анықтауға жағдай жасау ғана емес, сонымен бірге күш-жігерін қоғамдық қатынастарды жетілдіруге бағыттаған тұлғалардың қажеттіліктері мен өмірлік мағыналарының стереотиптерін сапалы өзгерту деп болжауға негіз береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет