Омарова Лейла Ганиевна Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісінде практикалық мазмұнды есептерді қолдану танымдық қызығушылығын дамыту әдістемесі


Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған практикалық мазмұнды есептерді іріктеу



бет5/8
Дата04.07.2016
өлшемі2.35 Mb.
#176160
1   2   3   4   5   6   7   8

2.1 Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған практикалық мазмұнды есептерді іріктеу
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту мақсатын жүзеге асыру оны қандай материал негізінде жүзеге асырылатындығына байланысты.

Осында мұғалімнің бұл сыныптарда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту бағытындағы жұмыс әдістемесін жетілдірудің қажеттілігі. Осы қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі бағыттары көрсетілген. Әрбір осы бағыттарды жүзеге асыру есеп материалын мұқият сұрыптаумен байланысты.

Есептерді сұрыптауда біз бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған білім, білік және дағдыға қойылатын талаптарды, осы сыныптарға арналған математика оқулықтарына жасаған талдау мәліметтерін (1.3) және оқыту тәжірибесін (2.1) басшылыққа ала отырып.

Осы мағлұматтарды есепке ала отырып біз практикалық мазмұнды есептерге қойылатын талаптарды айқындадық. Олар:



  • практикалық мазмұнды есептер және математикалық жаттығулар математика бағдарламасының талаптарына, оқушылардың білім, білік, дағдыларына сай болуы тиіс;

  • олар оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған (қысқаша жазу, оған сызба сызу, кесте толтыру, сурет салу, қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқу және сызу, практикалық жағдайларды модельдеу және т.б.) білім, білік, дағдының қалыптасып, дамуына ықпал етуі қажет;

  • практикалық мазмұнды есептердің мазмұны оқушылар үшін таныс математикалық аппараттың практикада қолданылуын, сандық мәліметтерді пайдаланудың ерекшеліктерін (сандық мәліметтерінің шынайлығы, сұрақтардың қойылу дәрежесі, алынған жауаптың шындыққа сәйкес келуі) ашуы керек;

  • есептің мазмұнында оқушылар қабылдап, түсіне алатындай шынайы
    мәліметтер болуы керек, оқушылардың өмірлік тәжірибелеріне, жас
    ерекшелігіне, білім дәрежесіне және танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы қажет;

  • есептің сюжеті және сандық мәліметтері айналадағы шындықтың озық жақтарын, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріндегі мәлеметтерді бейнелеуі қажет; тәрбиелеушілік, танымдық сипатқа ие болып, математикаға қызығушылық тудыру керек;

  • сұрақтардың қойылу дәрежесі шынайы жағдайда туындауы мүмкін болатын сұраққа сай болуы керек (жете ме, жеткілікті ме, бола ма және т.б. );

  • практикалық мазмұнды есептер және оларға арналған тапсырмалар
    оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін (сезіну, зейін, қабылдау, еске сақтау,
    қиял, ойлау, сөйлеу) дамыта алатындай болуы тиіс;

- есепті шығару әдістері оқушылардың өздері күнделікті тәжірибеде
пайдаланып жүрген әдістерге сәйкес немесе жақын болуы керек, таныс немесе оларды оқушыларға үйретуде көп уақытты алмауы қажет.

Осы талаптарды орындау бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығының нәтижелі дамуына әсер етеді.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес математиканы оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған практикалық мазмұнды есептерге және математикалық жаттығуларға мысалдар келтірейік.

1 Оқушылардың білігін қалыптастыруға арналған практикалық мазмұнды есептер

1-сынып

Әлемнің ең ұзын 20 өзенінің 10-ы Амазонияда. Басқа жердегі өзендер саны қанша?

Қаз күніне 1 жұмыртқа тауып отырса, 7 күнде неше жұмыртқа табады?

2-сынып

Ресейде тырналардың 7 түрі мекендейді, соншасы басқа мемлекеттерде. Дүниежүзінде тырналардың неше түрі мекендейді?

Балқаш көлінде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінгендер (карп, аққайран, шип, көксерке, арал қаязы). Қанша балықтың түрі басқа жақтан әкелінген?

3-сынып

Қазақстан территориясында 87 мыңнан астам өзендер, 47 мыңнан астам көлдер, 4500 астам су қоймалары мен тоғандар, 2 теңіз бар. Қазақстанда су қорының саны қанша?

Түйе 5 минутта 45 литр су ішетін болса, 135 литр суды неше минутта ішеді?

Венгр қойшысы Саид Али 189 жыл өмір сүрді, басқа венгр Петр Зортай Саидтен 4 жыл кем өмір сүрді. Албан Ухудие Петрден 5 жыл кем өмір сүрді, ал Махмұд Эйвазов Ухудиеден 29 жыл кем өмір сүрді. Жерде ең ұзақ өмір сүрген Петр, Ухудние, Махмұд қанша жыл өмір сүрген?



4-сынып

Зерттеушілердің есептеулері бойынша Әлем 20 миллиард жыл бұрын пайда болған, ал Жер 5 миллиард жыл бұрын. Жер Әлем пайда болғаннан кейін неше жылдан кейін пайда болған?

Көктем және жаз айларында құландар 15 сағат жайылады, 4 сағат бір жерден екінші жерге өтуге жұмсайды. Қалған уақытта демалады. Құландар қанша уақыт демалады?

Бір киттің салмағы 35 пілдің салмағындай. Егер бір пілдің салмағы 5 тонна болса, 3 киттің салмағы қанша тонна?



2 Оқушыларды сызба сызуға, сурет салуға үйретуге арналған практикалық мазмұнды есептер

1-сынып

Гүлге 8 ара ұшып келіп еді, 3-уі ұшып кетті. Гүлде неше ара қалды?

Суда 9 қаз жүзіп жүр. Үйректің одан 4-еуі кем. Неше үйрек суда жүзіп жүр?

Жұлдыз 5 жұмбақ жаттады. Қанат одан 3 жұмбақ артық жаттады. Қанат неше жұмбақ жаттаған?



2-сынып

Алып тасбақаның салмағы 963кг тартса, кішкентай тасбақа одан 958кг-ға жеңіл. Кішкентай тасбақаның салмағы неше кг тартады?

Ұзындығы 58м жуан сым және ұзындығы 25м жіңішке сым бар еді. 16 м сым жұмсалынды. Неше метр сым қалды?

Қысқа сиырларға 800кг жем, қойларға одан 400кг кем, ал жылқыларға қойларға қарағанда 600кг артық жем дайындалды. Қысқа жылқыларға неше кг жем дайындалды?

Үш қабатты үйде екінші, үшінші қабатында 12 пәтер бар. Бірінші қабатында одан 9 пәтер кем. Барлық үйде неше пәтер бар?

3-сынып

Инелік 1 сағатта 20 шақты шыбын, маса, шіркей жейді. Инелік 3 сағатта қанша зиянды зиянкестерді құртады?

Ақ аюдың салмағы 350кг, арыстанның салмағы одан 130кг кем, Панданың салмағы арыстандікінен 40кг кем. Арыстан мен панданың салмақтары қандай?

Алакөлдің тереңдігі Балқаш көлінен 19м артық, Балқаш көлінің тереңдігі Үлкен Шобақты көлінен 11м кем, Үлкен Шобақты көлінің тереңдігі Шортанды көлінен 6м артық, Шортанды көлінің тереңдігі 31м. Алакөл, Балқаш, Үлкен Шобақты көлдерінің тереңдігі қандай?

Ақ мүйізтұмсықтың алдыңғы мүйізінің ұзындығы 120см, қара мүйізтұмсықтікі одан 2 есе кем, үнді мүйізтұмсық мүйізінің ұзындығы қара мүйізтұмсықтікіндей. Қара, үнді мүйізтұмсығының мүйіздерінің ұзындықтары қандай?

4-сынып

3 спортшы Балқаш және Алакөл аралығындағы ұзындығы 120км Қарақұмды жүгіріп өтеді. 1-ші спортшы күніне 15км, 2-ші спортшы одан 5 км артық, 3-шісі 2-шіден 2 есе кем жүгіріп отырады. Әр спортшы Қарақұмды неше күнде жүгіріп өтеді?

Африка түйе құсы 1 сағатта 70км жүгіреді, Эму құсы 1 сағатта одан 40 км кем жүгіреді. 2 құс 420км қашықтықты қанша уақытта жүгіріп өтеді?

Қазақстанда 1 тонна қағаз қалдықтарынан 25 мың дәптер шығарады. 1 дәптерді 5 теңгеден сатқанда 7 тонна қағаз қалдықтарынан шығарылатын дәптерлер қанша теңге тұрады?



3 Оқушыларды есептің мәтінімен және сөздікпен жұмыс істеуіне арналған практикалық мазмұнды есептер

1-сынып

Жазира еңбек сабағында 3 қошқар мүйіз оюын ойды. Маржан одан 2 қошқар мүйіз оюын артық ойды. Маржан неше ою ойған?



2-сынып

Еңбек сабағында ұл балалар үш таспалы 8 қамшы, одан 3-еуі кем төрт таспалы қамшы өрді. Барлығы неше қамшы өрілді?

Аян оқулықтан оқыған Бұзаубас балық пен Гольян балығының дене тұрқын өлшейді. Бұзаубас балықтың ұзындығы 50см, Гольян балықтікі одан 30см кем болып шықты. Аян Гольян балығының дене тұрқын неше см деп өлшеді?

3-сынып

Гиссар қойының саулығының салмағы 100кг, Грозный саулығының салмағы одан 2 есе кем. Дегерес саулығының салмағы Грозный саулығынан 13 кг-ға артық. Грозный, Дегерес саулықтарының салмақтары қандай?

Қазақстанда жыл сайын 45 мың суырдың, 135 мың зорманның, 17 мың ақ тиіннің, 16 мың қасқырдың, 6 мың қарсақтың, 5 мың қызыл түлкінің, 9 мың дала күзенінің терілері дайындалады. Барлығы бір жылда қанша аң терілері дайындалады?

Оқушылар серуенге барғанда Балдырған көп жылдық шөптесін өсімдігін, Балқаңбақ бір жылдық шөптесін өсімдігін және Глацинт көп жылдық баданалы өсімдіктерін теріп алды. Балдырғанның биіктігі 200см, ал Балқаңбақтың биіктігі Балдырғанның биіктігінен 150см қысқа, Глацинттің биіктігі Балқаңбақ өсімдігінің биіктігінің жартысындай. Балқаңбақ пен Глацинттің биіктіктері қандай?



4-сынып

Экологтардың есептеуі бойынша 1 жылда мұхитті ластайтын 320млн.т. темір, 7 млн.т. фосфор, 2 млн.т. қорғасын мұхитқа түседі екен. Барлығы 3 жылда мұхитқа қанша млн.т. мұхит ластаушылары түседі?

1680 жылы Қазақ хандығының басына Тәуке хан келеді. 1718 жылы оның орнын Батыр хан басады. Батыр хан 1726 жылға дейін ел басқарады. Тәуке хан мен Батыр хан қанша жыл елді билеген. Одан бері неше жыл өтті?

4 Математикалық жаттығуларды орындау

1-сынып

1) Жетпейтін мәліметті қосып, есепті шығар: Көктемде Ерзат ағаш отырғызды, Самат одан 4 ағаш кем отырғызды. Самат неше тал отырғызған?

2) 5 және 3 сандарын қолданып есеп құрастыр.

3) Қысқа жазу арқылы есепті құрастыр.

1) Болды - 9...

Берді - 5...

Қалды - ?...

4) Сызба бойынша есеп құрастыр.



Қ Ұ
?

5) Есепті сурет бойынша құрастыр

а)
ә)

6) Есепті оның сұрағы бойынша құрастыр: Дүкенде қанша компьютер қалды?



2-сынып

1) Артық сан мәнді тауып есепті шығар: Айнаштың фотоапаратында 36 кадр болған. 15, 20-сын мектептегі достарымен түсті, 7-еуін жанұясымен түсті. Фотоапаратта неше кадр қалды?

2) Жетпейтін мәліметті қосып, есепті шығар: Әліпбиде әріп бар. Оның 15-і дауысты дыбыс әріптері, 2 таңба әріптері. Дауыссыз дыбыстар нешеу?

3) 35 және 14 сандарын қолданып есеп құрастыр.

4) Қысқа жазу арқылы есепті құрастыр.

а) Қызыл - 15 ? артық

Жасыл - 9

ә) Болғаны - 7, 4

Кеткені - 8

Қалды - ?

5) Сызба бойынша есеп құрастыр.

2см 2см 2см 2см 2см




? см


6) Сурет бойынша есеп құрастыр:

а)




ә) Үйрек, құтан, көкала



3-сынып

1) Жетпейтін мәліметті қосып, есепті шығар. Әсия ағасымен дүкенге еріп барып, онда ағасы 35 теңгеге дәптер сатып алады. Ол осы дәптерден тағы 5-уін Әсияға алып бергісі келді. Ағасы қолындағы 60 теңгесін көрсетіп, оның жететінін, жетпейтінін есептей алмай, Әсияға есептетті. Сонда Әсия ойланып, «Жетеді, тіпті маған балмұздаққа да қалады» дейді.

Мүмкін Әсия қателескен шығар, есептеп көрейікші.

2) 21, 5 және 2 сандарын қолданып есеп құрастыр.

3) Қысқа жазу арқылы есепті құрастыр.

а


?
) Отырғаны – 48

Ауысқаны - ? 4 – еуі артық

ә) Құлыншақ – 4

Бота - ? екі есе артық

4) Сызба бойынша есеп құрастыр.

3


? км
км/сағ 4 км/сағ

35 км


5) Кесте бойынша есеп құрастыр.

Ағаш шеберлер

Күндер

Сандық

1 – ші шебер

1

140сандық ?

6

2 – ші шебер

1

8


6) Сурет бойынша есеп құрастыр.



4-сынып

1) Артық сан мәнді тауып, есепті шығар. «Батыр» комплексінде жұмыс істейтін экскаваторлар әр сағат сайын 5 мың тонна, 8 мың тонна көмір өндіреді. Қазақстандағы 160 миллиард тонна көмір қорын осы жылдамдықпен өндірсе, оларға қанша уақыт қажет болады?

2) 2сағат 30минут, 4 сағат 30 минут және 4 сағат сан мәндерін қолданып есеп құрастыр.

3) Қысқа жазу арқылы есепті құрастыр.

К. – 120кг ? (кг)

Б. - ? 2 есе кем

4) Сызба бойынша есеп құрастыр.

15мин



? мин

5) Кесте бойынша есеп құрастыр.



Күндер

Сатылған жейделер саны

Құны

1- ші күн

?


170



51604т.

2 – ші күн

?

63826т.

6) Сурет бойынша есеп құрастыр.





5 Практикалық мазмұнды есептерді құрастыруға үйрету Оқушыларды практикалық мазмұнды есептерді құрастыруға біртіндеп үйрету қажет. Практикалық мазмұнды есеп құрастыру үшін алдын ала көрнекіліктер, аппликация, геометриялық фигуралар оқушылардың өзіндік жұмыс өткізуге арналған үлестірмелерін дайындап алу керек. Оқушылар күнделікті көріп жүрген, өзінің айналасындағы заттарға зер салып қарауға, түсінуге, санауға арналған тапсырмалар берілуі керек. Оқушыны дүниені тануға, ойлауға, көрген, білген түсініктерін логикалық қорытындылар жасауға дағдыландыру керек[40, 53 б.]..

Оқушыны ойландырып, өз бетімен жұмыс істету өте қиын мәселе. Практикалық мазмұнды есептер құрастыру да таныс түсініктермен бірге, оларға белгісіз, жаңа мәселелер, ұғымдар біртіндеп қосылып, күрделендіріп отыруды керек етеді.

Мысалы, мұғалім:

- Менің екі қолымда 5 асық бар. Бір қолымда 3 асық бар (ашып көрсету). Ал екінші қолымдағы асық санын өздерің ойлап табыңдар? т.б.

Практикалық мазмұнды есептер құрастыруда жалпы түсінік беріледі, нені талап етіліп отырғандығы айтылады. Оқушылар жұмысын белгілі дәрежеде жеңілдету үшін, арнаулы ескертулер, иллюстрациялар беріледі, сонымен қатар пайдалынылатын қосымша құралдар көрсетіледі. Сыныпта орындалатын тапсырма таңдалып, түсіндіріледі (салыстыру, карама-қарсы қою, ұқсастығын ажырату т.б.). Осыған ұқсас тапсырмалар үйге, сыныптан тыс кездерге беріледі[41, 53 б.]..
6 Қарапайым диаграммаларды, графиктерді оқу және сызуға үйрету

2-сынып

Жетісу шағын ауданында 520 үй бар. Шатырланған үйлер саны 380, қалғаны шатырланбаған үйлер. Шатырланбаған үйлер нешеу?



4-сынып.

Дүние жүзіндегі халық саны 1820 жылы 1 миллард болған, 1927 жылы 2 миллиардқа жетті, 1959 жылы 3 миллиардқа көбейді, 1974 жылы 4 миллиардқа өсті, 1987 жылы 5 миллиардқа жетті, 1999 жылы 6 миллиард болды. Әр миллиард қанша жылда өсіп отырған?

Дүниежүзіндегі төрт мұхиттың көлемі 360 млн км2.Тынық мұхиттікі 178 мли км2, Үнді мұхиттікі Тынықтан 102-ге кем, Атлант Үндіден 16-ға артық, Солтүстік Мұзды мұхиттың көлемі неше млн км2?

«Шекарадағы жағдай»

Түнгі сағат 2-де шекара бұзушы шекарадан өтеді де 6 км/сағ жылдамдықпен батыс жаққа бағыттайды. 2 сағаттан кейін оның алдынан саз кездесіп, оның жылдамдығы 1км/сағ төмендейді. Тағы 2сағаттан кейін таң атып, ары қарай жүру қауіпті болып, ол қараңғы батуын тосып тығылып қалады.

Таңғы сағат 4-те шекарашылар итпен шекараның бұзылғанын байқап, шекара бұзушының артынан 9 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Таңғы 5 сағат 20 минутта шекарашылар сазға жетіп, 2 км/сағ жылдамдықпен ары қарай жүрді. Бір сағаттан кейін шекара бұзушыны қуып жетіп, атыс басталып кетеді, ол 40 минутқа созылады. Сағат 7-де шекарашылар шекара бұзушыны ұстап алып, шекараға 2 сағаттан кейін жетеді. Қайтар жолды қандай жылдамдықпен жүрген? [42, 84 б.]

Біз ұсынып отырған қосымша практикалық мазмұнды есептер мұғалімнің сабақта оқушының жас ерекшеліктерін, дара ерекшеліктерін ескере отырып оларға қажетті практикалық мазмұнды есептерді таңдап алуға, оқушылардың осы есептердің негізінде есеп құрастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар берілген есептердің дамытушылық қызметі зор. Яғни, берілген есептер қоршаған ортадан алынғандықтан оқушылардың есептің мазмұнын қабылдап ұғынуларына жеңіл, әлемде болып жатқан мағлұматтар бойынша ақпарат бергендіктен, оқушылардың дүние танымдарын кеңейтіп, алған мағлұматтарды есте сақтауларын жақсартады. Біздің жұмысымыздың ерекшелігіне сәйкес есептердің көпшілігі оқушылардың қабылдауын, еске сақтауын, ойлауын, қиялын, сөйлеуін арттыру арқылы танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған. Мұғалім бұл практикалық мазмұнды есептерді бағдарламаға сәйкес, оқушылардың дайындығына сай, берілген уақытын ескере өз қалауы бойынша қолданады[43, 53 б.]..

Практикалық мазмұнды есепке сызба сызу, кесте толтыру, сурет салу
2–сынып

Кесте толтыру. Жаңа жылға 88 ұлттық киім киген оқушы қатысады. Оның 23–ші қазақ ұлттық киімін, 9-зы өзбек ұлттық киімін киді, ал қалғандары орыс ұлттық киімімен келген. Жаңа жылға қанша оқушы орыс ұлттық киімімен келген?

Оқушыларға әр ұлттық киімдер көрсетілген суретті көрсетіп, бұл киімдер қай ұлттарға тән екенін сұрау.



Мұғалім (М): Есепті оқыңыздар. Есепте не жайында айтылған?

Оқушы (О): Жаңа жылғы әр түрлі ұлттық киімін киіп келген оқушылар жайында.

М: Есепте не белгілі?

О: 88 оқушы қатысқаны, 22-і қазақ, 9-ы өзбек ұлттық киімдерін киіп келгені белгілі.

М: Есепте не белгісіз, нені табу керек?

О: Орыс ұлттық киімімен келген оқушы санын.

М: Есепті кестеге түсіріңіздер.




Барлық қатысқаны

Қазақ ұлттық киімдісі

Өзбек ұлттық киімдісі

Орыс ұлттық киімдісі

88

23

9

?

М: Орыс ұлттық киімін киген оқушы санын қалай табамыз?

О: Бірінші 23+9 қосамыз, екінші 88-32 азайтамыз, сонда орыс ұлттық киімін киген оқушылар саны шығады.

М: Есептің шешуін неше амалмен шығардыңыздар?

О: Есеп екі амалмен шықты.

М: Шешуін өрнек түрінде шығарыңыздар.

О: Шешуі: 88-(23+9)=56 (о.ұ.к.)

М: Жауабын жазыңыздар.

О: Жауабы: 56 оқушы орыс ұлттық киімімен келген.

М: Жауабын кестеге жаз, тексер.

Қорытындылау. М: Есептің сұрағына жауап беру үшін алдымен қандай амал орындалды? Сонан кейін ше?

М: Есепті неше амалмен шығардыңыздар, тағы қандай тәсілмен шығаруға болады.

О: Шешуі: 88-23-9=56 (о.ұ.к.)

О: Жауабы: 56 оқушы орыс ұлттық киімімен келген.

М: Есептің шешуін, жауабын салыстыр.

3-сынып

Ақ аюдың салмағы 350кг, арыстанның одан 130кг кем, Панданың салмағы арыстандікінен 40кг кем. Арыстан мен панданың салмақтары қандай?

М: Есепті оқыңыздар (бір бала есепті оқиды, қалғандары есепке зер салып қарайды).

Мұғалім оқушыларға ақ аюдың, арыстанның, панданың суретін көрсетіп, олардың зейіндерін шоғырландырады.




М: Есептің шартын оқыңыздар. Есептің шарты оқылғаннан кейін оқушыларға олардың ойларынша анықтауды қажет ететін мәселеге зейін бөлу ұсынылады.

«Біздің ойымызша біз не білеміз» деген тақтадағы кестенің бірінші бағанына нұсқап, оқушылардан жауап алынады, жауаптарын төмендегідей етіп мұғалімнің өзі немесе оқушылар тақтаға толтырады.


Біздің ойымызша біз не білеміз

Біз нені білгіміз келеді

Біз нені білдік

Ақ аюдың салмағы-350кг

Арыстан 130кг <Ақ аю

Панда 40кг<Арыстан


Арыстанның салмағын?

Панданың салмағын?



Ақ аюдың 350 кг

Арыстандікі 220кг

Панданікі 180 кг

«Біз нені білгіміз келеді» деген екінші бағанға көңіл аударылып толтырылады.

М: «Мен мына есепті қалай шешер едім?» деген сұрақ қойып, оқушылардың ойлауына 4-5 секунд беріледі. (Оқушылардың жауаптары әр түрлі болуы мүмкін)

О: 350-ден, яғни ақ аюдың салмағынан 130кг азайтса арыстанның салмағы, арыстанның салмағынан 40кг азайтса панданың салмағы шығады.

М: Сонымен менің түсінгенім бойынша, сіздер 350-130, арыстандікінен 40-ты алуды ұсынып отырсыздар.Ендеше шешуін жазайық.

О: Шешуі: 350-130=220

220-40=180.

«Біз нені білдік» бағанға көңіл аударылып, оны оқушылардың өздері толтырады.

Есептің сұрағы оқылып, оның жауабына назар аударылады.

М: Ендеше есептің сұрағына қалай жауап береміз? Жауабын жазыңыздар.

О: Жауабы: арыстанның салмағы – 220кг, панданікі – 180кг.

М: Есеп неше амалмен, неше жолмен шығарылды? Есептің дұрыстығын тексеріңіздер.



4–сынып

Зообақтан маймылдарды жайлы жерге орналастыруға өзеннен қайықпен өту керек болды. Қайық 665 кг ғана көтере алады. 4 горилла 300кг-нан, 5 гиббон 13 кг-нан, 10 шимпанзе 80 кг-нан, 7 орангутан 180 кг-нан. Қайықшы маймылдарды бір жағадан екінші жағаға қарай өткізу үшін, қайықпен қанша рет қатынайды?




М: Есепті оқы. Есеп не жайында? «Біз не білеміз» деген кестенің бірінші бағанын толтырайық. Есептің шарты бойынша біз не білеміз?




Біз не білеміз

Біз не білгіміз келеді

Біз не білдік

Қайық 665кг көтереді

4 г. – 300кг-нан

4 гиб. - 13кг-нан

10 ш.-80кг-нан

7 ор. - 180кг-нан


4 г. салмағын?

5 гиб. -?

10 ш. - ?

7 ор. – ?

Қ.қ.р.қ. - ?


4 г. – 1200кг

5 гиб.- 65кг

10ш. – 800кг 3325

7 ор. – 1260кг

Қ.5 рет қатынайды

Оқушылардың айтқаны бойынша бірінші баған толтырылады.

М: «Біз енді не білгіміз келеді» кестенің екінші бағанын толтырайық.

М: Өзіміздің қойған сұрақтарға жауап беру үшін сіздердің ойларыңызша не істеу керек?

О: 1-ші сұраққа жауап біру үшін 1 горилланың салмағына 300 кг-на 4-ті көбейтеміз, сонда 4 горилланың салмағын табамыз. 2-ші сұраққа да осылай жауап беруге болады, 3, 4-шісіне де солай.

М: Оның шешуін қалай жазуға болады?

О: Шешуі: 4·300=1200 (кг)

5·13=65 (кг)

10·80=800 (кг)

7·180=1260 (кг)

М: Тағы біз қарастырмаған не қалды? Енді не істеу керек?

О: Барлық маймылдардың салмақтарын қосу керек.

М: Оның шешуін жазыңыздар.

О: Шешуі: 1200+65+800+1260=3325 (кг).

М: Соңғы сұраққа жауап беру үшін не істейміз?

О: Қайық неше рет қатынайтынын білу үшін бізге белгілі қайықтың 665 кг-ды (көтере алуы), яғни жалпы маймылдардың салмағын 665кг-ға бөлеміз.

М: Оның шешуін жазыңыздар.

О: Шешуі: 3325:665=5(рет).

М: «Біз не білдік» кестенің үшінші бағанын толтырайық.

Оқушылар білгендерін үшінші бағанға толтырып жазады.

М: Сонымен есептің сұрағына сәйкес жауабымыз қандай болмақ?

О: Жауабы: қайықшы маймылдарды өзеннің бір жағасынан екінші жағасына қарай өткізу үшін қайықпен 5 рет қатынайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет