Өмірбаяны Әйтеке би Бәйбекұлы 1644 жылы (қазіргі Өзбекстан аумағына қарасты) Қызылша деген жерде текті әулетте



бет21/56
Дата07.02.2024
өлшемі3.09 Mb.
#491020
түріӨмірбаяны
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Кітапшалар

Ағарту ісі


Мұхтар Әуезов|Мұхтар Әуезовтің халық ағарту туралы ойларының өмір жолының әр кезеңінде көрініс беріп отырады. Әуезов ғылыми-педагогикалық, мемлекеттік және қоғамдық қызметінде өмір бойы халық ағарту, оқу ісі, ұрпақ тәрбиесі мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл туралы көптеген мақалалары мен жұртшылық алдында сөйлеген сөздерінде айтқан.

  • «Сарыарқа» газетінде 1917 жылы жарияланған «Оқудағы құрбыларыма!» атты алғашқы мақалаларының бірінде жас жазушы оқуда журген қурбы-құрдастарын уақытты бос өткізбей, халықты оқу-білімге бастап, үлгі көрсетуге шақырса

  • «Қайсысын қолданамыз» деген мақаласында орысша және ескіше - мұсылманша оқыған азаматтардың оқу ісін жүргізуде бір ауызды болуы жайында орнықты шешімге келу қажеттігі туралы сөз қозғайды.

  • Ж.Аймауытовпен бірге шығарысқан «Абай» журналының 1918 жылы 11-санында жарияланған «Оқу ісі» атты мақаласында қараңғылықтың құшағында қалған туған халқын мәдениетке, елдікке жетелеудің үлкен бір жолы - оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қоюды, бұл үшін бірінші мақсатта ана тіліндегі ұлт мектептерін ашуды көбейту қажеттігін тілге тиек етіп, мұғалім кадрларының тапшылығын, оқу құралдарының жеткіліксіздігін сөз қылады, бұл істерді дұрыс жолға қоюдың бірінші кезектегі міндеттеріне тоқталып, өз ұсыныстарын айтады.

  • 1919-21 жылы Семей губерниялық атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болып тұрған кезінде Семейде шыққан «Қазақ тілі» газетіне ағартушылық жұмысын жолға қою мәселесін көтерген бірнеше мақалалар жариялайды.

  • 1922 жылы 27 тамызда «Қазақ тілі» газетіне жазушының (Орынборда қазақ АССР Орталық атқару комитетінің басшылығында істеп жүріп) Семей губерниясындағы қазақ қызметкерлеріне ашық хаты басылады. Хатта жер-жерде оқыған қазақ қызметкерлерінің халықты сауаттандыру жолында өнер-білімге жұмылдыру ісіндегі самарқаулығы сыналады.

  • 1930 жылы Қазақстан Оқу комиссариаты білім кеңесінің шешімімен Қызылордада басылып шыққан «Қазақ шаруа жастар мектебіне арналған программа және түсінік хаттар» деген халық ағарту саласы үшін маңызды жинақтың қазақ әдебиеті пәніне арналған «Суретті әдебиет туралы» атты бөлімін Әуезов Бейімбет Майлин, Әлкей Марғұланмен бірлесіп жазған. Бағдарламада қазақ шаруа жастарының үш жыл ішінде қазақ әдебиетінен нені оқып үйрену қажеттігін айтып, қазақ әдебиетіндегі дәуірлеу мәселесін ұсынады.

  • 1957 жылы қазақ тілі мен әдебиетін оқытуға арналған республикалық кеңес қарсаңында «Қазақстан мұғалімі» газетінде (28 наурыз) «Ана тіл әдебиетін сүйіңдер» деген күн тәртібіндегі осы мәселеге байланысты кезек күттірмес шаралар туралы ой қозғайды. Қазақ әдеби тілі мен көркем әдебиет тілі жөнінде шынайы жанашырлық сезіммен жазылған көлемді мақалалары қазақ тілінің өрісі, сөз қолдану сипаты, орыс тілінен аудару мәселелеріне көңіл аудартады.

  • Туған тіл мен әдебиетті сүюге шақырып, бұрынғы одақтық «Учительская газетада» жарияланған «Орыс тілінің біздің халық үшін маңызы туралы» мақаласында (1956, 9 мамыр) бұл тілдің қазақ халқы ушін үлкен рөл атқарғандығын тілге тиек етеді. Әуезов мектептермен, жоғары және арнаулы орта оқу орындары ұжымдарымен тығыз байланыс жасап, олармен кездесулерінде, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқыған дәрістерінде де халық ағарту, оқу-тәрбие ісі үшін пайдалы пікірлер мен ұсыныстар айтқан.[3]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет