Өмірбаяны Орта жүздің Тарақты руынан шыққан. Жастайынан әншілік өнерпаздығымен жұрт аузына ілігіп, ел аралап ән салып, қараөткелдік Сәтмағамбет, Ғазиз, баянауылдық Жаяу Мұса, Қали Байжанов, керекулік Майра Уәлиқызы сияқты арқалы әншілермен



бет2/2
Дата05.10.2022
өлшемі108.51 Kb.
#462037
түріӨмірбаяны
1   2
dokument-microsoft-word

Әміре туралы жазылған шығармалар
Жүсіпбек Аймауытов "Әнші" әңгімесіндегі Әмірқан бейнесі
Ілияс Жансүгіров "Әнші" поэмасы
Қайнекей Жармағанбетовтың "Әнші азамат" повесі
Сәду Машақов пен Оразақын Асқардың поэмалары бар.
Жарқын Шәкәрім, «Әміре» зерттеу кітабы, 1977 жылы жарық көрді.
Жарқын Шәкәрім, «Ән жұлдызы» кітабы, 1978 жылы жарық көрді.
Жарқын Шәкәрім, книга «Амре Кашаубаев», год издания 1981 год. На русском языке.
Жарқын Шәкәрім, «Ән асқары Әміре» зерттеу кітабы, 1988 жылы жарық көрді.
Жарқын Шәкәрім, «Әміре Қашаубайұлы» зерттеу кітабы, 2006 жылы жарық көрді.
Жарқын Шәкәрім, 1974 жылы Мәскудегі Кинофото құжаттары және дыбыс жазбаларының Орталық архивінен Әміре Қашаубаев 1925 жылы орындаған, фонографқа жазылып алынған «Ағаш аяқ», «Дударай», «Бесқарагер», «Смет», «Жалғыз арша», «Балхадиша», «Үш дос» әндерінің үнтаспасын тауып, күйтабаққа аударып автор ретінде жарыққа шығарды. Күйтабақта Әлкей Марғұлан, Серке Қожамқұлов, Жүсіпбек Елебеков, Сапарғали Бегалин Әміре жайлы естеліктер айтты.
Жарқын Шәкәрім, «Әміре туралы шындық», мақала, «Егемен Қазақстан» газеті, 2013 жыл, 27 ақпан күні жарық көрді.
Әміре Қашаубаев туралы ақын Қайырбек Шағырдың "Ұлы тенор" поэмасы 2006 жылы жарық көрді.
Әміре «Еңлік Кебекте» Жапалдың, «Айман Шолпанда» Жарастың рөлін ойнайды. Концерттік қойылымдарға жиі жиі шығып, халықтың ән өнерін насихаттауға айрықша үлес қосады.
Әміренің әншілік өнері А.В.Луначарский, А.В.Затаевич, Г.Любимов сияқты өнердің парқын терең білетін мамандар тарапынан жоғары баға алған.
Қазақтың «Ағаш аяқ», «Үш дос», «Қос барабан», «Қызыл бидай», «Смет», «Жалғыз арша» сияқты классикалық әндері Әміре айтқан үлгі өнегемен орнығып, кейінгі әншілердің репертуарларында жалғасын тауып келеді. Бұл ретте, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ж. Кәрменов, Қ.Байбосынов, М.Ешекеев, Б.Тілеуханов сияқты жез таңдай әншілердің Әміре өнерін жалғастырушы лайықты ізбасар болғанын атап айтқан жөн.
Әміре - ұлы әнші, азамат. Оның өмірі мен қимылы әлі де зерттеле түседі. Ол жөнінде талай кітаптар, дастандар жазылмақ. Оның аты ән мектебінде мәңгі қалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет