ҚОСЫМШАЛАР
1-қосымша
«ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС КӨРСЕТУ – СУИЦИДАЛДЫҚ МІНЕЗҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ФАКТОРЫ» ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
Суицидке бейім жасөспірімдерге кеңес беру.
Егер жасөспірім суицидке бейім болса, онда төмендегі кеңестер жағдайды өзгертуге көмектеседі деп ойлаймыз.
-
Суицидке бейім оқушыны мұқият тыңдаңыз. Күйзеліс жағдайында барлығымызға өзімізді тыңдайтын адам керек, осы кезде суицидеттің әңгімесін зер салып тыңдап, оның мәселесін түсінуге тырысу керек.
-
Бала ұмтылысының және сезімдерінің шынайлылығын бағалаңыз. Егер бала шынайы суицидтік жоспарын құрса, онда жағдай ушығып кеткен.
-
Эмоциялық күйзелістің тереңдігін бағалаңыз. Бала шын мәнінде қиындықтарды басынан кешіруі мүмкін, бірақ оның өз-өзін өлтіруге деген бейімі немесе жоспары болмауы мүмкін.
-
Баланың кішігірім өкпелері мен шағымдары болсада оны жақсылып зейін қойып тыңдау қажет. Айтылғандардың барлығына мән беру маңызды болып табылады. Бала сезімге берілмей, өзінің проблемаларын білдіртпеуге тырысады, бірақ осы сәтте депрессия жағдайында болуы мүмкін.
-
Оның шынайы ойы қандай екенін баладан тура сұрауға қорықпаңыз. Көп жағдайда жасөспірім өзінің проблемаларын айтуға ұмтылмайды. Келесі сұрақтар баланың ашылуына көмектеседі:
- Сені қандай жағдай толғандырып жүр? Не нәрсеСені қинайтын қандай мәселе? Осылайша баланың проблемалары туралы әңгімені бастауға болады.
Әдетте бала осындай әңгімелесуден кейін жеңілдеп қалып, біраз уақыт тынышталып, өзінің жағымсыз ойынан арылады. Бірақ бұл уақытша болуы мүмкін. Ол осы ойға қайтадан оралуы мүмкін. Сондықтанда сәтті әңгімеден кейін оны жалғыз қалдыруға болмайды. Оған демеу көрсетіп, өте абай болыңыз! Рухани күйзелістегі адамға нақты талаптар беру керек. Сіздің кәсіби құзіреттілігіңіз, бала өміріне шын мәнінде қызығушылықпен қарайтыныңыз, көмек беруге дайындығыңыз балаға үлкен эмоциялық демеу болады. Сіздің көмегіңізді қабылдып, дұрыс қадам жасағаны туралы айтып, оны сендіруіңіз керек. Қоршаған адамдардың кеңестерін талдауға және қабылдауға қабілетті болса, онда ол өзінің рухани күштерін және ерік-күштерін жұмылдыра алады. Басқада мүмкін көмек беру көздерін (достарын, отбасын, дәрігерлер) қарастыруға болады
2-қосымша
8-11 сынып оқушыларына арналған сынып сағаты
Сынып сағатының тақырыбы: «Өмірдің мәні»
Сынып сағатының мақсаты:
«Мен жалғыз емеспін» жаттығуы.
Мақсаты: Балаға оның осы өмірді жалғыз еместігін ұғындыру. Ол өз қиындықтарымен жалғыз қалмауы тиіс.
Жаттығудың барысы:
Мұғалім: қазір мен сіздерге бір бірлеріңіздің қолын ұстап, шеңбер құруды сұраймын. Барлығымыз алақандарымыз арқылы бір біріміздің жылулығымызды сезінуге тырысамыз. Үлкен демеуді сезіп тұрған боларсыздар! Ал енді жан жаққа қараңыздаршы! Сіздер мұғалім тарапынан демеу мен түсіністікті байқайсыздар ма? Ал енді ақырын ойша, қиялдап мектептің коридорына шығамыз, сонан соң көшеге шығып, өз үйімізге және достарымызға, көршілерге барамыз, тіптен бейтаныс адаммен сөйлесеміз! Менің ойымша осындай таныстардың ортасынан сендер әр кезде қолдау көріп, жақсы кеңестер аласыңдар! Біздің бүкіл өміріміз – бұл күрес! Соны ұмытпаңдар!
Кішігірім шығарма жазу.
-Мен үшін өмірдің мәні не? – Ешқашан түңілмеу және алға қарай ұмтылу.
- Бұл менің ойыма өте сирек келетін жағдай, менің қиын сәттегі ойларым болуы мүмкін. Бірақ мен сәтсіз жағымсыз күндердің жақсы күндермен ауысатынына сенемін!
- Мен үшін өмірдің мәні – мектептегі оқуымды жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсу болып табылады.
- Өмірдің мәні: өмір сүру және өзге адамдарға пайдамды тигізу, әдетте өз отбасыма көмектесу – деп түсінемін.
- Мен өмірдің мәнін түсінбеймін, әр адам оны әртүрлі түсінеді.
-Өмірдің мәні – өмір сүру!
- Адамға өмір сүру мүмкіндігі бірақ рет беріледі және оны әдемі, дұрыс өткізіп, ұзақ өмір сүру керек.
Мұғалім тәрбие сағатын төмендегідей даналық сөздерімен аяқтайды:
Өмір – бұл мүмкіндік. Осы мүмкіндікті пайдалана біл.
Өмір – бұл әдемілік. Оны қабылдай біл.
Өмір – бұл арман. Оны жүзеге асыра біл.
Өмір бұл – үлкен сынақ. Сынақтан шыға білу керек.
Өмір – бұл сенің міндетін. Оны орында.
Өмір – бұл ойын. Жақсы ойыншы бол.
Өмір – бұл байлық. Оны ретсіз жаратпа.
Өмір – бұл бағасы жоқ құндылық. Оны қорға.
Өмір – бұл махаббат. Оны сезіне біл.
Өмір – бұл құпия. Оны тани біл.
Өмір – бұл көз жасының даласы. Барлығын жене біл.
Өмір – бұл әуен. Оны соңына дейін айтып шық.
Өмір – бұл белгісіздік. Одан қорықпа.
Өмір – бұл сәттілік. Осы сәтті іздеп тап.
Өмір өте қызықты – оны бекер өткізіп ал ма.
БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ.
3-қосымша
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ
«Психологиялық көмек көрсету – суицидалдық мінезқұлықтың алдын алу факторы ретінде» (Мұғалімдерге арналған тренинг)
«Өмір сүре білу - әрбір адам үшін үлкен сынақ»
Мақсаты: Жасөспірім арасындағы суицидтің алдын алу
Міндеттері:
-
психологиялық әдебиеттерде суицидалдық белсенділік феноменін талдау;
-
жасөспірімдік ерекшеліктерді, соның ішінде суицидалдық белсенділікпен байланысты жасөспірім жасындағы балалардың эмоциялық ерекшелігін зерттеу;
-
жасөспірімдік кезеңдегі отбасылық қатынастардың ролін талқылау;
-
жасөспірімдік кезеңдегі ата-ана арасындағы қақтығыстардың себептерін зерттеу.
Қатысушылар: мұғалімдер, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және психологтар.
Жабдықталуы: қалам, ақ парақ, түрлі түсті маркер, мәтіндер,слайдтар, бейнеролик,үзінді, өлең.
Ұйымдастыру түрі: топ түрінде.
Тренинг барысы:
І-БӨЛІМ. Кіріспе. Суицид мәселесі туралы сұхбат.
Өмір- күрес. Бұл тіршілік формуласы. Жеңесің, жеңілесің бұл өмір заңдылығы. Сондықтан мейлінше барлығына дайын болу керек. Жасөспірімдер – қоғамның әлсіз буыны. Тәжірибесіз. Аңғал. Сенгіш. Кез келген оқиғаны жанына жақын қабылдайды. Әлі келмеген, кіші жетпеген, ақыл таппаған, жалғыз қалған тұста шарасыздық танытады. Түрлі келеңсіздіктерге бой алдырады. Бәлкім, жұрт назарын өзіне аударудың оңай жолы осы деп ойлар. Себебі көптеген ата-ана «бауыр еті» баласы өлімге жүгінгеннен кейін ғана барынша көңіл бөліп, түсінуге тырысады. Кез келген мәселеде ақылдасып, ортақ шешім қабылдап, бұрынғы қатып сеніп қалған көзқарастарын өзгертуге ұмтылады. Бірақ бар мәселе осымен шешіле ме?
Психологтардың пайымдауынша өмірден гөрі өлімді таңдайтындардың 19 пайызы қандайда бір жазадан қорыққандықтан, 18 пайызы жан дүниесіндегі қайғыны көтере алмағандықтан, 18 пайызы отбасындағы жайсыздыққа төзе алмағандықтан, 6 пайызы «махаббат майданындағы» сәтсіздікке көне алмағандықтан көз жұмады екен. Ал жалпы 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 50 пайызы жауапсыз қалған махаббаттың құрбанына айналатыны көрінеді.
Жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау әрекеті күтпеген жерден болуы мүмкін. Әсіресе жас буын қалыптасу сатысында қарсы келген қиындықтарға, кедергілерге шыдай алмай, тез сынып кетеді.
Америкалық зерттеуші Гроллманның пайымдауынша бүгінгі ата-ананың қояр талабы да шектен тыс көбейген. Жеткіншектің жеткілікті білім алуымен карьера жасауына бар мүмкіндік жасалғанын үнемі қайталап санасына салмақ түсірген. Мұндай әке-шеше сенімін ақтай алмаған балалар өзін керексіз санап, өлімге жүгіретін көрінеді.
Статистіктердің санауынша, бозбалаға қарағанда өзін өлімге байлайтын бойжеткен арулардың саны екі есе көп. Бірақ жас қыздар көбіне жеңіл әдіске үйір.Дәріден уланып немесе тамырын қиюға әрекеттенсе, балаң жігіттер тыс қатал үкімге жүгінеді. Яғни суық қару қолданып, биік ғимараттан секіруден тайынбаған. Мұндай жағдайда адамның тірі қалу мүмкіндігі нөлге тең. Сол себепті қыздарға қарағанда, жігіттер арасында қайғылы жағдай 4 есе көп кездеседі. Нашақорлық, жұмыссыздық, өмірлік позицияның қалыптаспауы, түрлі секталардың көбеюі - соңғы кезде жастардың өлімге құштарлығын арттырған. Статистіктердің саралауынша жасөспірімнің 44 пайызы өмірмен түстен кейін қош айтысуды қалаған екен. Ал 24 пайызы- түнде, 32 пайызы соңғы демін таңертеңгі уақыттың еншісіне сыйлапты. Оған қоса, суицидке ұмтылғандардың 60 пайызы томаға-тұйық мінезді, көп ешкіммен араласпайтын балалар көрінеді.
Өмір сүре білу- әрбір адам үшін үлкен сынақ. Осы сынақта уақытша қиындықтар мен ауыртпашылықтарды көтере алмай, өз-өзіне қол жұмсау қоғамымызда көп көрініс алуда. «Өз-өзіне қол салу қазіргі төрткүл дүниені қатты алаңдатып отырған үлкен мәселеге айналып барады.
ІІ-БӨЛІМ. Ақпараттық бөлім.
Жасөспірімнің суицидалдық үрей психологиясы туралы мәлімет
Слайд 1.
Үрейлік – эмоциялық жүйесін сипаттайтын тұлғалық белгі. Урейліктің деңгейі – бұл дегеніміз стреске деген жеке сезімталдықтың көрсеткіші және қоршаған көптеген жағдайларды қауіпті ретінде қабылдауға бейімділік.
Слайд 2. Психологияда жасөспірім ұстанымының және өмір сүру стилінің дұрыс қалыптаспауының 4 жағдайы белгіленеді:
-
Ағзаның органикалық, физикалық жетілмеуі.
-
Баланың эгоцентризмі мен еркелігі.
-
Баланы ортада кемісітушілік пен мойындамау.
-
Бала тұлғасының невротикалық сипаттамасы.
Слайд 3. К.Хорни тұлғаның 11 невротикалық қажеттіліктерін белгілейді:
-
Мадақтауды қажет ету, басқаларға ұнау, сымбатты болу.
-
Жалғыздықтан қорку.
-
Көпшіліктің көзіне түспеу.
-
Ақыл арқылы басқаларды билеу қажеттілігі.
-
Басқаларды пайдалану қажеттілігі.
-
Әлеуметтік мойынсынуды қажет ету.
-
Тым асыра өзін бағалау қажеттілігі.
-
Жеке жетістіктеріне қуану, басқалардан артық болып көріну.
-
Өзін-өзі тәуелсіз сезіну қажеттілігі.
-
Сүйіспеншілікті қажет ету.
-
Өзін-өзі жоғары ұстау.
Слайд 4. Психологтар үрейліктің келесі себептерін анықтайды:
-
Физикалық зақымдану үрейі.
-
Сүйіспеншілікті жоғалту үрейі.
-
Өзін кінәлі сезіну үрейі (өзін-өзі қорлау).
-
Фрустрация (уайымдау) кезіндегі үрейлік.
-
Ортаға бейімделмеу.
-
Отбасындағы тәрбие жағдайы.
Слайд 5. Үрейліктің 2 топ белгілері:
-
Соматикалық симптомдардың және сезінушіліктердің дәрежесінде өтілетін физиологиялық белгілер.
-
Психикалық жүйесінде өтілетін реакциялар.
Слайд 6. Жасөспірімнің бейімделмеуінің формалары мен себептері.
Формалары
|
Себептері
|
1.Оқу іс-әрекетіне бейімделмеуі.
|
1.Баланың интеллектуалдық және психомоторлық дамуы жағынан жетілмеуі, ата-аналармен және мұғалімдер жағынан көмек пен назардың жетіспеушілігі.
|
2. Өз мінезқұлқын еркін түрде басқаруға қабілетсіздік.
|
2.Отбасындағы тәрбиенің жетіспеушілігі /сыртқы нормалар мен тыйымдардың болмауы/.
|
3.Мектеп өмірінің қарқынына ілесе алмаушылық .
|
3.Отбасыдағы жағымсыз тәрбие мен жасөспірімнің жеке даралығының дамымауы.
|
4.Мектеп неврозы немесе «мектеп фобиясы» .
|
4. Баланың отбасы қауымдастығы шеңберінен шыға алмауы.
|
Слайд 7. Суицид девиантты мінез-құлықтың формасы.
Девиантты мінез-құлық формасы дегеніміз – бұл жалпы қабылданған және стандартпен орнатылған нормалардан (заңнамалық, моральдық, әлеуметтік) аутқу. Р.М. Масагутованың пікірінше жасөспірім суицидінің сипаты көп жағдайда ата-аналармен дау-жанжал болуымен байланысты. Яғни осындай отбысыларда девианттық тәрбие беру қалыптасқан. Девианттық тәрбие – қоғамда қабылданған моральдық нормалардан ауытқыған тәрбие. Кең мағынада құқық бұзушылық тәртіпке жақын (яғни, моральдық норма ғана емес, құқықтық нормаға да қарсы жүретін тәртіп). Ал бәрімізге мәлім жағдай – бұл баланың ата-анасымен қатынасы оның тұлғалық қасиеттерінің дамуында маңызды фактор болып анықталады.
Өз-өзіне қол жұмсау фактілердің көпшілік саны 16-24 жас аралығындағы жастарға тән жағдай. Бұл көп жағдайда жастардың әлеуметтік жағынан құқықтарының сақталмауымен байланысты.
«Сонымен, жастар неге өз-өздерін өлімге қияды?»
Осы сұраққа жауабы ретінде суицидтің себептерін қарастыруымыз керек. Ең бірінші себеп – бұл жастарға зорлық-зомбылық көрсету.
Көп жағдайда зорлық-зомбылық фактілері жетім балаларға арналған мектеп-интернаттарда, балалар үйлерінің және жасөспірімдер үйлерінде жиі болып тұрады. Осыған орай осындай фактілерді болдырмау үшін жұмыс барысында балалар мекемелерінің қызметкерлерінен және балалар үйлерінің тәрбиенушілерінен зорлық-зомбылық проблемасы туралы ақпараттар алынуы тиіс. Балалар мекемелерінде қыздар мен ұлдардың құқықтарын сақтау мәселелері талқыланып, өткір мәселелер мен оларды шешудің ықтимал жолдары анықталады. Балалар мекемелерінде бірқатар шаралар өткізгеннен кейін жаттықтырушылар семинарға қатысушылардың алған білімдерін бағалаған кезде осындай қорытындыға келген.
Үйдегі зорлық-зомбылық. Үйдегі күш көрсету – ол жиілілігі арта түсіп, қайталанып отыратын цикл. Оғане бақылау мақсатындағы тәндік, ауызша, рухани және экономикалық жәбірлеулер, қорқыту, үрей сезімінің билеп алуы жатады. Мұнда бір адамның өзге біреудің жүріс-тұрысы мен сезімін бақылауы немесе бақылауға ұмтылуы деген сөз. Отбасы ішіндегі зорлық-зомбылық ренжітуші мен ренжуші арасындағы табиғи қарым-қатынас анықтайтын арнаулы категориядан, сондай-ақ, олардың өмір сүру жағдайларынан тұрады. Мәселен:
-
балаларға қатал қарау;
-
жұбайына немесе құрбысына қарсы бағытталған зорлық-зомбылық;
-
қарттарға қарсы күш көрсету.
Осындай зорлық-зомбылық көрген адамдарда, тірі қалған жағдайда, посттравматикалық стресстік аутқулар пайда болады. Стресстік жағдайлардан дер кезінде шығу жолы көрсетілмегенде суицид болуы мүмкін [30]. Яғни секталарда адамның санасын улау әдісі қолданып, оларды жүйелі түрде арнайы бағдарламамен секталар өздеріне бағындырып, айтқанын жасатады.
Кейде суицидтің себептеріне аяқ-асты болатын келеңсіз жағдайда жақын адамын жоғалту жатқызылады. Жоғарыда қарастырылған мысалдар суицидалдық күйдің пайда болуын сыртқы әсермен түсіндіріледі.
Ал депрессияның жеке сипаты да болады екен. Балалар ересек адам секілді суицидтік әрекетті депрессияның әсерімен жасауы мүмкін.
Жасөспірім жасындағы балалар депрессиясының ерекшелігі – жоғары эмоциялықтың болуымен сипатталынады. Яғни оларда көңіл-күйдің дистрофикалық көрінісі байқалады, шыдамсыздық және тым асыра ұайымдаушылықтың, зейіннің шашыраңқылығы, қатынастарында үнемі қақтығыстардың болуымен сипатталынады. Және осындай жағдайдағы балалар үнемі дау-дамайға бейім болып, тыңдамаушылықты байқатады, олардың үлгірімі нашарлайды, денсаулығына зиян келтіретін әрекеттер жасалынады (шылым мен наша шегеді,сыра ішу байқалады).
Балалардың және жасөспірімдердің депрессиялық жағдайы кейде олардың гиперактивті мінез-құлықтың көріністерімен және агрессивті әрекеттерімен, құқықбұзушылықпен білінбей кетеді. Жасөспірім жасындағы қыздар ұлдарға қарағанда 3 есе жиі осындай депрессиялық жағдайларға ұшырап отырады.
Д.Н. Оудсхоорнаның зерттеулері бойынша [31] суицидалдық жасөспірімнің 2/3 бөлігі аналарымен инфантильдік және тәуелділік байланыста болады екен. Осындай балалардың суицидалдық әрекеттері олардың аналарының суицидалдық мінез-құлығымен байланысты, яғни олар өз аналарының мінез-құлқын қайталайды (идентификация механизмі).
Жасөспірімдер арасында кездесетін өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің мотивтерін эксперт-психологтар және жасөспірімдердің өздері түрлі тәсілдермен түсіндіреді: қорқытып, кісілерді өздеріне бағындыру – 40 пайыз шамасында кездеседі, дұрыс сыйластық қатынаспен қарамаған адамды қорқытып, өзін сыйлату мақсатында – 30 пайыз шамасында кездеседі, «өзгені қалай сүйетінін көрсету үшін және өзге адам оны қаншалықты шынайы жақсы көретінін дәлелдеу үшін» – 25 пайыз шамасында кездеседі.
Сонымен бірге жастардың суицидалдық әрекетін «жан айқайы» ретінде немесе көмек сұрау ретінде қарастырамыз. Ол болған жағдайлардың 18 пайызын құрайды. Әрине суицидтің құрбаны болған адамдарда бірнеше мотивтер болуы ықтимал.
Осындайда олардың биологиялық оптимизмі өлімге деген шынайы қарауға кедергі болады. Жасөспірім жасындағы депрессияның негізінде өз құрбыларымен қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыра алмау білігі, қарама-қарсы жыныстағы адам үшін өзін сүйкімсіз ретінде қабылдауы, отбасыны тым асыра тәуелді болу жағдайы жатыр. Осындай проблемаларды шешу үшін топтық терапия және клубтық жұмыс формаларын өткізу маңызды болып табылады. Ал зорлық-зомбылықтың себеп-салдарлық зардаптардың алдын алу мақсатында, яғни онымен байланысты болатын суицидтің алдын алу үшін құқықтық білім беру ісі ұйымдастырылуы тиіс.
Адам құқықтары туралы мәлімет.
Ерікті елдің азаматы шын мәнінде ерікті болу тиіс, оған мұндай еркіндікті өз құқығы мен міндеттерін жете білуі, оларды кез-келген жағдайда, өзге азаматтарға зиянын тигізбей, қорғай алуы барысында иеленеді. Өз елінің шын мәніндегі азаматының белсенді әлеуметтік ұстанымы болуы тиіс. Ол үшін жастардың құқықтық мәдениетін көтеру керек, өзгелердің құқығын қорғау және құрметтеу қабілетін қалыптастыру. Мұндай қатынастарда адамдарға құқықтық білім берудің көпжылдық және тұрақты жүйесі қалыптасқан Француз Республикасының тәжірибесі үлгі бола алады. Францияның үлгісі саяси плюрализм рухында демократиялық дамудың алдыңғы жаңа үлгілерінің бірін және адам құқығы мен еркіндігінің сақталуын көрсетеді, оны жүзеге асыру үшін оқушылардың азаматтық тәрбиесін тиянақты жүргізу, кез-келген адам құқығын құрметтеуді үйрету керек. Осыған орай құқықтық білім беру жүйелі, үнемі, мақсатты, құнды және өзгерістеремен үндес жүруі тиіс.
Қазақстан Республикасының «Балалар құқықтары туралы» Заңы (2002 жылғы 8 тамыздағы №45) балалардың негізгі құқықтары мен мүддесін жүзеге асырумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейді, онда балаларды толыққанды өмірге дайындау, олардың қоғамдық мәнді және шығармашылық белсенділігін дамыту, олардың қоғамдық мәнді және шығармашылық белсенділігін дамыту, жоғары адамгершілік рухта, патриотизмге, азаматтыққа, ұлттық санасын қалыптастыруға әлемдік өркениеттің жалпы адамзаттық құндылықтары негізінде қалыптастыру көзделеді. Әрбір баланың төмендегідей құқықтары бар:
-
Даралық ерекшелікке және оны сақтауға, 9-бап;
-
Өмір сүруге, жеке басының бостандығына, қадір-қасиетіне-және жеке өміріне қол сұғылмауға, 10-бап;
-
Сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмірге араласуға, 11-бап;
-
Қажетті тұрмыс деңгейіне, 12-бап;
-
Мүлікке, 13-бап;
-
Тұрғын үйге, 14-бап;
-
Білім-алуға, 15-бап;
-
Еңбек бостандығына, 16-бап;
-
Мемлекеттік көмекке, 17-бап;
-
Демалуға және бос уақытын пайдалануға, 19-бап;
-
Отбасында өмір сүру және тәрбиелену, 21-бап;
-
Ата-анасымен бірге тұру, 25-бап;
-
Өзінен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау, 26-бап.
Сонымен құқықтық білімнің негізгі міндеттері – білім алушыларға қоғамның белсенді мүшесі ретінде мемлекет пен қоғам белгілеген еркіндігі мен міндеттері бар екенін ұғындыру; әрбір оқушыны азаматтық қоғамның әлеуметтік өмірінің құқықтық түрлерімен таныстыру. Адамдардың бір – бірімен дау – дамайсыз (қақтығыссыз) және тұрмыстық іскерлік қарым-қатынасын құру ережелерімен таныстыру; оның бойына халықтық жоғары ізгілік нормаларын сіңіру (үлкендерді, әйелдерді құрметтеу, қол сұғудың кез-келген түріне тойтарыс беру, әлсіздер мен кішілерге қамқорлық жасау); оларды өзгенің пікіріне, мінез құлқы мен мүддесіне шыдамдылық көрсетуге үйрету, сондай-ақ дінін сыйлау; оқушыларда патриотизм мен заңды тыңдау секілді жеке тұлға қасиетін қалыптастыру.
Жаттықтырушы:
– Сонымен, қалай ойлайсыздар Қазақстандықтарды мұндай қадамға баруға не итермелейді? Қиын тұрмыс па? Әлде психологиялық әлсіздік пе? Мүмкін, әлемде болған қаржылық дағдарыстың салдары шығар? Жыл сайын бес мыңға жуық Қазақстандықтың өмірін жалмайтын бұл құбылысқа басты себеп не? Адамдардың өз-өзін құрбан етуіне қандай жағдайлар себеп болады? Өз-өзіне қол салу бұрын егде жастағы адамдар арасында жиі болса, қазір жастар арасында көп кездесетіні не себептен деп ойлайсыз?
Енді осы сауалдар төңірегінде ой қозғап, жауап іздеп көрелік. Ол үшін барлығымыз топтасып жұмыс жасаймыз. Осы отырған аудиториямызда 3 топқа топтасуымыз керек.
Психологтардың пікірінше егер ішкі суицидалдық жағдайды дер кезінде анықтап отырса, онда ол сыртқы мінез-құлық жағдайына өтпейді.
Бірінші топтың тапсырмасы – Ішкі суицидалдық жағдайдың көріністерін айқындау.
Екінші топтың тапсырмасы – Суицидалдық мінезқұлықтың сыртқы формаларын айқындау.
Үшінші топтың тапсырмасы – Жасөспірім суицидінің психологиялық мәні неде? Суицидтің нақты белгілері жоқ бірақ жалпылама белгілері кездеседі, соларды жазыңыздар.
Топтар өз тапсырмаларын орындап болған соң, оларды жұртшылық алдында қорғайды. Осылайша мәселенің кейбір сұрақтарын талқылау арқылы пысықтайды.
ІІІ - БӨЛІМ. Қорытынды.
«Дау-жанжал» мүсіні» жаттығуы (20 минут).
Сынақтан өтетіндер үш адамнан топтарға бөлінеді де, «мүсінші» таңдайды. Ол «Дау-жанжал» деп аталатын мүсіншілер тобын құрып, онда өз орнын иеленеді. Рефлексия. Жаттығу барысында өз әсерлеріңізді жазып көріңіз. «Мүсінші» қай жерде кернеулікті сезді? Әр түрлі қалыпта тұрғанда қандай сезімдер пайда болды? Эмоциялық және физикалық кернеулік байланыстарына көңіл аудару. Одан әрі команда 3 шағын топқа бөлінеді. Бөлу әдісі: апельсин – мандарин – алма. Апельсиндер «дау-жанжал» ұғымының эмблемасын әзірлейді.
Мандариндер – «дау-жанжал» туралы өлең шығарады. Алмалар – әндерден попурри құрастырады. Жұмыстарын аяқтаған соң әрбір шағын топ өз жұмыстарын таныстырады.
4-қосымша
ПЕДАГОГТАР МЕН ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПІКІРТАЛАС БАҒДАРЛАМАСЫ
Мақсаты: Пікірталасқа белсенді қатысу арқылы тұлғаның үйлесімді қалыптасуына, әрбір қатысушығы өзін-өзі ашуына және махаббат пен қоршаған әлемге қайырымды қатынасты көрсету арқылы өзінің даралығын ұғынуға көмектесу. Өмірге деген жағымды көзқарасты және кез келген қтиындықтарды жеңіп шығуға дайындықты қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Балалардың шығармашылық потенциалын ашу және дамыту үшін жағымды ортаны құру;
-
Оқушылар арасындағы өзара түсінісу мен достық байланыстарды бекіту;
-
Пікірталаста тілектестік, жайлылық, достық атмосферасын құру;
-
Оқушылардың жағымды көшбасшылық қасиеттерін анықтау және осының негізінде болашақта мектепте кездесетін мәселелерді шешуде әлеуметтік белсенді іс-әрекетпен байланысты шынайы тәжірибені игеруге әсерін тигізетін жастар қозғалысын қалыптастыру.
Пікірталас – топта шешім қабылдау процесін интенсивтендіру мақсатымен бірлескен іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілі
Пікірталастың тақырыбы: «Суицид мәселесі»
Достарыңызбен бөлісу: |