Он үшінші ғасыр Европа мен Азия халқы үшін елеулі оқиғаларға толы, халықтың тарихында елеулі із қалдырған кезең болды


Еуропа саяхатшыларының деректеріндегі тарихи деректер



бет3/4
Дата28.12.2023
өлшемі19.31 Kb.
#488234
1   2   3   4
stud.kz-43544

Еуропа саяхатшыларының деректеріндегі тарихи деректер


      1. І. Плано Карпинидің Шығыс елдеріне жасаған сахатынан


Татарлардың әскер бөлінісі: Шыңғыс ханның әмірі бойынша, монғол әскерінде ондықтың басында бір адам тұрды, ал он ондықтың басында бір адам тұрды, ол жүздік деп аталды, ал он жүздіктің басында бір адам тұрып, оны мыңдық басқарған, ал он мың әскердің басында он мыңдық тұрған, он он мыңдықтың басында түмен тұрған. Барлық әскердің басында екі немесе үш қолбасшы тұрып, олар бір адамға бағынған. Егер әскер соғыста болған жағдайда, ондаған адамның бір, екі, үш, тіпті одан да көп адам қашатын болса, олардың барлығын өлтіреді, егер де жүз адамның оны қашып, онда олардың барлығын өлтіреді. Бір сөзбен айтқанда, егер кері шегінген жағдайда барлығы келісіп бірге шегінбесе, онда қашқындардың барлығы өлтіріледі; егер осыған сәйкес бір немесе екеуі батыл соғыса бастаса, ал қалғандары бірге шайқаспаса оларды да өлтірген. Егер олардың біреуі немесе екеуі тұтқынға түсіп, қалғандары оны құтқармаса, олар да өлтірілген.


Монғолдар соғысқа аттанбас бұрын, алдымен барлаушы жібереді, оладың аты мен қаруынан басқа еш нәрсесі болмаған. Олар тонамайды, үйлерді өртемейді, аңдарды өлтірмейді, олар тек жаралап қана қояды, ал егер басқа нәрсе жасай алмаса, оларды қуғынға ұшыратады; бірақ олар адамды қуғындағаннан гөрі оларды өлтіріп тастайды.
Олар үнемі өз жауларын көрген сайын оған бірнеше жебе атады, егер жауларын жеңе алмайтынын білген жағдайда, кері шегінген сыңай танытып, өзері құрған тұзаққа жаулары келгенше жүріп өтіп, оларды қоршауға алады. Дәл солай, оларға үлкен күш тап келген жағдайда, олардан бір екі күн кері қашып, ойламаған жерден тап беретін болған. Соғыста олар өте қу болып келеді, себебі қырық жылдан астам уақыт бойы үнемі соғыс үстінде жүр.
Олар соғыспас бұрын алдымен садақ атып жауының аты мен өздерін қансыратып әлсіретеді де, кейін соғысуға көшеді.
Біз Командардың бүкіл жерімен жүрдік, үлкен жазық жаламен және төрт үлкен өзеннен жүріп өттік: бірінші – Днепр онда Ресей жері, ол жерде Коренцалар көшіп жүрді, екінші – Дон, князь Батудың әпкесіне үйленген Картан көшіп – қонып жүрген. Үшінші – Волга бойында Бату көшіп – қонып жүрді, төртінші – Жайық деп аталды, бұл Ұлы өзен, Константинопольге қарай ағатын.
Біз Бату сарайына келгенде, бізді Командар жеріне ыңғайлы етіп қоныстандырды, Бізді оның сарайына апаратын кезде, біз қаламасақ та, екі оттың арасынан жүріп өтуіміз керек деген болатын. Бізге: “Бізге екі оттың арасынан жүрудің себебі, егер сендер біздің қожайынға қарсы қастандақ ойластырсаңдар немесе у әкелсеңдер от соның барлығын әкетеді, деген болатын.” Біз оларға: “Біз одан тек қана күмән тудырмау мақсатында өтер едік.” Біз ордаға барған кезде, Елдегай атты олардың басшысы, бізден тағзым етуді сұрады, яғни қандай сыйлықтар әкелгенімізді сұрады. Біз оған Папа бізге ешқандай сыйлық беріп жібермегенін және оны біз құрметтейтінімізді айттық. Бізден не мақсатпен келгенімізді сұрады. Біз өзіміздің келу себебімізді тізе бүгіп айттық, және граммотаны табыс етіп, тілмаш беруді сұрадық. Оны бізге Ұлы жұма күні берді, солармен бірге оны татар тіліне аударып, сол аударманы Батуға табыс еттік, оны мұқият оқып болды. Бізді өзіміздің тұрақтаған жермізге апарды, бірақ бізге азық бермеді.
Бұл Бату барлық сән – салтанатпен өмір сүреді, өзінің қарамғындағылармен және чиновниктерімен император тәрізді ұстайды. Ол бәрінен жоғарырақ тақта отырады, ал әйелдері, бауырлары мен балдары, одан төмен отырады, әйелдер сол жағында, ерлер оң жағында отырады. Олардың тұарқтары өте әдемі, льян матадан, ол бұрын Венгр короліне тиесілі болған. Оның сарайына ешкімнің кіруге құқы жоқ, тек өзінің жанұясы мен арнайы шақырылғандардан өзге. Біз өз айтатынымызды айтып болған соң сол жағына отырдық, онда кеген барлық елшілер сол жағына отырады. Сарайдың ортасында үлкен стол тұрады, онда алтын немесе күміс ыдыста сусын тұарды, Бату немесе өзге Татар княздары гитара ойнап тұрмаса, ешқашан сусынын ішпеген. Бату өз адамдарына өте қайырымды, бірақ солай бола тұрса да олар одан қорықты; соғыста өте қатал; көп уақыт бойы соғыс жүргізгендіктен соғыста өте айлакер.
Алтыншы күні жоғарыда аталған Батудың өзі келді, ол біздің император Күйікке оның атынан баратынымызды айтты. Бізге екі татарды қосып жіберді, біздің жейтін азығымыз мүлдем болмады, тек бидай мен тұз және еріген қардың суын іштік, және өте әлсіреген болатынбыз.
...Кейін біз қара Қытай жеріне келдік, мұнда Татарлар тек бір ғана қала салған, ол Омыл деп аталады. Император бізді өз сарайына сусын ішуге шақырды. Кейін біз Батудың ағасы Орданың тұратын жеріне келдік, ол татар княздерінің ең үлкені.
Одан шығып біз Найман жеріне жеттік, одан шығып Монғол жеріне келдік. Бұл жерлерден үш апта тез жүріп біз қазіргі император Күйікке келдік. Ол бізге шатыр беруді сұарды. Бірақ біз оған кіре алмадық, ол әлі сайланбаған болатын. Біз Батуға берген хаттың аудармасын табыстадық, біздің айтқан сөздеріміз қоса жазылған. Біз онда 5 – 6 күн болған соң, бізді анасының ордасына жіберді. Үш күннен кейін онда Күйіктің өзі келді. Ол келгенде үнемі ән айтылып тұрды.
Бұдан кейін біз таулар мен бұлақтардың расында керемет жазық далада, арнайы дайындалған шатыр Алтын Ордаға бардық. Ол жерде Күйік хан таққа отыруы тиіс болатын. Ол таққа отырмас бұрын барлығы тізерлеп отырды, бұл барлық халық солай жасады, тек біз ғана тұрып тұрдық. Себебі біз олардың не жасайтынын түсінбедік және олрға бағынышты емес болатынбыз.
Кейін оларда пир болды, онда олар кешке дейін ішетін және жеуге ет әкелді. Осы тағамды үнемі мерекелік кештерде ұсынып отырған.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет