Өндіріс (2005жылғы желтоқсан)



Дата29.02.2016
өлшемі47 Kb.
(Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша)
Өндіріс (2005жылғы желтоқсан)

2005 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданылып жүрген бағаларда 5124,1 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 4,6% артық. Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2004 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 3,2%, өңдеу өнеркәсібінде - 6%, электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлу көлемі 2,2% өсті.

Тау-кен өнеркәсібінде өндіріс көлемінің ұлғаюы негізінен табиғи газ өндірудің 25%, газ конденсатын өндірудің 21%, лигнит өндірудің 14,5%, мыс өндірудің - 11%, хром өндірудің - 8,9%, агломерирленбеген темір рудаларын өндірудің - 8,6% және қорғасын-мырыш - 4,3%, өңделмеген мұнай өндірудің 1,1% өсуімен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, мына рудаларды өндіру қысқарды: құрамында алтыны бар рудаларды өндіру 48,5%, агломерирленбеген темір рудалары - 8,2% және мыс-мырыш - 0,1% және темір рудаларының кесектері - 20,7%, тас көмір - 1,3%.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндірістің өсуіне көлік құралдарын және жабдықтар өндіру көлемінің 50%, тоқыма және тігін өнеркәсібі көлемінің 9,4%, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспа ісінің – 28,8%, темекі өнімдерінің - 5,4%, сусындарды қосқанда, тамақ өнімдерінің – 14,4%-ға, машина жасаудың – 20,1%, кокс, мұнай өнімдері және ядролық материалдардың - 15,6%, машина және жабдықтардың - 4,3%, ағаш және ағаштан жасалған өнімдер өндірудің - 15,2%, рәзеңке және пластмасса бұйымдарының - 16,1%, теріден жасалған бұйымдар және аяқ-киім көлемінің 1,7%, электр жабдығының, электронды және оптикалық жабдық көлемінің 0,5% көбеюі себепші болды. 2005 жылғы қаңтарда-желтоқсанда химия өнеркәсібінің – 4,7% және металлургия өнеркәсібі – 6,8% көлемінің қысқаруы байқалды.

Электр қуатын, газ және су өндіру мен бөлу өндіріс көлемінің және газ күйіндегі отын мен электр қуатының тиісінше 23,3% және 3,3%, бумен және ыстық сумен жабдықтаудың 0,5% көбеюі есебінен өсті, бұл ретте су жинау, тазалау және бөлу көлемінің 1,7% қысқарғаны байқалды.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2005 жылғы қаңтар-желтоқсанда 764,8 млрд. теңгені құрап, 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 6,7% артты.

2005 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстары мен көрсетілген қызметтердің көлемі үстеме бағаны қосқанда 743,6 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы деңгейден 34,1% көп. Тұрғын үй құрылысына 241 млрд. теңге инвестиция бөлінді, бұл 2004 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 1,6 есе артық.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2205,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы осы кезеңге қарағанда 1,2 есе артық. Мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 33,9%-ы), жылжымайтын мүлікпен операциялар (21,1%), көлік және байланыс (14,8%), өңдеу өнеркәсібі (10,4%) басым салалар болып табылады.

2005 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк тасымалдау көлемі 2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республикада 4,8% өсіп, деңгейі 1927,9 млн. тонна жүкке жетті.

Байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызметтер көлемі 2005 жылғы қаңтар-желтоқсанда 216,7 млрд. теңге болды, оның ішінде халыққа қызмет көрсету – 75,9 млрд. теңге, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда тиісінше 27,7% және 29,4% артық.


Инфляция және бағалар (2005 жылғы желтоқсан)

2005 жылғы желтоқсанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары қараша айымен салыстырғанда 1,2% төмендеді, 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 20,3% өсті. Өндірілген өнімдердің бағасы 1,3% төмендеді, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер 0,2% қымбаттады. Түпкі мақсаты бойынша жіктелген өнімдер тобынан аралық тұтыну өнімдерінің бағасы 1,6% төмендеді, өндіріс құралдары 0,6%, тұтыну тауарлары - 1,3%, артты.


МОНЕТАРЛЫҚ ШОЛУ

Халықаралық резервтер және ақша агрегаттары (2005 жылғы желтоқсан). 2005 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банктің халықаралық резервтері ттөмендеді. Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету және Ұлттық қордың активтерін толықтыру нәтижесінде Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері ағымдағы бағаларда 10,2% (немесе 805,1 млн.долл.) өсті. Нәтижесінде, таза валюталық қорлар (ЕАВ) 843,4 млн. долларға ұлғайды. Алтындағы активтермен жүргізілген операциялардың және оның әлемдік нарықтардағы бағасының 3,9% өсуі нәтижесінде 3,3 млн. долларға ұлғайды.

Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағаларда), яғни Ұлттық қордың ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 8,0 млн.долл.) 15 080,5 млн. доллар болды. Өткен аймен салыстырғанда өсім 7,4% болды.

2005 жылғы желтоқсанда ақша базасы 8,7%-ға 663,0 млрд. теңгеге дейін кеңейді. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтерінің көбеюі ақша базасын кеңейтудің негізгі факторы болды.

Депозиттік ұйымдардың ішкі активтерінің көбеюі нәтижесінде ақша массасы 2,6%, 2065,3 млрд.теңге дейін өсті.

Желтоқсанда айналыстағы қолма қол ақша (М0) 4,1% ұлғайып, 411,8 млрд. теңгеге жетті, ал банк жүйесіндегі және кредиттік серіктестіктердегі депозиттер 2,3% көбейіп, 1653,5 млрд. теңгеге жетті. 2005 жылғы желтоқсанда депозиттердің өсу қарқынының айналыстағы қолма қол ақшамен салыстырғанда алда болуы соңғыларының ақша массасы құрылымындағы үлесінің қарашада 80,3%-дан 80,1%-ға дейін азаюына негіз болды.

Ақша массасының өсуі ақша базасының азаюы кезінде ақша мультипликаторының 3,30-дан 3,12-ке дейін көбеюіне себеп болды.


ҚАРЖЫ РЫНОГЫ
Депозит нарығы (2005 жылғы желтоқсан). 2005 жылғы желтоқсанда депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылғы қарашамен салыстырғанда 2,3% едәуір ұлғайып, 1653,5 млрд. теңге болды.

2005 жылғы желтоқсанда ұлттық валютадағы депозиттер 4,3% көбейіп, 960,7 млрд. теңгеге жетті, ал шетел валютасындағы депозиттер 0,4% шамалы азайып, 692,8 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы желтоқсанда 2005 жылғы қарашамен салыстырғанда 57,0%-дан 58,1%-ға дейін азайды.

Заңды тұлғалардың депозиттері едәуір 0,04%-ға төмендеп, 1 066,2 млрд. теңгеге дейін жетті, жеке тұлғалардың депозиттері 6,7%-ға көбейіп, 587,3 млрд. теңге болды.

Банктердегі халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) салымдары осы айда 6,8% өсіп, 596,8 млрд. теңгеге жетті. Желтоқсанда халықтың салымдары құрылымындағы теңгелік депозиттер 5,3% өсіп, 312,2 млрд. теңгеге, ал шетел валютасындағы депозиттер 8,6% өсіп, 284,6 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде, теңгелік депозиттердің үлес салмағы желтоқсан айында 2005 жылғы қарашамен салыстырғанда 53,1%-дан 52,3%-ға дейін артты.

Желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгелік мерзімді салымдары бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 3,3% деңгейінде өзгерусіз қалды, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша қарашада 9,1%-дан бастап 9,6%-ға дейін көтерілді.
Кредит нарығы (2005 жылғы желтоқсан). 2005 жылғы желтоқсанда банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борыштың жалпы көлемі 11,4% ұлғайды және 2592,1 млрд. теңге болды.

Ұлттық валютадағы кредиттер осы айда 6,6% өсіп, 1255,8 млрд. теңгені құрады, ал шетел валютасындағы кредиттер 16,4% өсіп, 1336,3 млрд. теңгені құрады. Нәтижесінде теңгелік кредиттердің үлес салмағы қараша айымен салыстырғанда 50,7%-дан 48,4%-ға дейін төмендеді.

Ұзақ мерзімді кредиттер де, сол сияқты қысқа мерзімді кредиттердің де өсу үрдісі байқалады. Мәселен, ұзақ мерзімді кредиттер 7,8 % өсіп, 1722,9 млрд. теңгеге, ал қысқа мерзімді кредиттер 19,5% өсіп, 869,1 млрд. теңгеге жетті. Нәтижесінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 68,7%-дан 66,5%-ға дейін жоғарылады.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берілген кредиттері желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 3,3% ұлғайып, 470,2 млрд. теңгені құрады.



Банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы қарашамен салыстырғанда желтоқсанда 13,4%-дан 13,0%-ға дейін төмендеді, ал жеке тұлғаларға берілгені бойынша 19,5%-дан 19,7%-ға дейін жоғарылады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет