Өндіріс (2007 жылғы қаңтар -қараша)



Дата29.02.2016
өлшемі76.5 Kb.
#34048
Өндіріс (2007 жылғы қаңтар -қараша). Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2007 жылғы қаңтар-қарашада қолданылып жүрген бағалармен 6914,9 млрд. теңге болды, бұл 2007 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 4,5% көп. Өңдеуші өнеркәсіпте өндіріс көлемі 2006 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,9%, тау-кен өнеркәсібінде 2,8%, электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлуде 6,5% өсті.

Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің өсуіне тері, теріден жасалатын бұйым және аяқ киім өндірісі көлемінің 37,8%, химия өнеркәсібінің 28,2%, резеңке және пластмасса бұйымдарының 25,2%, машина және жабдықтың 20,3%, ағаш өңдеу және ағаштан жасалатын бұйым өндірісінің 15,7%, машина құрылысының 9,6%, кокстың, мұнай өнімдері мен ядролық материалдардың 9,6%, сусындарды қоса алғанда тағам өнімдерінің 7,3%, көлік құралдары мен жабдықтың 6,2%, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің және баспа ісінің 4,9%, металлургия өнеркәсібінің 2,4%, темекі өнімдерінің 2,3% ұлғаюы мүмкіндік жасады. Бұл ретте тоқыма және тігін өнеркәсібі және электр жабдығы, электрондық және оптикалық жабдық өндірісі көлемінің тиісінше 16,2% және 0,9% төмендеуі байқалды.

Тау-кен өнеркәсібі өндірісі көлемінің ұлғаюы негізінен мұнай мен іліспе газ өндірудің 3,3%, агломерирленген темір кені мен темір кендерінің кесектерін өндіру есебінен темір кенін өндірудің 2,2% ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар түсті металл кендірін, мыс кенін, көмір және лигнит кендерін өндіру қысқарды.

Электр энергиясын, газды және суды өндіру мен бөлу 2006 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда электр энергиясын өндіру және бөлу көлемінің 7,8%, газ күйіндегі отын өндіру және бөлу көлемінің 6,9%, бумен және ыстық сумен қамтамасыз ету көлемінің 4,6% ұлғаюы есебінен 6,5% өсті. Суды жинау, тазалау және бөлу көлемі өзгеріссіз қалды.

Ауылшаруашылығының жиынтық өнімінің көлемі 2007 жылғы қаңтар-қарашада 985,3 млрд. теңге құрады және 2006 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 8,5% ұлғайды.

2007 жылғы қаңтар-қарашада құрылыс жұмыстары мен қызмет көрсету көлемі толықтыру бағалауды қоса алғанда 1187,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың осындай кезеңінің деңгеймен салыстырғанда 14,8% көп. Тұрғын үй құрылысына 427,1 млрд. теңге (жалпы көлемнің 15,5%) инвестиция жұмсалды, бұл 2006 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 1,4 есе көп.

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2752 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 10,5% жоғары. Басым салалар мұнай және табиғи газ өндіру (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 28,8%) жылжымайтын мүлікпен операциялар (25,9%), көлік және байланыс (13,7%), өңдеуші өнеркәсіп (9,8%) болып табылады.

2007 жылғы қаңтар-қарашада республикадағы жүк тасымалдау көлемі 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1731,8 млн. тонна жүк деңгейіне жете отырып, 4,8% өсті.

Байланыс кәсіпорындары көрсеткен қызмет көлемі 2007 жылғы қаңтар-қарашада 322,6 млрд. теңге, оның ішінде халыққа 129,1 млрд. теңге болды, бұл тиісінше өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағалармен 33,5% және 32,0% көп.
Инфляция және бағалар (2007 жылғы қараша). Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулерді қоса алғанда 2007 жылғы қазанмен салыстырғанда қарашада 6,8%, 2006 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 26,8% өсті. Өндірілген өнімнің бағалары 7,1%, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер 1,2% жоғары болды. Түпкілікті мақсатты бойынша жіктелген өнім топтарынан өндіріс құралдарының бағалары 2%, тұтыну тауарларының бағалары 2,7%, аралық тұтыну өнімнің бағалары 7,6% жоғары болды.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция 2007 жылғы қарашада 2,7% (2006 қарашада – 0,8%) болды. Азық-түлік тауарларының бағалары 3,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызмет көрсету бағалары 1,8% өсті.

Азық-түлік тауарлары арасында өткен айда макарон бұйымдары 10,6%, жұмыртқа 9,7%, май және тоң май 7,7%, оның ішінде күнбағыс майы 8,3%, сүт және сүт өнімдері 6,1% біршама деңгейде қымбаттады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында бензин 6,0%, жуу және тазалау құралдары 2,0% қымбаттады.

Халыққа ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету негізінен суық сумен қамтамасыз етудің 6,1% және ыстық сумен қамтамасыз етудің 2,8%, орталықтан жылытудың 2,7% қымбаттауы есебінен 2,1% қымбаттады. Мектепке дейінгі білім беру 1,9%, көлік қызметін көрсету 1,6% қымбаттады.

2007 жылғы қаңтар-қарашада инфляция 16,5%, ал 2006 жылдың тиісті кезеңінде 7,5% болды.

Инфляцияның қарқындауына оның құрамдас бөліктері бағаларының, негізінен азық-түлік тауарлары бағаларының 23,2% (2006 жылғы қаңтар-қарашада 6,0%) және ақылы қызмет көрсету бағаларының 14,0% (10,8%) өсуі себепші болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11 айда 9,2% (6,7%) қымбаттады (1-график).

1-график


2006 және 2007 жылдардағы инфляция және оның құрамдас бөліктері



2007 жылғы қарашада инфляция жылдық көрсетумен 17,5% (2006 жылғы желтоқсанда 8,4%) болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет