Өндірістік үдерістерді механикаландыру және автоматтандыру кафедрасы Зертханалық сабактардын әдістемелік жоспары «Ет және балық өндірісі кәсіпорындарындағы құрал-жабдықтар»



бет5/17
Дата03.01.2022
өлшемі1.29 Mb.
#450474
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
зертханалык сабак ет және балық өндірісітерінің технологиялық машиналары мен жабдықтары

Зертханалық сабақ №3

Тақырыбы: Жұқа ұсақтауға арналған машиналарының құрылысымен танысу
Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың мақсаты: Конструкцияның құрылуын, жұмыс iстеу тәртiбiн, режимiн, рационалды эксплуатациялануын және ерекшелiктерiн оқу. Толассыз жҰқа Ұсақтауға арналған машиналардың технологиялық есептерiн жұргiзу.


Жұқа ұсақтау ұшiн келесi машиналар қолданылды:

  1. Әртұрлi пiшiндi және орақ тәрiздi пышақтары әртұрлi орналасқан толассыз және мерзiмдi әрекеттi куттерлер.

  2. Әмбебап куттерлер. Бұл куттерлерде алдын-ала және соңғы ұсақтау мен араластыру операциялары қоса өткiзiледi.

  3. Е т және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған әртұрлi құрылымды машиналар.

Қазiргi куттерлердiң жаңа тұрлерi жоғары өнiмдiлiктi машиналар болып табылады. Бұл куттерлерде алдын-ала волчокта ұсақталған өнiммен қатар, мұздатылған iрi ұлкен кесектi өнiмдi алдын-ала және соңғы ұсақтап, араластыруға болады. Оларды пiсiрiлген, қақталған шұжық өнiмдерiнiң өндiрiсiнде фаршты дайындау ұшiн қолданады.

Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтау ұшiн толассыз әрекеттi машиналар қолданылады. Мерзiмдi әрекеттi машиналарға қарағанда олардың келесi артықшылықтары бар: жоғары өнiмдiлiктi, ағынды жұйеге қосу мұмкiндiгi бар, жоғары дәрежелi ұсақтау қабiлетiлiгi және т.б.

1 – тиегiш шанақ; 2 – бұрандалы сақина; 3 – сызғыш; 4 – пышақты головканың тҰрығы; 5 – плита; 6 – белдемше;

7 - қақпақ; 8 - қаңқа; 9 – тұсiргiш гусак.


Машина – паштет, крем, сосиски, сарделка, шұжық, тұшпара және басқа өнiмдер өндiрiсiнде алдын-ала тор тесiктерiнiң диаметрi 3 мм волчокта ұсақталған ет және ет өнiмдерiн ұсақтауға арналған. Машина тамақ өнiмдерiн дайындау жұйесiмен қатар, асханаларда, ресторандарда, қоғамдық тамақтандыру орындарында және фермерлiк шаруашылықтарда қолданылады. Бұл машина:

  • шикiзаттың бiртектiлiгiнiң және дисперстiлiгiнiң жоғары болуын;

  • ұсақтау дәрежесiн реттеу мұмкiншiлiгiн;

  • шикiзатты толық ұсақтауды; қамтамасыз ете алады.

Машинаның құрылғысы және жұмыс iстеу принципi.

Машинаның құрылғысына: қаңқа, белдемше, пышақты головканың тұрығы, ротор, бұрандалы сақина және тұсiргiш гусак (6 сурет).

Қаңқа жоғарғы жағында электр қозғалтқыш және ұсақтағыштың жұмысшы бөлiгi орналасатын плитасы арасында орналасқан фланец болып табылады. Белдемшенiң ұстiңгi бөлiгiнде пышақты головканың тұрығын бекiтуге және бұруға арналған құрылғы орналасқан. Белдемшенiң цилиндрлi бетiнде қақпақпен жабылатын терезе бар. Ол ұсақтағыш муфтасына қызмет көрсетуге арналған. Пышақты головканың тұрығы негiзгi жұмысшы орган болып табылады. Оның iшiнде – шикiзатты ұсақтап, тұсiргiш канал және гусак арқылы қабылдағыш ыдысқа тұсiруге болады. Пышақты головканың ұстiңгi бөлiгiнде бҰрандалы сақинаға арналған бҰранда, ал бұйiр бетiнде гусакты бекiтуге арналған фланецтi тұсiргiш канал орналасқан. Пышақты головканың тұрығында – шкаласы 0-ден 1 мм дейiн, бөлгiш өлшемдерi 0,055 мм сызғыш орнатылған.

Осы шкалаға байланысты бҰрандалы сақина бҰрылған кезде қозғалмалы және қозғалмайтын сақина тәрiздi тiстi пышақтардың арасындағы саңылауды өзгертуге болады.



Өзiн-өзi тексеру сұрақтары

1. Ет өндiрiсiндегi жұқа ұсақтауға арналған машиналардың қолданылуы.

2.Жұқа ұсақтауға арналған машиналардың тұрi, құрылысы және өнiмдiлiгi бойынша классификациясы.


  1. Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналардың жұмысшы қҰралы және олардың құрылымдық ерекшелiктерi.

  2. Бiр винттi қоректендiргiш құрылғының максималды және минималды өнiмдiлiгi.

  3. Роторлы ұсақтағыштың өткiзу қабiлеттiлiгi.

  4. Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналарды құрастыру ерекшелiктерi.

  5. Ет және ет өнiмдерiн жұқа ұсақтауға арналған машиналарда жұмыс iстеу кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң шарттары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет