Жедел кәсіптік аурудың әрбір жағдайы еңбек гигиенасы жөніндегі санитарлық дәрігердің, цех ординаторының, кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысатын комиссияның тексеруіне жатады. Тексеру үрдісінде:
кәсіптік аурудың пайда болу жағдайы мен себебі анықталады;
еңбек жағдайы бағаланады;
еңбек жағдайын қолайлы ету жөніндегі шаралар дайындалады.
Жедел кәсіптік ауру диагнозын – амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық көмек көрсететін ұйымдар, созылмалы кәсіптік ауру диагнозын – кәсіптік патология орталықтары немесе кәсіптік аурулар клиникасы анықтайды.
Аурудың мамандыққа байланысы туралы сұрақты шешуге негіз болатын құжаттардың біріне, жұмысшының жұмыс жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы жатады. Санитарлық-гигиеналық сипаттаманы өнеркәсіп кәсіпорыны орналасқан қаланың немесе ауданның санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы ғана құрастырады және береді. Санитарлық-гигиеналық сипаттаманы , ауырған адам жұмыс істейтін кәсіпорынның медициналық-санитарлық бөлімінің бас дәрігері, сондай-ақ, диагнозын анықтау үшін ауруды жіберген кәсіптік патология орталықтарының мамандары сұрауға құқығы бар.
Цехтік учаскеде жүргізілетін емдеу-алдын алу жөніндегі шараларға сонымен қатар, өзіне тән әсер ету бағыты бар емдеу-алдын алу жөніндегі тамақтануды ұйымдастыру мен тағайындау және сауықтыру шараларын жүргізу де жатады. Жұмысшыларға жүргізілетін сауықтыру шаралары, көбінесе, тікелей цехтардың жанында орналасқан денсаулық сақтау пункттерінде жүргізіледі. Олардың мақсаты әр түрлі факторлардың ағзаға қолайсыз әсерінің алдын-алу болып табылады. Мысалы, шаңды өндірістерде тыныс жолдарының шырышты қабықшаларынан шаңды жуып тазалайтын сілтілі инголяциялар мен ауыз қуысын шаюды қолданады. Фотарийлерде, ультракүлгін сәулеге түсіреді, ол өкпеде шаңның әсерінен склероз үрдістерінің дамуын тежейді. Дірілмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс арасындағы үзілістерде қолдарын уқалау, жылы процедуралар, гимнастикалық жаттығулар және т.с.с. қолданады.
Өндірісте дәрігерлердің жұмысы тек жұмысшылардың еңбек жағдайын және зиянды өндірістік факторлар тудыратын кәсіптік патологияны білген кезде ғана тиімді болады. Цех дәрігері еңбек гигиенасы дәрігерімен, кәсіпорынның әкімшілігімен, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдармен бірге, өндірістің технологиялық және санитарлық-гигиеналық ерекшеліктерін зерттеу негізінде өндірістегі сауықтыру шараларының кешенді жоспарын жасауға және оның орындалуын бақылауға қатысады. Сондықтан цех дәрігерінің жұмысы тек емдеу-алдын-алу шараларын ғана емес, сонымен қатар гигиеналық және ұйымдастыру сипатындағы алдын-алу жұмытарын да қамтиды.
Санитарлық-гигиеналық шараларға жататындар:
Денсаулық сақтау пунктеріндегі медицина қызметкерлері мен цехтің, тұрмыстық бөлмелердің жалпы санитарлық жағдайын, сумен қамтамасыз етілуін, тазалартылуын және жылытылуын бақылайтын санитарлық активтердің жұмысына басшылық ету;
Өндірістік жарақаттанулар мен уланулардың себептерін тексеруге қатысу;
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын бақылау.
Цехтағы өндіріс технологиясын және жеке кәсіби топтардағы еңбек жағдайының ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек жағдайына, еңбектің оңтайлы болуына, жұмыс орнының ұйымдастырылуына бақылау жүргізу.
Бұқаралық-ұйымдастыру жұмысы деп келесілерді түсінеді:
Учаске бойынша және бүкіл кәсіпорын бойынша сауықтыру
шараларының кешенді жоспарын жасауға және оны орындауға қатысуын.
Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуді.
Санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуге, дәрігерлер де, орта медициналық қызметкерлер де міндетті түрде қатысуы тиіс. Олардың міндеттеріне кіретіндері:
Берілген кәсіпорында орын алатын зиянды өндірістік фактордың сипатымен және әсер ету жағдайларымен жұмысшыларды таныстыру.
Берілген өндірістегі кәсіптік патология мен жарақаттанулардың алдын алу жөніндегі негізгі шаралармен таныстыру және оларды үнемі насихаттау.
Жеке бас және қоғам гигиенасы туралы ағарту жұмыстарын үнемі жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |