«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа көрсетілетін қызметтер саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын



Дата23.02.2016
өлшемі55.76 Kb.
#4659


«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа көрсетілетін қызметтер

саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып,

мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с




Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабының 1-тармағының 7) тармақшасын жүзеге асыру мақсатында


3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік- экономикалық және/ немесе құқықтық салдарлар

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға алып келмейді

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімдері және болжанатын тиімділігі

Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа көрсетілетін қызметтер саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру тәртібін айқындау

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған кесімдері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

  1. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 195-құжат);

  2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 қазандағы № 1141 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 794-құжат);

  3. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 884 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 51, 718-құжат;);

  4. «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 333 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 27, 214-құжат. Басуға қол қойылған күні 17.06.2014 ж.).




7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша оны басқа ұйымдарда өткізген жағдайда қосымша сараптаманың (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) нәтижелері

Жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

2015 жылғы 2 желтоқсанда ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор», «ұйымның мемлекеттік басқару органы» ұғымдарын және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер жеңімпазын анықтаудың критерийін айқындауға қатысты ескертпелерін жіберді, ол ескертпелер ҚР ҰЭМ тарапынан келісім тауып, Қағидаларда көрсетілді. Қатысушыларға кепілдік жарнаны қайтару рәсімін «айқын» сипаттауға және тендер жеңімпазын іріктеудің қосымша критерийлерін айқындауға қатысты ескертпелерді әзірлеуші бұл мәселелер Қағидаларда реттелгендіктен қабылдаған жоқ, яғни кепілдік жарнаны қайтарудың тәртібі айқындалған, оған сәйкес қорытынды шыққаннан кейін бірыңғай оператор тендер өткізілген күннен кейінгі үш жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелеріне кепілдік жарнаны қайтарады, сондай-ақ объектінің ерекшелігі ескеріле отырып және қажет болған жағдайда, тендер шарттарын айқындау кезінде барлық аталған шарттар (қосымша жұмыс орындарын құру және өзге де шарттар) көрсетіле отырып, аумақтық бөлімшенің (атқарушы органның) өкілеттігі көзделген.


10.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік офисі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына материалдар (үзінді көшірмелер) беруге рұқсат етіледі.

Рұқсат етіледі

11

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған (ППРК.doc, 128 кБайт көлемі)



12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Орналастырылған жоқ

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ



Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
2015 жылғы « »




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет