Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау



жүктеу 1.9 Mb.
бет1/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК- 042-18-25.1.59/03-2014 ж

ПОӘК

«Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәнінің оқытушыға арналған оқу бағдарламасы



№ 2 басылым

11 .09.2014ж.



«Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



3-ші бөлім


5В073100 «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»

мамандығына арналған


Семей

2014


Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының аға оқытушысы

Бейсебаев.Ш.Т _________________ «28» 08. 2014 жыл.
2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Экология және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының отырысында

Хаттама № 1 «02» 09. 2014 жыл.
Кафедра меңгерушісі _________ доцент Артамонова Е.Н.
келісілді

2.2 Аграрлық факультетінің оқу - әдістемелік бюросында

Хаттама № 1 «09» 09. 2014 жыл.
АФ ОӘБ төрағасы _________ доцент Джаманова Г.И.
3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап басып шығаруға ұсынады

Хаттама № 1 «11» 09. 2014 жыл.
Оқу- әдістемелік кеңестің төрағасы,

оқу әдістемелік жұмысы бойынша

проректор _________ профессор Искакова Г.К.


4 18.09.2013 ж № 1 Басылымның орнына енгізілді.

Мазмұны
1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Тәжірибе сабақтары

4. Өздік жұмыстар тақырыбы

5. Әдебиет

6. Емтихан сұрақтары

Дәрістер
Дәріс №1 Кіріспе дәріс. Пәнінің негізгі міндеттері.құрылымы, негізгі анықтамалары.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}


  1. «Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәнінің негізгі міндеттері.

  2. «Пәннің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары.

  3. Өрттің қауіпті факторлары




  1. «Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәнінің негізгі міндеттері.


Пәнді оқытудағы мақсат төмендегідей:

Студенттерді өрт-жарылыстың алдын алудың ғылыми негізделген білім жүйесімен таныстыру, болған өртті жылдам тоқтатып, өшірудің жағдайларымен, адамдарды, кәсіпорын мүлігін, құрал- жабдықтарын, мал-құсты өрт кезінде тиімді құтқару жұмыс-тарын жүргізуге үйрету. Айтылған мәселелерді шешу әдістері, әрине, ғимараттың құрылыс ерекшеліктері мен ішкі көлемді дұрыс пайдалану сұрақтарымен астасып жатады.



Пәнді оқытудағы міндеттер:

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер мына мәселелерді білулері қажет:

- Жану мен жарылыстың теориялық негізін;

- мүліктің, материалдардың өрт және жарылыс көрсеткіштерін;

- жарылыс пен өрттің алдын алу шараларын;

- өртті сөндіру жабдықтары мен әдістерін;

- өрт туралы белгі беру жүйелері мен құрылғыларының құрылыстарын;

- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негіздерін,



Оқыту нәтижесі:

Істей алулары қажет;

- қарастырылып отырған құрылғылар мен технологиялық процестердің өрт-жарылыс қауіпін анықтап, талдай алулары қажет;

- өндірістің өрт-жарылыс қаупінің дәрежесін анықтай білулері;

дағдылануы керек:

- ғимараттар мен имараттардың өртке төзімділік қасиеттері бойынша жіктелуін;

- өндіріс мекемелерінің бас жобаларының өрт қауіпсіздігі талабына сай келуі, кел-меуін анықтай білу;

- ғимараттан адамдарды эвакуациялау жолдарының шекті мөлшерін және адамдарды эвакуациялау уақытын есептей білулері;



құзырлы болуы керек:

- өрттен қорғаудың техникалық жабдықтарын дұрыс пайдалана білуде;

- өрт нормативтік-техникалық құжаттарды еркін пайдалана білуде;

- өрт қауіпсіздігінің теориялық, заңдылық және нормативті-техникалық негіздеріне байланысты сұрақтарды шешуде;

- өндірістегі еңбек қорғауды ұйымдастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету сұрақтарын шешуге;
2 «Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары

«Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәні арнайы пәндердің қатарында оқытылады.Теориялық бөлімде заттардың жанғыштық қасиет-тері, жанудың түрлерімен,өрт-жарылысқа байланысты негізгі түсініктермен, өрт сөн-діру туралы жалпы мәлімет, жануды тоқтатуға қажетті жағдайлар,өрт кезінде авария-лық-құтқару жұмыстарын жүргізу сипаттамалары беріледі. Сонымен қатар өртті сөнді-ру әдістері мен жабдықтары, өрт сөндірудің жалпылама заңдылықтары мен көрсеткіш-тері, өртті сумен, көбікпен және инертті араластырғыштармен өшіру мәселелері айты-лады.Тәжірибелік бөлімінде өндірістің өрт-жарылыс қауіпіне баға беру, құрылыс құ-рылымдарының отқа төзімділік қасиеті, өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтама-сыз ету, эвакуация кезіндегі адамдардың қозғалысын ұйымдастыру және оның көрсет-кіштерінің сипаттары қарастырылады.



Пәнді меңгеру барысында пайдаланатын негізгі ұғымдар:

өрт сөндірудің автоматты құрылғысы - өрттің бақыланатын факторы (факторлары) қорғалатын аймақта белгіленген төменгі мәндерден асып кеткен кезде автоматты түрде істеп кететін өрт сөндіру қондырғысы;

өрт хабарландырушысы - өрт туралы сигналды қалыптастыруға арналған құрылғы;

өрт-күзет сигнал беру жабдығы - тұтынушыларға берілген түрде техникалық құралдарының көмегімен қорғалатын объектілерге ену туралы және олардағы өрт туралы ақпаратты алу, өңдеу, беру және ұсыну;

өрт қабылдап алу-бақылау жинағы - өрт хабарландырғыштарының ақпараттарын қабылдау, өрт пайда болғаны немесе қондырғының ақаулығы туралы сигналды өңдеу, өртке қарсы қорғаныш жүйелерін қосуға және басқа құрылғыларға арналған команданы одан ары беруге сигналдарды өңдеуге арналған өрт сигнал беру жабдықтары қондырғыларының құрама бөлігі;

өрт автоматикасы - өрт (өрт-күзет) сигнал беру жабдығы, өрт сөндіру, түтінді жою, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және эвакуациялауды басқару функцияларын орындаған кезде берілген алгоритмге сәйкес автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдердің, аспаптар мен құрылғылардың жиынтығы;

автоматты өрт сөндіру жүйесі - өртті анықтау, арнайы ақпаратты, өрт туралы хабарландыруды жинау, өңдеу және тапсырылған түрде беруге және өртті автоматты түрде сөндіруге арналған бірге әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

өрт сөндірудің стационарлық жүйесі (автоматты емес) - ішіне өрт сөндіру заттарына арналған сұйық қоймалар (ыдыстар, сыйымдылықтар), сорғы станциясы және іріктеу және өрт сөндіру заттарын өрт аймағына беруге арналған құрылғылары бар құбыр жолдар желісі кіретін жүйе.

хабарландыру және эвакуацияны басқару жүйесі - адамдарға өрт туындағаны және (немесе) қажеттіліктер мен эвакуация жолдары туралы ақпаратты уақытында хабарлауға арналған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешені;

өртке қарсы қорғаныш жүйесі - техникалық және ұйымдастыру шараларының және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін болдырмауға және одан келетін материалдық шығынды шектеуге бағытталған техникалық құралдардың жиынтығы;

өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы жағдайлар;

өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіру заттарын шығару есебінен өртті сөндіруге арналған стационарлық техникалық құралдардың жиынтығы;

дренчерлік өрт сөндіру қондырғысы - ашық дренчерлік суландырғышпен жабдықталған және өртті барлық есептік алаңы бойынша анықтау мен өшіруге, сондай-ақ су бүркеуін құруға арналған сумен өрт сөндіру қондырғысы;

спринклерлік өрт сөндіру қондырғысы - белгілі бір температураға жеткен кезде ашылатын қалыпты жабық спринклерлік суландырғышпен жабдықталған сумен өрт сөндірудің автоматты қондырғысы;

өрт сигнал беру жабдығының қондырғысы - өртті анықтауға, оның пайда болу орны туралы хабарды беруге және өрт туралы сигналды, арнайы ақпаратты және (немесе) өрт сөндірудің автоматты қондырғысы мен басқа да техникалық құрылғыларды автоматты қосуға команданы беруді өңдеуге арналған техникалық құралдардың жиынтығы;

3 Өрттің қауіпті факторлары

Өрттің қауіпті факторлары дегеніміз - өрт әсерінен улану және адамдардың өлімі мен сонымен қатар материалдық шығынның болуын айтамыз.

Өрттің қауіпті факторларының бірінші қатарына:

- қоршаған ортаның температурасы,

- сәулелі тасқын (жалын, шоқ),

- жанудың улы өнімдері және түтінденуінің нәтижесінде көру мүмкін-дігін жоғалту,

- оттегі концентрациясының азайуы жатады.

Өрттің қауіпті факторларының екінші қатарына:



  • құрылғы мен аппараттың қауіпті қирауы,

  • қираған аппараттан шыққан радиоактивті,улы заттар,

  • апатты жағдайда аппараттың құрам бөліктеріне келіп тұрған тоқ әсері

  • өрт кезіндегі жарылыс қаупі,

  • өрт сөндіру заттарынан келетін қауіп (қысым, улылық).

Бірінші кезектегі өрттің қауіпті факторларының адамға әсері.

Қоршаған ортаның температурасының артуы әсері

Қызған ауамен дем алу ерекше қауіп – қатер төндіріп, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануы мен некрозына, сондай – ақ, тұншығу мен өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, 1000С– тан жоғары температураның әсер етуі естен танып, содан бірнеше минуттан кейін өлімге әкеледі. Сонымен қатар, терінің күюі де өте қауіпті. Медицина саласының күйіктерді емдеуде жеткен жоғары жетістіктеріне қарамастан, денесінің беткі қабатының 30% күйіп, II – ші дәрежелі күйікке шалдыққан адамның тірі қалу мүмкіндігі аз.

ВНИИПО өткізген зерттеулердің нәтижесінде дымқыл ауада 2 – ші дәрежелі күйікті 20 секунд ішінде 550 С температура және 1 секунд ішінде 700 С температура тудырады, 69 – 710 С температурадағы өртте бірнеше минутқа қалу адамға өте қауіпті болып табылатыны анықталды.

Сәулелі тасқын

Кейбір жағдайларда адамдарға сәулелі тасқындар да қауіп – қатер төндіреді. Әкімшілік ғимараттарда өрт туындағанда эвакуациялық есіктерге жақын жерде орналасқан түрлі заттардың жануы барысында сәулелі тасқындар өрт басталғаннан 0,5 минут өткеннен кейін – ақ адамдарға қауіп төндіретіндігін зерттеулер дәлелдеген. Сәулелі тасқындардың аса жоғары қарқындылығы әр түрлі технологиялық қондырғылардың өртенуі барысында байқалады. Кейбір жағдайларда адамдар арнайы қорғану құралдарынсыз мұндай қондырғыларға 10 м жақын жерге бара алмайды.



Жанудың улы өнімдері

Полимерлі және синтетикалық материалдар көп мөлшерде болатын әкімшілік ғимараттарда өрт болған жағдайда жанудың улы өнімдері әсер етуі мүмкін. Жану өнімдерінде химиялық қосындылардың 50 – 100 түрі жиі кездесетіндігіне қарамастан, түрлі елдердің ғалымдарының басым көпшілігінің пікірі бойынша, өрт кезінде адамдардың көз жұмуының басты себепшісі көміртек тотығымен улану болып табылады.

Басқару ғимаратындағы өрт кезінде осында қолданылғын полимерлі және синтетикалық көп мөлшердегі материалдардың жануынан бөлінетін улы өнімдер адамға қауіпті әсер етеді. Жану өнімдеріне 50-100 түрлі химиялық қосылыстар болғанымен, бұл улы заттардың ішінде шетелдік ғалымдардың есебі бойынша өрт кезіндегі адамдардың өлімі көбінесе көмірқышқыл газының әсерінен болады.
Дәріс №1 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тесттер}

1. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат қандай?.

2. Пәннің негізгі құрылымын атап көрсетіңіз?

3.« Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау» пәніндегі пайда-ланатын қандай ұғымдарды білесіз ?

4. Өрттің қандайқауіпті факторларын білесіз ?



Дәріс №2 Заттар мен материалдардың өрт-жарылыс көрсеткіштері.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

  1. Материалдар мен заттардың өрт-жарылыс қаупі көрсеткіштері және олардың пайдалану облысы

Өрт-жарылыс қаупін бағалағанда – газдарға температурасы 50˚С кезде парының абсолюттік қысымы 300 kПа тең немесе асатын; немесе критикалық температурасы 50˚С төмен заттарды жатқызады.

Сұйықтарға – балқу температурасы 50˚С төмен заттарды, қатты заттарға – балқу температурасы 50˚С тең немесе одан жоғары; шаңдарға – дисперсті бөліктері 850 мкм-ден төмен қатты заттарды жатқызады.

Жанғыштығы деп – заттар мен материалдардың жану қасиетін айтады. Жанғыштығына байланысты заттар үш топқа бөлінеді:

Жанбайтын – ауада жану қасиеті жоқ заттар мен материалдар:

Қиын жанатын – ауада басқа от көзінен тұтанып, бірақ өздігінен жана бермейтін материалдар мен заттар;

Жанатын – өздігінен тұтанып немесе басқа от көзінен тұтанып, ары қарай өздігінен жанып кететін заттар.

Тез тұтанатын материалдар мен жанғыш заттар – төмен энергиялы от көздерінің қысқа уақыт(30с) жанасуымен тұтанатын қасиеттегі заттар мен материалдар. Оларға жарқ етіп жану температурасы 61˚С аспайтын сұйықтар жатады(61˚С буланып, жанатын)

Жарқ етіп жану температурасы деп – жанатын затты арнайы сынау кезіндегі оның үстіңгі жағында бу немесе газды бөлігінің от көзінен тұтанып жанып, бірақ олардың пайда болу жылдамдығы аз болғандықтан ары қарай өшіп қалатын ең төмеңгі температурасын айтамыз. Бұл көрсеткішті сұйықтардың өрт қаупі дәрежесіне қарай жіктеуін анықтағанда, өндірістің жарылыс немесе өрт қауіптілік дәрежесін анықта-ғанда немесе өрт қауіпті және жарылыс қауіпті аймақтарды анықтағанда қолданы-лады.

Тұтану температурасы деп сынақ кезіндегі заттың газ бен бу бөлу жылдамдығы оның тұрақты жануына әкелетін ең төмеңгі температураны айтамыз. Бұл көрсеткішті жану тобын анықтағанда, технологиялық процестер мен жабдықтардың өрт қауіп-тілігін анықтағанда(процес жанғыш затты өңдеумен байланысты болғанда), техноло-гиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды ойластырғанда қолданады.

Өздігінен тұтану температурасы –арнайы сынақ кезінде экзотермиялық реакция-ның жылдамдауы нәтижесінде жануға ұласатын ең төменгі температураны айтамыз. Бұл көрсеткішті заттардың өрт қауіпьілігін анықтағанда, қоспалардың жарылыс тобын анықтау үшін, жарылыстан қорғалатын электржабдық типін анықтау үшін, техноло-гиялық процестің өрт-жарылыс қауіпін қамтамасыз ететін іс-шараны ойластырғанда пайдаланады.

Жалынның таралуының төменгі концентрациялық шегі(тұтану шегі) φж – тотықтырғыш ортадағы жанғыш қоспаның көлемдік(массалық) үлесі (% немесе г·м-3) – бұдан төмен қоспа тұтану қасиетінен айрылады.

Жалынның таралуының жоғарғы концентрациялық шегі φВ – қоспа бұл мөлшер-ден асса тұтана алмайтын тотықтырғыш ортадағы жанғыш коспаның көлемдік (мас-салық) үлесі.



Жалынның таралу облысы(тұтану облысы) – тотықтырғыш ортадағы жанғыш қоспаның көлемдік(массалық) төменгі және жоғарғы концентрациясының шектер ара-сындағы үлес облысы. Жалынның таралуының төменгі және жоғарғы концетрациялық шегі туралы мәліметтерді технологиялық жабдықтар ішіндегі, трубопроводтардағы газдардың, булардың, шаңдардың жарылыстан қауіпсіз концентрациясын есептеу кезінде; желдету жүйелерін жобалаған кезде; потенциялды тұтану көздері бар жұмыс аймақтарындағы ауадағы шекті жарылыс беруі мүмкін газ, бу, шаң концентрациясын есептеу кезінде қолданады.

Өздік қызу температурасы – заттың өздігінен қызуы бықсуға немесе жануға әкелмейтін еі төменгі температурасы. Бұл көрсеткіш технологиялық процестердегі өрт қауіпсіздігі шараларын ойластыру кезінде заттардың қауіпсз қызуын есептеу кезінде қолданылады. Заттарды ұзық қыздыру кезіндегі қауіпсіз температура өздік қызу тем-пературасының 90% аспауы керек.

Бықсу температурасы – экзотермиялық реакция жылдамдығының күрт өсіп, бықсуға әкеп соғатын заттың температурасы. Бұл көрсеткішті өрт себебін сараптау кезінде, электржабдықтың жарылыс қорғанысын анықтау, белгілеу кезінде, техноло-гиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қолданады.

Қызудан өздінгінен тұтану жағдайы – эксперимент түрінде анықталатын қорша-ған орта заттың массасы(бірлік жазықтығы) және оның өздігінен тұтану уақыты ара-сындағы байланыс. Бұл көрсеткішті – өздігінен тұтанатын заттарды өңдеу немесе сақтаудың қауіпсіз жағдайларын анықтау кезінде пайдаланады.

Тұтанудың минималды энергиясы – будың жеңіл тұтанатын газ қоспасын, ауа-ның шаңмен қоспасын тұтандыруға мүмкіндік беретін электр разряды энергиясының ең аз мөлшері. Бұл көрсеткішті – технологиялық процестердің электростатикалық ұшқын қауіпсіздігін, жанғыш заттарды өңдеу жағдайының өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қолданады.

Оттегілік индекс – арнайы сынақ жағдайындағы материалдың балауыз(свечи) тәрізді жануын тудыратын оттегі азот қоспасындағы – оттегінің ең аз бөлігі. Бұл көр-сеткішті қатты материалдың жануы кезінде және полимер композицияларының балау-ыз жануын анықтауда қолданады.

Сумен, ауадағы оттегімен басқа заттармен әрекеттескенде жарылыс болуы, жа-нуы – кейбір заттардың ерекше өрт қауіпсіздігін сипаттайтын, бағалайтын көрсеткіш – бұны өндірістің өрт қауіп дәрежесін анықтау кезінде, технологиялық процестердің қауіпсіздігін таңдау кезінде, материалдар мен заттарды сақтаудың, тасымалдаудың жағдайын анықтау үшін пайдаланады.



Жалынның қалыпты таралу жылдамдығы жану жазықтығына перпендикуляр, жанбаған газға байланысты – жалынның жалпақ фронтының қозғалыс жылдамдығы. Бұл көрсеткішті – газды бу-ауа қоспасының жарылыс қысымының өсу жылдамдығын, критикалық(сөндіру) диаметрін есептегенде және технологиялық процестердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданады.

Жану жылдамдығы – белгілі аудан бірлігінде, берілген уақыт ішіндегі жанған заттың мөлшері. Көрсеткіш өрттің температуралық режимін анықтауда, жылу бөліну-дің қарқынын анықтағанда, ыдыстағы өрттің уақыт ұзақтығын анықтау есептерінде қолданылады.

Түтін пайда болу коэеффциенті – бөлме көлеміндегі берілген заттың жануы кезіндегі түтіннің оптималдық тығыздығын сипаттайтын шама. Бұл коеффициенті материалдарды түтін түзу қасиетіне байланысты топтастыруға пайдаланады.

Материалдар түтін түзу қасиетіне байланысты үшке бөлінеді:



Түтін түзу қасиеті

Коеффициент мәні

Аз ғана

50-ге дейін

Орташа

50-ден 500 дейін

Жоғарғы

500-ден жоғары


Жалынның таралу индексі – заттардың жалынды жазықтығында тарату қасиетін сипаттайтын размерсіз шартты көрсеткіш. Бұл көрсеткіш материалдарды топтастыру үшін қолданылады. Төменде құрылыс жабдықтарының, лакты-бояу және полимер жабындыларының, пленкалар мен маталардың осы қасиеттеріне байланысты топтастырылуы берілген:





Жалынның таралу индексінің орта арифметикалық мәні

Жалынды таратпайтындар

0

Жалынды баяу тарататын

0-20

Жалынды тез тарататын

20 көп

Полимер материалдарының жану өнімдерінің улылығы – жабық көлем бірлігіндегі жагған заттан бөлінген қалдықтың тәжірибе кезіндегі 50% жәндік-жануардың өлуіне әкелетін жанғыш зат құрамы(өлшем бірлігі г·м-3).



Топтастырылуы

улылық көрсеткіші

Өте улы

13

Жоғары дәрежелі улы

13-тен 40 дейін

Орташа қауіпті

40-тан 120 дейін

Аз қауіпті

120-дан көп


Оттегінің жарылыс қауіпті минималды мөлшері – оттегінің жарылыс беретін қоспа және флегматизатор құрамындағы тұтанудың экстремалды нүктесіне жақын көлемдік үлесі(%). Бұл көрсеткіш жанғыш заттың табиғи қасиетіне флегматизатор затына және қоспаның бастапқы температурасына байланысты. Көрсеткіш техноло-гиялық жабдықтардың режимін таңдап алу кезінде, пневмотранспорттық қауіпсіз жұмыс жағдайын таңдау үшін, өрт-жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын ойластыру кезінде қолданылады.

Флегматизатордың минималды флегматизациялау концентрациясы – қандай жағдай болса да жануды қолдамайтын жанғыш зат пен тотықтыру ортасындағы флегматизатордың көлем бөлігі. Бұл көрсеткіш газды қоспалар мен шаң-газ қоспала-рының қауіпсіз құрамын есептеу кезінде, технологиялық процестердің өрт-жарылыс қауіпсіздігін қарсы шараларды ойластыру кезінде қолданылады.

Жарылыстың максималды қысымы – бастапқы қысымы 101,3 кПа, жабық ыдыс ішінде болған газды, шаңды, ауа, булардың дефлаграциондыв жарылысы кезіндегі ең жоғарғы қысым.

Жарылыстағы қысымның өсу жылдамдығы – жарылыс қысымының уақыт аралығындағы өсу жылдамдығы. Концентрацияға байланысты жалынның таралу шегі. Құрамында көміртегі (С), Н, О2, N, Si, кремний, фосфор, хлор, фтор бар қоспалар үшін төменгі шек φ, % бен 2.2 формула анықталады.

φн =100/(1+hf∆H˚f + )

мұндағы, hf - газдың жылу бөлу коеффициенті, моль·кДж-1;

∆H˚f -+ 25˚C жағдайдағы газды заттың стандартты бөлінетін жылуы,кДж-1 ·моль;

hj, hs – төменгі және жоғарғы жалын шегіне әсер ететін S-тобындағы j элементінің коеффициенті;

mj, ms – S құрамды топтағы j элементінің адамдар саны;

i, g – төменгі жарылу шегіне әсер ететін химиялық элементтер құрам тобының мөлшері(саны)
Дәріс №2 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Жанғыш заттар қандай агрегаттық күйде болады?

2. Заттардың өрт-жарылыс көрсеткіштері неүшін пайдаланылады?


Дәріс №3 Өндірістің өрт және жарылыс қауіпсіздігін бағалау

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Өндірістің өрт және жарылыс қауіпсіздігін бағалау

2. Өрт қауіптілігі бойынша бөлмелерді және ғимараттарды категориялау жүйесінің негізгі принциптері.

1 Өндірістің өрт және жарылыс қауіпсіздігін бағалау

Өндірістің өрт жарылыс қауіпі, олар орналасатын ғимараттар мен имираттардың қауіптілігі ондағы пайдаланылатын заттар мен материалдардың өрт, жарылыс қажет-теріне байланысты бағаланады.

Өндірістің өрт жарылыс қауіптілігін бағалаудың екі әдісі қолданылады.Оларға детерменировкалық және мүмкіндік әдістері жатады. Детерменировкалық әдіс негізін-де өндіріс орындарын қауіптілік дәрежесімен кластарға сандық диференциялау. Бұл әдісті жетілдіре келіп қазір өндірістерді өрт жарылыс қауіптілігіне байланысты 6 дәрежеге емес, 5 дәрежеге бөледі.6- шы Е дәрежесі тәжірибе жүзінде пайдаланыл-мағандықтан қолданылмайды.

СНж/еЕ бойынша барлық өндіріс процестер өрт-жарылыс қаупі бойынша бес дәрежеге А.Б.В.Г.Д. бөлінеді.

А – дәрежесіне жарылыс-өрт қауіпті – 10% дейінгі ауамен қосылған концен-трацияда жарылыс беретін жанғыш газдарды, буының жарылыс to сы 28оС ға дейінгі сұйықтар, сумен, оттегімен немесе өзара әсерлескенде жарылып, жанатын заттармен байланысты өндіріс орындары жатады.

Б – дәрежесіне – төменгі жарылыс деңгейі 10% көп жанатын газдарды, булары 28-61 оС аралығында жарылатын сұйықтарды, өндіріс жағдайында жарылыс туу мөлшеріне дейін қызған сұйықтармен төменгі жарылыс деңгейі 65 т/м3-қа дейінгі жанатын газдар немесе жанғыш талшықтармен байланысты өндіріс орындары жатады. ( Аталған сұйық, газ, шаңдардың ауамен араласқан жарылғыш қоспасы мөлшері бөлме көлемінің 5% артық кеткен жағдайда)

В – өрт қаупі бар өндірістер – буының жарылыс to сы 61оС асатын сұйықтар, төменгі атылыс деңгейі 65т/м3 көп жанғыш шаңдар мен талшықтар, сумен қосылғанда, ауа құрамындағы оттегімен немесе өзара әсерлескенде жанатын заттар немес жанатын қатты заттармен байланысты өндірістер.

Г – өрт қауіпті аз өндірістер – өңдеп процесі жалын берумен, ұшқын, өрт шығару-мен қосақтала жүретін өздері жанбайтын, бірақ балқыған, қызған материалдардан; сұйық, қатты немесе газ түріндегі материалдарды отын ретінде жағумен байланысты өндіріс орындары жатады.

Д – жанбайтын заттарды, материалдарды суық күйінде пайдаланумен байла-нысты - өрт қауіпті емес өндірістер.

Е – өндірістегі газды, сұйықтарды, шаңды заттарды пайдаланған кезде тек жарылыс болуы мүмкін өндіріс орындары (ары қарай жанбайтын).

Ережелерде сонымен қатар өндірістік бөлмелерді және даладағы құрылғыларды жарылыс және өрт қауіптілік аймақ дәрежелерге бөлу қарастырылатын.

Жарылыс қауіпті аймақ – жарылыс қауіпті қоспа түзілетін немесе түзілуі мүмкін бөлме немесе бөлменің, құрылғының шектелген кеңестігі.

Өрт қауіпті аймақ – бөлме ішіндегі немесе сыртындағы, қолданыста тұрақты немесе периодпен жанғыш зат болатын кеңестік.

Жарылыс қауіпті аймақтар – В-; В- 1а; В-1б ; В-1г; В-II; В-II-а- деп бөлінеді.

Өрт қауіпті аймақ – П-1; П-II; П- Iiа; П- III- деп бөлінеді.

Сұрақты қорытындылай келе детерменировкалық әдіс артықшылықтарына оның қарапайымдылығын, оның элементерінің жоғары дәрежеде зерттеліп, сыналғандығын, оның барлық элементтеріне байланысты нормативтік құжаттардың, негіздердің жасал-ғандығын айтсақ, оның кемшілігі ретінде – қатаңдығын, және дәреженің мүмкіндігінің шектеулігін жатқызамыз. Кей жағдайда субъективті факторлар шешімге негіз болып кетеді.

Ал мүмкіндік әдісі нақты жағдайға байланысты дәл дәрежелеуге мүмкіндік береді.Дегенмен бұл әдіс толық зерттелмеген. Бірақ болашақ осы әдісте болары анық

  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет