Өндірістік және азаматтық нысандарды өрт-жарылыстан қорғау



бет5/9
Дата09.06.2016
өлшемі2.8 Mb.
#125040
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ультрадыбыстық хабарландырушылары (ДУЗ-4) қозғалмалы объектілердегі өрттермен орнықсыз өрттерді анықтау үшін қолданады. Бұл типтің жұмысшы көрсеткіші – Допплердің эффектісіне негізделген, яғни колғалыстағы заттардан ультрадыбыстық шағылыстар, механикалық тербелістер, толқынды жиіліктегі тербелістер әсері болады. Берілген хабарлаушылар инертсіз болып келеді және ауданы 1000 м2 - ге дейінгі алаңды бақылайды.

КИ-1 типіндегі Автоматты комбинирленген хабарландырушылары жылудың сондай-ақ түтіннің әсерінен іске қосылады. Ол электрлік схемадағы элемент-тердің ДИ-1 түтіндік хабарлаушысының базасындағы элементтердің қосарланған негізінде жасалған.


Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Өрт қауіпсіздігіне қажетті құралдардың қажеттілігі неде?

2. Өрт хабарландырушылары өрттің бақылау белгісі бойынша қалай жіктеледі?


Дәріс №11. Өрт хабарландырушыларына қойылатын талаптар

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}

1. Өрт дабылы құрылғыларын құруға қойылатын талаптар

2. Өрт дабылы құрылғыларын пайдалануға қойылатын талаптар

1. Өрт дабылы құрылғыларын құруға, пайдалануға қойылатын талаптар
1. Өрт сигнал беру жабдығының автоматты жүйелерінің өрт хабарландырушылары қорғалатын үй-жайда өртті үй-жайдың кез келген нүктесінен уақытында табуды қамтамасыз ететіндей орналастырады.

2. Қол өрт хабарландырушыларды эвакуациялау жолдарында өрт пайда болған жағдайда оларды қосуға қол жетімді орындарда орнатады.

3. Өрт хабарландырушылар тәулік бойы үздіксіз жұмысқа есептелген болуы керек.

4. Өрт хабарландырушылары қабылдау-бақылау аспаптарымен ақпарат-тық және электрлік сыйымдылықты қамтамасыз етуге тиіс.

5. Өрт хабарландырушыларының қауіп-қатер дабылын беру режимінде қосылатын ішіне салынған қызыл түсті оптикалық индикаторы болуы қажет.

Оптикалық индикаторды өрт хабарландырушысына орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда шығару оптикалық индикаторын қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі немесе қауіп-қатер дабылын берудің жергілікті индикация-сына арналған басқа да құралдары болуы керек.

6. Егер өрт хабарландырушысының құрылмасы оны розеткаға бекітуді қарастыратын болса, өрт хабарландырушыларын розеткадан ажыратқан кезде қабылдау-бақылау аспаптарында ақаулық туралы хабардың қалыптасуы қамтамасыз етілуі қажет.

7. Өрт хабарландырушысының сезгіштігін сыртқы туралау мүмкіндігі кезінде мынадай талаптарды орындайды:

1) сезгіштіктің әр деңгейіне өрт хабарландырушыларына арналған белгілі бір таңбалау сәйкес келуі қажет;

2) өрт хабарландырушысын жинақтағаннан кейін туралау құралдарына тікелей қол жетімділік болмауы керек.

8. Өрт хабарландырушылары оның әрбір үлгісінде сынақтар кезінде нормаланатын барлық техникалық сипаттамаларды тексеруді, сондай-ақ пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін қалпына келтіру бұйымы болуы қажет.

9. Сызықтық өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі 0,4 дБ бастап 5,2 дБ дейінгі шамада, сонымен қатар хабарландырушылардың сегіз үлгісі үшін жұмыс істеудің ең жоғарғы және ең төменгі шегінің мәндері 1,3 аспауы қажет.

10. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні үздіксіз ұзақ жұмыс кезінде өзгермеуі керек.

11. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні қоректену кернеуінің номиналды мәндерінен 85 %-тен бастап 110 %-ке дейінгі шамада қоректену кернеуінің өзгерген кезде өзгермеуі керек.

12. Сызықтық өрт хабарландырушысының қарама-қарсы компонент-терінің хабарландырушының оптикалық осінің тік және көлденең жазық-тықтарға көлбеуі бұрышын өзгертуге мүмкіндік беретін туралау құрылғысы болуы қажет.

13. Сызықтық өрт хабарландырушысы кабель қосылыстарының ақаулығы жағдайында «Ақаулық» деген сигналды қалыптастырумен компоненттер арасында кабельдік қосылыстарды бақылауды қамтамасыз етуі керек.

14. Кезекші режимде тұрған сызықтық өрт хабарландырушысының тұтынатын қуаты 1,0 Вт аспауы қажет.

15. Сызықтық өрт хабарландырушысының жұмыс істеу шегінің мәні жолдың оптикалық ұзындығына байланысты болмауы қажет.

16. Сызықтық өрт хабарландырушысы ортаның оптикалық тығыздығы (5,2 + 0,5) дБ жылдам артқан кезде (5 с аспайтын уақытта) 10 с аспайтын уақытта «Өрт» деген сигналды қалыптастыруы қажет.

17. Оптиканы ластау компенсациясының құрылғысы бар сызықтық өрт хабарландырушысы 2,8 дБ шектік компенсациясына қол жеткізген кезде 30 мин ішінде 0,268 дБ аспайтын ортаның оптикалық тығыздығын өзгерту жылдамдығымен «Ақаулық» деген сигналды қалыптастыруы керек.

1 мин ішінде 0,109 дБ аспайтын жылдамдығы бар ортаның оптикалық тығыздығы одан ары артқан кезде компенсация құрылғысы бар сызықтық хабарландырушы 10 дБ ортаның оптикалық тығыздығы мәніне қол жеткізгенге дейін "Өрт" деген сигналды қалыптастыруы қажет.

18. Сызықтық хабарландырушы таратқыш (1 + 0,1) с сәулеленуі үзілген кезде "Ақаулық" немесе "Өрт" деген сигналды қалыптастырмауы қажет.

19. Дискретті шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушыларының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет. Сигналды ажырату қоректендіруді 3 с аспайтын уақытқа ажырату арқылы немесе арнайы құрылғының көмегімен жүргізілуі қажет.

20. Оптикалық өрт хабарландырушысының қоректену кернеуінің номиналды мәні 6 В, 9 В, 12 В, 18 В, 20 В, 24 В қатарынан немесе 30 В анықталады.

21. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштігін 0,05 дБ/м бастап 0,2 дБ/м дейін шамада таңдалады.

22. Дискреттік шығу сигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада сезгіштіктің нақты мәнін белгілейді.

23. Ұқсас шығусигналы бар оптикалық өрт хабарландырушысы бақылайтын ең жоғарғы меншікті оптикалық тығыздық қалыпты жағдайларда 0,2 дБ/м кем болмауы қажет.

24. Оптикалық өрт хабарландырушысының сезгіштік мәні:

1) өрт хабарландырушысының іске қосылу санына байланысты болмауы қажет;

2) ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет;

3) ауа ағынының бағытына қарай бағдарға байланысты болмауы қажет;

4) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек;

5) нақты типті оптикалық өрт хабарландырушысына арналған техникалық құжаттамада айтылған кернеу ауқымының ішінде қоректену кернеуіне байланысты болмауы қажет.

25. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:

1) салыстырмалы бірліктердің 0,2 бастап 3,0 дейін шамасында болуы қажет;

2) барлық үлгілер үшін біркелкі болуға тиіс.

26. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу шегі:

1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;

2) ауа ағынының бағытының өзгеруіне байланысты болмауы қажет;

3) ауа ағынының (1,0 + 0,1) м/с жылдамдықпен әсері кезінде өзгеруі қажет.

27. Ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығы кезінде радиоизотопты өрт хабарландырушысы "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі қажет.

28. Радиоизотопты өрт хабарландырушысының іске қосылу сигналы жану өнімдерінің (аэрозольдың) әсері аяқталғаннан кейін сақталуы қажет.

29. Газды өрт хабарландырушылары төменде келтірілген газдардың бір немесе бірнешеуіне мына концентрациялар шегінде реакцияға түсуі қажет:

1) (СО2) көміртегінің ррm бастап 1500 ррm дейінгі шегінде;

2) диоксиді үшін 1000 (СО) көміртегі оксиді үшін 20 ррm бастап 80 ррm дейінгі шегінде;

3) (СхНу) көмірсутегі газдары үшін 10 ррm бастап 20 ррm дейінгі шегінде.

30. Газды өрт хабарлағыштары қоректену кернеуінің номиналды мәнінен 75 % бастап 115 % дейінгі шегінде қоректену кернеуі өзгерген кезде жұмысқа қабілеттілігін сақтауы қажет.

31. Автономды өрт хабарландырушысы іске қосылған кезде дыбыс деңгейі 4 мин. бойы 85 дБ кем болмайтын "Дабыл" деген сигналды беруі керек (автономды хабарландырушыдан 1 м. арақашықтықта өлшенген).

32. Оптикалық-электронды түтін автономды өрт хабарландырушы-ларының сезгіштігі 0,05 дБ/м бастап 0,20 дБ/м дейінгі шамада болуы қажет.

33. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігінің мәні (іске қосылу шегі):

1) іске қосылудың санына байланысты болмауы керек;

2) ауа ағынының бағытына бағдарға байланысты болмауға тиіс;

3) бір үлгіден екіншісіне өзгермеуі керек.

34. Автономды өрт хабарландырушысының сезгіштігі 0,2 м/с бастап 1,0 м/с дейінгі жылдамдығы бар ауа ағынының әсеріне байланысты болмауы қажет.

35. Автономды өрт хабарландырушысының ауа ағынының (10,0 + 0,5) м/с жылдамдығының мәні кезінде "Дабыл" деген жалған сигналды бермеуі керек.

36. Автономды өрт хабарландырушысының кезекші режимде қоректенудің ішкі көзінен тұтынатын тоқтың мәні 50 млА аспауы қажет.

Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келіп, жобадағы нысанға ғимарат бөлмесінің жанғаны жөнінде дер кезінде хабардар болу үшін ВЭРС– ПК4 дыбысты өрт-хабар қабылдағышы және жарықты хабаршы «Маяк 12 КП»қолдануды көздейді,Өрт хабарландырушыларының датчиктері іске қосылған жағдайда сыртқа шығу (эвакуация) жолдарына қойылған жарық – дыбыспен хабардар еткіш құралдар ӨКД аспабы арқылы автоматты түрде жұмыс істеп кетеді.

Өрт дабылын қабылдау, бақылау аспабы күзет бөлмесіне , еденнен 0,8 – 1,5 м жоғары деңгейде орналасуы керек.

Жану туралы хабарландырушылар қорғанысы бөлмелердегі төбеге орнатылған ИП 212 – 41М түтін және ИП 103-3-А2-1М жылулық хабарлағыштар арқылы түседі. Өрт хабарлағышының торабы төбе мен қабырғаға ашық қойылған КСПВ – 2*0,5 және КСПВ 4*0,5 кабіл желісінің күшімен жұмыс істейді.

Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1. Өрт хабарландырушыларын құруға қандай талаптар қойылады?

2. Өрт дабылын қабылдау, бақылау құралдарына қандай талаптар қойылады?

Дәріс №12. Сумен, газбен өрт сөндіру қондырғылары.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}


  1. Сумен сөндіру қондырғылары


1. Сулы өрт сөндіру қондырғылары

Өрт сөндіруде, жылулық радиациядан объектілерді қорғауда, жаңғыш сұйықтар-ды араластыруда, тұтанғыш заттарды сұйылту және суыту үшін су қолданылады.

Өрт сөндіру кезінде судың берілуі үшін тұтас, тамшылы, шашыраңқы және ұсақ тамшылы сулы ағыстарды құрай алатын өрт атқыштарын және суландыру жүйелері қолданылады. Өрт сөндіруге қажетті сулы ағыстардың түрі әрбір нақты жағдайда жанудың шартымен анықталады және де өрт қорғауының қондырғыларымен белгіле-неді. Өртті сумен сөндіру үшін сулы өрт сөндіру қондырғыларын, өрт сөндіру автомашиналарын және сулы атқыштар (қол және лафетті) қолданылады.
1 Қондырғылардың сызбанұсқасы
Сулы сөндіру қондырғылары- кәсіпорындардағы ең көп таралған және арзан өртке қарсы қорғаудың құралы. Ең кең таралғандарына спринклерлі және құрғатқыш қондырғылар жатады.

Спринклерлі қондырғылар ғимаратта орта температурасын қажетті мөлшерге дейін көтергенде автоматты түрде қосылады. Спринклерлер, температураны жоғарылатқанда ашылатын оңай балқитын құлып бұл жүйелердің датчиктері болып табылады. Бірінші кезекте ашылатын және суды беретін өрт ошағының үстінде орналасқан сплинклерлер болып табылады. Бұл қондырғылардың су көзі ретінде шаруашылық - өртті, өнеркәсіпті - өртті және басқа да су құбырлары, табиғи су көздері және жасанды суатта бола алады. Сплинклерлі қондырғылар әдеттегідей екі сумен қоректендіргіштен тұрады: негізгі және көмекші (автоматтық деп аталынатын).

Қорғалған бөлмелерде ауа температурасына қарамастан спринклерлі жүйелер сулы (бөлмелердегі ауа температурасы бір жыл ішінде 4 С кем емес); ауалы - температураны жылдың төрт айында 4 С кем не жоғарылықты қажет етпейтін жылы-тылатын бөлмелерде; ауалы-сулы (ауыспалы)-жылдың сегіз айында ауа температурасы 4С болатын жылытылмайтын бөлмелерде деп бөлінеді.

Сулы спринклерлі жүйе әрқашанда суға толы магистральдық,қоректендiргiш, таратушы құбырлардан тұрады. Таратушы құбырларға өрт кезінде температура жоғарылағанда ашылатын жабық суландырғыштар құрады. Суландырғыштан су тамшылы судын ағыны түрінде өрт ошағына келіп түседі.

Дренчерлік қондырғылар жеке құрылыс бөліктерінің есептелген аудандарын бір уақытты суландыруда, есік ойықтарының сулы бөгеттерінде, терезелерде, техникалық жабдықтарыдың элементтерін суландыруда және т.б қолданылады. Бұл қондырғылар негізінен өрт тез таралатын, жоғары өтр қауіптілігіне ие бөлмелерде өтрпен күресуге арналған. Оңай тұтанғыш заттардың өртенуң кезінде дренчерлік қондырғалар өртті тоқтатуға, өрт сөндірушілерге жану ошағына жақындауға және де көрші тұрған жабдықтар мен құрылыстарға өрттің таралуына жол бермеуге мүмкіндік береді. Дренчерлік қондырғылардың тарату желілері спринклерліге ұқсас, жеке секциялардан, тұғырықты және сақиналы болатын құбырлардан тұрады.

Дренчерлік қондырғылар спринклерлі тәрізді екі сумен қоректендіргішке ие және өрт туралы хабарлағыштар iске қосылғанда қолмен немесе автоматты түрде қосылады.

Алдын ала әсер ететін қондырғылар (дренчерлік және спринклерлі) қосымша сумен қоректендіргіші жоқ және қосу жүйесімен немесе берілген физико-химиялық факторға әсер ететін жану процесімен байланысты себепшімен қосылады. Себепші бір уақытта өрт үрейi сигналын бередi және негізгі сумен қоректендіргішті қосады. Бұл жақын жерде орналасқан қызыметшiге алғашқы құралдарымен (өрт сөндіргіш, өрт сөндіру құралдарының ішкі атқыштары және т.б) өртті сөндіруге мүмкiндiк бередi. Егер де бұл құралдармен өрт сөнбесе кәдімгі спринклерлі қондарғы жұмысына сәйкес жұмыс істейтін спринклер басынан ашылатын жүйе қасылады.
2. Қондырғыны құру
Сулы өрт сөндіру қондырғысы (5.3) су көзінен, белгілі қысымдағы суды беретін сумен қоректендіргіш, қондырғының жұмысқа дайярлығын бақылайтын бақылау-сигналды қондырғысы; суландырғыштарға суды жеткізетін құбыр желілері және де физико-химиялық өрт фактор- ларына еліктейтін өрт туралы хабарлағыштар.

Сурет 5.3. Сулы өрт сөндіру автоматты құралдарының принцепиалды сұлбанұсқасы:

1-құбырлар желісі; 2-суландырғыш жүйелер; 3- авто сорғылар; 4-өрт гидранттары; 5-суқ құбырларының желісі; 6,8-сумен қоректендіргіштер; 7- бақылау-сигналды қондырғылар; 9- су көзі

Су өртті сыртқы сөндіру мен құрылғыға (оның әрекетінің тиімділігін жоғарылату кезінде) өрт сөндіргіш автонасостармен беріледі, олар суды біріккен шаруашылық-өртке қарсы су құбырының су өткізгіш желісінде орнатылған өрт сөндіру гидранттары арқылы алады.



Сурет 5.4. Сулы суландырғыш жүйелер (МЕСТ 14630-84):

А-ССС спринклерлер; б-ССД дренчерлер; 1- саптама; 2,4,7- тұтқалар; 3-оңай балқитын элемент; 5-разетка; 6- доға; 8-клапан

Сумен өрт сөндіру қондырғыларының негізгі элементтері және сипаттамасы төменде қарастырылады.

Суландырғыштар өртті сумен сөндіру қондырғыларын құрастыруға және тамшы түріндегі су ағындарының таралуына арналған. Олар жалынды өшіру үшін, объектілерді қауіпті жылу радиациясынан қорғау үшін (су бөгеттерін құру), жанғыш сұйықтықтарды қосу немесе араластыру жолымен оттың жануын тоқтату үшін және т.б. қажет.

Спринклерлер өрке төзімді ғимараттар, жабылған конструкциялар, технология-лық және басқа да жабдықтардың орналасуы, өрт қауіпсіздігін өндіру (ғимарат) талапқа сәйкес біріктіріледі.

Дренчердің (5.4б сурет) спринклерден айырмашылығы тез балқитын құлыптар және тұтқа жүйесі болмайды. Дренчерлер жазық немесе жазық емес розеткалы болуы мүмкін. Дренчерлердің күрек тәріздес түрі сулы бөгеттерді құру үшін қолданылады. МЕСТ 14360-84 суландырғыштарының шығу тесіктерінің диаметрі 8,10, 12, 15 және 20мм болады.
2. Газдық өрт сөндіру қондырғылары
Газдық өрт сөндіру қондырғылары көлемдік өрт сөндіру қондырғылары; шектеу-лі көлемде өрт сөндіру қондырғылары; қорғалатын аумақтағы өрт сөндіру қондырғы-лары болып бөлінеді.

Автоматты газбен өрт сөндіруқондырғысының өрт сөндіргіш заряды: көміртегі диоксиді және басқа да инертті қосындылар(аргон, азот, су буы), хладондар, хладон негізіндегі аралас құрамдар болуы мүмкін.

Газдың өрт сөндіргіш құрамдар мен өрт сөндіру көлемді, жергілікті және аралас болуы мүмкін. Автоматты газды өрт сөндіру құралдарының басымдылығы: әртүрлі пішіндегі көлемді газдық құрамаен жылдам толтыру мүмкіндігі, өрт сөндіру жылдамдығы, флегматизация және т.б.

Газды құраммен көлемді өрт сөндіруді шығу ауданы шектелген ғимарат-тарда(орындарда) қолданады. Газды өрт сөндіру қондырғысы ғимаратты газдық құраммен тезарада толтырып және онда жануды тоқтату үшін қажетті концентра-циялық ортаны түзейді.

Газды өрт сөндіру құраммен жергілікті(локальді) өрт сөндіруге келесі жағдай-ларда, өрт шыққан жерді және көлемін нақты анықтағанда қоладнылады(мысалы, жекеленген аймақтағы тұтанған сұйықтықтар жанғанда, қабырғамен бөлінген аппараттар жанғанда).

Газдық өрт сөндіру құрамдармен басқа өорт сөндіру құралдарымен бірге аралас құрамалы өрт сөндіру, өрт сөндіру кезінде өрт сөндіргіш газды құрам ағып(шығып) кетпеу үшін, тесіктерді шектеуге қажетті құралдарды қолдану қажет болған жағдайда да қолданылады.

Кең көлемде пневматикалық, механикалық, пневмомеханикалық және электрлік қосылғышпен балондық газды өрт сөндіру қондырғылары таралған.

Автоматты пневматикалық іске қосқыш БАП типті (5.16 сурет) батарея іске қосқыштан және жұмыс балондарынан тұрады, олар ортақ рамамен қосылған. Іске қосқыш балондар автоматты басты-затворлармен жабдықталған. Шығатын тесіктері құбырлы секционды коллекторлардың кері клапандарымен қосылған. Сығылған ауаның балондағы қысымы электроконтактілі манометрлермен реттеліп отырады. Газқұрамды балондардың сиымдылығы 40л.Секционды коллеторлар тығынды және қорғаныш клапандарымен жабдықталған.

Екі балонды электрлі және тросты келтірулі Т-2МА типті батареялар (5.17) сиымдылығы 40л екі газ құрамды балоннан тұрады. Балондарбасты-затвормен жабдықталған. Т-2МА батареяларын біраз көлемді жанулар локализациясы мен 40м3 көлемдегі ғимараттарда тросты және электрлі келтірулі жүйелерді, сонымен қатар қолмен өрт сөндіру үшін сапты қолдану арқылы қолдануға болады.
Т-2МА батареясына негiзгi техникалық мiнездемелер

Көміртегі диоксидінің заряды, кг 30

Баллон саны:

жұмыс істейтін 1

резевтік 1

Іске қосуға арналған тоқ кернеуі,В 36

Әсердің ұзақтығы,с 60

Габариттер,мм 770*365*1670

Масса (зарядсыз),кг 200
Электрлік іске қосқыш БАЭ типтегі автоматты батарея іске қосқыш және жұмыс балондарына ие. Олар өзара рамамен жалғанған. Іске қосқыш балондар пирапатронды басты-затворлы қондырғылармен жабдықталған, түрткі болатын электрлі жүйемен жалғанған және қысымы 2,5МПа сығылған ауамен толтырылғын. Шыға беріс басты-затворлар тесіктері кері клапанды секционды коллекторлармен жалғанған. Балондағы қысымдарды реттеп отыру үшін электроконтактілі манометрлар орналасқан.

Өрт сөндыргіш құрамды жұмыс балодардың мембраналы басшықтары бар, олар өзара секционды коллекторлармен және імекті және қорғаныш клапандармен қосылған.

БАЭ батареясына негiзгi техникалық мiнездемелер
Қалыпты қысым,МПа

Сығылған ауа 2,5

Гады құрама 12,5

Бір балондағы газды құрамның массасы,кг 30

Әсердің ұзақтығы,с 65

Габариттер,мм 950*650*1850

Масса(зарядсыз),кг 480
СН типті терімді секция автоматты сөндіргіш БАП және БАЭ құралдарын жинақтауға арналған, өрт сөндіргішзаряд қондырғының масса-сын көбейту мақсатында қолданылады. Жинақ секциялар саны әрбір қондыр-
5.17 Сурет. Екі балонды электрлі және тросты келтірулі Т-2МА типті батарея:1-газ құрамды балон; 2- коллектор; 3- трос; 4- жүк; 5- басты-затвор; 6- рама.


Масса(зарядсыз), кг 295


Дәріс №12 Өзін-өзі тексеру сұрақтары

{Өзін-өзі тексеру сұрақтар тізімі немесе тестер}

1. Сумен сөндіру қондырғыларының құрылысы қандай?

2. Газбен сөндіру қондырғыларының ерекшеліктерін атап көрсет?

Дәріс №13. Көпіршікті, аралас әдіспен өрт сөндіру қондырғылары

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}


  1. Көпіршікті өртсөндіру қондырғылары

  2. Аралас әдіспен сөндіру қондырғылары


1 Көпіршікті өрт сөндіру құрылғысы

Көпіршікті өрт сөндіру құрылғылырын халықшаруашылығының түрлі салала-рында обьектілерді өрттен қорғау үшін қолданады.Көбінесе тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар қолданатын химиялық, мұнайхимиялық өндірістерде қолданылады.

Спринклерлі көпіршекті қондырғылар құрылымы жергілікті сөндіру мен өртті локализациялау үшін қолданылатын спринклерлі сулы қондырғылылар сияқты болып келеді. Олар көпіршікті спринклер суландырғышы ашылған кезде автоматты түрде қосылады.

Автоматты көпіршік қоректендіруші ретінде гидропневматикалықаккумулятор және суөткізгіштер, ал негізгі көпіршік қоректендірушілер ретінде керекті шығын мен судың қысымын қамтамасыз ететін суөткізгіштер қолданылады.

Спринкерлы көпіршікті қондырғылар құбырөткізгіштермен (жылытылатын жерлерде), құрғақ құбырлармен ( жылытылмайтын жерлерде) және аралас ( 4оС температура жылыса 8 ай бойы аяқталатын жерлерде) құбырлармен толтырылған болуы мүмкін.

Көпіршікті қондырғылардың бақылау-сигналды түйіндері құрылымы бойынша спринклерлы қондырғылардың бақылау-сигналдардың түйіндеріне аналогты болып келеді

Көпіршікті спринкерлы қондырғысы су ағынына белгілі мөлшерде көпіршік туғызатын автоматты дозатордан тұрады.

Дренчерлыкөпіршікті қондырғылар үлкен аумаққа өрт тез тарайтын объектілерде және де ауалы-механикалық көпіршікпен суландыруды қажет ететін ғимараттардың белгілі бөліктерінің аумағын немесе қорғалатын объектінің толық аумағын қорғау үшін қолданылады.

Өрт сөндіру эффектісі көбінесе бөлменің барлық көлемін ауалы-механикалық көпіршікпен толтыру арқылы жүзеге асырылады.Дренчерлы көпіршікті қондырғыны жоғарғы жиіліктіауалы-механикалық көпіршік алу үшін генератормен жабдықтайды.

Дренчерлыкөпіршік қондырғылар негізгі және көмекші көпіршік қоректендірушілерден тұрады. Көпіршікті қондырғыда көбінесе тұрақты түрде көмекші көпіршік қоректендіруші жұмыс істейді, негізгі көпіршік қоректендіруші тоқ өрт туған жағдайда ғана автоматты түрде іске қосылады. Өрт болған жағдайда өрттік хабарлаушы іске қосылады да,

Көпіршіктудырушы ( 5% -тік концентрация) суға дозатормен беріледі. Ол су шығынының қондырғыдағы өзгерісіне тәуелді көпіршік тудырушының берілуін автоматты реттелуін қамтамасыз етеді.

Дренчерлы көпіршікті қондырғылардың бөлгіш торлары жекелеген секцияларға бөлінеді, олардың түтік өткізгіштері сақиналы немесе тупикті болуы мүмкін.

Түтік өткізгіштердегі көпіршік генераторларын қорғалатын аумақ ауалы-механикалық көпіршікпен біркелкі қамтамасыз етілетіндей болып орналасады. Генератордың биіктігі еденінен 1 метр биіктіктен қорғалатын орынының биіктігіне дейін жетуі мүм кін. Көлемді сөндіргіш дренчерлы қондырғыларда көпіршік генераторлары қорғалатын обьект көпіршікпен біркелкі толатындай етіп орналастырылуы керек. Сонымен қоса көпіршік генераторлары қалыпты жағдайда көлемнің толық толтырылуы кезінде де жұмыс істеуі керек.

Көпіршікпен автоматты сөндіру қондырғысы белгілі аудан немесе обьект көлемінің өрт қауіпсіздігі шартына негізделіп жасалады.

Егер де технологиялық құралдар және жанғыш материалдар тегіс жайғаспай жекелеген бөліктерде тұтануы мүмкіндігі болатын болса онда локальді жұмыс істейтін тез әсер ететін автоматты қондырғыларды қолдынған дұрыс.

Локальді жұмыс істейтін көпіргіш сөндіргіш қондырғысы (5.12 сурет) сусіңіргіштен көпіршіктудырушы сыйымдылықтан көпіршіктудыратын автоматты дозатордан көпіршік генераторларынан бақылаушы қосқышта түйінді қосатын және техналогиялық насосты сөндіретін өрттің хабарлаушыдан тұрады.




5.12-сурет.Көпіршікпен автоматты локальді өрт сөндіру сызбанұсқасы;

1-суқоректендіруші;2- көпіршік тудырушының автоматты дозаторы;3- тегеурінді-қосқыш;4-сыйымдылық көпіршік тудырушымен;5- автоматты басқару жәшігі;6- өрт туралы хабарлаушы;8- технологиялық аппарат;7,9- көпіршік генераторы;10-насос;11- өрт бөлігі;

Өрт болған жағдайда хабарлаушы автоматты түрде тегеуріндіқосқыш қондырғы көпіршіктудырушы ертіндіні генераторға береді, онда сөндіруге арналған көпіршік пайда болады.

1,5-4,5 МПа қысымда көпіршік тудырушы сулы ертінді ПО-1 суарушы тесігінен шығады. Жұптасып соқтығысу арқылы ағын тордан өтіп, радиусы 5-8м тең сфера тәріздес жоғарғы еселі (шамамен 70) біртегіс көпіршік ағынын тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, қондырғыда пайда болған көпіршіктің тұрақтылығы жоғары және үлкен көлемді ғимараттарды қорғауға қабілеті бар.

Стационарлы қақпағы бар резервуарларға көпіршік камералы генераторлар орнатады, ал жүзіп жүретін кровлясы бар резервуарларғакөпіршік өткізгішті генераторлар орнатады. Көпіршік камера мен көпіршік өткізгіш көпіршікті ГВПС генераторынан резервуарға береді де генераторларды атмосфералық бұлттанудан және өрт қауіпінен қорғайды. Көпіршік камера резервуардың жоғарғы белдігінде (мұнай өнімінің деңгейінен жоғары) ал көпіршік өткізгіш-жоғарғы белдік астында орналасады.

5.14-суретте ГВПС генераторы бар көпіршік камералы қондырғы сызбанұсқада көрсетілген, ал ГВПС генераторы бар көпіршік өткізгішті қондырғы сызбанұсқада 5.15-суретте көрсетілген.

Көпіршік тудырушыны сақтайтын сыйымдылықтар сулыкөпіршікті өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған объектілерді қарастырады. Мысалы, мұнай өндіретін өнеркәсіптердегі өрт сөндіру қондырғысын орнату үшін қоймаға жартылай көмілген, жылытылатын бөлмелерде орналастырылады. Ондаекі сыйымдылығы бар, әрқайсысының сыйымдылығы 50м3. Сыйымдылықтар ішкі антикоррозиялы жапқышпен қапталған тат баспайтын құрылымды болаттан жасалған. қоймада құбырөткізгіштер жүйесімен және көпіршікпен толтырып немесе алып тастайтын арматуралармен жабдықталған. Сонымен қоса көпіршік тудырушының сапасын тексеретін құрылғылар да бар.

5.14-сурет. Стационарлы қақпағы бар көпіршік камералы ГВПС генераторының сызбанұсқасы:

1-резервуар2- саты;3-көпіршік тудырушыға су ертіндісін беретін құбыр өткізгіш;4- қызмет көрсету алаңы;5-көпіршік генератор;6- көпіршік камерасы.

5.15-сурет. ГВПС генератолы бар көпіршік өткізгішті қондырғы сызбанұсқасы:

1- көпіршік құбыры;2- ГВПС генераторы;3- қызмет көрсету алаңы;4- мұнай өнімдері бар резервуар;5- көпіршік тудырушыға су ертіндісін беретін құбыр өткізгіш; 6- жеңіл балқитын қысқышы бар затвор .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет