Жұмыс реті:
-
1. Өрт қауіпсіздігіне байланысты қандай негізгі ұғымдарды білдіңіз?
-
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі принциптері қандай?
-
Мелекеттік өртке қарсы қызмет органдарының құзіретті қандай?
-
Азаматтардың өрт қауіпсіздігі саласындағы құқытарымен міндеттері қандай?
-
Ұйымдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы құқытарымен міндеттері қандай?
-
Осы заңдардың орындалуын кімдер қадағалайды?
Практикалық сабақ тақырыбы №2. Газдар мен сұйықтардың, жеңіл буланғыш қоспалардың өрт-жарылыс көрсеткіштерін есептеу.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2
Жұмыстың мақсаты: Жанғыш газдар, жеңіл тұтанатын булар мен жанғыш сұйықтардың жарылысының жұмсалған қысымын есептеу
Жанғыш газдар, жеңіл тұтанатын булар мен жанғыш сұйықтардың жары-лысының жұмсалған қысымын есептеу
С, Н, О, N, С1, Вr, I, F атомдарынан тұратын жекеленген жанғыш заттардың жұмсалған қысымын мына формуламен есептейді:
(1)
мұнда Рmax – тәжірибе жүзінде немесе 3қ. талаптарына сай келетін анықтамалық көрсеткіштерден немесе тәжірибе түрінде анықталған қоспаның жабық ыдыстағы жарылысының максималды қысымы. Көрсеткіштің мәні белгісіз болған кезде Рmax = 900 кПа деп кабылдауға болады; Р0 – бастапқы қысым, кПа (101кПа деп алуға болады); m – жанғыш газдың немесе оңай тұтанатын булар мен жанғыш сұйықтың массасы, кг; Z – газдар мен булардың бөлме көлемінде таралу сипаттамасының негізінде есептуге болатын, жанғыш заттың жарылысқа қатысының коэффициенті. Z мәнін 2кесте бойынша алуга болады. Vсв – бөлменің еркін көлемі,м3; ρi,n – есептік температура кезіндегі газ бен будың тығыздығы, кг*м-3, келесі формуламен анытайды:
(2)
мұнда: М – мольдік масса, кг* кмоль-1; v0 – мольдік көлем, ол 22,413 м3* кмоль-1 тең;
tp — есептік температура, °С. Есептік температура ретінде осы бөлменің мүмкін болатын максималды температурасын немесе апаттық жағдайдан температураның жоғарылауын ескере отырып технологиялық регламентке байланысты максималды температураны қабылдау керек. Егер қандай да бір жағдайларға байланысты есептік температураның мәнін анықтау мүмкін болмаса, онда tp = 61°С деп алады;
Сст — жаңғыш газдар немесе оңай тұтанатын сұйық булары мен жаңғыш сұйықтардың стехиометрлік концентрациясы, %, ол мына формуламен анықталады:
(3)
мұнда: – жану реакциясындағы оттегінің стехиометриялық коэффициенті;
Жанғыш заттың түрі
|
Z мәні
|
Сутегі
|
1,0
|
Жанатын газдар (сутегінен басқа)
|
0,5
|
Тұтану және одан да жоғары температураға дейін қыздырылған оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар
|
0,3
|
Аэрозоль түзілуі мүмкіндігі болған кездегі тұтану температурасынан төмен температураға дейін қыздырылған оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар
|
0,3
|
Аэрозоль түзілуі мүмкіндігі болмаған кездегі тұтану температурасынан төмен температураға дейін қыздырылған оңай тұтанатын және жанғыш сұйықтар
|
0
| nC, nн, no, nX – жаңғыш зат малекуласындағы С, Н, О атомдарының және галоидтардың саны; Кн – жанудың адиабаталық емес процесінің және бөлменің герметикалық емес екенін көрсететін коэффициент. Кн 3-ке тең деп қабылданады.
Жекеленген заттардың ∆Р есептеу үшін, сонымен қатар қоспалар үшін келесі формула қолданылады:
(4)
мұнда: Нт – жанудың жылу мөлшері, Дж кг-1;
Pв – бастапқы температура Т0 кезіндегі ауаның тығыздығы, кг м-3;
Ср – ауаның жылу сыйымдылығы, Дж кг-1 К-1 (1,01 103 Дж кг-1 К-1 тең деп қабылданады); Т0 – ауаның бастапқы температурасы, К.
Жанғыш газдар, оңай тұтанатын немесе жанғыш сұйықтар бөлмеге енуі кезінде (1) и (4) формулаларындағы массаның мәнін анықтаған кезде апаттық желдетудің жұмысын ескерген жөн.
Сонымен қатар, бөлменің көлеміне түсетін, тұтану және одан да жоғары температураға дейін қыздырылған жанғыш газдардың немесе оңай тұтанатын булардың немесе жанғыш сұйықтардың массасын m мына формуламен анықталатын К коэффициентіне бөлу керек:
К = АТ + 1, (5)
мұнда: А – апаттық желдетуден туындайтын ауа алмасуының, с-1;
Т – жанғыш газдардың және оңай тұтанатын булардың және жанғыш сұйықтардың бөлме көлеміне енуінің ұзақтығы, с (7 қосымшадан алынады).
Бөлмеге есептік апат кезінде түскен газдың массасын m,кг, мына формуламен есептейміз:
т = (Va + Vт) r, (6)
мұнда: Vа – құрылғыдан шыққан газдың көлемі, м3; Vт – құбырдан шыққан газдығ көлемі, м3.
Сонымен қатар
Vа = 0,01Р1V, (7)
мұнда: P1 – құрылғыдағы қысым, кПа;
V –құрылғының көлемі, м3;
Vт = V1т + V2т, (8)
мұнда: V1т – өшірілгенге дейін құбырдан шыққан газ көлемі, м3;
V2т – өшірілгеннен кейін құбырдан шыққан газ көлемі, м3;
V1т = qT, (9)
мұнда: q – құбырдың қысымына, оның диаметріне, газдық ортаның температурасына және басқа да көрсеткіштеріне қатысты, технологиялық регламентке сәйкес анықталатын газдың шығыны, м3 с-1;
Т – уақыт, 7 қосымшадан алынған, с;
V2т = 0,01 Р2(r21L1 + r22L2+ ... + r2nLn), (10)
мұнда: P2 – технологиялық регламент бойынша құбырдағы максималды қысым, кПа;
r – құбырлардың ішкі радиусы, м;
L – апаттық құрылғыдан қозғағыштарға дейінгі ұзындығы, м.
Бөлмеге түскен бірнеше жолдармен буланатын сұйықтың буының массасы m мына теңдікпен анықталады:
т = тр + темк + тсв.окр., (11)
мұнда: mр – төгілген жерден буланған сұйықтың массасы, кг;
темк – ашық сыйымдылықтан буланған сұйықтың массасы, кг;
тсв.окр –қолданылмайтын құрам жағылған беттен буланған сұйықтың массасы, кг.
(11) формуладағылардың бәрі мына формуламен анықталады:
m = W Fи T, (12)
мұнда: W – буланудың қарқындылығы, кг с-1 м-2; Fи– булану ауданы, м2,ол бөлмеге түскен сұйықтың массасына тәуелді 7 қосымшадан алынады.
Буланудың қарқындылығы W анықтамадан және тәжірибелік көрсеткіштерден алынады. Қоршаған ортаның температурасынан жоғары қыздырылмаған оңай тұтанатын сұйықтар үшін көрсеткіштер болмаған кезде Wno формуламен анықтаймыз:
W = 10-6 Pн (13)
мұнда: η– коэффициент, булану бетіндегі ауаның жылдамдығы мен температурасына байланысты 3 кестеден алынады;
Рн – сұйықтың есептік температурасы кезіндегі қаныққан будың қысымы;
tр – 3 қосымшаның талаптарына сәйкес анықтамалық көрсеткіштерден алынады, кПа.
3 кесте
Бөлмедегі ауның қозғалу жылдамдығы,
м/с-1
|
Бөлменің ауа температурасына t, 0С байланысты коэффициенттің мәні
|
|
10
|
15
|
20
|
30
|
35
|
0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
1,0
|
0,1
|
3,0
|
2,6
|
2,4
|
1,8
|
1,6
|
0,2
|
4,6
|
3,8
|
3,5
|
2,4
|
2,3
|
0,5
|
6,6
|
5,7
|
5,4
|
3,6
|
3,2
|
1,0
|
10,0
|
8,7
|
7,7
|
5,6
|
4,6
|
№2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
{ Жұмыс реті :
1. Жанғыш газдардың, бу қоспасының жарылыс қысымын есептеу мәні қандай көрсеткіштеріне байланысты өзгереді ?
Практикалық сабақтың тақырыбы №3. Шаңдардың өрт-жарылыс көрсеткіштерін есептеу .
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3
{ Жұмыс мақсаты: Шаңдардың жанатын қоспасының жарылыс қысымын есептеу әдістемесімен танысу.
Жанатын шаңдар қоспасының жарылыс қысымын есептеу
Жарылыстың жұмсалған қысымын есептеу (4) формуламен жүргізіледі, мұндағы жарылысқа қатысқан шаңның коэффициенті мына формуламен анықталады
Z = 0,5 F, (14)
мұнда: F – шаңның критикалық мәннен кем болатын массалық үлесі, егер оның мәні жоғарыласа ауадағы шаң мөлшері жарылыс қауіпсіз, яғни жалынды таратуға қабілетсіз. Z мәнін алуға мүмкіндік болмаған жағдайда, Z = 0,5 деп қабылдайды.
Апаттық жағдайдан туындаған бөлмедегі ауаның құрамындағы шаңдардың есептік массасы мына формуламен анықталады:
т = твз + тав(15)
мұнда: твз – шаңның есептік массасы, кг;
тав –бөлмеге апаттық жағдайдан кейін түскен шаңдардың есептік массасы, кг.
Құйындатылған шаңның есепті массасы mвз мына формуламен анықталады:
твз =Квзтп, (16)
мұнда: Квз – апаттық жағдайдың нәтижесінде ауаға таралып кетуі мүмкін, бөлмедегі жинақталған шаң мөлшері. Квз туралы сынақтық анықтамалар болмаған кезде Квз = 0,9 деп алуға;
тп – апат уақытына жинақталған шаңның массасы, кг.
Бөлмеге апаттық жағдайдан кейін түскен шаңдардың есептік массасы mав мына формуламен анықталады:
тав = (тап + qT)Кп, (17)
мұнда: тап – бөлмеге құрылғыдан лақтырылған жанған шаңның массасы, кг;
q – түтікпен авариялық аппаратқа,оны өшіру сәтіне дейін келіп жатқан шаңды заттың өнімділігі , кг с-1;
Т – өшу уақыты, 7в) қосымшадан алынады, с;
Кп – бөлмеге құрылғыдан түскен шаңның барлық массасының ауаның құрамындағы шаңның массасына қатынасын көрсететін шаңдану коэффициенті
Анықтамалар болмаған жағдайда Кп мөлшерін былай аламыз:
-
Дисперстілігі 350 мкм кем емес шаңдар үшін – Кп = 0,5;
-
Диспестілігі 350 мкм кем шаңдар үшін – Кп = 1,0.
Апат кезіндегі бөлмедегі жинақталған шаң мөлшері мына формуламен анықталады:
(18)
мұнда: КГ – жинақталған шаңның жалпы массасындағы жанған шаңның бөлігі;
т1– бөлмелерді толық тазалау уақыттары арасында, тазалауға қол жетпейтін беттерде жиналған шаңның массасы, кг;
т2 – бөлмелерді тазалау уақыттары арасында, тазалауға қол жетімді беттерде жиналған шаң массасы, кг;
Ку – шаңды тазалаудың тиімділік коэфициенті. Шаңды қолмен тазалау кезінде қолданылады:
құрғақ – Ку = 0,6;
ылғалды – Ку = 0,7.
Механизацияланған вакуумді тазалау кезінде:
еден тегіс – Ку = 0,9;
еден тегіс емес (ауданның 5 % дейін) - Ку = 0,7.
Бөлмелерді тазалау арасындағы уақыт кезінде әр түрлі беттерге қонған шаңның массасын mi (i = 1,2) мына формуламен анықтаймыз:
mi = Мi (1 - ) i, (i = 1,2)……………..(19)
мұнда: Мi =– толық тазалау жұмыстарын жүргізу уақыттары арасында бөлмеге бөлінген шаңның массасы, кг;
М1j – көрсетілген уақыт арасында құрылғылардан бөлінген бірлік жүйесіндегі шаңның массасы, кг;
М2=– тазалау жұмыстарын жүргізу уақыттары арасында бөлмеге бөлінген шаңның массасы, кг;
М2j – көрсетілген уақыт арасында құрылғылардан бөлінген бірлік жүйесіндегі шаңның массасы, кг;
– желдету жүйесімен сорылып әкетілетін, бөлмеге бөлінетін шаңның бөлігі. Егер сынақтық ақпарат жоқ болса = 0;
1, 2– бөлмені тазалауда қол жетімді және қол жетімсіз жерлерге шаңның жинақталған бөлігі ( 1 + 2 = 1).
1 және 2 коэффициенттердің мәні белгісіз болған кезде 1 = 1, 2 = 0.
№3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Жұмыс ретi:
-
Шаңдардың жанатын қоспасының жарылыс қысымын есептеу мәні шаңның тағы қандай көрсеткіштеріне байланысты өзгереді ?
Практикалық сабақ тақырыбы №4 Өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелерді және ғимараттарды дәрежеге бөлу жүйесінің негізгі принциптері.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4
Жұмыс мақсаты:
-
Бөлменің өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша дәрежелерге бөлудің негізгі принцип-терімен танысу.
-
Ғимараттарды өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша дәрежелерге бөлу принципте-рімен танысу.
1. Өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелерді және ғима-раттарды категориялау жүйесінің негізгі принциптері.
ӨҚН 105-03 сәйкес барлық өндірістік және қоймаға арналған бөлмелер А және Б категориясына бөлінетін өрт-жарылыс қауіпті класына; В1 – В4 категориялары жататын өрт қауіпті класына; Г және Д категориялы өрт қауіпті емес кластарына жіктеледі. Бөлменің категориясын анықтаған кезде келесі негізгі принциптерді ескеру керек:
-
Осы бөлмедегі өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін мойындау.
Жарылыс қауіпті газды-ауа немесе булы-ауа қоспасын түзуі мүмкін заттардың бөлмеге түскен мөлшерін анықтау үшін келесі жағдайлар орындалуы керек:
а) құрылғылардың біреуінде есептік апат болады және оның құрамындағылар-дың бәрі бөлмеге түседі;
б) құбырларды өшіруге қажетті уақыт ішінде тура және кері ағынмен қоректен-діретін құрылғылардың құбырынан бір уақытта заттардың ағуы болған кезде;
в) сұйықтық төгілген жерінде булану болады; еденге төгілген кезде булану ау-даны, 70% және одан да көп еріткіштен тұратын 1 л коспа және ерітінді 0,5м2 ауданға таралады, ал басқа сұйықтар – 1м2 таралады;
г) сонымен қатар сұйықтар сырты боялған сыйымдылықтармен, ашық күйінде эксплуатациялаған кезде сұйықтың булануы болады;
д) сұйықтың булану уақытының ұзақтығы оның толық булану уақытына, 3600 с көп емес (1сағат).
-
Шаңды және газды-булы ауа қоспасынның жарылыс қауіпті шегінің жары-лыстың есептік жұмсалған қысымы 5 кПа деп қабылданады. Жарылыстың жұмсалған қысымының тек осы шамасы ғана қызмет көрсетуші адамның өміріне қауіп төндір-мейді және жарылыс қауіпті және өрт қауіпті категорияларды бөлетін шартты шегі болып табылады.
1 кестеде заттар мен материалдардың категорияларға бөлінуін, сонымен қатар категориялаудың кейбір критериилері мен шарттарын анықтайтын сипаттамалары көрсетілген.
Бөлменің категориясын анықтаған кезде ӨҚН 105-03 сәйкес 1 кестеден жоғарғыдан (А) төменгіге (Д) дейін тексеру арқылы жүргізу керек.
Кесте-1
Бөлменің категориясы
|
Бөлмедегі материалдар мен заттардың сипаттамасы
|
А өрт-жарылыс қауіпті
|
мен тұтану температурасы 28 0С-тан көп емес оңай тұтанатын сұйықтардың мөлшері. Егер олар тұтанатын болса бөлмедегі жарылыстың жұмсалғсн қысымы 5 кПа-дан асады. Заттар мен материалдар сумен, ауаның оттегімен және бір-бірімен әрекеттескен кезде жануға және жарылуға қабілетті.
|
Б өрт-жарылыс қауіпті
|
Жанғыш шаңдар мен талшықтар, температурасы 28 0С-тан көп емес оңай тұтанатын сұйықтар, жарылыс қауіпті булы-газды ауа қоспасын түзуге қажеттң жанғыш газдар мөлшері. Егер олар тұтанатын болса бөлмедегі жарылыстың жұмсалғсн қысымы 5 кПа-дан асады.
|
В1 - В4 өрт қауіпті
|
Жанғыш және қиын жанатын, қатты жанатын және қиын жанатын заттар мен материалдар. Сумен, оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттескен кезде тек қана жанатындар. Олар А және Б категорияларына жатпайтындар.
|
Г
|
Жанған немесе балқытылған күйдегі жанбайтын заттар мен материалдар. Өңдеу процестері кезінде жылу мен жалынның бөлінуі бірге жүреді; отын ретінде утилизацияланатын немесе өртелетін жанғыш газдар, сұйықтар және қатты заттар.
|
Д
|
Суық күйіндегі жанбайтын заттар мен материалдар.
|
2. Өрт-жарылыс және өрт қауіпсіздігін есептеу әдістері бойынша ғимарат-тың категорияларын анықтау.
Ғимарат А категориясына жатады, егер А категориялы бөлменің жалпы ауданы барлық бөлмелердің ауданының 5%-нан асса немесе 200 м2 тең болса.
А категориясына жатқызбауға болады, егер А категориялы бөлменің жалпы ауданы барлық бөлмелердің жалпы ауданының 25 % -нан (1000 м2 көп емес) аспаса және бұл бөлмелер автоматты өрт сөндіргіш құрылғылармен жабдықталған болса.
Ғимарат Б категориясына жатады, егер бір уақытта мына екі шарт орындалса:
- ғимарат А категориясына жатпайды;
- А және Б категориялы бөлмелердің жалпы аудандары барлық бөлмелердің жалпы аудандарының 5 %-нан аспаса немесе 200м2 тең.
Ғимаратты Б категориясына жатқызбауға болады,егер А және Б категориялы бөлменің жалпы ауданы барлық бөлмелердің жалпы ауданының 25 % -нан (1000 м2 көп емес) аспаса және бұл бөлмелер автоматты өрт сөндіргіш құрылғылармен жабдықталған болса.
Ғимарат В категориясына жатады, егер бір уақытта мына екі шарт орындалса:
- ғимарат А немесе Б категориясына жатпайды;
- А, Б және В категориялы бөлмелердің жалпы аудандары барлық бөлмелердің жалпы аудандарының 5 %-нан (10%, егер ғимаратта А және Б категориялары болмаған кезде) асса.
Ғимаратты В категориясына жатқызбауға болады,егер А, Б және В категориялы бөлменің жалпы ауданы барлық бөлмелердің жалпы ауданының 25 % -нан (1000 м2 көп емес) аспаса және бұл бөлмелер автоматты өрт сөндіргіш құрылғылармен жабдықталған болса.
Ғимарат Г категориясына жатады, егер бір уақытта мына екі шарт орындалса:
- ғимарат А, Б немесе В категориясына жатпайды;
- А, Б, В және Г категориялы бөлмелердің жалпы аудандары барлық бөлмелердің жалпы аудандарының 5 %-нан (10%, егер ғимаратта А және Б категориялары болмаған кезде) асса.
Ғимаратты Г категориясына жатқызбауға болады,егер А, Б, В және Г категориялы бөлменің жалпы ауданы барлық бөлмелердің жалпы ауданының 25 % -нан (5000 м2 көп емес) аспаса және А, Б, В категориялы бөлмелер автоматты өрт сөндіргіш құрылғылармен жабдықталған болса.
Ғимарат Д категориясына жатады, егер ол А, Б, В немесе Г категорияларына жатпаса.
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Жұмыс тәртібі:
1. Жұмыс бөлменің өрт-жарылыс қауіптілігі бойынша дәрежесі қандай негізгі принциппен анықталады ?
2. Ғимараттың өрт-жарылыс қауіптілігі дәрежесі қандай негізгі принциппен анықталады ?
Практикалық сабақ тақырыбы №5. Жұмыс бөлмелерінің өрт қауіпі дәрежесін есептеу әдістері бойынша анықтау.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №5
Сабақ мақсаты:
Жұмыс бөлмелерінің өрт-жарылыс қауіпі дәрежесін есептеу әдістері бойынша анықтаумен танысу.
2. Бөлменің өрт қауіптілігін есептеу әдістері бойынша анықтау.
Бөлменің өрт қауіптілік категориясын анықтау уақытша өрт жүктемесінің максималды мәндерін 4 кестеде көрсетілген кез-келген бөліктің өрт жүктемесімен салыстыру арқылы жүргізіледі.
4кесте
-
Бөлменің категориясы
|
Аймақтағы өрт жүктемесі, МДж м-2
|
Орналастыру реті
|
В1
|
2200 аса
|
Нормаланбайды
|
В2
|
1401 - 2200
|
25 қосымшадан
|
В3
|
181 - 1400
|
25 қосымшадан
|
В4
|
1 - 180
|
Ауданы 10 м2 бөлменің еденінің кез-келген бөлігінде. Өрт жүктемесінің аймағының орналасу реті 25 қосымшадан анықталады.
|
Өрт қауіпті аймақтың шегінде құрамында әр түрлі қоспалардан, қиын жанатын сұйықтардан, жанатын қатты және қиын жанатын заттар мен материалдардан тұратын өрт жүктемесі кезінде өрт жүктемесін Q, МДж, мына формуламен анықтайды:
(21)
мұнда: Gi – өрт жүктемесінің i материалдарының мөлшері, кг;
Qpнi –өрт жүктемесінің i материалдарының жануының төменгі жылуы, МДж кг-1.
Өрт жүктемесі g, МДж м-2, мына қатынаспен анықталады:
(22)
мұнда:S – өрт жүктемесінің орналасу ауданы, м2 (бірақ 10 м2 артық емес).
В1–В4 категориялы бөлмелерде 4 кестеде көрсетілген мәндерден аспайтын бірнеше өрт жүктемесі бар бөліктер болуына рұқсат етіледі. В4 категориялы бөлме-лерде бұл бөліктердің арақашықтығы шамадан аспауы керек. Қатты жанатын және қиын жанатын материалдардан тұратын өрт жүктемесіне түсетін сәуле ағынының критикалық тығыздығының көлеміне, qкр, кВтм-2, байланысты 5 кестеде арақашық-тықтың lпр ұсынылған мөлшері көрсетілген. 5 кестедегі lпр мәні мына шарт орындалған кезде ұсынылады, егер Н> 11 м болса; егерН< 11 м болса, онда шектік ара-қашықтық былай анықталады l = l + (11 - Н), мұнда lпр – 5 кестеден алынады, Н – өрт жүктемесінің беткі қабатынан ферманың ең төменгі нүктесіне дейінгі минималды ара-қашықтық, м.
5кесте
qкр, кВт м-2
|
5
|
10
|
15
|
20
|
25
|
30
|
40
|
50
|
lпр, м
|
12
|
8
|
6
|
5
|
4
|
3,8
|
3,2
|
2,8
|
Өрт жүктемесінің кейбір материалдары үшін qкрмәні 6 кестеде көрсетілген.
6кесте
Материал
|
qкр, кВт м-2
|
Древесина (сосна влажностью 12 %)
|
13,9
|
Древесно-стружечные плиты (плотностью 417 кг м-3)
|
8,3
|
Торф брикетный
|
13,2
|
Торф кусковой
|
9,8
|
Хлопок-волокно
|
7,5
|
Слоистый пластик
|
15,4
|
Стеклопластик
|
15,3
|
Пергамин
|
17,4
|
Резина
|
14,8
|
Уголь
|
35,0
|
Рулонная кровля
|
17,4
|
Сено, солома (при минимальной влажности до 8 %)
|
7,0
|
Егер өрт жүктемесі әр түрлі материалдардан тұрса, онда qкр мәні ретінде қай материалдың qкр мәні ең төмен, соны қабылдаймыз.
qкрмәні белгісіз өрт жүктемесінің материалдары үшін шекті ара-қашықтықты lпр = 12 м деп қабылданады
Тез тұтанатын сұйықтықтан немесе жанғыш сұйықтықтан тұратын өрт жүкте-месі үшін өрт жүктемесінің орналасу бөліктерінің арасындағы ара-қашықтық lпрмына формулалармен анықталады:
lпр ≥15 м,Н ≥ 11 болғанда, (23)
lпр ≥26 – H,Н< 11 болғанда. (24)
№5 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Жұмыс реті:
Методикалық нұсқаудағы берілген материалдармен толық танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
1.Жұмыс бөлмелерінің өрт қауіпі дәрежесін есептеу мәні неде?
№6 Практикалық сабақ тақырыбы. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды есептеу
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6
Сабақ мақсаты: Өрт кезінде адамдарды эвакуациялаудың есебін меңгеру.
Эвакуациялық жолдар мен шығуларды есептеу
Ғимараттар мен имараттардан адамдарды эвакуациялау кезінде адамдар шыға берістерге қарай ұмтылады. Бұл шыға берістердегі адамдардың тобының тығызды-ғының тез өсуіне әкеледі. Топтардың тығыздығының өсуі адамдардың қажет жағдайда жеке бөлмелер мен ғимараттардан толығымен шығып үлгеруіне кететін уақыты - эвакуациялау кезіндегі қажетті негізгі көрсеткіш болып табылады.
Мәжбүрлі эвакуациялаудың қауіпсіздік нәтижесі эвакуация уақытының, адам-дарға әсер ететін өрттің қауіпті факторларының шекті жағдайға жету уақытынан аз болуында: Шекті қолайсыз температура (600С), оттегінің концентрациясы төмендеуі, ауада жанудың зиянды қалдықтарының шектен аса жинақталуы, түтіннің әсерінен көрудің нашарлауы. Көрсетілген шарттардың пайда болу уақытын нақты жағдайларға байланысты және оны есептеу арқылы да анықтауға болады. Эвакуацияның уақытын азайтуға конструкциялық-жобалық және ұйымдастырушылық шешімдермен қол жеткізеді.
Ғимараттар мен имараттардан адамдарды эвакуациялау кезіндегі негізгі көрсет-кіштер: тығыздық, адамдар тобының қозғалу жылдамдығы, жолдардың өткізу мүмкін-дігі және қозғалыс қарқыны. Сонымен қатар эвакуациялау жолдары ұзындығымен және енімен сипатталады.
Эвакуациялық аймақтың шекті ұзындығы, м
Ln = νT,
мұндағы: ν – эвакуациялау кезіндегі адамдардың қозғалу жылдамдығы, м/мин: 16 - көлденең жазықтықта, 8 – баспалдақпен жоғары қарай, 10 – баспалдақпен төмен қарай; Т – эвакуация уақыты, мин: 6 – өрт қауіпсіздігі І және ІІ дәрежелі ғимарат-тардан, 4 - өрт қауіпсіздігі ІІІ және ІV дәрежелі ғимараттардан, 3 - өрт қауіпсіздігі V дәрежелі ғимараттардан. Балаларға арналған мекемелерде эвакуациялау уақытын 20%-ға азайтады.
Бір қабатты өртке төзімділігі І және ІІ дәрежелі, өндірістік өрт дәрежесі А ғима-рат үшін эвакуациялау жолының ұзындығы 50 м көп емес және Б, В категориялары үшін 100м көп емес. Көп қабатты өндірістік ғимараттарда бұл қашықтық 40 және 75 м сәйкес келеді.
Адамдардың орналасу тығыздығы, м2/м2, эвакуациялық бөліктің ауданында:
Д = ΣNifі/S
мұндағы: Ni – і бөлігі ауданындағы адамдар саны, адам; fі – адамның көлденең проек-циясының ауданы,м2; S – эвакуациялау бөлігінің ауданы,м2.
Есептеу жүргізу үшін адамның көлденең проекциясының ауданын fі оның жасы, киімінің және тасымалдайтын жүк түріне байланысты төмендегідей қатынаста алады:
f, м2
Ересек адам:
Жаздық киіммен 0,1
Әр түрлі маусым аралық киіммен 0,113
Қыстық киіммен 0,125
Қолына бала көтерген 0,285
Рюкзакпен 0,315
Жеңіл жүкпен 0,235
Жасөспірім 0,07
Бала 0,04...0,05
Д < 0,05 м2/м2 болған кезде адам бағыты бойыша да, қалаған жылдамдығымен де еркін қозғала алады. Ал 0,05<Д<0,15 м2/м2 аралығында болғанда адамдар өзінің бағытын еркін өзгерте алмайды, ал Д≥0,15 м2/м2 болғанда адамдардың қозғалу тығыздығы артады. Сондықтан есептеу жүргізген кезде Д≤0,9 м2/м2 болуын қамтамасыз ету керек.
Жолдардың өткізу қабілеті, м2/мин (немесе адам/мин), - бұл жол қиылысынан уақыт бірлігінде өткен адамдар саны:
Q = ДνВ
мұндағы: В – эвакуация аймағының ені,м.
Адамдар тобының қозғалуының интенсивтілігі, м/мин
Q = Дν
Д≤0,9 м2/ м2 тең болған кезде адамдар тобының қозғалуының интенсивтілігі келесі көрсеткіштерге сай болуы керек: 13,5 – көлденең жазықтыққа; 8,5 – ені 1,6м болатын есік ойықтарына; 7,2 – баспалдақпен төмен қарай; 9,9 – баспалдақпен жоғары қарай көтерілгенде.
Эвакуациялау аймағының енінің мәнін есептеу, м
Вр = N/(Lпδ),
мұндағы: δ – аймақтың ұзындығы бойынша адамдар тобының тығыздығы, адам/м2: ересек адамдарға 8≤10...12, балаларға 8≤20...25. 8 деген мәнді мына формула бойынша табуға болады: δ = N/S.
Эвакуациялау аймағының енін В 30.1 таблицасынан Вр есептік мәнін ескере отырып қабылдайды.
Эвакуация жолдарының саны
nЭ = 0.6N/(100B).
Алынған мәнді nЭ≥2 шартын ескере отырып дөңгелектейді
Кіре берістің, есіктердің, марштардың және баспалдақ алаңшасының ені, м
-
Эвакуациялау аймағы
|
Ең аз мәні
|
Ең көп мәні
|
Өту жолы(проход)
Кіре беріс
Есік
Марш
Баспалдақ алаңшасы
|
1
1,4
0,8
1,05
1,05 марштың енінен кем емес
|
есептелінеді
``
2,4
2,4
есептелінеді
|
Ескерту: жалғыз жұмыс орнына апаратын жолдар мен галереядағы баспалдақтардың, қабаттардың, алаңшалардың енін 0,7м-ге дейін қысқартуға; жертөле мен шатырға апаратын марштар мен баспалдақ алаңшасының енін, сонымен қатар 50-ден артық адамды эвакуациялауға арналған баспалдақтардың енін 0,9м-ге дейін қысқартуға болады.
Кеңістіктен жануарларды эвакуациялауға қажет қақпалар саны:
nВ = NЖ/(РС)
мұнда: NЖ – жануарлардың жалпы саны; Р – шыға берістің 1 м еніне келетін жануарлар саны (30.2 кесте); С – қақпалардың ені,м: сиыр және жылқылар тұратын жерге ≥2м, қойларға ≥2,5, шошқаларға ≥1,5м.
Эвакуациялық шығу жолдарының 1м еніне шаққандағы жануарлар саны
-
Жануарлардың түрлері
|
Ғимараттың өртке төзімділік дәрежесі
|
ІІ, ІІІ
|
IV, V
|
Сиырлар
|
30
|
20
|
Жылқылар
|
25
|
15
|
Шошқалар
|
|
|
Мегежіндер мен торайлар және аталықтары
|
25
|
15
|
Мал басы және төлдер бордақылауда
|
250
|
150
|
Қойлар
|
200
|
120
|
Мал өсірумен айналысатын жерлерде кем дегенде екі қақпа болуы керек. Оларды мүмкіндігі бойынша ғимаратқа қарама-қарсы орналастырған жөн.
№6 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Жұмыс реті:
1.Ғимараттар мен имараттардан адамдарды эвакуациялау кезіндегі негізгі көрсет-кіштеріне нелер кіреді.?
2.Адамдар тобының қозғалу жылдамдығы қандай кандай көрсеткіштерге байланысты ?
3.Эвакуациялау жолдары ұзындығы неге байланысты нормаланады?
Практикалық сабақ тақырыбы №7, №8. Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7,№8
Жұмыс мақсаты: Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларының құрылысы-мен танысып , пайдалануға қабылдау тәртібін білу.
Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі
2.1. Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын (жүйелерін) монтаждау-іске қосу жұмыстарының сапасы мен сәйкестігін өрт сөндіретін сорғыш станциясынан тексеру ұсынылады (1-сурет.).
2.2. Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексеру кезінде қызметкер:
1) өрт сөндіру станциясының көлемдік-жоспарлау шешімдерінің орналасуын, сондай-ақ жобалық құжаттамаға сәйкестігін;
2) өрт сөндіретін сорғыш станциясының үй-жайынан тікелей сыртқа немесе сыртқа шығатын жолы бар саты торына шығу жолының болуын;
3) сорғыш станциясы үй-жайларының өзге де үй-жайлардан отқа төзімділік шегі кемінде 0,75 сағат өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлінуін;
4) өрт сөндіру бекетінің үй-жайымен телефон байланысының болуын;
5) сорғыш станциясының үй-жайына кіретін жерде «Сорғыш станциясы» деген жарықтандырылған таблоның болуын;
6) келтеқұбырлары сыртқа шығарылған және өрт сөндіру қондырғысын жылжы-малы өрт техникасына қосу үшін қажетті қосқыш бастиектермен жабдықталған құбыр-лардың болуын;
7) құбырда резервуарды өрт сөндіргіш затпен толтыратын ысырмалардың болуын;
8) резервуарлардағы (сыйымдылықтардағы) өрт сөндіргіш заттардың деңгейін көзбен бақылау үшін өлшеуіш рейкасы бар бақылау-өлшеу жабдығының болуын;
9) сорғыштардың, технологиялық және электр техникалық жабдықтың жобаның жұмыс сызбаларына сәйкес орналасуын;
10) есептік шығын мен тегеурінді немесе импульстік құрылғыны қамтамасыз ететін автоматты су сіңіргіштің болуын;
11) тиісті қысымда құбырлардың қосқыштарының герметикалығын және олардың арматураға және аспаптарға дұрыс қосылуын;
12) сорғыштарды қолмен тоқтату құрылғыларының болуын;
13) мынадай:
а) негізгі және резервтік кіру жолдарында электрмен жабдықтау және фазалардың жерге (шақыру бойынша) тұйықталу кернеуінің болуы туралы;
б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;
в) резервуарда авариялық деңгей туралы;
г) дренаж құрылғысындағы авариялық деңгей туралы;
д) электр басқару желілерінің дренчерлік қондырғылардың қозғаушы құбыр желілерінде орнатылған электр жетегі бар тиек құрылғыларымен зақымдануы туралы жарықты дабылдың болуын және оның жұмыс қабілетін;
14) басқару тораптарында мыналар:
а) тораптың атауы мен оның нөмірі;
б) бағыт нөмірі;
в) қорғалатын үй-жайдың атауы;
г) суландырғыштардың типі мен саны;
д) өрт сөндіру қондырғысының принципті сызбасы мен байламның функционалдық сызбасы;
е) өрт сөндіргіш затты беру бағыттары,
ж) қондырғыны іске қосу тәсілі көрсетілген тақтайшалардың болуын;
15) қондырғыларды басқару тораптарының қызыл түске боялуын,
16) электр техникалық жабдығының ЭҚОЕ талаптарына сәйкестігін;
17) монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасын тексеруі қажет.
2.3. Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексерумен қатар қызметкер су сақтауға арналған резервуар (сыйымдылық)жобалық құжаттамада көрсетілген көлемге сәйкестігін тексеруі қажет.
2.4. Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексеруді аяқтағаннан кейін қызметкер егер жобалық құжаттамада үй-жай қарастырылса, қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен үй-жайды тексереді.
2.5. Қызметкер қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен тексеру барысында қызметкер мыналарды:
а) қондырғының іске қосылғаны туралы (бағыттары бойынша айқын жазылған);
б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;
в) қондырғының жарамсыздығы туралы (жалпы сигнал – автоматты су сіңіргіште немесе импульстік құрылғыда қысының түсуі туралы, резервуардағы немесе дренаж құрылғысындағы су деңгейінің авариялық деңгейі туралы, тиек құрылғыларымен электр басқару желілерінің зақымдануы туралы, электрмен қамтамасыз етудің негізгі бөлігінде кернеудің жоғалуы туралы);
г) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы дабылды қамтамасыз ететін жарық және дыбыс дабылының болуын және оның жұмыс қабілетін тексеруі қажет.
2.6. Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау барысында қызметкер барлық үй-жайларға тексеріс жүргізуі қажет. Тексеру кезінде мыналарды:
1) үй-жайлардың жобалық құжаттамаға сәйкес жарақталуын;
2) құбырларды қосқыштардың герметикалығын;
3) құбырлардың бекітілуі және сенімділігін;
4) суландырғыштардың нормативтік құжаттардың талаптарына, жобалық құжаттамаға, дайындаушы зауыттың паспорттық деректеріне және суландыру картасына сәйкес орналасуын;
5) суландырғыштарда майысқан жерлерінің, сызаттардың және оның сенімді жұмыс істеуіне әсер ететін өзге де ақаулықтардың болмауын;
6) суландырғыштардың механикалық зақымдану қаупі бар жерлерін арнайы қорғағыш торлармен қорғалуын;
7) бір қорғалатын үй-жай шегінде бір диаметрлік шығыңқы тесігі бар суландырғыштардың орнатылуын қарауы қажет.
2.7. ішкі өрт крандарын қоректендіретін спринклерлік су толтыратын қондырғыларға орналастыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Ішкі су құбыры және канализация» ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 сәйкес ғимарат үшін бір ағысқа ішкі өрт сөндіруге қажетті ағыс мөлшері мен су шығынын орнатып, тексеру;
2) өрт шкафтарының орнатылуын, олардың өрт жеңдерімен, қосқыш бастиектермен, оқпандармен, қол өрт сөндіргіштермен жарақталуын тексеруі қажет.
Өрт жеңінің ұзындығы, өрт оқпаны ұшының шашырату диаметрі жобалық құжаттамаға және нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
2.8. Тексеріс барысында суландырғыш қорын тексеру қажет, ол қондырғының бөлу құбырларындағы жөнделген құбырлардан кемінде 10%, сондай-ақ көбікпен өрт сөндіру қондырғылары үшін екі есе көбік түзгіш қорын құрауы қажет.
2.9. Тексерісті аяқтағаннан кейін қондырғының электр басқару құралын тексеріп, оның:
1) жұмыс сорғышын автоматты іске қосуды;
2) белгіленген іске қосу уақыты аралығында жұмыс сорғышының өрт сөндіру режимін іске қосудан бас тартуының немесе шықпауының резервтік сорғышын автоматы іске қосуды;
3) тиек арматурасын электр жетектерімен автоматты басқаруды;
4) басқару тізбектерін жұмыс көзінен электр энергиясымен қоректендірудің резерв көзінен автоматты ауыстырып қосуды қамтамасыз ететініне көз жеткізу қажет.
2.10. Спринклерлік қондырғыны басқару тораптарының дұрыстығына қызметкер қондырғының жұмысын тексеруге арналған құбырдағы кранды (вентилді) ашу арқылы (2-сурет.), сондай-ақ суландырғышты ғимараттың ең жоғарғы және қашық бөлігінде іске қосу арқылы сынақ жүргізуі қажет. Спринклерлік су толтыру қондырғыларының қоректендіретін құбырларында ішкі өрт крандарын орналастыру кезінде спринклерлік қондырғыларды басқару тораптарының дұрыс жұмыс істеуіне сынақты қызметкер ғимараттың ең жоғарғы және қашық бөлігінде орналасқан өрт кранын ашу арқылы жүргізуі қажет.
Бұл сынақтарда клапан ашылуы және сигналдық құрылғы (сорғыштарды автоматты іске қосу мүмкін) іске қосылуы қажет.
2.11. Өрт кранын ашу арқылы спринклерлік қондырғыларды басқару тораптарының дұрыс жұмыс істеуін сынау барысында қызметкер ғимараттың ең жоғарғы және қашық бөлігінде орналасқан өрт кранынан ағыстың жиынтық бөлігінің биіктігін тексеруі қажет.
Ағыстың жиынтық бөлігінің биіктігі жобалық құжаттамаға және нормативтік талаптарға сәйкес болуы қажет.
2.12. Дренчерлік қондырғыларды басқару тораптарының дұрыс жұмыс істеуіне сынақты қызметкер клапаннан жоғары орналасқан ысырма жабық тұрғанда іске қосу құбырындағы кранды (вентилді) ашу арқылы жүргізуі қажет, бұл ретте клапан ашылып, сигналдық құрылғы іске қосылуы қажет.
2.13. Импульстік құрылғының жұмыс қабілетін тексеруді қызметкер қысымның 0,05 МПа дейін төмендеуінің ЭКМ тілшесінің көмегімен көрсету арқылы жүргізуі қажет. Бұл ретте өрт бекетінің (диспетчерліктің) үй-жайында дабыл қалқанында жарық және дыбыс дабылы іске қосылуы қажет.
2.14. Ғимараттың инженерлік жабдығының сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғысын (жүйесін) (түтін жою, желдету, өрт туралы адамдарға хабарлау жүйелерін) басқару кезінде қондырғының (жүйенің) жұмыс қабілетін қызметкер олар басқаратын жүйелер кешенінде тексеруі қажет.
Бұл ретте қызметкер өрт сөндіру қондырғысы (жүйесі) іске қосылған кезде ғимараттар мен құрылыстарды өрттен қорғау жүйелерін іске қосу (түтін жою жүйелерін іске қосу, ауа тіреу, желдету жүйелерін ажырату, лифтілерді түсіру және т.б.) үшін командалық импульс қалыптасқанына көз жеткізуі қажет, ал көрсетілген өрттен қорғау жүйелері күйге келтіріледі.
№7,№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
Жұмыс тәртібі:
1.Сумен өрт сөндіру қондырғыларының құрылысы қандай негізгі бөліктерден тұрады?
2.Көбікпен өрт сөндіру қондырғыларының құрылысының артықшылығы неде?
Практикалық сабақ тақырыбы №9. Газдық өрт сөндіру қондыр-ғылары
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9
Сабақтың , жоспары, мақсаты
Газдық өрт сөндіру қондырғыларының құрылысын, жұмысын оқып-біліп ,пайдалану ерекшеліктерімен танысу.
Сұрақ атауы 1. Газдық өрт сөндіру қондырғылары
Автоматты газбен өрт сөндіруқондырғысының өрт сөндіргіш заряды: көміртегі диоксиді және басқа да инертті қосындылар(аргон, азот, су буы), хладондар, хладон негізіндегі аралас құрамдар болуы мүмкін.
Газдың өрт сөндіргіш құрамдар мен өрт сөндіру көлемді, жергілікті және аралас болуы мүмкін. Автоматты газды өрт сөндіру құралдарының басымдылығы: әртүрлі пішіндегі көлемді газдық құрамаен жылдам толтыру мүмкіндігі, өрт сөндіру жылдам-дығы, флегматизация және т.б.
Газды құраммен көлемді өрт сөндіруді шығу ауданы шектелген ғимарат-тарда(орындарда) қолданады. Газды өрт сөндіру қондырғысы ғимаратты газдық құраммен тезарада толтырып және онда жануды тоқтату үшін қажетті концентра-циялық ортаны түзейді.
Газды өрт сөндіру құраммен жергілікті(локальді) өрт сөндіруге келесі жағдай-ларда, өрт шыққан жерді және көлемін нақты анықтағанда қоладнылады(мысалы, жекеленген аймақтағы тұтанған сұйықтықтар жанғанда, қабырғамен бөлінген аппарат-тар жанғанда).
Автоматты пневматикалық іске қосқыш БАП типті (Сурет-5) батарея іске қосқыштан және жұмыс балондарынан тұрады, олар ортақ рамамен қосылған. Іске қосқыш балондар автоматты басты-затворлармен жабдықталған. Шығатын тесіктері құбырлы секционды коллекторлардың кері клапандарымен қосылған. Сығылған ауаның балондағы қысымы электроконтактілі манометрлермен реттеліп отырады. Газқұрамды балондар-
Сурет-5.. Пневматикалық іске қосқышы бар БАП типті автоматты батарея:
1- іске қосқыш балон; 2- автоматты басты-затвор; 3- тығын клапаны ТҚ; 4- секционды коллектор; 5- мембраналы басшық; 6- газ құрамды балон; 7- электроконтактілі монометр; 8- рама.
дың сиымдылығы 40л. Секционды коллеторлар тығынды және қорғаныш клапандары-мен жабдықталған.
БАП батареясына негiзгi техникалық мiнездемелер
Қалыпты қысым,МПа
Сығылған ауа 2,5
Гады құрама 12,5
Көміртегі диоксидінің массасы(бір балонда), кг 30
Габариттар,мм 950*650*1850
Масса(зарядсыз),кг 490
Эксплуатация уақытындағы температура диапазоны,0С 5-35
Екі балонды электрлі және тросты келтірулі Т-2МА типті батареялар (5) сиымдылығы 40л екі газ құрамды балоннан тұрады. Балондар басты-затвормен жабдықталған. Т-2МА батареяларын біраз көлемді жанулар локализациясы мен 40м3 көлемдегі ғимараттарда тросты және электрлі келтірулі жүйелерді, сонымен қатар қолмен өрт сөндіру үшін сапты қолдану арқылы қолдануға болады.
Т-2МА батареясына негiзгi техникалық мiнездемелер
Көміртегі диоксидінің заряды, кг 30
Баллон саны:
жұмыс істейтін 1
резевтік 1
Іске қосуға арналған тоқ кернеуі,В 36
Әсердің ұзақтығы,с 60
Габариттер,мм 770*365*1670
Масса (зарядсыз),кг 200
СН типті терімді секция автоматты сөндіргіш БАП және БАЭ құралдарын жинақтауға арналған, өрт сөндіргіш заряд қондырғының массасын көбейту мақсатын-да қолданылады.
Түрткі болатын іске қосқышСН типті секция іске қосқыш пневматикалық жүйесі бар, өртті газды құрамдармен сөндіретін қондырғыларды жинақтауға арналған. СН секциялары өрт пайда болған жерде автоматты түрде қосылып және сол жерге өрт өшіретін зарядтар құлайды. Секция құрамына iске қосқыш әуе клапаны бар iске қосқыш баллоны және жүйелік құбырлардан монометрлерді іске қосу үшін арналған түрткі болатын құбыр, iске қосқыш әуе клапаны, түрткі болатын жүйе және т.б. кіреді. Іске қосқыш баллон орналастырылған клапан және БАП батареясының iске қосқыш баллонымен тұйықтаған. Клапаннан жоғары қорғалатын жерде от өшiретiн зарядты тасымалдайтын құбырлар жүргізілген. СН секциялар саны қорғалатын орындардың қондырғылар санымен сәйкес келеді. Өнеркәсіп 5 өлшемді СН секцияларын шығара-ды. Олар бір-бірінен жалғағыш клапандардың диаметрлерімен ажыратылады: 25, 32, 50, 70 және 80 мм.
СН типті секцияларға негiзгi техникалық мiнездемелер
Сыйымдылықты баллондарының саны
40л 4
Габбариттер, мм 510*540*1850
Масса(зарядсыз), кг 295
Сиымдылығы 200-400л балоны бар ірібалонды газды сөндiргіш қондырғылар ірі өрттерді сөндіруге арналған. Мұндай қондырғы жұмыс батареялы балондардан, пневмоклапанды үйлестіргіштен, пневмоклапанды шығарушы коллектордан, басқару пультінен, бақылау мен сигнализациядан, зарядты станция және басқару қалқанынан тұрады.
Хладон құрамды өрт сөндіргіш қондырғыларды автоматты түрде түрткі болатын механикалық(тросты), пневмомеханикалық және электрлік жүйемен қосуға болады.
Механикалық(тросты) қондырғы құлаған жүктің энергиясы әсерінен іске қосылады. Ол өрт туралы хабарлағыштың жұмыс істеу нәтижесінде болады.
Оңай балқығыш құлыптары бар трос түрткi болатын құрылымының қолданылуы арқандардың ұзындығы(15—20 молар) және бұрылыстардың санымен шектелген. Сондықтан тросты келтірулер кішкентай орындар үшін және заряд құрамының ыдысы қорғалатын орыннға жақын жеде немесе соның ішінде болған жағдайда қолданылады.
Пневмомеханикалық келтірулі қондырғы түрткi болатын іске қосқыш батарея іске қосылғанда пневмомеханикалық күйге келеді. Қондырғы заряд құрамды ыдыс және пневмомеханикалық қондырғы затворлардан тұрады. Троспен жалғанған қозғал-малы сығылған ауаның қысыммен қозғалатын поршен түріндегі пневмопривод.Өрт болған орындағы спринклердің іске қосылуынан пневмомеханикалық сөндіргіш түрткі болатын іске қосқыш батарея арқылы қосылады. Пневможетек-сөндiргiштiң пiскегiне 2,5 МПа қысыммен қысылған ауа берген уақытта құрамды ыдысқа сығылған ауаның келуі үшін қондырғы затворлар ашылады. Құрам осы қысымның әсерiмен қорғалатын орынға шығарылатын ашық қондырмалардағы бөлгiш құбырлары арқылы коллектор және қырқылжың бойынша тасымалданады. Егер қондырғы бір уақытта бірнеше орындарды қорғаса, онда үйлестіргіш қондырғы орнатылады.
№9 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары
1.Автоматты газбен өрт сөндіру қондырғысы қандай құрамдас бөліктерден тұрады?
2. Өрт сөндіру қондырғысында қандай газдар пайдаланылады?
Практикалық сабақ №10. Автоматты Ұнтақты өртсөндіргіш құрылғылар.
Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №10
Сабақтың жоспары, мақсаты
Ұнтақты өртсөндіргіш құрылғылардың құрылысы және есебімен танысу.
1. "Тунгус-6" ұнтақты сөндіру модуль.
Достарыңызбен бөлісу: |