Өндірістік объектілердегі өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесі


Лап еткен өрт жағдайында буауа бұлтының жану өнімінің әсер ету радиусын анықтау



бет10/12
Дата13.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#133973
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

3.6.3. Лап еткен өрт жағдайында буауа бұлтының жану өнімінің әсер ету радиусын анықтау


Технологиялық жабдықтармен бөгеттелмеген кеңістікте буауа бұлтының қалыптасуы және оның шамалы көз болып жануы (мысалы, ұшқындауы) жағдайында, бұл қоспаның жануы, әдетте, шамалы көрінеу жылдамдықпен жүреді.

Бұл ретте қысу толқынының амплитудасы аз және зақымдаушы әсерді бағалау кезінде назарға алынбайды. Бұл жағдайда лап ететін өрт іске асады, буауа қоспасының жоғарытемпературалы жану өнімдерімен зақымдалу зонасы жану өнімдері бұлтының максималды мөлшерімен тура келеді (яғни, негізінен осы бұлтқа түскен объектілер зақымданады). Буауа қоспасының жоғарытемпературалы жану өнімдерінің әсер ету радиусы лап еткен өрт RF кезінде мына арақатынаспен анықталады:



, (3.67)

мұндағы RНКПР - п. 3.3.анықталатын жарылысқауіпті зонаның жазық аумағы



3.7. Төгілуден сұйықтықтың және СКГ булануы

3.7.1. Сұйықтық


Қызбаған сұйықтықтар үшін булану қарқындылығы W (кг/(м2с))қанағаттанарлық дәлдікпен мына өрнекпен сипатталады:

, (3.68)

мұндағы - жайлар үшін қабылданатын коэффициент, 3.5 кестесі бойынша, ауа ағынының жылдамдығына және булану бетінен жоғары температураға байланысты. Сұйықтық жайдан тыс жерде төгілгенде = 1 қабылдауға болады; М – сұйықтықтың молярлық массасы, кг/кмоль; РН – сұйықтықтың есептік температурасы кезіндегі қаныққан будың қысымы, кПа.



Кесте 3.5.

Ауа ағынының жылдамдығы, м/с

Коэффициенттің мәні ауаның t (ОC) температурасы кезінде

10

15

20

30

35

0

1,0

1,0

1,0

1,0

1,0

0,1

3,0

2,6

2,4

1,8

1,6

0,2

4,6

3,8

3,5

2,4

2,3

0,5

6,6

5,7

5,4

3,6

3,2

1,0

10,0

8,7

7,7

5,6

4,6


3.7.2. Сұйытылған көмірсутек газы


Сұйықтық қысым астында болған жабдық зақымдалып, СКГ лақтырылған кезде өнімнің бір бөлігі ішкі энергияның есебінен, сол сәтте сұйықтық тамшыларымен аэрозоль бұлтын түзе отырып буланады. Сұйықтықтың қасқағымда буланған массалық мөлшері мына арақатынастан анықталады:

, (3.69)

мұндағы СР – СКГ өзіндік жылусыйымдылығы, Дж/(кг.К); Та – қоршаған ауаның температурасы, К; Tg – атмосфералық қысым кезінде СКГ қайнау температурасы, К; Lg – СКГ бутүуінің өзіндік жылуы, Дж/кг.

≥0,35 кезінде жабдықтағы сұйықтық массасы буланудың жарылыстық сипаты есебінен бутамшы бұлтына айналады деп қабылданады.

<0,35 кезде сұйықтықтың қалған бөлігі өзінің астындағы беттің және ауаның жылу ағыны есебінен төгілудің бетінен буланады.

Сұйықтықтың бос беттен булану қарқындылығы W (кг/(м2с)) мына өрнекпен сипатталады:

, (3.70)

мұндағы λs –сұйықтық бетіне төгілетін материалдың жылуөткізгіштік коэффициенті, Вт/(м К); СS – материалдың өзіндік жылуөткізгіштігі, Дж/(кгК); ρs –материалдың тығыздығы, кг/м3; Т0 –материалдың бастапқы температурасы, К; t –булану басталған сәттен басталған уақыт, с (бірақ 10 с кем емес); λа – ауаның температурасы Т0 кезіндегі жылуөткізгіштік коэффициенті; u – булану бетінің үстіндегі ауа ағынының жылдамдығы, м/с; d – төгілудің тән диаметрі, м; νа – ауаның кинематикалық тұтқырлығы Т0 кезінде м2/с.



3.8. Ағыстық жану кезіндегі алаудың көлемі


Сұйытылған жанғыш газдардың, СКГ мен СПГ бу және сұйық фазасының шапшып ағуы кезінде диффузиялық алаулардың пайда болу қаупі туындайды.

Шапшу ағу кезіндегі алаудың ұзындығы Lф (м) мына формула бойынша есептеледі:



, (3.71)

мұндағы G – өнімнің шығыны, кг/с; K – эмпирикалық коэффициент, сұйытылған газдардың ағуы кезінде 12,5-ге тең, ал СКГ мен СПГ бу фазасының ағуы кезінде - 13,5-ге тең , СКГ мен СПГ сұйық фазасының ағуы кезінде – 15-ке тең қабылданады.

Сұйытылған жанғыш газдардың, СКГ мен СПГ бу және сұйық фазасының шапшып жанып жатқан алаудың өрт қауіптілігін бағалау кезінде мыналарға жол беріледі:

 алаудың көлемі жалынның қоршаған объектілермен тікелей жанасу зонасын анықтайды, яғни қарқындылығы 100 кВт/м2 қабылдануы мүмкін анағұрлым қауіпті жылу әсерінің аумағын білдіреді;

 алаудың ұзындығы LF өнім ағысының бағытына және желдің жылдамдығына байланысты болмайды;

 іске асуының шартты ықтималдығы 0,67 тең қабылдануы тиіс жазық алаулар анағұрлым қауіпті болады;

 адамның жазық алауда зақымдануы радиусы алаудың ұзындығына тең 30отық секторда жүреді;

 жазық алаудың көрші жабдықтың қирауына (аварияның каскадпен дамуына) алып келетін әсері LF –ға тең келетін, радиусы шектеулі 30о-тық секторда жүреді ;

 аталған сектордың шегінен тыс LF дан 1,5 LF –ға дейінгі қашықтықта жазық алаудан шыққан жылу 10 кВт/м2 құрайды;

 тік алаудан шыққан жылу радиусы LF тең айнала аумақта 10 кВт/м2 құрайды;

 қасқағымдағы тұтану кезінде эквиваленттік диаметрі 100 мм дейін тесіктен СКГ мен СПГ сұйық фазасының ағуы кезінде төгілу өрті болмайды, аққан өнімнің алаудағы толық жануы жүреді;

 шапшып ағу кезіндегі лап еткен өрттің ықтимал әсерінің аумағы алаудың әсер ету аумағымен (шектелген радиусы LF-ға тең 30о-тық сектор) тең

 газ ағысының қасқағымда тұтануы кезінде қысу толқынының қалыптасу ықтимлдығын ескермеуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет