Өндірістік объектілердегі өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесі


Жылулық сәуле шығарумен зақымдалу өлшемдері



бет12/12
Дата13.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#133973
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

4.2. Жылулық сәуле шығарумен зақымдалу өлшемдері


Жылулық сәуле шығару әсерін талдау кезінде импульстік және ұзақ әсер ету жағдайларын ажырату керек. Бірінші жағдайда, зақымдалу өлшемі сәулелену дозасы D (мысалы, от шарының әсері), екінші жағдайда – жылулық сәуле шығару қарқындылығының қауіптілігі qCR (мысалы, төгілі өртінің әсері) болып табылады.

Кейбір жанғыш материалдардың тұтануы үшін шамалар qCR 4.3 кестеде, адам зақымдалуының әртүрлі дәрежелері үшін 4.4.кестеде берілді.



Кесте 4.3

Материалдар

qCR, кВт/м2

Ағаш (қарағай, ылғалдылығы 12%)

Ағаш-жаңқа плиталар (тығыздығы 417 кг/м3)

Торф, брикет

Торф, кесек

Мақта-талшық

Қабатты пластик

Шыны пластик

Пергамин


Резина

Көмір


Бума жабын

Картон, сұр

Декоративті қағаз-қабатты пластик

Металлопласт

Плита ағаш-талшықты

Плита ағаш-жаңқалы

Плита ағаш-жаңқалы, әрленімі "Полиплен"

Плита ағаш-талшықты, құнды ағашқа ұқсастырып, лак-бояу жағылған

Винилисбылғары, қаптауға арналған, жанғыштығы төмен

Шыныпластик, негізі полиэфир

Лак-бояу жабындары

Жуылатын тұсқағаз ПВХ, негізі қағаз

Линолеум ПВХ

Линолеум алкидті

Линолеум ПВХ, негігі мата

Кілем жабын

Шөп, сабан (ылғалдылығы минималды, 8% дейін)

Тезтұтанғыш, жанғыш және жануы қиын сұйықтықтар, өздігінен тұтану температурсында, ОС:

300

350


400

500 және одан артық



13,9

8,3


13,2

9,8


7,5

15,4


15,3

17,4


14,8

35,0


17,4

10,8


19,0 - 24,0

24,0 – 27,0

13,0

12,0


12,0

12,0 – 16,0

30,0 – 32,0

17,9 – 20,0

14,0

25,0


12,0

10,0 – 12,0

10,0

6,0 - 12,0



4,0 - 6,0

7,0


12,1

15,5


19,9

28,0 и выше



Таблица 4.4

Зақымдалу дәрежесі

Сәуле шығару қарқындылығы, кВт/м2

Шектеусіз уақыт ішінде келеңсіз зардаптарсыз

1,4

Брезент киімдегі адам үшін қауіпсіз

4,2

Төзбес ауыру, 20-30 с сайын

7,0

Күйік, 1 дәрежелі, 15-20 с сайын




Күйік, 2 дәрежелі, 30-40 с сайын




Төзбес ауыру, 3-5 с сайын

10,5

Күйік, 1 дәрежелі, через 6-8 с




Күйік, 2 дәрежелі, через 12-16 с




Қасқағымдық ауыру сезіну, 4 с сайын

20,0

Ұзақ әсер ету жағдайында өлім, 50% ықтималдықпен 10 с жуық

44,5

Жылулық сәуле шығарумен адамның зақымдалуы үшін пробит-функцияның шамасы мына өрнекеп сипатталады:



, (4.10)

. (4.11)

Тиімді экспозиция уақытының шамасын t мына формулалар бойынша есептеп шығаруға болады:

 от шары үшін:

; (4.12)

 төгілу өрті үшін:



, (4.13)

мұндағы m – от шарының қалыптасуына қатысатын жанғыш заттың массасы, кг; t0 – адам өртті көретін және өзінің одан әрідегі іс-әрекеті туралы шешім қабылдайтын тән уақыт, с, (5-ке тең қабылдауға болады); х – адамның орналасу орнынан қауіпсіззонаға дейінгі қашықтық (жылулық сәуле шығару қарқындылығы 4 кВт/м2 кем зона); u – адамның қауіпсіз зонаға қарай қозғалысының орташа жылдамдығы, м/с (5 м/с қабылдауға болады).

Өрт жалынының немесе алуының тікелей әсеріне түскен адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы 1-ге тең қабылданады.

4.3. Лап еткен өрттің іске асуы кезінде ұлғаятын жану өнімдерімен зақымдалу өлшемдері


Лап еткен өрт үшін газбуауа бұлты жануының жоғарытемпературалы өнімдерінің әсер ету зонасына түскен адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы 1-ге тең, ал бұл зонадан тысқарыда адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы 0-тең қабылдануы керек.


ҚОСЫМША 5

ӨРТ ҚАТЕРІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ


Ғимараттардың (ғимарат бөліктерінің – өрт бөліктерінің), құрылғылар мен құрылыстардың (бұдан әрі - ғимараттар), сондай-ақ өндірістік объектілердің аумақтары мен оның маңайындағы аумақтар үшін потенциалдық, жеке және әлеуметтік қатерлердің мәндерін есептеу төменде баяндалған әдістемелер бойынша жүргізілуі тиіс.

5.1. Өндірістік объектінің аумағы және объект маңындағы аумақ үшін потенциалды қатер


өндірістік объектілердің аумақтары мен оның маңайындағы аумақтарда белгілі бір нүктедегі а потенциалдық қатердің шамасы Р(а) (жыл-1) мына арақатынастың көмегімен анықталады:

(5.1)

мұндағы J - аварияның даму сценарийлерінің саны (оқиғалардың логикалық тармағы тармақшаларының); Qdj(a) – аварияға себеп болатын нақты оқиғаға жауап беретін авария дамуының i-сценарийінің іске асуы нәтижесінде белгілі бір нүктеде а адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы; Qj - авария дамуының i-сценарийінің жыл ішінде іске асу жиілігі, жыл-1.

Адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы Qdj(a) пробит-функциялардың мәндері бойынша анықталады.

Шама P(a) авария дамуының әрбір сценарийінің іске асу жиілігін ескере отырып қауіпті факторлармен зақымдалу зоналарын өндірістің бас және ахуалдық жоспарларына, оларды аварияға себепші сәйкес оқиғаға (жабдық элементіне, технологиялық қондырғыға) және тиісті метеорологиялық сәйкес зақымдалу зонасын бағдарлауға (төгілу өрті, ағыстық жану, лап еткен өрт, газбуауа бұлтының қалыптасуы және жануы үшін) байланыстыра отырып енгізу жолымен анықталады. Қатерді есептеу кезінде әртүрлі типтік жел бағыттарымен, олардың күтілетін туындау жиілігімен байлаысты метеорологиялық жағдайлар қарастырылады.

Қатерді есептеу процедурасы әртүрлі өртқауіпті жағдайларды қарастыруды, қауіпті өрт факторларымен зақымдалатын зоналарды және көрсетілген өртқауіпті жағдайлардың іске асу жиілігін анықтауды көздейді. Есептеулер жүргізуге ыңғайлы болу үшін жергілікті жердің аумағы зоналарға бөлінеді, олардың ішіндегі шамалар P(a бірдей болжамдалады.

Қажет болған жағдайларда адамның зақымдалуының шартты ықтималдығын бағалау бірден артық қауіпті факторлардың бірлескен әсерін ескеріп жүргізіледі (кезеңді тармақшалар үшін «ЖӘНЕ» өту жағдайымен). Мысалы, өрт ошағындағы қысым астындағы ТТС сұйыққоймасының жарылысымен байланысты аварияның даму сценарийінің іске асуы кезінде адамның зақымдалуының шартты ықтималдығын есептеу үшін от шарының сәулелік жылу шығаруынан бөлек, қысу толқынының әсерін есепке алу қажет.

Авария фдамуының j сценарийі іске асуының нәтижесінде бірнеше қауіпті факторлардың бірлескен тәуелсіз әсерінен адамның зақымдалуының шартты ықтималдығы Qdj(a) былайша анықталады:

(5.2)

мұндағы h – қауіпті өрт факторларының қарастырылатын саны; Qk - k-қауіпті фактордың іске асу ықтималдығы; Qdjk(a) – қауіпті фактормен зақымдалудың шартты ықтималдығы.

Потенциалдық қатерді есептеулердің нәтижелері өндірістік объектілердің картасында (ахуалдық және/немесе бас жоспарда) мәндері бірдей тұйық сызықтар түрінде (Р(а функциясының изосызықтары ) көрсетіледі.

Р(а функциясының изосызықтары қатер контурлары деп аталады. Олардың физикалық мәні мынада, олар объект аумағын (сондай-ақ кәсіпорын айналасындағы жерді) адам өліміне алып келетін авариялардың қауіпті факторларының күтілетін жиілігі белгілі шектерге алынған аумақтарға бөледі.

Қатер контурлары кәсіпорында жұмыс істейтіндердің санына немесе олардың лауазымдық міндеттеріне байланыты емес, тек қана пайдаланылатын технологиямен және қолданылатын жабдықтың сенімділігімен анықталады.

Потенциалды қатер объектінің өрт қауіпсіздігінің шарасы (критерий рұқсат етілгендік/рұқсат етілмегендік өлшемдері) ретінде пайдаланылады. Өндірістік объектіге жақын орналасқан қоныс аймағындағы адамдар үшін жеке қатер осы аймақтағы потенциалды қатердің 5.1).формула бойынша есептелген шамаларына тең қабылданады.



5.2. Жеке қатер


Өндірістік объектінің кез келген жұмыскері үшін авария туындаған кезде опат болу қатері бар. Белгілі бір уақыт (жыл) кезеңінде өмірдің қиылуы - жұмыс түріне байланысты, соның ішінде объектінің әртүрлі потенциалды қатер мәндерімен сипатталатын учаскелерде адамның жұмыс аусымы ішінде объект бойынша жүріп-тұруының ұзақтығына байланысты кездейсоқ оқиға болып табылады.

Қауіпсіздікті басқару мақсаты үшін осы кездейсоқ оқиғаның туындауының сандық шарасы – белгілі бір адамның жеке қатер аталатын қауіпті өрт факторларымен зақымдалу жиілігі пайдаланылады.

Сонымен, жеке қатер кәсіпорынның белгілі бір жұмыскерінің жыл ішінде қауіпті өрт факторларымен зақымдалуының күтілетін жиілігі ретінде анықталады.

Өндірістік объектінің аумағы бөлінген алаңдар нөмірленеді:



i = 1, … I.

Еесптеулерді көрсетуге ыңғайлы болу үшін өндірістік объектінің жұмыскерлері нөмірленеді:



m = 1, …, M.

Жұмыскердің нөмірі m, оның қызметінің атауын, санатын және оның кәсіби қызметінің қауіпсіздікті бағалауға қажетті басқа да ерекшеліктерін білдіреді.

Өндірістік объектінің жұмыскері m үшін жеке қатер шамасы Rm (жыл-1), ол объекті аумағында болған кездегі, мына арақатынастың көмегімен анықталады:

, (5.3)

мұндағы Р(i) – кәсіпорын аумағының i алаңындағы потенциалдық қатердің шамасы, жыл-1; qim – жұмыскердің m объекті аумағының i алаңында болу ықтималдығы.

Өндірістік объектінің жұмыскері m үшін жеке қатер шамасы Rm (жыл-1), ол өндірістік объектінің ғимаратында болған кездегі, мына өрнек бойынша анықталады:

, (5.4)

мұндағы Pi – ғимараттың i жайындағы потенциалдық қатердің шамасы, жыл-1; qim –жұмыскердің m i-жайда болу ықтималдығы; N – ғимараттағы жайлар саны.

Өндірістік объект жұмыскерінің m жұмыскердің өндірістік объект аумағында және ғимараттарда болуы кезіндегі жеке қатері (5.3) и (5.4) формулалар бойынша есептелген жеке қатер шамаларының жинағы ретінде анықталады

Ықтималдық qim қарстырылатын адамның жыл ішінде аумақтың белгілі бір алаңында және/немесе ғимараттың i-жайында болу уақытына сүйеніп, өндірістік объектіде жабдықтарды және ғимаратты пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру шешімдерінің негізінде анықталады.

Ғимараттың i-жайындағы потенциалдық қатердің шамасы Pi (жыл-1)былайша анықталады:

, (5.5)

мұндағы J – ғимаратта өрт туындау сценарийлерінің саны; Qij –өрттің j- сценарийінің жыл ішінде іске асу жиілігі, год-1; Qdij – адамның өрттің j- сценарийінің іске асуы басында i-жайда болуы кезінде зақымдалуының шартты ықтималдығы.

Адам зақымдалуының шартты ықтималдығы Qdij мына формула бойынша анықталады:

, (5.6)

мұндағы РЭij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i -жайда болған адамдарды эвакуациялаудың ықтималдығы; Dij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i-жайдағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың тиімді жұмыс істеуінің ықтималдығы.

Эвакуации ықтималдығы РЭij мына формула бойынша есептеледі:

, (5.7)

мұндағы PЭПij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i –жайдағы адамдарды эвакуациялық жолдар бойынша эвакуациялаудың ықтималдығы; PД.Вiji –жайдағы адамдардың авариялық шығу есіктері арқылы немесе өзге құтқару құралдарының көмегімен ғимаратты тастап шығу ықтималдығы.

Деректер болмағанда авариялық шығу есіктері арқылы немесе өзге құтқару құралдарының көмегімен ғимаратты тастап шығу ықтималдығын PД.Вij 0,03 тең қабылдауға, аталған шығу есіктері мен құралдар болғанда, және олар болмағанда 0,001 –тең қабылдауға болады.

Эвакуациялық жолдар бойынша эвакуациялау ықтималдығы по PЭПij мына формуламен есептеледі:



(5.8)

мұндағы: блij – өрттің j- сценарийінің іске асуы басталғаннан эвакуациялық жолдарға адамдар үшін жол берілген шекті мәндегі қауіпті өрт факторларының таралуы нәтижесінде жолдардың жабылуына дейінгі уақыт, мин; tРij - өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде адамдарды i-жайдан эвакуациялаудың есептік уақыты, мин; Н.Эij – өрттің j- сценарийінің іске асуы басталғаннан адамдарды i-жайдан эвакуациялау басталғанға дейінгі уақыт аралығы, мин.

Егер өрттің туындау орны адамдар бір мезгілде байқайтын зал жайы болса, онда Н.Эij нөлге тең қабылданады. Бұл жағдайда эвакуациялық жолдар бойынша эвакуациялау ықтималдығы PЭПij мына формулабойынша анықталады:

(5.9)

мұндағы нбij – өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде адамдарды i-жайдан эвакуациялауға қажетті уақыт.

Шамалар блij, Н.Эij , нбij , tРij өрт қауіптілігі әртүрлі топтағы ғимараттарда, құрылғыларда және құрылыстарда өрт қатерінің есептік шамаларын анықтау әдістемесінде баяндалған әдістер бойынша есептеледі.

Есептік ретінде адам зақымдалуының максималды шартты ықтималдығын сипаттайтын анағұрлым келеңсіз өрт туындау сценарийлерінің бірін қарастыруға болады. Бұл жағдайда өрт туындауының есептік жиілігі ғимаратта мүмкін болатын өрт туындауының барлық сценарийінің іске асуының жиынтық жиілігіне тең қабылданады.

Өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i –жайдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құралдардың тиімді жұмыс істеуінің ықтималдығы Dij мына формула бойынша есептеледі:

, (5.10)

мұндағы K – өртке қарсы қорғаныстың техникалық құралдарының саны; Dijk - өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде ғимараттың i –жайы үшін k- техникалық құралдың нәтижелі іске қосылуының (міндеттің орындалуының) ықтималдығы.

Техникалық құралдардың нәтижелілігі жөнінде деректер болмағанда шама Dij 0-ге тең қабылданады.

Шама Dij анықтау кезінде өрттің j- сценарийінің іске асуы кезінде i –жайда болған (эвакуацияланатын) адамдардың адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық құралдар ғана есепке алынуы керек.

Бұл ретте мына шараларды ескеруге жол болады:

- қарастырылып отырған жайдыжәне эвакуация жолдарын түтіннен қорғайтын жүйелердің болуы;

- автоматты өрт сигнализациясы қондырғыларын өрт кезінде хабарландыру және адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен байланыста пайдалану;

- өрт ошағы жайында стационарлық өрт сөндіру қондырғыларының болуы.

Өрт ошағы жайындағы адамдардың зақымдалуының шартты ықтималдығын анықтау кезінде бұл жайдағы АУПС и СОУЭ, сондай-ақ қорғалатын жайдағы адамдарды эвакуациялағаннан кейін ғана іске қосуға болатын өрт сөндіру қондырғылары болуын (мысалы, газбен автоматты өрт сөндіру жүйесі болғанда) ескеруге жол берілмейді (өртті жайдағы адамдардың барлығы бір мезгілде байқауы мүмкін емес жағдайларды есепке алмағанда).

Өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа техникалық құралдарды есепке алуға тиісті негіздеме болғанда жол беріледі.



5.3. Әлеуметтік қатер


Бір немесе басқа өрт қауіпсіздігі деңгейінің қолданымын белгілеу үшін әлеуметтік қатер ұғымы пайдаланылады.

Әлеуметтік қатер өртті авария кезінде белгілі бір адам санынан кем емес адам опат болғанын анықтайтын шамалармен беріледі.

Өндірістік объектілер үшін әлеуметтік қатер іске асуы кезінде кемінде 10 адам зардап шегетін оқиғалардың туындау жиілігіне тең қабылданады.

Өндірістік объектіге жақын орналасқан қоныс аймағындағы адамдар үшін әлеуметтік қатер S (жыл-1) мына формула бойынша анықталады:



(5.11)

мұндағы L – аварияның даму сценарийлерінің саны, олар үшін мына шарт орындалады Ni 10; Ni – авария дамуының j-сценарийінің іске асуы нәтижесінде өндірістік объектіге жақын орналасқан аумақта опат болатындардың күтілетін саны.

авария дамуының j-сценарийінің іске асуы нәтижесінде өндірістік объектіге жақын орналасқан аумақта опат болатындардың күтілетін санын мына формула бойынша бағалауға болады:

, (5.12)

мұндағы I өндірістік объект маңайындағы аумақ бөлінген алаңдардың саны (i алаң саны); Qdij - i алаңда авария дамуының j-сценарийінің іске асуы кезінде адамның қауіпті өрт факторларымен зақымдалуының шартты ықтималдығы; ni - i алаңдағы адамдардың орташа саны.

Өндірістік объектінің персоналы үшін әлеуметтік қатер S (жыл-1) мына формула бойынша анықталады:

(5.13)

мұндағы F – ғимараттарда және объектінің аумағында аварияның (өрттердің) даму j-сценарийінің саны, олар үшін мына шарт орындалады Ni 10; Ni – өндірістік объектінің аумағында немесе ғимаратта аварияның (өрттердің) даму j-сценарийінің іске асуы нәтижесінде опат болғандардың күтілетін саны.

Өндірістік объектінің аумағында опат болғандардың күтілетін саны мына формула бойынша есептеледі:

, (5.14)

мұндағы I өндірістік объект маңайындағы аумақ бөлінген алаңдардың саны (i алаң саны) (i алаң нөмірі); Qdij - i алаңда авария дамуының j-сценарийінің іске асуы кезінде адамның қауіпті өрт факторларымен зақымдалуының шартты ықтималдығы; ni - i алаңдағы өндірістік объекті жұмыскерлерінің орташа саны.

Өндірістік объектінің ғимараты үшін шама Nl мына өрнекпен анықталады:

, (5.15)

мұндағы ni i алаңдағы адамдардың орташа саны.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет