Оқиғалардың логикалық тармағы ықтимал өрт қауіпті жағдайлар мен өрттердің жалпы даму сипатын, оқиғалардың себептік-салдарлық өзара қатынасын қатерді бағалау объектісінің ерекшелігіне байланысты көрсетіп, оларға қорғану шараларының әсер етуін ескере отырып графикалық бейнелеуге арналған және қатерді бағалауға негіз болып табылады. Оқиғалардың логикалық тармағында өрттердің туындау және өршу сценарийлері бастапқыдан ақырғы жағдайға дейінгі оқиғалар сабақтастығы түрінде көрсетіледі.
Бұл әдіс өртқауіпті жағдайларға себеп болатын оқиғалардың іске асуы салдарынан туындайтын ықтимал өрт.ауіпті жағдайлар мен өрттердің дамуын бақылауға мүмкіндік береді. Оқиғалар тармағын талдау «саналы алға» процесін білдіреді, яғни өртқауіпті жағдайдың дамуын зерттеу бастапқы оқиғадан бастап өрттің туындауына әкелетін кейінгі оқиғаларды қарастыра отырып,жүргізіледі.
Оқиғалардың логикалық тармағын құру кезінде мына ережелер ескеріледі:
өрт туындап одан әрі өршитін аварияға алып келетін өртқауіпті жағдайлар таңдалады;
өртқауіпті жағдайдың және өрттің дамуы кезең-кезеңімен, қатерді бағалау объектісінде туындаған орны, әрбір кезеңнің қауіптілік деңгейі, оны оқшаулау және жою мүмкіндігі есепке алына отырып қарастырылуы тиіс. Оқиғалардың логикалық тармағында өртқауіпті жағдайлар мен өрттердің даму кезеңдері, осы кезеңдердің атаулары қысқаша көрсетіле отырып төртбұрыш немесе басқа геометриялық дене түрінде беріледі;
қарастырылып отырған кезеңнен жаңа кезеңге өту, қарастырылып отырған кезеңдегі өртқауіпті жағдайлар мен өрттерді оқшаулау, болмаса қарастырылып отырған кезеңде туындаған қауіпті өрт факторларының әсері салдарынан қатар орналасқан технологиялық жабдықтың, жайлардың, ғимараттардың және т.б., тартылуына байланысты өрттің даму ықтималдығымен анықталады. Өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің бір тармақтағы бір кезеңнен екінші кезеңге немесе тармақтан тармаққа өту ықтымалдықтары қауіпті өрт факторларымен зақымдану зоналарының шамаларына, көлемдік-жоспарлық шешімдерге және өндірістік объектілердің жабдықтары мен ғимараттарының конструктивті ерекшеліктеріне сүйене отырып анықталады. Бұл кезде кейде әрбір кезеңге кезеңнен кезеңге өту сабақтастығын көрсететін бірдейлендіру нөмірі беріледі;
кезеңнен кезеңге өту, әдетте, қауіпті өрт жағдайының және одан кейінгі өрттің даму бағытын көрсететін стрелкалары бар қосқыш түзу сызықтармен беріледі. Бұл ретте кезеңдерді қосқыштар «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ» және «ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ» жағдайларын орындай отырып, оқиғаның ықтимал сипатын беруі тиіс («ЖӘНЕ» жағдайы – оқиғалардың өзара байланыстылығы, «НЕМЕСЕ» - жағдайлардың тәуелсіздігі, ал «ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ» жағдайы –«ЖӘНЕ» жағдайының яки «НЕМЕСЕ» жағдайының ішінара іске асу ықтималдығы, одан әрі даму жолының көптүрлілігіне байланысты). «ЖӘНЕ» жағдайы бойынша оқиғалардың өзара байланыстылығын көрсету, әдетте, тармақсыз тұтас сызықпен, «НЕМЕСЕ» жағдайы бойынша- бірін бірі жоққа шығаратын оқиғаларға (кезеңдерге) тартылған тармақтары бар тұтас сызықпен, «ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ» жағдайы бойынша – ең қиын ықтимал кезеңдерге тартылған тармақтары бар үзік сызықпен орындалады;
Әрбір кезең үшін өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің объектінің көрші өртқауіпті учаскелеріне өту мүмкіндігі сипатталатын оның қауіптілік деңгейі белгіленуі тиіс;
дамудың бір жолының екінші жолдың бөлігін қайталауы кезінде оқиғалардың логикалық тармағын құруды жеңілдеті үшін кейде стрелкасы бар сызық түріндегі белгілеу және «(келесі кезеңнің коды) кезеңге» жазуы енгізіледі. Бұл ретте қауіптілік деңгейі жоғарырақ кезеңнен қауіптілік деңгейі төмен кезеңге өту жағдайында қауіптілік деңгейі төмен кезеңнің кодын қауіптілік деңгейі жоғарырақ кезеңге сәйкес келетін кодпен, жақшаларда көрсетілген, толықтыру қажет.
Оқиғалардың логикалық тармақтарын талдау кезінде мына ережелер басшылыққа алынады:
өртқауіпті жағдайдың және өрттің одан әрі дамуын болдырмау мүмкіндігі кезеңдер санына және олардың өту уақытына (яғни, өртқауіпті жағдайдың және өрттің даму жолының ұзындығына байланысты болады. Бұл уақыттың өртқауіпті жағдайды және өртті оқшаулауға байланысты артуына және оқшаулау мүмкін болатын кезеңдердің санына қарай өртқауіпті жағдайды және өртті сәтті жоюдың үлкен ықтималдығымен түсіндіріледі;
кезеңде «ЖӘНЕ» және «ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ» принципі бойынша бірнеше тармақтанудың болуы өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің біртіндеп күшеюін, яғни бірнеше жолмен, одан әрі олардың саны ұлғая түсіп («эффект домино») бір мезгілде дамуын білдіреді, бұл өртті сәтті оқшаулау мен сөндіруді айтарлықтай қиындатады;
кезеңде «ЖӘНЕ» принципі бойынша тармақтанулардың болуы және олардың біреуінің өртқауіпті жағдайды немесе өртті оқшаулау кезеңіне келетіні (мысалы, өртошағын сөндіру, жылыстап ағуды дер кезінде байқау және оны жою, бекіткіш арматураны жабу және т.б.) өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің осы жол бойынша одан әрі дамуын болдырмау мүмкіндігін білдіреді. Тармақтануларда өртқауіпті жағдайды және өртті «ЖӘНЕ» принципі бойынша оқшаулау кезеңінің болмауы тармақталатын кезеңде өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің одан әрі дамуын тоқата тұру мүмкін болмайтындығын көрсетеді;
өртқауіпті жағдайдың және өрттің ықтимал даму жолдары көбейген сайын бұл кезеңнің туындау ықтималдығы да арта түседі.
Өртқауіпті жағдайдың немесе өрттің кезеңнен кезеңге өту ықтималдығын бағалау үшін, ең алдымен, оқиғалар тармағының әртүрлі тармақшаларының іске қосылуының шартты ықтималдығын анықтау қажет. Одан әріде өртқауіпті жағдайды немесе өртті болдырмаудың немесе оқшаулаудың тиісті құралдарының іске қосылу ықтималдықтарын анықтау қажет. Одан бөлек, өрт туындау аймағында орналасқан объектінің технологиялық жабдықтары мен ғимараттарының оларға қауіпті өрт факторының әсер етуі нәтижесінде зақымдану ықтималдығын бағалау қажет.
2.1 кестесінде өндірістік объектіде типтік технологиялық жабдықтың қымтақсыздануы кезінде жанғыш газдардың, екіфазалық ортаның және сұйықтықтың жаппай ағу жылдамдығына қарай уақыт бойынша қас-қағымда тұтанудың және кідірістеп тұтанудың шартты ықтималдықтары келтірілді.
Ас қауіпті тезтұтанғыш сұйықтықтар (лап ету температурасы tВСП ≤ 28ºС) үшін тұтанудың шартты ықтималдықтарын екіфазалық орта ретінде пайдалану қажет.
Кесте 2.1
Қас-қағымда тұтанудың және кідірістеп тұтанудың шартты ықтималдығы
Ағудың массалық шығыны, кг/с
|
Қас-қағымда тұтанудың шартты ықтималдығы
|
Қас-қағымда тұтану болмағанда кейін тұтанудың шартты ықтималдығы
|
Кейін тұтану жағдайында артық қысым түзе отырып жанудың шартты ықтималдығы
|
Диапазон
|
Номи-налды орташа мән
|
ггаз
|
еекіфа-залық қоспа
|
ссұйықтық
|
ггаз
|
еекіфа-залық қоспа
|
ссұйықтық
|
ггаз
|
еекіфа-залық қоспа
|
ссұй-ық-тық
|
Кіші(<1)
|
0.5
|
0,005
|
0.005
|
0.005
|
0,005
|
0.005
|
0.005
|
0,080
|
0,080
|
0,050
|
Орта-ша
(1 - 50)
|
10
|
0,035
|
0.035
|
0.015
|
0,036
|
0.036
|
0.015
|
0,240
|
0,240
|
0,050
|
Үлкен(>50)
|
100
|
0,150
|
0.150
|
0.040
|
0,176
|
0.176
|
0.042
|
0,600
|
0,600
|
0,050
|
Түгел жары-лу
|
белгіленбеген
|
0,200
|
0.200
|
0.050
|
0,240
|
0.240
|
0.061
|
0,600
|
0,600
|
0,100
|
Достарыңызбен бөлісу: |