Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар



жүктеу 1.15 Mb.
бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5

4.3. Сигналдық белгiлеулерге қойылатын талаптар

      30. Сигналдық белгiлеулердiң түрлерi мен орындалуы

      1) сигналдық белгiлеулер қызыл және ақ, сары және қара, жасыл және ақ сигналдық және қарама-қарсы түстердiң кезектесетiн жолақтары түрiнде орындалады.

      2) сигналдық белгiлеудi құрылыс құрылмаларының, ғимараттар мен құрылыстардың элементтерiнiң, көлiк құралдарының, машиналардың, жабдықтардың, механизмдердiң беттерiне, сондай-ақ қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған бұйымдар мен заттардың, оның iшiнде электрмен жабдықтаудың автономдық немесе апат көздерiнен сыртқы немесе iшкi электрлiк жарық беруi бар бұйымдардың беттерiне салады.

      3) өрт қауiптi және жарылыс қауiптi үй-жайлар үшiн iшкi немесе сыртқы электрлiк жарық беруi бар сигналдық белгiлеулер тиiсiнше өрт қауiпсiз және жарылыстан қорғалған, ал жарылыс өрт қауiптi үй-жайлар үшiн - жарылыстан қорғалған түрде орындалуға тиiс.

      4) сигналдық белгiлеулердi фотолюминесценттi, жарық қайтарғыш және жарқырамайтын материалдар немесе олардың комбинацияларын қолданып орындайды.

      5) сигналдық белгiлеулердi жасауға арналған материалдарды пайдалану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 5-қосымшасында келтiрiлген.

      6) iшiнде агрессивтi химиялық орталары бар өндiрiстiк жағдайларда орналастыруға арналған сигналдық белгiлеулер газ тәрiздi, бу тәрiздi және аэрозольды химиялық орталардың әсерiне шыдамды болуға тиiс.

      31. Сигналдық белгiлеулердiң арналуы және қолдану тәртiбi

      1) қызыл-ақ және сары-қара сигналдық белгiлеулердi:


      кедергiлерге тап келу қауiптерiн, сүрiну және құлап қалу қауiптерiн;
      жүктiң, заттардың құлауы, құрылмалар мен олардың элементтерiнiң бұзылуы мүмкiн болатын аумақтарда қалу қауiптерiн;
      аумақтардың (учаскелердiң) химиялық, бактериологиялық, радиациялық немесе басқа да ластану аймақтарында қалу қаупiн;
      қауiптi өндiрiстiң бақылау-өткiзу пункттерiн және бөгде адамдарға кiруге тыйым салынған басқа да орындарды;
      өрт қауiптi, апатты, апатты-құтқару, жөндеу, құрылыс және басқа да арнайы жұмыстарды жүргiзу орындарын;
      түйiндердiң құрылыс және сәулет элементтерiн (бағаналарды, бұрыштарды және шығыңқы жерлердi) және жұмыс аймағына шығыңқы жабдықтардың, машиналардың, механизмдердiң, арқаулардың элементтерiн немесе адамдардың болуы мүмкiн кеңiстiктi;
      қозғалыс жолақтарының шекараларын (мысалы құрылыс жұмыстарын жүргiзу аймағында жұмыс iстейтiндерге арналған өтулер, жол жұмыстарын жүргiзу аймағындағы көлiк құралдарының қозғалыстары);
      алаңдарды, құрылмаларды, аймақтарды және техникалық регламенттiң 29-тармағының талаптарына сәйкес келуiн;
      техникалық регламенттiң 29-тармағының талаптарына сәйкес жабдықтардың, машиналардың, механизмдердiң түйiндерi мен элементтерiн;
      спорттық жарыстарды (велотректердi, автомобиль және шаңғы трассаларын) немесе қызықты шараларды өткiзу орындарының шекараларын белгiлеу мақсатында қолданған жөн.

      2) егер кедергiлер мен қауiптiлiк орындары тұрақты болатын болса, олар кезектесетiн сары-қара жолақтары бар сигналдық белгiлеулермен, егер кедергiлер мен қауiптiлiк орындары уақытша сипатта, мысалы жол, құрылыс және апатты-құтқару жұмыстары болса, қауiптiлiк кезектесiп келетiн қызыл-ақ жолақтары бар сигналдық белгiлеулермен белгiленуге тиiс.

      3) эвакуация жолында кезектесетiн қызыл-ақ жолақтары бар сигналдық белгiлеулердi қолдануға тыйым салынады.

      4) радиациялық және шартты радиациялық ластанулары бар қауiптi аймақтарды осы техникалық регламенттiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етiлген мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес белгiлеу және қоршау қажет.

      5) жасыл-ақ сигналдық белгiлеулердi қауiпсiз қозғалыс жолақтарының шекараларын белгiлеу және эвакуация жолдары бойынша қозғалыс бағытын нұсқау үшiн (мысалы "шырша" түрiндегi сызықты бағыттайтын) қолданған жөн.

      32. Түстiк графикалық бейнелеу және сигналдық белгiлеулердiң өлшемдерi

      1) сигналдық және қарама-қарсы түстердiң жолақтары сигналдық белгiлеулерде түзу (тiк немесе көлденең), 45 о бұрышта көлбеу немесе "шырша" түрiнде ирек орналасуы мүмкiн.

      2) сигналдық белгiлеулерде сигналдық және қарама-қарсы түстердiң кезектесiп орналасу үлгiлерi техникалық регламенттiң 6-қосымшасында келтiрiлген.

      3) қызыл, сары немесе жасыл сигналдық түстердiң үлесi жолақтардың жалпы ауданынан 50% кем болмауы керек. Қызыл және ақ, сары және қара, жасыл және ақ түстердiң жолақтарының енiнiң қатынасы тиiсiнше 1:1 бастап 1,5:1 дейiн құрауы керек.

      4) s сигналдық түстiң жолақтарының енi 20 мм бастап 500 мм шамасында болуға тиiс.

      5) f сигналдық белгiлеулердiң көлденең өлшемi (енi немесе диаметрi) - 20 мм кем болмауы керек.

      6) s сигналдық түсi жолағының енi мен f сигналдық белгiлеудiң көлденең өлшемiн:


      сигналдық белгiлеулердiң түрi мен орындалуын;
      объектiнiң өлшемдерiн немесе орналасу орнын;
      сигналдық белгiлеу жеткiлiктi көрiнетiн және өзiнiң мағыналық мәнi бойынша танылатын арақашықтықты ескере отыра таңдалуға тиiс.

      7) s және f өлшемдерiнiң шектiк ауытқулары + 3 % аспауы керек.



4.4. Қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар

      33. Қауiпсiздiк белгiлерi негiзгi, қосымша, құрама және топтық болып бөлiнедi.


      Негiзгi қауiпсiздiк белгiлерiнiң iшiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша талаптардың бiр мағыналық мәнi болады. Негiзгi белгiлердi жекелеп немесе құрама немесе топтық қауiпсiздiк белгiлерiнiң құрамында пайдаланады.
      Қосымша қауiпсiздiк белгiлерiнiң iшiнде түсiндiрме жазуы болады, оларды негiзгi белгiлермен үйлестiрiп қолданады.
      Құрама және топтық қауiпсiздiк белгiлерi негiзгi және қосымша белгiлерден тұрады және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша кешендi талаптардың тасымалдаушысы болып табылады.

      34. Қауiпсiздiк белгiлерiнiң түрлерi мен орындалуы.

      1) қауiпсiздiк белгiлерi қолданылатын материалдардың түрлерi бойынша фотолюминесценттi, жарық қайтаратын, оларды орнату жағдайларына қарай: қауiптiлiк түрiне, ықтимал қауiптi жағдайларға және қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жағдайларына: белгiнi орнату орнына, тәулiк iшiнде жарық беру деңгейi, қауiпсiздiк белгiсiнiң түрiне қарай iшкi жарық беруi бар немесе жарқырамайтын болуы керек.

      2) қауiпсiздiк белгiлерiн жасауға арналған материалдарды қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 5-қосымшасында келтiрiлген.

      3) фотолюминесценттi қауiпсiздiк белгiлерi фотолюминесценттi материалдардан (немесе бiр мезгiлде фотолюминесценттi және жарқырамайтын материалдарды пайдаланып) жасалуы қажет, табиғи немесе жасанды жарықтың күшi қайтқаннан кейiн қараңғыда көзге көрiнуi және шашыраған жарық кезiнде жарқырамауы қажет.

      4) фотолюминесценттi қауiпсiздiк белгiлерi табиғи жарық беру және электрлiк шамдармен сыртқы жарық берудiң көмегiмен белгi бетiнiң 25 лк жарық берудiң ең төменгi деңгейiнiң тәулiк бойы қамтамасыз етуi кезiнде жарық көздерiнiң апатты өшуi мүмкiн орындарда, сондай-ақ апат, өрт немесе басқа төтенше жағдайлар кезiнде қауiптi аймақтан адамдардың өздiгiнен шығуын қамтамасыз ету үшiн фотолюминесценттi эвакуациялық жүйелердiң элементтерi ретiнде қолданылуға тиiс.

      5) iшкi жарық беруi бар қауiпсiздiк белгiлерi жарық болмаған немесе жеткiлiксiз болғанда, көру залдарынан және жарық беруi жоқ басқа орындардан эвакуациялық шығуды белгiлеу жағдайларында пайдаланылуы керек.
      Iшкi жарық беруi бар қауiпсiздiк белгiлерi апатты немесе электрмен қамтамасыз етудiң автономды көздерiне қосылуы қажет.

      6) эвакуация жолдарында орнатылған өрт қауiпсiздiгi белгiлерi (техникалық регламенттiң 12-қосымшасы), эвакуациялық қауiпсiздiк белгiлерi (техникалық регламенттiң 13-қосымшасы), сондай-ақ медициналық және санитарлық мәндi қауiпсiздiк белгiлерi (техникалық регламенттiң 13-қосымшасы И.2-01 коды) фотолюминесценттi материалдарды қолданып немесе жарық қайтарғыш материалдарда фотолюминесценттi символдар мен түсiндiрме жазуларды пайдаланып электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздерiне қосылған сыртқы немесе iшкi жарықтандыру беттерiне орындалуы қажет.


      Эвакуация жолдарының бағытын көрсету үшiн фосфоресценттеушi материалдардан жасалған меңзердi қолдануға рұқсат етiледi.

      7) жарық қайтаратын қауiпсiздiк белгiлерiн жарық қайтарғыш материалдардан орындайды (бiр мезгiлде жарық қайтаратын және жарқырамайтын материалдарды пайдаланып), олар бақылаушы жағынан бағытталған олардың беттерiн жарық будасымен (сәулесiмен) жарықтандырған кезде көзге сәулеленiп, олардың беттерiн бақылаушы жағынан жарық бағытталмаған жарықтандыру кезiнде сәулеленбеген болып көрiнедi (мысалы жалпы жарықтандыру кезiнде).

      8) қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердi жасауға арналған жарық қайтарғыш материалдар мына типтерден болуға тиiс:
      1 тип - сыртқы тегiс бетi бар жабық мөлдiр полимер қабатпен жабылған сфералық линзалардан (микрошынышариктерден) жасалған оптикалық жүйелерi бар орташа қарқынды жарық қайтару қабыршықтары;
      2 тип - капсулаға жабылған және сыртқы тегiс бетi бар жабық мөлдiр полимер қабатпен жабылған сфералық линзалардан (микрошынышариктерден) жасалған оптикалық жүйелерi бар жоғары қарқынды жарық қайтару қабыршықтары;
      3 тип - сыртқы тегiс бетi бар жабық мөлдiр полимер қабатпен жабылған жалпақ жақты призматикалық линзалар түрiндегi оптикалық жүйелерi бар қабыршықтар. 3 типтi материалдар жарық қайтарудың жоғарғы коэффициенттерiмен сипатталуы қажет.

      9) 2 және 3 типтi жабындардың сыртқы түрiнiң көрiнiсi техникалық регламенттiң 7-қосымшасында келтiрiлген.

      10) жарық қайтарғыш материалдар:
      жарықты ықтимал апатты ажырату бар болғанда, электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздерi болмағанда қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулер үшiн;
      тәулiк бойы көрудiң қолайсыз жағдайлары кезiнде қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулер үшiн (150 лк аспайтын жарықтану кезiнде);
      сыртқы орналастырудың қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулер үшiн;
      қауiптi аймақтардың, шұңқырлардың, котловандардың, химиялық, бактериологиялық және радиациялық ластанулар орындарының, сондай-ақ кiруге уақытша тыйым салынған басқа да учаскелердiң шекараларында орнатылатын уақытша қоршаулардың элементтерiнiң өндiрiсi үшiн;
      ескертетiн қауiпсiздiк белгiлерi мен өрт қауiпсiздiгi белгiлерi үшiн;
      бағаналар, тiреулер, тiректер сияқты құрылыс құрылмаларын, зауыттық iшкi, тиеу немесе басқа көлiктердiң қозғалысы орындарындағы өтулердi белгiлеу үшiн;
      көлiк құралдарының пайдалану кезiндегi қауiптi элементтерiн белгiлеу үшiн;
      жол-құрылыс машиналары мен көлiктiк-көтеру жабдықтары үшiн;
      жеке жарық көздерiн (туннельдер, шахталар мен метролар) пайдаланып жұмыстар жүргiзу орындарында;
      аэропорттардағы қауiпсiздiк белгiлерi, қосымша белгiлер және сигналдық белгiлеулер үшiн қолданылуға тиiс.

      11) жарық қайтармайтын қауiпсiздiк белгiлерiн жарық қайтармайтын материалдардан жасайды, олар өздерiне түсетiн табиғи немесе жасанды жарықтарды шашырату есебiнен көзбен қабылданады.

      12) жарық қайтармайтын материалдарды пайдаланып жасалған қауiпсiздiк белгiлерiн тәулiк бойы жақсы әрi жеткiлiктi жарықтану жағдайларында ғана қолданған жөн (жарықтану деңгейi 150 лк астам).

      35. Қауiпсiздiк белгiлерi құрылмалық орындалуы бойынша жалпақ немесе көлемдi болуға тиiс.


      Жалпақ қауiпсiздiк белгiлерi бiр жағынан (бiр жақты), сонымен қатар екi жағынан да (екi жақты) бейнелеумен жасалуы керек.
      Көлемдi белгiлердiң тиiстi, көп жақты жағынан екi және одан да көп түстiк графикалық бейнесi болуы қажет (мысалы тетраэдр, пирамида, текше, октаэдр, призма немесе параллелепипед жақтарында).
      Көлемдi белгiлердiң түстiк графикалық бейнесi екi және одан да көп түрлi бағыттарда бақылануға тиiс.
      Көлемдi қауiпсiздiк белгiлерiнiң беттерiнiң сыртқы немесе iшкi электрлiк жарықтануы (жарық беруi) болуы қажет.
      Сыртқы немесе iшкi жарықтануы бар қауiпсiздiк белгiлерi электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздерiне қосылған болуы керек.
      Сыртқы орналастырудың жалпақ және көлемдi қауiпсiздiк белгiлерi сыртқы электр жабдықтау желiсiнен жарықтануы қажет.

      36. Бетiне қауiпсiздiк белгiсiнiң түстiк графикалық бейнесiн салатын тасымалдаушы-материал ретiнде металдарды, пластиктердi, силикат немесе органикалық шыныларды немесе басқа материалдарды пайдалануға рұқсат етiледi.

      37. Өрт қауiптi және жарылыс қауiптi үй-жайларға арналған сыртқы немесе iшкi электрлiк жарықтануы бар белгiлер тиiсiнше өрт қауiпсiз және жарылыс қауiпсiз орындауда, ал жарылыс өртқауiптi үй-жайлар үшiн - жарылыстан қорғалған орындауда орындалуы керек.

      38. Қауiпсiздiк белгiлерiнiң қорғаныш деңгейi ЭКОЕ талаптарына сәйкес жарылыс - және өрт қауiптiлiк бойынша оларды орнату орындарының санаттарына сәйкес келуге тиiс.

      39. Iшiнде агрессивтi химиялық орталары бар өндiрiстiк жағдайларда орнатуға арналған қауiпсiздiк белгiлерi газ тәрiздi, бу тәрiздi және аэрозолды химиялық ортаның әсерлерiне шыдамды болуы қажет.

      40. Түсiндiрме жазулар мемлекеттiк, орыс немесе ағылшын тiлдерiнде жазылуға тиiс.

      41. Қауiпсiздiк белгiлерiн қолдану ережелерi

      1) қауiпсiздiк белгiлерi мына талаптарды сақтай отыра орналасуы керек:


      қоршаған ортаны көзбен табиғи және еркiн қабылдау жағдайларында олар арналған адамдардың көру шегiнде орналасуы;
      табиғи және (немесе) жасанды жарық беру кезiнде оны қоршаған фонда жақсы көрiнуi;
      назарды аудармауы және адамдардың өзiнiң кәсiби немесе басқа қызметтерiн орындаған кезiнде қолайсыздықтар тудырмауы;
      өту жолдарын, өтпелердi бөгемеуi, жүктердi тасымалдауға кедергi келтiрмеуi;
      өзi жататын объектiге тiкелей жақын орналасуы;
      бөтен заттармен бөгелмеуi және қауiп тудырмауы;
      эвакуациялық шығуларды, өрт техникасының және (немесе) автоматикасының орналасқан жерiн көрсететiн аттас қауiпсiздiк белгiлерiнiң арасындағы арақашықтық 60 м аспауға тиiс.

      2) қақпаларда және үй-жайлардың кiру есiктерiнде орналасқан қауiпсiздiк белгiлерi осы белгiлердiң күшiнiң аймағы барлық аумаққа және қақпалар мен есiктердiң алаңына таралатынын бiлдiредi.


      Қауiпсiздiк белгiлерiн қақпалар мен есiктерде орналастыру кақпалардың немесе есiктердiң қалпына байланысты болмайтын (ашық, жабық) белгiнi қабылдауды ескере отыра орындалуы қажет. "Шығу" және "Қосымша шығу" деген эвакуациялық қауiпсiздiк белгiлерi шығуға апаратын есiктердiң үстiнде ғана орналасуы керек.
      Объектiден (учаскеден) кiруде (шығуда) орналасқан қауiпсiздiк белгiлерi олардың күшi объектiге (учаскеге) тұтастай таралатынын бiлдiруi тиiс.
      Жекелеген учаскелердегi және (немесе) үй-жайлардағы қауiпсiздiк ережелерi мен талаптарын сақтаған жағдайда олар үшiн кәсiпорын (объектi, учаске, үй) үшiн тұтастай тыйым салынған белгiлi бiр жұмыстарды (әрекеттердi, қызметтердi) орындауға рұқсат беретiн қауiпсiздiк белгiлерiн орнатуға рұқсат берiледi.
      Қажет жағдайда қауiпсiздiк белгiлерiнiң қолданылу аймағын шектеу керек, сәйкес нұсқауды қосымша белгiде түсiндiрме жазуда келтiрген жөн.

      3) орналастыру орындарында жинақтаған (орнатқан) кезде тiк жазықтықта қауiпсiздiк белгiлерiн бағдарлау белгiнiң жоғарғы қалпын таңбалау бойынша келтiредi.

      4) қауiпсiздiк белгiлерiн оларды орнатқан орындарда бекiту үй-жайлар мен жабдықтарды механикалық жинау уақытында оларды сенiмдi ұстап тұруды, сондай-ақ ықтимал ұрлап кетуден қорғауды қамтамасыз ету үшiн бұрандалар, тойтарма шегелер, желiм немесе басқа тәсiлдер мен бекiту тетiктерiнiң көмегiмен жүзеге асыруға рұқсат етiледi.
      Жарық қайтарғыш материалдарды қолданып жасалған қауiпсiздiк белгiлерiн бекiту элементтерi олардың беттерiн бүлдiрмеуi және осы техникалық регламентте белгiленген сипаттамаларды нашарлатпауы қажет. Айналып тұрған бекiту элементтерiнiң бастиектерiн жарық қайтару беттерiнен бөлiп тұруға арналған нейлон тығырықтарды қолдануға рұқсат етiледi.

      42. Негiзгi және қосымша қауiпсiздiк белгiлерi

      1) негiзгi қауiпсiздiк белгiлер мынадай топтарға бөлiнедi:
      тыйым салатын белгiлер;
      ескерту белгiлерi;
      өрт қауiпсiздiгi белгiлерi;
      ұйғарым белгiлерi;
      эвакуациялық белгiлер және медициналық және санитарлық мәндi белгiлер;
      нұсқау белгiлерi.

      2) қауiпсiздiк белгiлерiнiң геометриялық формасы, сигналдық түсi, мағыналық мәнi техникалық регламенттiң 8-қосымшасында келтiрiлген кестеге сәйкес келуге тиiс.

      43. Негiзгi және қосымша қауiпсiздiк белгiлерiнiң түстiк графикалық бейнелерi мен өлшемдерi

      1) қауiпсiздiк белгiлерiнiң ауданы сары немесе ақ жиектермен шектеледi. Жиек белгiлердi орнату орындарында қоршаған фоннан қарама-қарсы бөлiп тұру үшiн қолданылады.

      2) түстiк графикалық бейнелердiң негiзi мен тыйым салатын қауiпсiздiк белгiлерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 8-қосымшасының 1-суретiне сәйкес келуi керек.
      Сигналдық қызыл түсiнiң үлесi тыйым салатын белгiлердiң жалпы ауданынан 35% кем болмауға тиiс.
      Көлденең қызыл жолақ көлденеңге 45 о бұрышта төменнен оң жақ үстiнен көлбеу орындалады.
      Көлденең қызыл жолақ белгiнiң графикалық символымен үзiлмеуi керек.
      Графикалық символ қара түстi болуы қажет.
      Белгiнiң ортасында түсiндiрме жазуы бар тыйым салатын белгiлердi қолдануға рұқсат етiледi. Сонымен қатар көлденең қызыл жолақты салмайды. Жазу қара немесе қызыл түспен орындалуы қажет.
      Кодтары, түстiк графикалық бейнелерi, мағыналық мәндерi, орналастыру (орнату) орындары және тыйым салатын қауiпсiздiк белгiлерiн қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 9-қосымшасында белгiленген.

      3) түстiк графикалық бейнелердiң негiзi мен ескертетiн қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 8-қосымшасындағы 2-суретке сәйкес келуi керек.


      Белгiнiң жалпы ауданынан сигналдық сары түстiң үлесi 50 %-нан кем болмауға тиiс.
      Графикалық символ қара түстi болуы қажет.
      Жиектiң түсi сары немесе ақ болуы қажет.
      Кодтары, түстiк графикалық бейнелерi, мағыналық мәндерi, орналастыру (орнату) орындары және ескертетiн қауiпсiздiк белгiлерiн қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 10-қосымшасында белгiленген.

      4) түстiк графикалық бейнелердiң негiзi мен кеңес беретiн қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 8-қосымшасындағы 3-суретке сәйкес келуi керек.


      Сигналдық көк түс белгiнiң жалпы ауданының 50% кем болмауға тиiс.
      Кеңес беретiн қауiпсiздiк белгiлерiнiң графикалық символы ақ түстi болуы керек.
      Кодтары, түстiк графикалық бейнелерi, мағыналық мәндерi, орналастыру (орнату) орындары және кеңес беретiн қауiпсiздiк белгiлерiн қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 11-қосымшасында белгiленген.

      5) түстiк графикалық бейнелердiң негiзi мен өрт қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 8-қосымшасындағы 4-суретке сәйкес келуi керек.


      Сигналдық қызыл түс белгiнiң жалпы ауданының 50 %-нан кем болмауға тиiс.
      Өрт қауiпсiздiгi белгiлерiнiң графикалық символы ақ түстi болуы керек.
      Өрт қауiпсiздiгi белгiлерiнде түсiндiрме жазу салуға рұқсат етiледi. Жазу қызыл фонда ақ түспен немесе ақ фонда қызыл түспен орындалуы мүкiн.
      Тiк бұрыш формасындағы өрт қауiпсiздiгi белгiсiнiң сол жақ бөлiгiне өртке қарсы қорғаныш құралдарын (оның элементтерiн) бейнелейтiн графикалық символды, ал оң жақ бөлiгiнде - түсiндiрме жазуды жазу қажет.
      Кодтары, түстiк графикалық бейнелерi, мағыналық мәндерi, орналастыру (орнату) орындары және өрт қауiпсiздiк белгiлерiн қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 12-қосымшасында белгiленген.

      6) түстiк графикалық бейнелердiң негiзi мен эвакуациялық қауiпсiздiк белгiлерi мен медициналық және санитарлық мәндi қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 8-қосымшасындағы 5-суретке сәйкес келуi керек.


      Сигналдық жасыл түс белгiнiң жалпы ауданының 50 %-нан кем болмауға тиiс.
      Кеңес беретiн қауiпсiздiк белгiлерiнiң графикалық символы мен эвакуациялық қауiпсiздiк белгiлерi мен медициналық және санитарлық мәндi қауiпсiздiк белгiлерiнiң түсiндiрме жазуы ақ түстi болуы керек.
      Кодтары, түстiк графикалық бейнелерi, мағыналық мәндерi, орналастыру (орнату) орындары және эвакуациялық қауiпсiздiк белгiлерi мен медициналық және санитарлық мәндi белгiлердi қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 13-қосымшасында белгiленген.

      7) түстiк графикалық бейнелердiң негiзi мен нұсқау қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 8-қосымшасындағы 6-суретке сәйкес келуi керек.


      Сигналдық көк түс белгiнiң жалпы ауданының 50 %-нан кем болмауға тиiс.
      Кеңес беретiн қауiпсiздiк белгiлерiнiң графикалық символы ақ түстi болуы керек.
      Нұсқау қауiпсiздiк белгiлерiнiң графикалық символы мен түсiндiрме жазуы ақ түстi болуы керек.
      Кодтары, түстiк графикалық бейнелерi, мағыналық мәндерi, орналастыру (орнату) орындары және нұсқау қауiпсiздiк белгiлерiн қолдану бойынша нұсқаулар техникалық регламенттiң 14-қосымшасында белгiленген.

      8) түстiк графикалық бейнелердiң негiзi мен қосымша қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 8-қосымшасындағы 7-суретке сәйкес келуi керек.


      Қосымша қауiпсiздiк белгiлерiн негiзгi қауiпсiздiк белгiлерiмен үйлестiрiп қолданған және негiзi қауiпсiздiк белгiлерiнiң күшiн нақтылау, шектеу немесе күшейту қажет болған жағдайларда, сондай-ақ ақпарат үшiн қолданған жөн.
      Қосымша қауiпсiздiк белгiлерiн негiзi қауiпсiздiк белгiлерiнен төмен немесе оң жағынан немесе сол жағынан орналастыруға рұқсат етiледi.
      Қосымша белгiнiң ұзындығы диаметрiнен немесе қауiпсiздiк белгiсiнiң сәйкес жақтарының ұзындықтарынан аспауға тиiс, сонымен катар олардың арасында енi 0,02 диаметр саңылау немесе белгiнiң жақтары қалуға тиiс.
      Қосымша қауiпсiздiк белгiлерiнiң формасы - тiк бұрыш; негiзгi бетiнiң түсi - техникалық регламенттiң 8-қосымшасының кестесiнде келтiрiлген негiзi қауiпсiздiк белгiсiнiң түсiне сәйкес немесе ақ жиегiнiң түсi - қара немесе қызыл; көмкермесiнiң түсi - ақ немесе сары (сары түстiң негiзi бетi үшiн).
      Қызыл, көк немесе жасыл негiзгi беттерi бар қосымша белгiлерге көмкерме салмайды.
      Ақ немесе сары негiзгi беттерi бар қосымша белгiлердi көмкермесiз орындауға рұқсат етiледi.
      Түсiндiрме жазба мен меңзерлер қара (ақ немесе сары негiзгi беттер үшiн) және ақ (қызыл, көк немесе жасыл негiзгi беттер үшiн) болуға тиiс.

      9) тiк бұрышты қауiпсiздiк белгiлерiнде графикалық символдар мен түсiндiрме жазуларды b жағына қатысты тiк, сондай-ақ көлденең орналастыруға рұқсат етiледi.

      10) тыйым салатын белгiлердi, ескертетiн, кеңес беретiн қауiпсiздiк белгiлерiн шаршы формалы материал - тасымалдаушының бетiне салуға рұқсат етiледi. Шаршының қабырғасы үлкен немесе:
      тыйым салатын және кеңес беретiн белгiлер үшiн d шеңберiнiң диаметрiне;
      ескерту белгiлерi үшiн b үшбұрышының қабырғасына тең болуы қажет.
      Сонымен катар түстiк графикалық бейненiң негiзi мен қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы техникалық регламенттiң 1, 2 және 3-қосымшасындағы суреттерiне сәйкес келуге тиiс.

      44. Негiзгi қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерi

      1) Н қауiпсiздiк белгiсiнiң биiктiгiн мына формула бойынша есептейдi:

           L 


      H = ---                          (1)
           Z

      мұндағы L - белгiнi тану арақашықтығы;


      Z - арақашықтық фактор.
      Z арақашықтық факторы қауiпсiздiк белгiсi бетiнiң сәулеленуiне байланысты болады және мына мәндерге:
      40 - 150 лк бастап 300 лк дейiнгi табиғи немесе жасанды жарық беру кезiндегi жағдайлардағы қалыпты жарықтандырылған қауiпсiздiк белгiлерi үшiн;
      65 - 300 лк бастап 500 лк дейiнгi жарық беру кезiндегi қауiпсiздiк белгiлерi үшiн;
      25 - 30 лк бастап 150 лк дейiнгi жарық беру кезiндегi қауiпсiздiк белгiлерi үшiн сәйкес келуге тиiс.
      Қалыпты табиғи немесе жасанды жарық беру кезiндегi (Z = 40 кезiндегi) негiзгi қауiпсiздiк белгiлерiнiң және L, 25 м дейiнгi танудың қажеттi арақашықтығына арналған орташаланған өлшемдер техникалық регламенттiң 15-қосымшасының 1-кестесiнде келтiрiлген.

      2) қосымша қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерi олар толықтыратын негiзгi қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiне сәйкес келуге тиiс.


      Қосымша белгiлердiң биiктiгiн жазу жолдарының санына қарай арттыруға рұқсат етiледi.

      3) жарық қайтарғыш және фотолюминеценттi қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерi техникалық регламенттiң 15-қосымшасының 1-кестесiнде келтiрiлген қалыпты сәулеленген қауiпсiздiк белгiлерiнiң орташаланған өлшемiнен 125% кем болмауы керек.

      4) бетi 500 лк астам ең төменгi жарықтандырылуы (немесе жарықтылығы) бар сыртқы немесе iшкi электрлiк жарықтануы бар қауiпсiздiк белгiлерiнiң қалыпты жарықтандырылған белгiлермен салыстырғанда қосарланған арақашықтық факторы, сондай-ақ техникалық регламенттiң 15-қосымшасындағы 1-кестеде келтiрiлген мәндермен салыстырғанда қосарланған тану арақашықтығы болуға тиiс. Аталған қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiн қалыпты жарықтандырылған белгiлердiң өлшемдерiмен салыстырғанда екi есе төмендетуге рұқсат етiледi.

      5) үлкен өлшемдi қауiпсiздiк белгiлерiн қолдануға рұқсат етiледi. Белгiлердiң өлшемдерi бұндай жағдайларда Z арақашықтық факторлар мен L тану арақашықтығын есепке ала отыра (1) формуласы бойынша анықталуға тиiс.

      6) жабдықтарға, машиналар мен механизмдерге арналған тыйым салатын және ескертетiн қауiпсiздiк белгiлерiнiң нөмiрлерi мен өлшемдерi техникалық регламенттiң 15-қосымшасындағы 2-кестеде келтiрiлген мәндерге сәйкес келуi қажет.

      7) қауiпсiздiк белгiлерiнiң барлық өлшемдерiнiң шектiк ауытқулары + 2% аспауға тиiс.

      8) қауiпсiздiк белгiлерiнiң бұрыштарын дөңгелектеуге рұқсат етiледi.
      Дөңгелектеу радиустары:
      үш бұрышты формалы белгiлерде - 0,05b;
      мұндағы, b - үшбұрыштың жағы;
      шаршы формалы белгiлерде - 0,04а;
      мұндағы, а - шаршының қабырғасы;
      тiк бұрыш формалы белгiлерде - 0,02а аспауға тиiс;
      мұндағы, а - тiк бұрыштың кiшкентай қабырғасы.

      45. Құрама және топтық қауiпсiздiк белгiлерi

      1) құрама қауiпсiздiк белгiлерiнiң тiк бұрышты формасы болуы керек және iшiнде негiзгi қауiпсiздiк белгiсi мен түсiндiрме жазуы бар қосымша белгiсi бiрдей болуы қажет.
      Құрама белгiнiң тiк бұрышты блогының түсi - ақ.
      Түсiндiрме жазу фонының түсi - ақ немесе негiзгi қауiпсiздiк белгiсiнiң түсi.
      Түсiндiрме жазудың түсi - ақ немесе сары түс үшiн қара; ақ фон үшiн - қызыл; қызыл, көк немесе жасыл фон үшiн - ақ.
      Жиегiнiң түсi - қара немесе қызыл.
      Көмкермесiнiң түсi - ақ.

      2) бiр тiк бұрышты блокта iшiнде сәйкес түсiндiрме жазулары бар екi немесе одан да көп негiзгi қауiпсiздiк белгiлерi бар топтық белгiлердi кешендi талаптар мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шараларды мазмұндау үшiн қолданған дұрыс.


      Топтық белгiлердiң тiк бұрышты блоктары беттерiнiң түсi - ақ.
      Жазу фонының түсi - ақ немесе негiзгi қауiпсiздiк белгiсiнiң түсi.
      Жазудың түсi - қара немесе негiзгi қауiпсiздiк белгiсiнiң түсi.
      Жиегiнiң түсi - қара немесе қызыл.
      Көмкермесiнiң түсi - ақ.

      3) топтық және құрама қауiпсiздiк белгiлерiнiң жиектерi мен көмкермелерiнiң өлшемдерi техникалық регламенттiң 8-қосымшасының 7-суретiне сәйкес қосымша қауiпсiздiк белгiлерiндей болуы қажет.


      Жиексiз топтық және құрама белгiлердi пайдалануға рұқсат етiледi.

      4) қозғалыс бағытын көрсетуге арналған құрама белгiлер негiзгi қауiпсiздiк белгiсi мен бағыттаушы меңзердiң белгiсiнен (немесе түсiндiрме жазуы бар бағыттаушы меңзер белгiсiнен) тұруы керек.


      Негiзгi қауiпсiздiк белгiсi бұндай жағдайда:
      эвакуациялық шығуға қозғалыс бағытын көрсетуге арналған эвакуациялық белгiлерi;
      адамдарды эвакуациялауға арналған алғашқы медициналық көмек қобдишаларының, өрт қауiпсiздiгi құралдарының, медициналық кабинеттердiң орналасқан орындарына қозғалыс бағыттарын көрсетуге арналған медициналық және санитарлық мәндi белгiлер;
      өртке қарсы қорғаныш құралдарының, оның элементтерiнiң орналасқан орындарын көрсетуге арналған өрт қауiпсiздiгi белгiлерi;
      нұсқау белгiлерi ұсынылуы мүмкiн.

      5) эвакуация шығуларына, өртке қарсы қорғаныш құралдарына, жиналу орындары мен алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарына қозғалыс бағытын көрсетуге арналған белгiлердiң мағыналық құрамалары техникалық регламенттiң 16-қосымшасының суретiнде келтiрiлген. Белгiлердi қозғалыс бағытына сәйкес келетiн қалыпта орнатқан жөн.

      46. Қауiпсiздiк белгiлерiнiң графикалық символдарының бейнелерiне қойылатын талаптар

      1) қауiпсiздiк белгiлерiнiң графикалық символдары қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында бейнелеу құралдарының көмегiмен ақпаратты бейнелеуi және қажет жағдайда қауiптiлiктi белгiлеуге немесе белгiнi қолдану саласын кеңейтуге арналған тетiктермен толықтырылуға тиiс.


      Графикалық символдар түрлi объектiлердiң сипатты танымдық белгiлерiн, қауiптi және зиянды факторларды шартты бейнелеуi керек.

      2) қауiпсiздiк белгiлерiнiң графикалық символдарының бейнелерi қарапайым әрi түсiнiктi болуы қажет.

      3) графикалық символдар мына принциптердi басшылыққа алу қажет болатын жедел және өзiнiң мағыналық мәнi мен қауiпсiздiк белгiлерiнiң мағыналық мәнiн жоғары дәлдiкпен табуды қамтамасыз етуi қажет:
      символдың белгiлi бiр мағыналық мәнiне бiр ғана графикалық бейне сәйкес келуi керек, түсiнбеушiлiктi болдырмау үшiн ұқсас бейнелерi бар символдардың нұсқаларын бiр символға келтiру қажет;
      түрлi мағыналық мәндерi бар символдар ұқсамауы қажет;
      графикалық бейнелердiң табиғи пропорцияларын бұзуға жол берiлмейдi;
      объект немесе фактор белгiсiнiң кескiнi контурлық бейнеден артығырақ болуға тиiс;
      авторлық бейнелерi, сауда белгiлерi мен логотиптерi бар нұсқалар болмауы қажет;
      қанның суретiн салуға жол берiлмейдi.

      4) адам бейнесi немесе адам денесiнiң жекелеген бөлiктерi бар графикалық символдарды пайдаланған кезде қауiпсiздiк белгiсiнде дененiң қауiп төнiп тұрған бөлiгiн бейнелеу керек.

      5) символдар мен қауiпсiздiк белгiлерiнiң түстiк графикалық бейнелерiн ұлғайтуды компьютер техникасының көмегiмен, фотографиялық тәсiлмен немесе квадрат модульдi тордың көмегiмен жүргiзуге болады. Шаршының қабырғасы 10 модульге сәйкес келуге тиiс.
      Шаршы модульдi торда символдар мен қауiпсiздiк белгiлерiнiң түстiк графикалық бейнелерiн белгiлеу техникалық регламенттiң 17-қосымшасында келтiрiлген.

      6) графикалық символдар элементтерiнiң ең төменгi өлшемiн техникалық регламенттiң 40-тармағы мен 18-қосымшасының талаптарына сәйкес түсiндiрме жазулардың шрифтерiнiң параметрлерiндей қабылдау ұсынылады.

      47. Түсiндiрме жазуларға қойылатын талаптар

      1) түсiндiрме жазулардың мәтiнi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде орындалуы қажет (мысалы, "ШЫҒУ" немесе "ВЫХОД"). Қауiпсiздiк белгiсiнде жазудың осындай мәтiндi ағылшын тiлiнде орындауға рұқсат етiледi (мысалы, "ЕХIТ").

      2) қауiпсiздiк белгiсiнiң осы техникалық регламентте айтылмаған түсiндiрме жазулары мемлекеттiк, мемлекетаралық, сондай-ақ халықаралық стандарттарда және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген нормативтiк құжаттарда белгiленуге тиiс.

      3) түсiндiрме жазулардың шрифтерi техникалық регламенттiң 18-қосымшасында келтiрiлген.

      4) қарама-қарсы қара түспен орындалған H' шрифтiнiң ең төменгi биiктiгiн мына формула бойынша анықтайды:

            L'


      H' = ----                           (2)
            Z'

      мұндағы L' - жазудың оқылуына қажеттi арақашықтық


      Z' - арақашықтық фактор.
      Z' арақашықтық фактор қауiпсiздiк белгiсiнiң немесе сигналдық белгiлеулердiң беттерiнiң жарықтану жағдайлары мен көргiштiкке байланысты болады. Арақашықтық фактор көрудiң 0,7 деңгейiнен төмен болмаған кезде:
      300 - 300 лк бастап 500 лк дейiнгi жарықтылық мәндерiнде жақсы көру жағдайларында;
      230 - 150 лк бастап 300 лк дейiнгi жарықтылық мәндерiнде жеткiлiктi көру жағдайларында;
      120 - 30 лк бастап 150 лк дейiнгi жарықтылық мәндерiнде қолайсыз көру жағдайларында кем болмауы қажет.

      5) қарама-қарсы ақ түспен (немесе топтық қауiпсiздiк белгiлерiнде көк, қызыл, жасыл түстермен) орындалған жазудың шрифтiнiң ең төменгi биiктiгi техникалық регламенттiң (2) формуласы бойынша алынған Н' қара түстi жазу шрифтiнiң ең төменгi биiктiгiнен 25% үлкен болуы керек.

      6) жолдың негiзгi сызықтарының арасындағы аралықты, әрiптер мен шрифттердiң өлшемдерiн, түсiндiрме жазулардың әрiптерi мен сөздерiнiң арасындағы аралықты техникалық регламенттiң 18-қосымшасының талаптарына сәйкес орындау ұсынылады.

1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет