Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, белгiлеулерге және қауiпсiздiк белгiлерiне қойылатын талаптар



жүктеу 1.15 Mb.
бет4/5
Дата17.07.2016
өлшемі1.15 Mb.
1   2   3   4   5

Фотолюминесценттi материалдардың сигналдық және қарама-қарсы түстерiнiң колориметрлiк және фотометрлiк сипаттамалары

(суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

      1. Фотолюминесценттi материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерiн және сигналдық белгiлеулердiң олардың негiзiндегi колориметрлiк сипаттамалары


      1) Фотолюминесценттi материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерiн және сигналдық белгiлеулердiң олардың негiзiндегi х, у сигналдық және қарама-қарсы түстiлiгiнiң координаттары бұрыштық нүктелерiнiң мәндерi 1-кестеде келтiрiлген стандартты графиктiң рұқсат етiлген түстiк аудандарының (1-сурет) х, у түстiлiк координаттарына сәйкес келуге тиiс.
      В жарықтылық коэффициентi 1-кестеде айтылған мәндерден кем болмауы қажет.

                                                          1-кесте



Түсi

Түстiлiк
коорди-
натын
белгiлеу

Бұрыштық нүктелердiң нөмiрi мен
түстiлiк координатының мәнi

Жарықтылық
коэффициентi
B,
аспайтын

1

2

3

4

Қызыл

х
у

0,735
0,265

0,681
0,239

0,579
0,341

0,655
0,345

0,30

Сары

х
у

0,545 0,454

0,494 0,426

0,444 0,476

0,481 0,518

0,80

Жасыл

х
у

0,201 0,776

0,285 0,441

0,170 0,364

0,026 0,399

0,40

Көк

х
у

0,094 0,125

0,172 0,198

0,210 0,160

0,137 0,038

0,05

Ақ

х
у

0,350 0,360

0,305 0,315

0,295 0,325

0,340 0,370

0,95

Қара

х
у

0,385 0,355

0,300 0,270

0,260 0,310

0,345 0,395

-

    Ескертпе
    1  1-сурет пен 1-кестеде келтiрiлген мәндер ХҮZ стандартты
колориметрлiк жүйеде D 65 жарықтың стандарты көздерiмен жарықтандырудың 0 0 бастап 45 0 дейiнгi өлшеу геометриясы кезiнде берiлген.
    2  B жарықтылық коэффициентiн Ү түс координатының Ү 0 ( B = Ү/Үо) мiнсiз шашыратқыш түсiнiң координатына қатынасындай анықтайды.

      2) Қызыл (қызыл-қызылсары) және сарғыш-ақ түстердiң фотолюминесценттi материалдары үшiн 2-кесте бойынша х, у шағын аудандардың түстiлiк координаттарының мәндерiне сәйкес артығырақ шағын түстiлiк координаттары белгiленген.
      Артығырақ шағын түстiлiк координаттары пайдалану жағдайларында фотолюминесценттi қызыл (қызыл-қызылсары) және ақ түстердiң тұрақтылығының кепiлдiгiн арттыру мақсатында белгiленген.
      3)  х, у түстiлiк координатын өлшеу және фотолюминесценттi материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерiнiң және сигналдық белгiлеулердiң В жарықтылық белгiлеудi спектрфотометрмен немесе колориметрмен жүргiзген дұрыс.
      2. Фотолюминесценттi материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерi және олардың негiзiндегi сигналдық белгiлеулердiң фотометрлiк сипаттамалары.
      1) Фотолюминесценттi материалдардың, қауiпсiздiк белгiлерi және олардың негiзiндегi сигналдық белгiлеулердiң фотометрлiк қасиеттердiң мынадай сипаттамалары болуы керек:
      - жарық өшкеннен кейiн 10 минуттан оң жарқырау жарықтылығы - 20 мкд/м 2 кем болмайтын;
      - жарық өшкеннен кейiн 60 минуттан оң жарқырау жарықтылығы - 2,8 мкд/м 2 кем болмайтын;
      - қалдық жарықтанудың ұзақтығы - 220 мин кем болмайтын;
      - қалдық жарықтанудың түсi - сары-жасыл немесе ақ.

                                                         2-кесте



Түсi

Түстiлiк
коорди-
натын
белгiлеу

Бұрыштық нүктелердiң нөмiрлерi және
түстiлiк координатын белгiлеу

1

2

3

4

Қызыл
(қызыл-
қызылсары)

х
у

0,690
0,310

0,595
0,315

0,535
0,375

0,610
0,390

Сарғыш-ақ

х
у

0,390 0,410

0,320
0,340

0,320
0,410

-

   Ескертпе - 1-сурет пен 1-кестеде келтiрiлген мәндер ХҮZ стандартты колориметрлiк жүйеде D 65 жарықтың стандарты көздерiмен жарықтандырудың 0 0 бастап 45 0 дейiнгi өлшеу геометриясы кезiнде берiлген.

Техникалық регламентке 
4-қосымша      

Сигналдық және қарама-қарсы түстердiң жарқырамайтын
материалдарын таңдау және жаңғырту шарттары

      1. Түстердiң отандық және шетелдiк түс жинақтарының кең таралған 1-кестеде көрсетiлген стандартты үлгiлерiн жарқырамайтын материалдарда, қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулерде сигналдық және қарама-қарсы түстердi таңдаған немесе жаңғыртқан (таратқан) кезде пайдалану ұсынылады.


      2. Техникалық регламенттiң 2-қосымшасының 4-тармағына сәйкес жүргiзiлген өлшеулердiң нәтижелерi бойынша аталған стандартты үлгiлердiң Техникалық регламенттiң 1-қосымшасында белгiленген талаптарға сәйкес колориметрлiк сипаттамалары бар.

                                                            1-кесте



Сигнал-
дық түс

Түстер жинағындағы түстердiң стандартты үлгiлерiнiң
белгiленуi

АЦ-1000
түсте-
рiнiң
стан-
дартты
үлгiле-
рiнiң
атласы
(үлгi-
лiк
өлшемi)

Лак-бояу
матери-
алдары
түстерi-
нiң үл-
гiсiнiң
(эталон)
картоте-
касы

RАI
түсте-
рiнiң
стан-
дартты
үлгiле-
рiнiң
түстiк
тiрке-
лiмi

Манселла
түстер
атласы

"Радуга"
сегiз
бояулы
аралас-
тыру
жүйесi-
нiң
атласы

"Pantone"
түстердiң
рецепту-
ралары
бойынша
нұсқаулық

Қызыл

1,6 2/2

11*

RAL 3020

7,5 R
4/14

-

Pantone
Warm Red С

Сары

-

220

RAL
1023*

5 Ү
8,5/14

22 - 3*

Pantone
109 С

Жасыл

7,5
2/2

385

RAL
6024*

5 G4/8

-

Pantone
3415 С

Көк

12
4/2

-

RAL
5005

2.5 РВ
3/10

03 - 6

Pantone 301 С

Ақ

-

-

RAL
9003

9.5

-

-

Қара

2/8

800

RAL
9004

1

37 - 7

-

      Ескертпе - "*" деген белгiмен х, у түстiлiк координаттары артығырақ шағын түстiлiк аудандардың шекараларында жатқан стандартты түстердiң үлгiлерi белгiленген (техникалық регламенттiң 2-қосымшасының 1-суретi мен 2-кестесi).

Техникалық регламентке 
5-қосымша         

     Қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердi


жасау үшiн қолданылатын материалдардың түрлерi бойынша
             оларды орындау бойынша нұсқаулар

Қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң түрi

Қолданылу аясы

Орнатқан кезде қамтамасыз етiлуi қажеттi талаптар

Жарық қайтарғыш

1. Жарықты ықтимал апатты ажырату, электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздерiнiң болмауы кезiндегi қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеу;
2. Тәулiк бойы көрудiң қолайсыз жағдайлары кезiндегi (150 лк дейiнгi жарықтылық кезiнде) қауiпсiздiк белгiлерi
мен сигналдық белгiлеу;
3. Сыртқы орналастыру қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеу;
4. Зауытiшiлiк, тиеу немесе басқа да көлiктiң қозғалысы орындарындағы бағаналарды, тiреулердi, тiректердi, өтулердi белгiлеу;
5. Жол-құрылыс машиналары мен көтеру-көлiк жабдықтарын таңбалау, пайдаланған кезде қауiптi элементтерiн белгiлеу;
6. Қауiптi аймақтардың, шұңқырлардың, котловандардың, химиялық, бактериологиялық және радиациялық ластанулар орындарының шекараларында орнатылатын уақытша қоршаулар, сондай-ақ кiруге уақытша тыйым салынған басқа да учаскелер

1. 8 м дейiнгi тану арақашықтығы кезiнде, 100 лк кем болмайтын жарықтылық деңгейiнде:
1 типтi жарық қайтарғыш материалдар;
2. 8 м бастап 15 м дейiнгi тану арақашықтығы кезiнде, 30 лк кем болмайтын жарықтылық деңгейiнде:
2 және 3 типтi жарық қайтарғыш материалдар;
3. 15 жоғары тану арақашықтығы кезiнде, 30 лк кем болмайтын жарықтылық деңгейiнде:
3 типтi жарық қайтарғыш материалдар;




7. Жеке жарық көздерiн (туннельдер, шахталар, метро және т.б.) пайдаланып жұмыстар жүргiзу орындарындағы қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеу;
8. Өрт қауiпсiздiгi белгiлерi

2 және 3 типтi жарық қайтарғыш материалдар




9. Аэропорттардағы қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеу;
10. Ескерту қауiпсiздiк белгiлерi

3 типтi жарық қайтарғыш материалдар




Қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеулердiң түрi

Қолданылу аясы

Орнатқан кезде
қамтамасыз етiлуi
қажеттi талаптар

Фотолюминес-
центтi

1. Жарық көзiнiң апатты ажыратылуы мүмкiн болған кезде iшкi орналастыру қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеуi;
2. Апат, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда адамдардың қауiптi аймақтан өздiгiнен шығуын қамтамасыз етуге арналған эвакуациялық жүйелердiң қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеуi;
3. Қауiпсiздiк белгiлерi (техникалық регламенттiң 13-қосымшасы коды И.2-01);
4. Эвакуация жолдарында орнатылған өрт қауiпсiздiгi белгiлерi (техникалық регламенттiң 12-қосымшасы)

Табиғи жарық беру мен тәулiк бойы электрлiк шамдармен сыртқы жарық берудiң көмегiмен белгiлер мен сигналдық белгiлеулердiң беттерiн жарықтандырудың ең төменгi деңгейi 25 лк

Жарқырамайтын

Белгiнi немесе сигналдық белгiлеудi 7 м дейiн тану арақашықтығы кезiнде iшкi орналастырудың қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеу;

1. Тәулiк бойы жарықтанудың ең төменгi деңгейi 150 лк;
2. Электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздерiнiң болуы

Iшкi жарық
беруi бар

1. Жарық болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайдағы қауiпсiздiк белгiлерi
2. Жарықтандыруды мерзiмдi пайдалану мүмкiн болмайтын орындарда орналасқан, мысалы көру және концерт залдарынан эвакуациялық шығуларды белгiлеуге арналған қауiпсiздiк белгiлерi

Қауiпсiздiк белгiлерiн электрмен жабдықтаудың апатты немесе автономды көздерiне қосу

Құрама (жарық қайтарғыш материалдағы фотлюминесценттi символдар мен түсiндiрме жазулар)

1. Апат, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда адамдардың қауiптi аймақтан өздiгiнен шығуын қамтамасыз етуге арналған эвакуациялық жүйелердiң қауiпсiздiк белгiлерi мен сигналдық белгiлеу;
2. Қауiпсiздiк белгiлерi (техникалық регламенттiң 13-қосымшасы коды И.2-0);
3. Эвакуация жолдарында орнатылған өрт қауiпсiздiгi белгiлерi (техникалық регламенттiң 12-қосымшасы)

Табиғи жарық беру мен тәулiк бойы электрлiк шамдармен сыртқы жарық берудiң көмегiмен белгiлер мен сигналдық белгiлеулердiң беттерiн жарықтандырудың ең төменгi деңгейi 25 лк

Техникалық регламентке 
6-қосымша        

Сигналдық белгiлеуде сигналдық және қарама-қарсы түстердiң жолақтарының орналасуы

(қағаз мәтiнiне қараңыз!)

Техникалық регламентке 


7-қосымша        

2 және 3 типтi жарық қайтарғыш жабындардың сыртқы түрiнiң жобалық құрылымы

(қағаз мәтiнiне қараңыз!)

Техникалық регламентке 


8-қосымша        

Негiзгi қауiпсiздiк белгiлерiнiң геометриялық формасы, сигналдық түсi, мағыналық мәнi

Топ

Геометриялық
формасы

Сигналдық
түсi

Мағыналық мәнi

Тыйым салу белгiлерi

Көлденең жолағы бар шеңбер
(қағаз мәтiнiне
қараңыз)

Қызыл

Қауiптi әрекетке немесе қимылға тыйым салу

Ескерту белгiлерi

Үшбұрыш
(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Сары

Ықтимал қауiптiлiк туралы ескерту. Абайлаңыз. Назар аударыңыз

Топ

Геометриялық форма

Сигналды түс

Мағыналық мәнi

Кеңес беру белгiлерi

Дөңгелек
(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Көк

Қауiптен аулақ болу үшiн мiндеттi әрекеттерге кеңес беру

Өрт қауiпсiздiгi белгiлерi

Шаршы немесе тiкбұрыш
(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қызыл

Өртке қарсы қорғаныш құралдарын, олардың элементтерiн табу орындарын белгiлеу және көрсету

Эвакуациялық белгiлер мен медициналық және санитарлық мәндi белгiлер

Шаршы немесе тiкбұрыш
(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жасыл

Қозғалыс немесе эвакуация бағытын белгiлеу
Апат немесе өрт кезiнде құтқару, алғашқы көмек беру
Қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған жазу, ақпарат

Нұсқау белгiлерi

Шаршы немесе тiкбұрыш
(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Көк

Рұқсат беру. Нұсқау.
Жазу немесе ақпарат

    Ескертпе - Өрт қауiпсiздiгi белгiлерiне сондай-ақ:
    1) тыйым салу белгiлерi - коды Г 01 "Темекi шегуге тыйым салынады", коды Г 02 "Ашық отты пайдалануға тыйым салынады", коды Г 04 "Сумен өшiруге тыйым салынады", коды Г 12 "Өтулердi бөгеуге (немесе) қоймалауға тыйым салынады" (техникалық регламенттiң 9-қосымшасы);
    2) ескерту белгiлерi - коды Д 01 "Өртқауiптi. Жеңiл тұтанатын зат", коды Д 02 "Жарылыс қауiптi", коды Д 11 "Өртқауiптi. Тотықтырғыш" (техникалық регламенттiң 10-қосымшасы);
    3) эвакуациялық белгiлер - техникалық регламенттiң 13-қосымшасы бойынша белгiлер жатады.

1-сурет - Түстiк графикалық бейнелердiң сұлбасы және тыйым салу қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы

(1-суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

2-сурет - Түстiк графикалық бейнелердiң сұлбасы және ескерту қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы



(2-суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

3-сурет - Түстiк графикалық бейнелердiң сұлбасы және кеңес беру қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы



(3-суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

4-сурет - Түстiк графикалық бейнелердiң сұлбасы және өрт қауiпсiздiгi белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы



(4-суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

5-сурет - Түстiк графикалық бейнелердiң сұлбасы және эвакуациялық белгiлер мен медициналық және санитарлық мәндi белгiлердiң өлшемдерiнiң қатынасы



(5-суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

6-сурет - Түстiк графикалық бейнелердiң сұлбасы және нұсқау қауiпсiздiгi белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы



(6-суреттi қағаз мәтiнiне қараңыз)

7-сурет - Түстiк графикалық бейнелердiң сұлбасы және қосымша қауiпсiздiк белгiлерiнiң өлшемдерiнiң қатынасы



(7-суреттi қағаз мәтiнiнен қараңыз)

      Техникалық регламентке


9-қосымша     

                     Тыйым салатын белгiлер



Белгiнiң коды

Түстiк графикалық бейне

Мағыналық мәнi

Орналастыру (орнату) орындары мен қолдану бойынша нұсқаулар

Г 01

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Темекi шегуге тыйым салынады

Темекi шегу өрт шығуға себепкер болуы мүмкiн жағдайларда пайдалану керек.
Үй-жайлардың есiктерi мен қабырғаларында, жанғыш және жеңiл тұтанатын заттары бар учаскелерде немесе темекi шегуге тыйым салынған үй-жайларда

Г 02

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Ашық отты пайдалануға және темекi шегуге тыйым салынады

Ашық от пен темекi шегу өрт шығуға себепкер болуы мүмкiн жағдайларда пайдалану керек.
Кiру есiктерiнде, үй-жайлардың қабырғаларында, учаскелерде, жұмыс орындарында, ыдыстарда, өндiрiстiк ыдыста

Г 03

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өтуге тыйым салынады

Қауiптi аймақтарға, үй-жайларға, учаскелерге және т.б. кiруде

Г 04

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Сумен өшiруге тыйым салынады

Электр жабдықтары орналасқан орындарда, қоймаларда және жануды немесе өрттi өшiрген кезде суды пайдалануға болмайтын басқа да орындарда

Г 05

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Ауыз су ретiнде пайдалануға тыйым салынады

Техникалық су құбырлары мен ауыз су мен тұрмыстық қажеттiлiктерге жарамсыз техникалық суы бар ыдыстарда

Г 06

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Бөгде адамдардың кiруiне тыйым салынған

Қауiптi аймақтарға кiруге (өтуге) немесе қызметтiк кiруге (өтуге) тыйым салуды белгiлеу үшiн үй-жайлардың есiктерiнде, объектiлерге, учаскелерге және т.с.с. кiрулерде

Г 07

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жер үстi көлiк құралдарының қозғалысына тыйым салынады

Жер көлiк құралдарын (мысалы тиегiштер немесе жер транспортерлерi) қолдану тыйым салынған орындарда

Г 08

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Сүйенуге тыйым салынады.
Қауiптi

Жабдықтарда (жабдықтардың түйiндерiнде), есiктерде, қалқандарда немесе сүйену қауiп туғызатын басқа да беттерде

Г 09

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Сүйенуге тыйым салынады.
Корпус кернеу астында

Электрлiк тоқпен зақымдану мүмкiндiгi бар тұрқылар мен қалқандардың беттерiнде

Г 10

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қосуға болмайды!

Жөндеу және қосу-баптау жұмыстары кезiнде жабдықтарды немесе механизмдердi басқару мен қосу тетiктерiнде

Г 11

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жүрек қызметiнiң ынталандырғышы бар адамдардың жұмыс iстеуiне (болуына) тыйым салынады

Ендiрiлген жүрек қызметiнiң ынталандырғышы бар адамдардың жұмыс iстеуiне немесе болуына тыйым салынған орандар мен жабдықтарда

Г 12

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өтулердi бөгеуге және (немесе) қоймалауға тыйым салынады

Эвакуация жолында, шығуларда, өртке қарсы қорғаныш құралдарын, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишаларын орналастыру орындары мен басқа да орындарда

Г 13

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Адамдарды шахта оқпанының бойымен көтеруге (түсiруге) (жолаушыларды тасымалдауға) тыйым салынады

Жүк лифтiлерi мен басқа да көтеру механизмдерiнiң есiктерiнде

Г 14

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жануарлармен кiруге (өтуге) тыйым салынады

Жануарлар болмауы тиiс, жануарлармен кiруге (өтуге) тыйым салынған ғимараттардың, құрылыстардың, үй-жайлардың, объектiлердiң, аумақтардың қақпалары мен есiктерiнде

Г 15

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Металл имплантанттары бар адамдардың жұмыс iстеуiне (болуына) тыйым салынады

Ендiрiлген металл имплантанттары бар адамдардың жұмыс iстеуiне немесе болуына тыйым салынған орандарда, учаскелер мен жабдықтарда

Г 16

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Су бүркуге тыйым салынады

Су бүркуге тыйым салынған орындар мен учаскелерде

Г 17

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Мобильдi (ұялы) телефонды немесе тасымалдағыш рацияны пайдалануға тыйым салынады

Жеке радиожиiлiктi электр магнит өрiсi бар байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынған үй-жайлардың есiктерiнде, объектiлерге кiруде

Г 18

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Тыйым салу (басқа да қауiптiлiктер немесе қауiптi әрекеттер)

Техникалық регламентте көзделмеген қауiптiлiктердi белгiлеу үшiн қолдану керек.
Белгiнi түсiндiрме жазумен бiрге немесе түсiндiрме жазуы бар қосымша қауiпсiздiк белгiсiмен бiрге пайдалану қажет

Г 19

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өзiмен бiрге металл заттарды (сағаттар) алып жүруге тыйым салынады

Объектiлерге, жұмыс орындарына кiруде, жабдықтарда, аспаптарда
Белгiнi қолдану аясы кеңеюi мүмкiн.

Г 20

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Тамақ iшуге тыйым салынады

Денсаулыққа зиянды заттары бар орындар мен жұмыс учаскелерiнде, сондай-ақ тамақ iшуге тыйым салынған орындарда.
Белгiнi қолдану саласы кеңеюi мүмкiн.

Г 21

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Үлкен амплитудалы сермеу қимылдарымен жабдықтардың элементтерiне жақын келуге тыйым салынады

Жабдықтарда және үлкен амплитудалы сермеу қимылдарын орындайтын элементтерi бар жабдықтарға қызмет көрсету бойынша жұмыс орындарында

Г 22

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қолмен алуға тыйым салынады. Сусымалы масса (орауы мықты емес)

Өндiрiстiк ыдыстарда, қоймаларда және сусымалы материалдарды пайдаланатын басқа да орындарда

Г 23

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Адамдарды көтеру (түсiру) үшiн лифтiнi қолдануға тыйым салынады

Жүк лифтiсiнiң есiктерi мен басқа да көтеру механизмдерiнде.
Белгi "Өрт кезiнде лифтiнi пайдаланбаңыз, баспалдақпен шығыңыз" деген топтық қауiпсiздiк белгiсiнiң құрамына кiредi.

Техникалық регламентке 
10-қосымша      

                         Ескерту белгiлерi



Белгiнiң
коды

Түстiк
графикалық
бейнесi

Мағыналық мәнi

Орналастыру (орнату)
орындары мен қолдану
бойынша нұсқаулар

Д 01

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт қауiптi.
Жеңiл тұтанатын зат

Жеңiл тұтанатын заттары бар үй-жайларға назар аудару үшiн пайдалану керек. Кiру есiктерiнде, шкафтар мен ыдыстардың есiктерiнде

Д 02

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жарылыс қауiптi

Жарылыс қауiптi заттарға, сондай-ақ үй-жайлар мен учаскелерге назар аудару үшiн пайдалану қажет. Кiру есiктерiнде, үй-жайлардың қабырғаларында, шкафтардың есiктерiнде

Д 03

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қауiптi.
Улы зат

Улы заттарды сақтау, бөлу, өндiру және қолдану орындарында

Д 04

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қауiптi.
Күйдiргiш және жегiделi зат

Күйдiргiш және жегiделi заттарды сақтау, бөлу, өндiру және қолдану орындарында

Д 05

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қауiптi.
Радиоактивтi зат немесе иондаушы сәулелену

Үй-жайлардың есiктерiнде, шкафтардың және радиоактивтi заттар болатын және қолданылатын немесе иондаушы сәулеленуi бар басқа да орындарда
Радиациялық қауiптiлiк белгiсiн қолдануға рұқсат етiледi

Д 06

(қағаз
мәтiнiне
қараңыз)

Қауiптi.
Жүктiң құлауы мүмкiн

Көтеру-көлiктiк жабдықтар пайдаланылатын қауiптi аймақтарға жақын жерлерде, құрылыс алаңдарында, цехтарда, шеберханаларда және т.с.с.

Д 07

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Назар аударыңыз.
Автотиегiш

Жүктеу-тиеу жұмыстары жүргiзiлетiн үй-жайлар мен учаскелерде

Д 08

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Электрлiк тоқпен зақымдану қауiптiлiгi

Электр берiлiсi желiлерiнiң, электр жабдықтар мен аспаптардың тiректерiнде, күш қалқандарының есiктерiнде, электр техникалық панельдер мен шкафтарда, сондай-ақ жабдықтардың, механизмдердiң, аспаптардың тоқ жүргiзу бөлiктерiнiң қоршауларында

Д 09

(қағаз
мәтiнiне
қараңыз)

Назар аударыңыз.
Қауiптiлiк (басқа да қауiптiлiктер)

Техникалық регламентте көзделмеген басқа да қауiптiлiк түрлерiне назар аудару үшiн қолдану қажет.
Белгiнi түсiндiрме жазуы бар қосымша қауiпсiздiк белгiлерiмен бiрге пайдалану керек

Д 10

(қағаз
мәтiнiне
қараңыз)

Қауiптi.
Лазерлiк сәулелену

Үй-жайларда, жабдықтарда, аспаптар мен лазерлiк сәулеленуi бар басқа да орындарда

Д 11

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт қауiптi.
Тотықтандырғыш

Тотықтандырғыштың бар екенiне назар аудару үшiн үй-жайлардың есiктерiнде, шкафтардың есiктерiнде

Д 12

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Назар аударыңыз.
Электрмагниттiк өрiс

Үй-жайлардың есiктерiнде, жабдықтарда, аспаптар мен электрмагниттiк өрiс әсер ететiн басқа да орындарда

Д 13

(қағаз
мәтiнiне
қараңыз)

Назар аударыңыз.
Магниттi өрiс

Үй-жайлардың есiктерiнде, жабдықтарда, аспаптар мен магниттiк өрiс әсер ететiн басқа да орындарда

Д 14

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Елеусiз кедергi

Сүрiну мүмкiн болатын елеусiз кедергiлер бар орындарда

Д 15

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Биiктен құлау мүмкiндiгi

Қауiптi учаскелерге және биiктен құлау мүмкiн болатын орындарға кiрер алдында

Д 16

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Биологиялық қауiптiлiк
(Инфекциялық заттар)

Денсаулыққа зиянды биологиялық заттарды сақтау, өндiру немесе қолдану орындарында

Д 17

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз. Суық

Тоңазытқыштар мен мұздатқыштардың есiктерiнде, компрессорлық агрегаттар мен басқа да тоңазыту аппараттарында

Д 18

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Денсаулыққа зиянды аллергиялық (тiтiркендiргiш) заттар

Денсаулыққа зиянды аллергиялық (тiтiркендiргiш) заттарды сақтау, өндiру немесе қолдану орындарында

Д 19

(қағаз
мәтiнiне
қараңыз)

Газ баллоны

Газ баллондарынада, сығылған немесе сұйылтылған газдарды сақтау мен қолдану қоймалары мен учаскелерiнде
Баллонның түсi: қара немесе ақ.

Д 20

(қағаз
мәтiнiне
қараңыз)

Абайлаңыз.
Аккумулятор батареялары

Аккумулятор батареяларын жасау, сақтау және қолдану үй-жайлар мен учаскелерде

Д 21

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Кескiш бiлiктер

Қорғалмаған кесу бiлiктерi бар жұмыс учаскелерi мен жабдықтарда, мысалы ағаш өңдеу, жол немесе ауыл шаруашылық жабдықтарында

Д 22

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Назар аударыңыз.
Қысып қалу қауiптiлiгi

Турникеттер мен шлагбаумдардың есiктерiнде

Д 23

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Аударылуы мүмкiндiгi

Жолдарда, рампаларда, қоймаларда, зауытiшiлiк көлiктердiң аударылу мүмкiндiгi бар учаскелерде

Д 24

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Назар аударыңыз.
Жабдықтың автоматты қосылуы (жiберiлуi)

Жұмыс орындарында, жабдықтарда немесе автоматты қосылуы бар жабдықтардың жекелеген түйiндерiнде

Д 25

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Ыстық бет

Қыздырылған беттерi бар жұмыс орындары мен жабдықтарда

Д 26

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз.
Қолдың жарақаттануы мүмкiн

Қол жарақатын алу мүмкiн болатын жабдықтарда, жабдықтардың түйiндерiнде, қақпақтар мен есiктерде

Д 27

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз. Тайғанақ

Тайғанақ жерлерi бар аумақтар мен учаскелерде

Д 28

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Абайлаңыз. Айналып тұрған элементтердiң арасында тартылу мүмкiндiгi

Айналып тұрған элементтерi бар жұмыс орындары мен жабдықтарда, мысалы дестелi диiрмендерде

Д 29

(қағаз
мәтiнiне
қараңыз!)

Абайлаңыз.
Өтудiң
тарылуы

Өтудiң тарылуы бар немесе
өтуге қиындық келтiретiн
шығыңқы құрылымдары бар
аумақтарда, учаскелерде,
цехтар мен қоймаларда

Техникалық регламентке 
11-қосымша     

                     Кеңес беретiн белгiлер



Белгiнiң коды

Түстiк графикалық бейнесi

Мағыналық мәнi

Орналастыру (орнату) орындары мен қолдану бойынша нұсқаулар

Е 01

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қорғаныш көзiлдiрiкте жұмыс iстеу керек

Көру мүшелерiн қорғау қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 02

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қорғаныш дулығада (шлемде) жұмыс iстеу керек

Басты қорғау қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 03

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қорғаныш құлаққапта жұмыс iстеу керек

Шудың жоғары деңгейi бар жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 04

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Тыныс алу жолдарының жеке қорғаныш құралдарында жұмыс iстеу керек

Тыныс алу мүшелерiн қорғау қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 05

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қорғаныш аяқ киiмде жұмыс iстеу керек

Жеке қорғаныш құралдарын қолдану қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 06

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қорғаныш қолғапта жұмыс iстеу керек

Қолды зиянды немесе агрессивтi ортаның әсерiнен қорғау, электр тоғынан ықтимал зақымданудан қорғау қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 07

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қорғаныш киiмде жұмыс iстеу керек

Жеке қорғаныш құралдарын қолдану қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 08

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Қорғаныш қалқанда жұмыс iстеу керек

Бет және көру мүшелерiн қорғау қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 09

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Сақтандырғыш белдiкте жұмыс iстеу керек

Қауiпсiз жұмыс iстеу үшiн сақтандырғыш белдiктер қажет болатын жұмыс орындары мен учаскелерде

Е 10

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өту мына жерде

Өтуге рұқсат етiлетiн аумақтар мен учаскелерде

Е 11

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жалпы кеңес беру белгiсi (басқа да кеңес берулер)

Осы стандартта белгiленбеген кеңестер үшiн.
Белгiнi қосымша қауiпсiздiк белгiсiндегi түсiндiрме жазумен бiрген қолданған жөн.

Е 12

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жер үстi өтпе жолымен өту керек

Жер үстi өтпе жолдары белгiленген учаскелер мен аумақтарда

Е 13

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Штепсель ашасын ажыратыңыз

Электр жабдықтарын баптау немесе тоқтату кезiнде және басқа жағдайларда электр желiсiнен ажырату талап етiлетiн жұмыс орындары мен жабдықтарда

Е 14

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Жұмыс алдында ажыратыңыз

Жөндеу және iске қосу баптау жұмыстарын жүргiзген кезде жұмыс орындары мен жабдықтарда

Е 15

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Темекi шегетiн жер

Өндiрiстiк объектiлерде темекi шегетiн орындарды белгiлеу үшiн пайдаланылады

Техникалық регламентке
12-қосымша    

                   Өрт қауiпсiздiгi белгiлерi



Белгiнiң коды

Түстiк графикалық бейнесi

Мағыналық мәнi

Орналастыру (орнату) орындары мен қолдану бойынша нұсқаулар

Ж 01

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Бағыттауыш меңзер

Өртке қарсы қорғаныш құралдарын табу (орналастыру) орындарына қозғалыс бағытын көрсету үшiн тек қана басқа өрт қауiпсiздiгi белгiлерiмен бiрге қолдану қажет

Ж 02

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

45 бұрышы астындағы бағыттауыш меңзер

Өртке қарсы қорғаныш құралдарын табу (орналастыру) орындарына қозғалыс бағытын көрсету үшiн тек қана басқа өрт қауiпсiздiгi белгiлерiмен бiрге қолдану қажет

Ж 03

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт краны

Өрт жеңi мен оқпаны бар өрт кранының жинағын табу орындарында

Ж 04

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт сатысы

Өрт сатысын табу орындарында

Ж 05

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Отсөндiргiш

Отсөндiргiштi орнату орындарында

Ж 06

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт кезiнде пайдалануға арналған телефон (оның iшiнде өрт күзетiмен тiкелей байланыс телефоны)

Өрт күзетiн шақыруға болатын телефонды орнату орындарында

Ж 07

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өртке қарсы бiрнеше қорғаныш құралдарын орналастыру орны

Өртке қарсы бiрнеше қорғаныш құралдарын бiр мезгiлде табу (орнату) орындарында

Ж 08

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт су көзi

Өрт су қоймасын немесе өрт машиналарына арналған пирстарын табу орындарында

Ж 09

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт құрғақ құбыр дiңгегi

Өрт құрғақ құбыр дiңгегiн табу орындарында

Ж 10

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт гидранты

Жер асты өрт гидранттары орналасқан орындарында.
Белгiде белгiден бастап гидрантқа дейiнгi арақашықты метрмен бiлдiретiн сандар болуға тиiс

Ж 11

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт автоматикасының қондырғыларын (жүйелерiн) қосу тетiгi

Өрт сигнал беру жабдықтарының, өрт сөндiру қондырғыларын және (немесе) түтiнге қарсы қорғаныш жүйелерiн қолмен iске қосу орындарында.
Өрт дабылы сигналын беру орындарында (пункттерiнде)

Ж 12

(қағаз мәтiнiне қараңыз)

Өрт дабылының дыбыстық хабарландырушысы

Дыбыстық хабарландырушысы орналасқан табу орындарында немесе "Өрт автоматикасы қондырғыларын (жүйелерiн) iске қосу түймешiгi" (коды Ж 11) белгiсiмен бiрге

Техникалық регламентке 
13-қосымша     

          Эвакуациялық белгiлер және медициналық және

1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет