Өндірістік тәжірибе есебі 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы


Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау



бет3/7
Дата28.10.2023
өлшемі88.25 Kb.
#481829
1   2   3   4   5   6   7
Амангелді Айғаным практика (копия)

1.1.Жерге орналастыру жобасын әзірлеу жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын орындау
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу:
1) жер учаскесін бөлу;
2) жер учаскелерінің бірлестіктері (бірігуі);
3) орналасқан жерін өзгертпей, жер учаскесінің шекараларын, конфигурациясын өзгерту және алаңын азайту;
4) жер учаскесін немесе оның бір бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қою немесе сатып алу арқылы жүзеге асырылады.6. Жерге орналастыру жобасы мынадай ретпен қажетті іс-шараларды жүзеге асыруды көздейді:
1) ) жерге орналастыру жобасын әзірлеуге өтініш;
2) дайындық жұмыстары;
3) жерге орналастыру жобасын әзірлеу;
3) жерге орналастыру жобасын қалыптастыру;
4) жерге орналастыру жобасын қарау және келісу;
5) жер учаскесінің шекараларын белгілеу;
6) жерге орналастыру жобасын бекіту.
7. Дайындық жұмыстарының құрамында жоспарлы-картографиялық материалдарды таңдау, Мемлекеттік жер кадастрында, жерге орналастыру, қала құрылысы, орман орналастыру, геодезиялық және картографиялық құжаттардағы жер учаскесі туралы мәліметтерді жинау және зерделеу жүргізіледі.
Белгілі бір жер учаскесі туралы Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері қағаз немесе электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ белгіленген тәртіппен жер учаскесін есепке алу орны бойынша техникалық және телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана отырып, жер кадастрының деректер банкіне тікелей санкцияланған қол жеткізу түрінде беріледі.
Берілетін (өзгертілетін) жер учаскесінің алаңы, оның шекарасы мен орналасқан жері, бөтен жер пайдаланушылар мен сабақтас жер учаскелерінің меншік иелері немесе жер пайдаланушылар, сондай-ақ жер учаскесінің ауыртпалықтары мен сервитуттары айқындалады.
Азаматтар мен заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы емес мақсаттар үшін берілетін жер учаскелерінің мөлшері қызметтің осы түрлері үшін жер бөлу нормалары бойынша не сәулет-қала құрылысы және (немесе) құрылыс құжаттамасына сәйкес айқындалады.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жаңадан құрылатын ауыл шаруашылығы ұйымдары, шаруа (фермер) қожалықтары мен жеке қосалқы
6
шаруашылықтар үшін құрылатын жер учаскелерінің шекаралары қосымша есепке алынады, олардың жинақы орналасуын ескере отырып белгіленеді, табиғи және (немесе) жасанды шептермен (өзендер, бұлақтар, каналдар, орман алқаптары, жолдар) біріктіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет