«Өнер асқарында» Еркеғали Рахмадиев Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 2013 жыл, 7 ақпан күні



Дата19.06.2016
өлшемі17.5 Kb.
#148542
Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

баспасөз-қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ.Мұңайтпасов көш. 5
тел: 8 (7172) 70-95-00 (31 116, 31-118)



Баспасөз-хабарламасы
«Өнер асқарында» Еркеғали Рахмадиев
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, 2013 жыл, 7 ақпан күні.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Кәусар» мәдени танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО және Қазақстанның Халық артісі, композитор, Еркеғали Рахмадиевтің қатысуымен «Өнер асқарында» атты концерт өтеді. Салтанатты кеште, концертмейстер Мәдениет қайраткері Елена Сахноның сүйемелдеуімен, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ғалия Байғазинова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, Сүндет Байғозин, халықаралық конкурс лауреаттары Роза Нүркей, Бейімбет Таңарықовтың орындауында автордың ария және ән романстары орындалады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері Еркеғали Рахмадиев шығармашылығы қазақтың халық музыкасының бай мұрасын бойына сіңіріп симфониялық, опералық, вокальды-аспаптық, камералық шығармалары профессионалды ұлттық өнердің өресін кеңейтіп, оның жанрлық салаларын дамытты. Сазгердің "Мейрам күйі" симфониялық поэмасы 1973 жылы Алматыда өткен Азия елдерінің халықаралық музыка жиынында дүние жүзілік эфирге жолдама алып, бірінші жүлдеге ие болды. Сазгердің "Құдаша-думан" мен "Мейрам күні" деген шығармалары симфониялық оркестрдің орындауында 1973 жылдары Лондон, Филадельфия елдерінде шырқалса, 1974 жылы Братиславада, 1975 жылы Прагада және тағы басқа қалаларда орындалды. Ұлттық музыка мәдениетінің маржандарын классикалық шығармамен тоғыстырған романстар, опералар мен басқа да шығармалар еліміздің ұлттық мұрасының алтын қорына еніп отыр. Қазақтың опера және балет театрында "Қамар сұлу", "Алпамыс", "Абылай хан" опералары қойылған. 

Өткізу күні: 2013 жыл 7 ақпан

Өткізу орны:

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ,


ҚР Тұңғыш Президенті аудиториясы 208

Өткізу уақыты: 17.00

Байланыс үшін: Астана қаласы, Қ.Мұңайтпасов көшесі, 5,

(Бас ғимарат)

8 (7172) 70-95-00( ішкі 31-118, 31-116), 709-548

Әсел Сарсенбинова, координатор-журналист +7-701-742-88-24

Ляйля Рахманова, журналист +7 – 702- 363-60-05

Еркежан Садуақасова, баспасөз-қызметінің жетекшісі



+7-701-366-35-99

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет