3. Студенттің өзіндік жұмысына қойылатын талаптар
3.1. Мазмұны:
- жұмыстың мақсат, міндетінің қысқаша, анық үлгіде көрініс табуы;
- мәселені зерттеулер деңгейінде жалпы шолу;
- қолданылған ғылыми әдістердің негіздемесі мен сипаттамасы;
- жиналған тілдік, деректерді талдаумен баяндау;
- алынған нәтижелердің тиімділігін тілдік материалдармен беру;
- қорытынды;
- тәжірибе жүзінде көрсетілетін жұмысты нақтылау;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
3.2. Рәсімделуі:
- Студенттің курс жұмысының рәсімделу стандарттарына сай болуы керек (№ 1 қосымшада).
- Курс жұмысы қолжазба күйінде не компьютерде терілген күйінде қорғауға ұсынылады.
4. Студенттің өзіндік жұмысын қорғау
4.1. Студенттің өзіндік жұмысы кестеге сәйкес семинарларында қорғалады.
4.2. Студенттің өзіндік жұмысын пән оқытушысы бағалайды.
Студенттің өзіндік жұмысын бағалаудың негізгі критерийлері:
- орындалған жұмыстың ғылыми мамандануына сәйкестілігі;
- орындалған жұмыстың мақсаты мен міндетінің негізделуі;
- зерттеудің қазіргі жаңа ғылыми әдістерін пайдалануы;
- жұмыстың жүйелі, сауатты, нақты жазылуы;
- пайдаланылған ғылыми әдебиеттердің жаңалығы;
- алынған нәтижелермен қорытындының дәйектілігі;
- ғылыми, практикалық мәні;
- жұмыстың рәсімделу сапасы;
- студенттің өзіндік жұмысын қорғауы, (қысқа, нақты, анық, жүйелі баяндауы, кәсіби сөйлей білу деңгейі, қорғауға көрнекілік пайдалануы сияқты);
- қорғау барысында қойылған сұрақтарға жауап беруі.
5. Студенттің өзіндік жұмысты безендіруі
Қосымшаны қоспағанда курстық жұмыстың жалпы көлемі А4 форматымен есептегенде 10-15 беттен 20-25 бет аралығында болады. Студенттің өзіндік жұмысының көлемі алған тақырыбына, техникалық орындалуына байланысты болып келеді. Студенттің өзіндік жұмысында суреттер, таблицалар, кестелер көп кездеседі. Барлық цифрлық мәліметтер талданып кездессе, ол номірленіп, тақырыпталып рәсімделіп беріледі. Таблицадан басқа өзіндік жұмысқа диаграммалар, графиклер, қосымша енеді.
6. СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС (СӨЖ) ТАҚЫРЫПТАРЫ, МАЗМҰНЫ
Тақырыбы: ...................... ...................... ...................... ...................... ...................... ................
Мақсаты: ...................... ...................... ...................... ...................... ...................... ................
Жұмыс түрі: ...................... ...................... ...................... ...................... ...................... ................
Жұмысқа нұсқау: ...................... ...................... ...................... ...................... ...................... .......
Тапсырмалар: ...................... ...................... ...................... ...................... ...................... ..............
Әдебиеттер: ...................... ...................... ...................... ...................... ...................... ..............
Қосымша 1
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ» КАФЕДРАСЫ
СӨЖ
Тақырыбы ______________________________________________________
Қабылдаған: ___________________________
Орындаған: ___________________________
Түркістан - 2016 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |