Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы



Дата23.02.2016
өлшемі282.14 Kb.
#8706
Өнеркәсiп саласындағы қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1796 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 02.03.2013 ж. № 79 (28018); "Казахстанская правда" от 02.03.2013 г. № 79-80 (27353-27354)


      «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан РеспубликасыныңҮкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес өнеркәсiп саласындағы лицензиарлар;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес өтiнiш берушiнiңҚазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар айқындалсын.
      2. Қоса берiлiп отырған өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соңқолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы   


Үкiметiнiң           
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысына      
1-қосымша         

Өнеркәсiп саласындағы лицензиарлар

Р/c №

Лицензиар

Лицензияланатын қызметтiң түрлерi және кiшi түрлерi

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнiң Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану*:

тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау*

қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру*

кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу*

мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары

мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары

мұнай, газ ұңғымаларын, оныңiшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату*

ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынаулар*

ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткiзу және игеру*

мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардыңөнiмдiлiгiн ұлғайту

құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардыңөздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау

мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау




2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiңӨнеркәсiп комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану*:

тау-кен өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау*

қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын әзiрлеу жобаларын және технологиялық регламенттердi жасау*

қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру*

ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу

кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу*

пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу

кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары

ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату*

ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау*

ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткiзу және игеру*

мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану*

3.

Жергiлiктi атқарушы органдар

Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, өңдеуi және лицензиаттарға өткiзуi

4.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану*:

магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу

* - қызметтiң осы түрiн (кiшi түрiн) лицензиялау тек лицензиардыңқұзыретiне кiретiн бөлiгiнде ғана (тиiстi реттеу саласында) жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң       
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысына   
2-қосымша       

Өтiнiш берушiнiңҚазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестiгi бөлiгiнде өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия беруге келiсудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар

Р/c №

Мемлекеттiк орган

Лицензияланатын қызмет түрi

Лицензияланатын қызметтiң кiшi түрi

Лицензиар

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайларды және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Тау-кен өндiрiстерiн пайдалану;
қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру;*
ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу;
кен орындарында технологиялық жұмыстар жүргiзу;*
пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жару жұмыстарын жүргiзу;
кенiштер мен шахталарды жабу бойынша жою жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстары;
мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су айдындарында бұрғылау;
ұңғымаларды жер

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлiгiнi ң Мұнай-газ кешенiндегi мемлекеттiк инспекциялау комитетi










астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату;*
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынаулар;*
ұңғымаларды жуу, цементтеу, байқаудан өткiзу және игеру;*
мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардыңөнiмдiлiгiн ұлғайту;
құрлықта және теңiзде мұнайдың төгiлуiн, ұңғымалардыңөздiгiнен атқылауын, мұнай және газ шығарындыларын (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) болғызбау және жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау;
мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану*




Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi

2.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Мемлекеттiк энергетикалыққадағалау және бақылау комитетi

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу




Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң         
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысымен     
бекiтiлген       

Өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi



Бiлiктiлiк талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшiн мыналардың болуы:

1.

қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентi

заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаныңқолымен, жеке тұлғалар үшiн өтiнiш берушiнiңқолымен куәландырылған қызметтiң лицензияланатын түрлерi мен кiшi түрлерiн (жұмыстарын) орындаудың технологиялық регламентi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшiн талап етiлмейдi.

2.

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде өндiрiстiк база (ғимарат, үй-жайлар).
Өндiрiстiк база өтiнiш берiлген кiшi қызмет түрлерiне сәйкес жабдықталуға және мыналарды қамтуға тиiс:

меншiк құқығын немесе өзге де заңды негiздердi растайтын құжаттардың көшiрмесi







тау-кен және мұнай газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттердi жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау үшiн;
мұнай химиялық, химиялықөндiрiстерiн жобалау үшiн – жобалау үшiн лицензияланған бағдарламалыққамтамасыз етудiң, электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасы (принтерлер, көбейту-көшiру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдық)

жобалау үшiн лицензияланған бағдарламалыққамтамасыз етудiң электронды–есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшiру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны*







тау-кен өндiрiсiн пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу; кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстарын жүргiзу үшiн – инженерлiк құрылыстар, машиналар, тетiктер, құралдар, арнайы көлiктер, жабдықтар, өлшеу жабдықтары және бақыланатын технологиялық процесс

инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, тетiктердiң, құралдардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестiң болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*







пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн:
1) лицензия немесе жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;
2) ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогы

лицензияның немесе жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың
ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*







мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшiн:
каротаж станциялар (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткiштерiн тiркеуге арналған жер үстi аппараттары, арнайы (каротаждық) кабель, ұңғымада түсiру-көтеру операцияларына арналған жүк шығыр)

каротаж станциялардың (ұңғымалық аспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткiштерiн тiркеуге арналған жер үстi аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдiң, ұңғымада түсiру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*







мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшiн:
1) лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт;
2) перфорациялық жабдықтар мен (немесе) жүйелер

лицензияның не жарылғыш заттармен жұмыс жасауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен жасалған шарттың
перфорациялық жабдықтар мен (немесе) жүйелерiнiң болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*







мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су қоймаларында бұрғылау үшiн – бұрғылау қондырғылары, қашау, шегенделген құбырлар, шығарындыға қарсы жабдықтар, көтергiш агрегаттар

бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергiш агрегаттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*







ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу;
жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу;
ұңғымалар көтергiшiн орнату үшiн;
ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау;
ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшiн – тиiстi технологиялық жабдықтардың

тиiстi технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*







мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардыңөнiмдiлiгiн ұлғайту үшiн – техника құралдарының кешенi, қабаттардың мұнай беруiн арттыру үшiн арнайы техника мен технология

техника құралдары кешенiнiң, қабаттардың мұнай беруiн арттыру үшiн арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*







құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардыңөздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшiн – теңiздегi мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзушi резервуарлар, бонолық тосқауылдар; құрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтар, цементтейтiн агрегаттар; шығарындыға қарсы жабдық

теңiздегi мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзушi резервуарлардың, бонолық тосқауылдардыңқұрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтiн агрегаттардың, лақтыруға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпаратты, қамтитын мәлiметтер нысаны*







мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшiн:
1) тетiктер, технологиялық желiлер, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғылары, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылықтар, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде;
2) өнiмнiң стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхана

тетiктердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде;
өнiмнiң стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхана болуы туралы ақпаратты қамтитын мәлiметтер нысаны*




3.

мыналарды:
машиналарды, тетiктердi, көлiкқұралдарын, аспаптарды, жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалыққызмет көрсетудi;
еңбек қауiпсiздiгiн бақылауды;
метрологиялық бақылауды;
маркшейдерлiк жұмыстарды (күшi «мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану» қызметiнiң кiшi түрiне қолданылмайды);
технологиялық процестi сақтауды және берiлген сападағы өнiмнiң шығарылуын сақтауды (күшi тау-кен өндiрiсiнiңқызметтерiнiң кiшi түрлерiне қолданылмайды) қамтамасыз ететiн жауапты тұлғалардың немесе қызметте;
қоршаған ортаны қорғау.

осы қызметтердi құру және (немесе) жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың көшiрмесi

Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық), мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшiн талап етiлмейдi.

4.

тиiстi бiлiм деңгейiне жауап беретiн техникалық басшылар мен мамандардың бiлiктiлiк құрамы (басшылар үшiн – тиiстi салада жоғары техникалық, мамандар үшiн – кемiнде тиiстi салада орта арнаулы бiлiм) және басшылар үшiн тиiстi салада лицензияланатын қызметтiң кiшi түрi бойынша кемiнде 3 жыл практикалық тәжiрибесi

заңды тұлғалар үшiн мөрмен және өтiнiш берушiнiң бiрiншi басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаныңқолымен, жеке тұлғалар үшiн өтiнiш берушiнiңқолымен расталған штат кестесi және мынадай ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы




Магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалану бойынша қызметтiң кiшi түрi үшiн

1.

меншiгiнде немесе өзге де заңды негiздерде магистральдық газ құбырлары, мұнай құбырлары, мұнай өнiмдерi құбырларының диагностикалық, бақылау-өлшеу аспаптары, сондай-ақ магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануды қамтамасыз ететiн құралдар, жабдықтар

өтiнiш берушiнiң теңгерiмiндегi негiзгi өндiрiстiк активтердiң тiзбесi;
құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi;
негiзгi жабдықтың техникалық сипаттамалары бойынша ақпарат




2.

жабдықтарды пайдалануды және оларға техникалыққызмет көрсетудi;
магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдаланудың технологиялық процесiн сақтауды;
еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк техникасын;
қоршаған ортаны қорғауды;
метрологиялық бақылауды қамтамасыз ететiн қызметтер

осы қызметтердi құру туралы бұйрықтардың көшiрмелерi




3.

тиiстi бiлiм деңгейiне (басшылар үшiн - мұнай-газ саласындағы жоғары бiлiм, мамандар үшiн - мұнай-газ саласындағы арнаулы орта бiлiм) жауап беретiн бiлiктi және осы саладағы мамандығы бойынша кемiнде - бiр жыл жұмыс тәжiрибесi бар техникалық басшылар мен мамандар құрамы (өндiрiстiк персоналдың жалпы санының 70 % кем емес)

штат кестесi;
әрбiр қызметкер бойынша ақпаратты қамтитын жиынтық кесте: тегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлi

Өндiрiстiк персонал – әкiмшiлiк-басқарушы персоналды (ӘБП) қоспағанда, өндiрiсте тiкелей жұмыс iстейтiн және өнеркәсiптегiөндiрiс процесiмен тiкелей байланысты персонал

4.

белгiленген тәртiппен бекiтiлген:
қоршаған ортаны қорғау, техникасы қауiпсiздiк жөнiндегi бағдарламалар мен iс-шаралар;
заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып жұмыс iстейтiн өндiрiстiк объектiлердi реконструкциялау, жаңғырту жөнiндегi бағдарламалар;
жөндеу жұмыстарын орындау жоспарлары (бағдарламалары);
аварияларды жою жоспары

тиiстi жоспарлар, бағдарламалар мен iс-шаралардың көшiрмелерi




Электрмен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу бойынша қызмет үшiн

1.

Осы саладағы мамандық бойынша жоғары немесе орта арнайы бiлiмi және осы саладағы мамандық бойынша кемiнде жарты жыл жұмыс тәжiрибесi бар бiлiктi басшылар мен мамандар құрамы

өтiнiш берушi растаған тегiн, атын, әкесiнiң атын, бiлiмi бойынша мамандығын, лауазымын, осы саладағы жұмыс өтiлiн қамтитын жиынтық кесте




2.

1) тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететiн қызметтер – абоненттiк қызметтер, учаскелер;
2) жедел диспетчерлiк қызметтi немесе диспетчерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi заңды диспетчерлiк орталықпен шартты (ниеттер хаттамасын) қамтамасыз ететiн қызметтер (персонал)

а) тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететiн абоненттiк қызметтi (персоналды) құру туралы бұйрықтың көшiрмесi;
б) жедел диспетчерлiк қызметтi құру туралы бұйрықтың немесе диспетчерлiк қызметтер көрсету жөнiндегi заңды диспетчерлiк орталықпен шарттың (ниет хаттамасының) көшiрмесi




3.

банк анықтамасы растаған кемiнде 10000 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi айналым қаражаты

банк анықтамасы




4.

тұтынушыларға, оның iшiнде өңiрден тыс жерлерге электр энергиясын жеткiзудiң техникалық мүмкiндiгi

өтiнiш берушi мен энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың арасында авария болған жағдайда резервтен орнын толтыру шартымен электр энергиясын жеткiзуге және теруге және (немесе) таратуға арналған шарт немесе ниеттер хаттамалары




5.

меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде тұтынушылармен жұмыс iстеуге және абоненттiк қызметтердi орналастыруға арналған ғимараттың немесе үй-жай

құқық белгiлейтiн құжаттардың көшiрмелерi




Құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған мүлiк кешенiн сатып алу нәтижесiнде және заңды тұлғаларда жеке өндiрiсiнiң барысында құрылған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу бойынша қызметтi қоспағанда заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшiн

1.

мыналарды:
оттегi және пропаны бар баллондарды сақтауға арналған орынды;
қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын және қорытпаларды топтары, түрлерi, маркалары мен сұрыптары бойынша бөлiп сақтауға арналған контейнерлердi, қораптарды немесе алаңдарды;
түстi және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға және қайта өңдеуге арналған жабықүй-жайды не асфальтталған немесе қатты жамылғылы орынды;
сынықтар мен қалдықтарды сұрыптауға, кесуге және пакеттеуге арналған жабдығы мен құралдары бар арнайы алаңдарды немесе өндiрiстiк үй-жайларды;
өрт сөндiру құралдарымен жарақтандырылған түстi және қара металдардың жарылу қаупi бар сынықтарына арналған қойманы;
жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтiк үй-жайды;
кәсiпорында бекiтiлген және оларды пайдалануға тиiстi рұқсат беру құжаттары бар стационарлық немесе ұтқыр жүк көтергiш жабдықты, сондай-ақ жүк көтеру бойынша аталған жұмыстарды жүргiзу үшiн технологиялық процеске сәйкес келетiн құралдарды;
кәсiпорында технологиялық процеске сәйкес келетiн қара және түстi металдардың сынықтарын кесуге, өңдеуге арналған жабдықты және/немесе қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеуге арналған престердi және/немесе гидроқайшыларды;
олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдарын (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және/немесе басқа да өлшем құралдарын);
салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтары радиациясының деңгейiн өлшеуге арналған дозиметрлiк немесе радиометрлiк жабдықты қамтитын мамандандырылған жеке меншiк құқығындағы қоршалған өндiрiстiк база.
Көрсетiлген талаптар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын филиалды ашқан жағдайда да қойылады. Лицензиясы бар заңды тұлғалар жеке тұлғалардан шығу тегi электротехникалық, өнеркәсiптiк, әскери және зымыран-ғарыштық сынықтан, байланыс желiсiнiң кәбiлдерiнен, рельстерден, бұрын қолданыста болған темiр жол төсемi мен жылжымалы құрам элементтерiнен, кәрiз люктерiнiңқақпақтарынан басқа, түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын қабылдауға құқылы.







2.

қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалдаудағы немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiк

қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жеке меншiк құқығындағы немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiктiң болуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны*




3.

мынадай мөлшерлерде:
түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 400 ш.м.;
қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн - кемiнде 1000 ш.м. автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесi не оныңүлесi

автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнiң не оныңүлесiнiңболуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны*




4.

кәсiпорында тиiстi қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процесске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал

бiлiктi персоналдыңтегi, аты, әкесiнiң аты, бiлiмi бойынша мамандығы, лауазымы, мамандығы бойынша осы саладағы жұмыс өтiлi және олардың пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн арнайы даярлықтан өткенi туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны*




5.

Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оныңөзге жерде орналасқан филиалының, мамандандырылған өндiрiстiк базаның бөлiгi болып табылатын қабылдау пунктiн ашқан жағдайда мыналардың болуы талап етiледi:
1) қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай;
2) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар таразы шаруашылығы;
3) қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша;
4) кемiнде 200 ш.м алаң.

қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпаратты құрайтын мәлiметтер нысаны*







Осы бiлiктiлiк талаптары заңды тұлғалардыңөз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және/немесе қара металл сынықтары және/немесе қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметке қолданылмайды. Мұндай заңды тұлғалар түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан Республикасында түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметке лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана өткiзе алады.




* Осы өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптарына және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне қосымшаға сәйкес мәлiметтер нысаны

Өнеркәсiп саласындағы қызметтi  


жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптарына
және оларға сәйкестiктi растайтын  
құжаттардың тiзбесiне       
қосымша                

Өнеркәсiп саласындағы қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiне мәлiметтер нысаны

      1. Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), мұнай-химия, химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану, мұнай-газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) бойынша қызмет үшiн:


      1. Тау-кен және мұнай газ өңдеу өндiрiстерiн жобалау, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiрудi жобалау; қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын, мұнай-газ кен орындарын игеруге арналған жобалар мен технологиялық регламенттердi жасау; мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларының техникалық-экономикалық негiздемесiн жасау үшiн; мұнай химиялық, химиялықөндiрiстерiн жобалау үшiн:
      1) жобалау үшiн лицензияланған бағдарламалыққамтамасыз етудiң электронды-есептеу машиналарының, арнайы ұйымдастыру техникасының (принтерлер, көбейту-көшiру техникасы, плоттерлер және өзге де жабдықтар) болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (бағдарламалыққамтамасыз етудiң атауын жазу, арнайы құралдарды және ұйымдастыру техникасын көрсету);
      2) тау-кен өндiрiсiн пайдалану, қатты пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда), мұнайды, газды, мұнай-газ конденсатын өндiру; ашық және жер асты тәсiлдерiмен қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын ашу және әзiрлеу; кен орындарында технологиялық жұмыстарды жүргiзу; кенiштер мен шахталарды жабу жөнiндегi тарату жұмыстарын жүргiзу үшiн:
      Инженерлiк құрылыстардың, машиналардың, тетiктердiң, құралдардың, арнайы көлiктердiң, жабдықтардың, өлшеу жабдықтарының және бақыланатын технологиялық процестiң болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (инженерлiк құрылыстарды, машиналарды, тетiктердi, құралдарды, арнайы көлiктердi және өзге жабдықтарды көрсету);
      3) пайдалы қазбаларды өндiру үшiн жарылыс жұмыстарын жүргiзу үшiн:
      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмiрi _________;
      шарттың нөмiрi *_____________;
      шарттың жасалған күнi *_____________;
      лицензиясы бар ұйымның атауы *_____________;
      ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*_____________.
      * ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;
      4) мұнай, газ ұңғымаларындағы каротаж жұмыстарын жүргiзу үшiн:
      каротаж станциясының (ұңғымалықаспаптар мен зондтар, аспаптар мен зондтардың көрсеткiштерiн тiркеуге арналған жерүстi аппараттары, арнайы (каротаждық) кабельдiң, ұңғымада түсiру-көтеру операцияларына арналған жүк шығырдың) болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қолда бар жабдықтың атауын көрсету);
      5) мұнай, газ ұңғымаларындағы атқылау-жару жұмыстарын жүргiзу үшiн:
      жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензияның нөмiрi _________;
      шарттың нөмiрi *_____________;
      шарттың жасалған күнi *_____________;
      лицензиясы бар ұйымның атауы *_____________;
      ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау станогының болуы туралы ақпарат*_____________.
      * ұйымның жарылғыш заттармен жұмыс жасауға арналған лицензиясы бар болған жағдайда 2), 3), 5) жолдар толтырылмайды;
      6) мұнай, газ ұңғымаларын, оның iшiнде теңiзде және iшкi су қоймаларында бұрғылау үшiн:
      бұрғылау қондырғыларының, қашаудың, шегенделген құбырлардың, шығарындыға қарсы жабдықтардың, көтергiш агрегаттардың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (жабдықтың атауын көрсету);
      7) ұңғымаларды жер астында және күрделi жөндеу; жабдықтар мен агрегаттарды бөлшектеу; ұңғымалар көтергiшiн орнату үшiн; ұңғымаларды жөндеуден кейiн сынау; ұңғымаларды жуу, цементтеу, сынап көру және игеру үшiн:
      тиiстi технологиялық жабдықтардың болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қолда бар жабдықты көрсету);
      8) мұнай қабаттарының мұнай беруiн арттыру және ұңғымалардыңөнiмдiлiгiн ұлғайту үшiн:
      техникалыққұралдар кешенiнiң, қабаттардың мұнай беруiн арттыру үшiн арнайы техника мен технологияның болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
      ______ (қолда бар құралдарды, техниканы, технологияларды көрсету);
      9) құрлықта және теңiзде мұнай төгiлуiнiң, ұңғымалардыңөздiгiнен атқылауының, мұнай және газ шығарындыларының (бұрқаққа қарсы жұмыстарды қоспағанда) алдын алу және оларды жою жөнiндегi жұмыстар, ұңғымаларды консервациялау жұмыстарын жүргiзу үшiн:
      теңiздегi мұнай жинау қондырғысының (скиммер), жүзушi резервуарлардың, бонолық тосқауылдардыңқұрлықта мұнай жинауға арналған техникалар мен жабдықтардың, цементтейтiн агрегаттардың лақтыруға қарсы жабдықтың болуы туралы ақпарат.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (қолда бар жабдықты көрсету);
      10) мұнай-химия, химия өндiрiстерiн пайдалану үшiн:
      тетiктердiң, технологиялық желiлердiң, шикiзатты дайындау, қайта өңдеу қондырғыларының, шикiзатты, дайын өнiмдердi, жарылыс өрт қауiптi, улы күштi әсер ететiн заттарды сақтау үшiн арнайы жабдықталған қоймалардың, үй-жайлардың және сыйымдылықтардың, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (қолда бар тетiктердi, қондырғыларды және басқа жабдықты көрсету);
      өнiмнiң стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестiгiн бақылау бойынша аккредиттелген зертхананың аттестатының нөмiрi және берiлген күнi ___________;
      аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың нөмiрi *_________;
      аккредиттелген зертханамен шарттың жасалған күнi *___________.
      * 3), 4) тармақтардағы ақпарат меншiктi зертханасы болмаған жағдайда толтырылады.
      2. Құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары мен (немесе) қалдықтары болған мүлiк кешенiн сатып алу нәтижесiнде және заңды тұлғаларда жеке өндiрiсiнiң барысында құрылған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу бойынша қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызмет үшiн:
      1. Меншiк құқығындағы мамандандырылған өндiрiстiк база:
      1) базаның мекенжайы __________________;
      2) жылжымайтын мүлiктi тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi ______________.
      2. Қара және түстi металдардың сынықтары мен қалдықтарын тасымалдау үшiн жалданған немесе өзге заңды негiздегi (жүк) автокөлiктiң болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
       (әрбiр көлiк құралдардың атауын, техникалыққұжаттардың нөмiрлерi және берiлген күндерiн көрсету).
      3. Мынадай көлемде:
      түстi металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 400 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету);
      қара металдардың сынықтарымен және қалдықтарымен жұмыс iстеу үшiн – кемiнде 1000 ш.м. __________________ (учаскесiнiң көлемiн көрсету) автокөлiк үшiн кiреберiс жолдары бар және/немесе кiреберiс темiр жол тұйықтары бар жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы жер учаскесiнiң не оныңүлесiнiң болуы туралы ақпарат;
      жер учаскесiн беру туралы шешiмнiң нөмiрi және оны қабылдаған күнi ________________________________________.
      4. Кәсiпорында тиiстi қара және түстi металдардың сынықтарын қайта өңдеу бойынша технологиялық процеске сәйкес пайдаланылатын жабдықпен жұмыс iстеу үшiн бiлiктi персонал:
      1) мамандардың тегi, аты, әкесiнiң аты _______________________;
      2) лицензияланатын қызметтiң кiшi түрiнiң саласындағы жұмыс өтiлi ___________.
      5. Түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындауы), сақтау, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе оның аумақтық тұрғыдан өңiрдiң басқа жерiнде орналасқан филиалының, мамандандырылған өндiрiстiк базаның бөлiгi болып табылатын қабылдау пунктiн ашу үшiн:
      қолма-қол ақшамен жұмысқа ыңғайланған (сейф немесе арнайы жабдықталған касса, байланыс құралдары, фискальдық жады бар бақылау-кассалық аппарат) үй-жай, олардың салыстырып тексерiлгенi туралы сертификаты бар өлшем құралдары (автомобиль немесе темiр жол таразыларын және басқа да өлшем құралдары), қабылдау пунктiнiң заңды тұлғаға тиесiлiлiгi, лицензия нөмiрi, жұмыс режимi көрсетiлген маңдайша, кемiнде 200 ш.м алаңның болуы туралы ақпарат
_____________________________________________________________________
____________________ (қолда бар үй-жай, жабдықты және басқаларды
көрсету).

Қазақстан Республикасы  


Үкiметiнiң         
2012 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1796 қаулысына      
3-қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат).


      2. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 41-құжат).
      3. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 6 мамырдағы № 426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 24, 228-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 9 маусымдағы № 552 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 29, 290-құжат).
      5. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 1296 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 47, 527-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 3 наурыздағы № 237 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 92-құжат).
      7. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қарашадағы № 1941 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 480-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 23 тамыздағы № 826 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49, 445-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1295 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 3-4, 45-құжат).
      10. «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 шiлдедегi № 967 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 63, 884-құжат).
      11. «Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзуi жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн және оған қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 80 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 30 шiлдедегi № 997 қаулысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет