«Өнеркәсіп статистикасы»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



бет2/12
Дата04.07.2016
өлшемі2.62 Mb.
#176325
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Өнеркәсіп статистика нені зерттейді?

2. Өнеркәсіп статистиканың негізгі әдістерін анықтаңыз.

3. Өнеркәсіп статистиканың көрсеткіштер жүйесін сипаттаңыз.

4.Ішкі экономиканың әр секторының субъектілерін, функцияларын атаңыз.

5. Өнеркәсіп статистиканың міндеттері қандай?

6.Өнеркәсіп бойынша экономикалық операциялардың топтастырылуы қандай?

7. Кәсіпорын саласына анықтама беріңіздер?

8. Өнеркәсіп бойынша статистиканың зерттеу объектісі ретінде нені айтады?



Тақырып 2. Өнім статистикасы

Дәріс сұрақтары:

1. Өндірістік қызметтің кез келген үрдісінде оның қалыпты жұмыс жасау үшін ресурстары

2.Өнеркәсіп өнімнің түсінігі, оның дайындалу сатылары

3.Өндіріс көлемі мен , өнім көлемінің құндық көрсеткіштері.

4. Натуралды және шартты натуралды бейнедегі өнім көлемін есептеу 5. Өнім бойынша жоспардың орындалу дәрежесі және динамика әсері

6. Өнімнің ассортименті бойынша жоспардың орындалу көрсеткіштері

7. Өнім сапасының статистикасы.



  1. Өндірістік қызметтің кез келген үрдісінде оның қалыпты жұмыс жасау үшін ресурстары

Өндірістік қызметтің кез келген үрдісінде оның қалыпты жұмыс жасау үшін ресурстардың үш түрі болуы керек: тірі еңбек, еңбек құралдары және еңбек заттары.



Тірі еңбек ресурстарына кәсіпорынның қызметкерлері жатады, яғни өндіріс үрдісінде жұмыс уақытымен өлшенетін тірі еңбек шығындарының формасында тұтынылатын жұмыс күші. Еңбек нарығында жұмыс күші ақшалай формада жұмсалған еңбектің көлемін белгілеуге мүмкіндік беретін құнға ие болатын тауар.

Еңбек құралдарының ресурстарына әр түрлі негізгі өндірістік қорлар және өзінің құнын тозу бөліктеріне қарай өнімге айдаратын ақшалай түрде негізгі капитал жатады.

Еңбек заттарының ресурстарына бұйымдарды және дайын өнімді жинақтайтын шикізат, материал, отын, жартылай фабрикат қорлары. Ақшалай түрде еңбек заттарының ресурстары кәсіпорынның айналмалы құралдарының бөлігін құрайды.

Тірі еңбекті, еңбек құралдарын және еңбек заттарын тұтынуға байланысты шығындар шығындар сомасына Z, содан кейін өндірістік өнім құнына түрлендіріледі. Өткізілген өнім құны мен оның шығындарының арасындағы айырмашылық кәсіпорынның пайдасын құрайды. Салық заңнамасымен қарастырылған пайданың бөлігі кәсіпорында алып тасталындаы. Кәсіпорынның қалған тазап пайдасы жинақ қорына (өндірістің ұлғайтуына) және тұтыну қорына бағытталады.





  1. Өнеркәсіп өнімнің түсінігі, оның дайындалу сатылары

Статистикада өндірістік өнім деп өндірістік сипатындағы қызмет және жұмыс түріндегі немесе өнім түрінде тұлғаланатын, кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік қызметінің пайдалы нәтижесі аталады. (ӨСЖҚ)Бұл біріншіден, өнеркәсіптік өніміне жұмысшылары еңбегінің ықпалына ұшыраған игіліктері, кәсіпорынның қызметінің нәтижесі жатады. Екіншіден, өнеркәсіптік-өндірістік қызметінің нәтижесі есепке алынады, бұдан, өнеркәсіптік емес сипаттағы, мысалы, қосалқы ауыл шаруашылығы немесе капиталды құрылыс өндірістік болып табылмайды және басқа саладағы өнімдерге қосылады (ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б.) Үшіншіден, тура нәтиже осы өнім өнеркәсіптік қызмет мақсатына сәйкес келуін білдіреді. Қалдықтар іске асырылуына қарамастан өнім көлеміне қосылмайды. Қалдықтардан жанама өнімді айыру керек. Жанама өнім негізгі өніммен бірдей есепке алынады, яғни бірыңғай технологиялық үрдіс барысында алынады. Төртіншіден, пайдалы нәтиже өнімнің құрамына тек жарамды өнімді енгізуді білдіреді, яғни ақау өнім болып табылмайды.

Өнеркәсіптік кәсіпорынның өнімін дұрыс есепке алу үшін оны дайындалу дәрежесі бойынша айыру қажет: аяқталмаған өнім (АӨ), жартылай фабрикат (ЖФ) және дайын өнім (ДӨ).

Аяқталмаған өнімге өңдеудегі барлық бұйымның түрлері және тауарлық түрі жоқ бұйымдар, сонымен қатар техникалық бақылау бөлімінен (ТББ) өтпеген, өңдеумен аяқталған өнім. АӨ-ге ақауы жөндемді өнім жатады.

Жартылай фабрикат деп еңбек заты белгілі бір цехта өңдеп бітірілген құжаттармен рәсімделген, бірақ басқа цехта өңдеуі қажет. Жартылай фабрикат өндіріс йехсыз жүйесінде (ЖФ) жоқ, онда тек АӨ бар.

Дайын өнім құжаттармен рәсімделген, дайын өнім қоймасына тапсырылған, техникалық бақылау бөлімімен қабылданған кәсіпорында өңдеумен аяқталған өнім болып табылады. Дайын өнім оралған өнім болып табылатындықтан, дайын өнімдерге соымен қатар, қосалқы өнім құнына кіретін ыдыс жатады. Дайын өнімге қосалқы өндірістің өнімі (көпшілік қолданатын), сонымен қоса негізгі қызметтен тыс, қосалқы цехтардың өнімінің бөлігі, мысалы, құралдар және электр энергиясы.

Халық шаруашылық көзқарасы бойынша дайын бұйым бір кәсіпорынның дайын өнімі екінші кәсіпорынға жартылай фабрикат болып табылады. Сондықтан дайындалу дәрежесі бойынша өнімді бөлу кәсіпорын шегінде қарастырылады.


3. Өндіріс көлемі мен , өнім көлемінің құндық көрсеткіштері.
Натуралды көрсеткіштермен бірге , өнімдік көрсеткіштер жүйесінде, өнім көлемнің құндық көрсеткіштері жалпы өнім (Ж.Ө) ; тауарлық өнім (Т.Ө) ; өткізілген өнім (Ө.Ө) болады.

Өндіріс көлемінің мінездемесі үшін жарты таза өнімді, нормотивті таза өнімді (Н.Т.Ө) ; Өндеудің нормотивтік құнын анықтайды. Бұл көрсеткіштер өнімнің жалпы көлемі мен өндірістің жалпы көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың экономикалық мазмұнына қарай көрсеткіштер , өндірістік жағдайлардың нәтижелерін сипаттайды.

• Типтік мысал :

Машина жасау зауыты өндірістің ұзартылған кезеңінен (2 айдан жоғары) өндірістің көтерме бағасы бойынша 21320 тенгеге дайын машина , машиналарға тетіктер, саймандар, 8960 мың тенге өндірді.1 айдың ішінде дайын бұйымдарды шығару үшін 7мил. 140мың/ тг жартылай фабрикаттар пайдаланды. 2мил. 100 мың/тг жан жаққа таратылды. . Ай соңына жартылай фабрикат қалдығы 1 мил. 100 мың/тг цехтарда жартылай фабрикаттар қалдығы. 1 қыркүйекке 1 мил. 340 мың/тг болды.

•Зауыттың жөндеу цехында өзінің құрылысшылар мен транспорт құралдарының күрделі жөндеу сметалық құнмен өткізіледі. 73000 тенге басқа кәсіпорындардың құрылғылардың жөндеуіне – 24000 тенге . Зауыттың жөндеу цехтары өзінің қосалқы ауылшруашылығы автамашина шығарды. Оның бағасы 32000 тенге .Есеп айырысу шотына көрші кәсіпорындардың стандартты мөлшерге кесіп берген үшін 0,3 мың тенге түсті . Механикалық және жинау цехтарында аяқталмаған өндіріс қалдықтары көтерме баға бойынша 1 қыркүйекке 652,8 мың тенге, 1 қазанға 526,3 мың тенге болды.

Зауыттың жалпы тауарлық өнімін анықтау керек.

Шешу:

Ж.Ө келесі қосылғыштар кіреді: дайын өнім 213200 мың тенге жан жаққа таратылатын жартылай фабрикаттар. 200 000 тенге есепті кезеңніңбасындағымен салыстырғанда,аяғындағы жартылай фабрикаттар қолданатын өсімі былай есптелінеді. 1000 аламыз 1.340 = - 240 мың тенге.



Құрылғылар мен транспорттық құрылғылардың күрделі жөндеуі былай есептеледі.: 73000 тг+24000= 97000 тг

Жан жаққа кеткен өнеркәсіптік сипаттағы жұмыстар 0,3 мың тг болады . Ал өзінің өнеркәсіптік емес 32000 тг болады. Сонда аяқталмаған өндіріс қалдықтарының өсімі былай есептеледі:

526,3 мың-652,8 мың = -126,5 Сондықтан Ж.Ө = 21.320 + 200 + (- 240) + 97 + 0,3+ 32 – 126,5 = 22.143 мың тенге .

Келтірілген мәлеметтер бойынша тауарлы өнімді 2 тәсілмен анықтаңыз :



  1. Оған кіретін қосылғыштарды қосу арқылы : Ж.Ө = 21.320 + 200 + 97+ 0,3 + 32 = 23549,3 мың тенге

  2. Ж.Ө тауарлық өнімге кірмейтін элементтерді игеру арқылы :

Т.Ө = 23143 - [ - 240 + ( -1263 )] = 23143 + 406,3 = 23549,3 мың тг

Бұл жағдайда Т.Ө , Ж.Ө артық өйткені есепті айда, өткен айдан қалған аяқталмаған өндіріс пен жартылай фабрикаттардың қалдықтары қолданылған. (Бұл қалдықтар айдың аяғында азаяды)

Уақыт, қуат және жұмыс көлемі бойынша құрылғыларды пайдалану кезінде келесі көрсеткіштерді есептеу керек . Мысалы :Экстенсивті жүк коэфиценті бұл құрылғының жұмыс уақыты бойынша пайдалануын сипаттайды. Ол құрылғының іс жүзіндегі жұмыс уақытын құрылғының уақыт қорына бөлу жолымен есептеледі.

Интенсивті жүк коэфиценті , бұл құрылғыны , қуаты бойынша пайдалануын сипаттайды , ол қозғалғыштың іс жүзіндегі орта қуатын максималды тиімді қуатқа бөлу арқылы есептелінеді.

Интегралды жүк коэфиценті , бұл есептік кезеңге іс жүзінде дайындалатын өнімнің жоспарда қарастырған өнім санына қатынасы.

Осы өндіріс көлемі мен, өнім көлемінің құндық көрсеткіштерін талдағанда статистикалық кестелер,графиктер пайдаланылады және жоспар бойынша өткізілген өнім көлемі саналады, оған қоса іс жүзінде өткізілген өнім көлемі анықталады.. Содан кейін өткізгіштің көлемі бойынша жоспардың орындалу % бойынша есептелді.




4. Натуралды және шартты натуралды бейнедегі өнім көлемін есептеу

Натуралды бейнедегі өнім есебі өнімнің физикалық қасиеттері мен тұтыну мөлшерін бейнелейтін өлшегіштерді пайдалануға негізделген.

Натуралды бейнедегі өнімнің шығуы туралы есеп жоспарда қарастырылған өлшем бірліктес құрылады. Әрбір өлшегіш бір қасиетін береді. Мысалы, массасын немесе сомасын, көлемін анықтауға септігін тигізеді.

Шартты натуралды көрсеткіштер өнімнің екі қасиетін сипаттайды: салмағын және пайдалы заттар мазмұнын. Мысалы, минералды тыңайтқыштар, көлем, индекс, сыйымдылық, т.б.

Шартты бірлікке берілген өнімнің әр түрлілігінің біреуі алынады. Ал шартты бірліктерге өнім, ауыстырмалы коэффициенттер бойынша есептеледі.

Есеп 1.1. Цемент заводы шығарған өнімнің шығарылуы кварталға келесі мәліметтермен сипатталады, мың тонна



Цементтің маркасы

Жоспар бойынша

Іс – жүзінде

200

300


400

500


600

портланд цементі



60

90

120



40

5


64

96

125



30

4


Мұнда цемент өндірісінің натуралды және шартты натуралды бейнедегі жоспардың орындалу көрсеткішін анықтау керек (400-дік маркадағы цементке алынғанда).

Шешуі: Цементтің әр маркасы бойынша ауыстыру коэффициентін анықтаймыз.

200 : 400 = 0,5

300 : 400 = 0,75

400 : 400 = 1

500 : 400 = 1,25

600 : 400 = 1,5

Есептің шешілуі келесі комбинациялық кестеде береміз:


Цемент маркасы

Ауыстыру коэффи-циенті

Жоспар бойынша

Іс - жүзінде

Жоспардың орындалуы, %

Натуралды бейнеде

Шартты натуралды бейнеде

Натуралды бейнеде

Шартты натуралды бейнеде

Натуралды бейнеде

Шартты натуралды бейнеде

1

2

3

4

5

6

7

8

200

300


400

500


600


0,5

0,75


1

1,25


1,5

60

90

120



40

5


30

67,5


120

50

7,5



64

96

125



30

4


32

72

125



37,5

6


106,7

106,7


104,2

75

80




106,7

106,7


104,2

75,0


80

жиыны



315

275

319

272,5

101,3

99,1



Қорытынды: Цемент өндірісінің жоспары натуралды бейнеде 1,3 % - ға артығымен орындалған. Ал шартты натуралды бейнеде 0,9 % - ке орындалған. Яғни жоспар ауыстыру коэффициенттері жоғары (500, 600-ді маркалы цемент ауыстыру коэффициенті 1,25- ке тең және 1,5-ке тең). Үлкен маркалы цементтер бойынша орындалмаған. Цемент өндірісінің жоспарының орындалуын шартты натуралды бейнедегі көрсеткіштер дұрыс көрсетілді. Жоспардың орындалу көрсеткіштері жекелеген түрлері бойынша натуралды және шартты натуралды бейнеде бірдей.
5. Өнім бойынша жоспардың орындалу дәрежесі және динамика әсері
Өнім динамикасы көрсеткіштері өнімнің жеке түрлері сияқты кәсіпорынның немесе бірлестіктің, саланың жалпы өнімі бойынша да есептеледі. Салыстырмалы шамалардың міндетті шарты болып онімнің жеке түрі бойынша бірлік натуралды көрсеткіштерді немесе жалпы өнім бойынша өзгермейтін бөлшек сауда бағаны қолдану табылады.

Нормативті таза және тауарлы өнім бойынша жоспардың орындалу көрсеткіштері өспелі жиынмен анықталады. Егер 5 жылдық жоспардың орындалуын 5 жылдың басындағы өспелі жиынмен табылса, онда жылдық жоспардың жыл басында бастағандарды өспелі жиынмен табады.

Натуралды бейнеде жоспарда өнім өндірісі бойынша өсу қарқыны емес, өндірістің абсолютті көлемі қарастырылады. Сонымен бірге жоспардың орыдалу көрсеткіштері анықталады: 1 жылға – іс жүзінде шығарылған өнімді шартты тапсырмамен салыстыру жолымен осы жылдағы іс жүзінде шығарылған өнімді осы жылдардың 5 жылдық жоспары бойынша анықталған соммамен салыстыру жолымен. Егер өткен бір немесе бірнеше айда жоспар орындалмаса, бірақ келесі айларда бұлыр толықтырылса, онда бүкіл мерзімге арналған жоспар өспелі жиынмен бағада орындалған болып есептеледі.

Есеп: Жылдар бойынша целлюлоза қағаз комбинатының шығарылған өнімі келесі мәліметтермен сипатталады:

Кесте 1



Өнім түрі


Өлшем бірлігі

2000 ж.

2001 ж.

2002 ж.

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

А


Б

1

2

3

4

5

6

7

8

Қағаз



1000 т


240

246

248

250

256

253

259

260

млн.м²

















4580

4664

4718

Қалың қағаз



1000 т

194


198

203

205

204

207







млн.м²

















1580

1612

1740

Қағаз және қалың қағаз өндірісі динамикасының көрсеткіштерін есептеу керек (2000 жылмен салыстырғанда).

2000 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде динамика көрсеткіштерін есептеу қиынға түспейді, өйткені барлық көрсеткіштер бір өлшем бірліктегі көрсеткіштермен берілген (1000 т бойынша).


Қағаз өндірісі динамикасы

2001 ж.

246 / 240 = 1,25

2002 ж.

248 / 240 = 1,33

2003 ж.

250 / 240 = 1,42

2004 ж.

256 / 240 = 1,67

2005 ж.

253 / 240 = 1,54

2005 жылы қағаз өндірісі 2000 жылмен салыстырғанда 5,4 % өсті.


Қалың қағаз өндірісінің динамикасы

2001 ж.

198 / 194 = 1,21

2002 ж.

203 / 194 = 1,46

2003 ж.

205 / 194 = 1,56

2004 ж.

204 / 194 = 1,52

2005 ж.

207 / 194 = 1,67

2000 жылмен салыстырғанда 2006 – 2007 жылға өнім динамикасы көрсеткіштерін есептеу қиынға түседі. Өйткені, бұл кезеңде қағаз өндірісі комбинаттар әр түрлі өлшем бірлікте есептелген бұндай жағдайда бірыңғай өлшем бірліктер қолданылған кезеңге есептелген динамика көрсеткіштері көбейту тәсілін қолданады. Бұл үшін 2005 жылмен салыстырғанда 2006 - 2007 жылдарға динамика көрсеткіштерін есептейміз.

Қағаз өндірісі динамикасы

2006 ж.

4664 / 4580 = 1,018

2007 ж.

4718 / 4580 = 1,030

Қалың қағаз өндірісі динамикасы



2006 ж.

1612 / 1580 = 1,02

2007 ж.

1740 / 1580 = 1,101

2007 жылы 2005 жылға қарағанда қағаз өндірісі 3% өсті. Ал қалың қағаз өндірісі 10,1 % өсті. 2000 жылмен салыстырғандағы 2007 жылы өнім өндірісі динамикасын сипаттау үшін 2005 жылғы өндіріс динамикасы көрсеткіштерін (2000 жылмен салыстырғанда) 2007 жылғы көрсеткіштеріне (2005 жылмен салыстырғанда) көбейту керек.

2007 жылғы өнім өндірісі динамикасы 2000 жылмен салыстырғанда: қағаздар: 1054 * 1,03 = 1,086

қалың қағаздар: 1067 * 1,101 = 1,175

Көрсетілген кезеңге қағаз өндірісі 8,6 %, ал қалың қағаз өндірісі 17,5 % өсті.
6. Өнімнің ассортименті бойынша жоспардың орындалу көрсеткіштері

Өнім шығарудың ырғақтылық көрсеткіштері

Кәсіпорында өнімнің әр түрінің саны және негізгі құралы бойынша жоспарды орындауға міндетті. Ассортимент бойынша жоспардың орындалу көрсеткіші кәсіпорынға тапсырма берушілер мен келісім міндетінің тәртібін сақтау болып табылады. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуы кәсіпорынға көрсеткіші шығарылған өнімнің комплектілігінің көрсеткіштігімен толықтырылады. Мысалы, егер бас зауыты дайындаған ... комплектіленсе, онда шығарылған өнімнің комплекттілік көрсеткіші олардың олардың әрбіреуі бойынша әр тетіктер бойынша да анықталады. Кәсіпорын жұмысын талдаған кезде ай, квартал, жыл ішіндегі шығарылған өнімнің ырғақтылығы көрсеткіштеріне басты назар аударылады.


Есеп№1.Темір бетон бұйымдары зауытының жоспары орындалу барысы келесі мәліметтермен сипатталады:

Кесте 1



Бұйымдар



Шығару, м3


Көтерме баға

3 , тг

Жоспар бойынша

Іс жүзінде

Ферма


3160

3175

144

Жол плитасы


32261

32074

57,9

Аэродром

плитасы


98303

98512

54,8


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет