4. Кәсіпорынның өндірістік жұмысының сапасы көрсеткіштері.
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің сапасына баға беру үшін бірнеше мәліметтер жүйесін қолданады.
Типтік мысал.
4. Кәсіпорынның №6 тауарлы өнімнің өзіндік құны деген форма бойынша калдық есебінде келтірілген 1 жылға брактан пайда болған шығын (зиян) туралы мәліметтерінің негізінде брактың мөлшері мен проценттік және брактан болған шығынның мөлшері мен процентін есептейміз:
бракталынған бұйымдардың өзіндік құны......................6,5
бракты жөндеуге кеткен шығындар.................................3,0
пайдалану бағасы бойынша брак құны............................0,5
жеткізушілерден – сомалар................................................3,8
бракты жасаушылардан ұсталатын сома..........................0,4
жалпы өшімнің өндірістік өзіндік құны..........................500
Брак мөлшері: 6500+3000 = 9500 тг
Брак проценті: (9500׃ 500000)·100=1,9%
Брактан болған зиян мөлшері: 6500+3000-(500+3800+400) =4800 тг
Зиян проценті: (4800+500000)·100=0,96%.
Есеп.
5. Кәсіпорын бойынша төменде келтірілген мәліметтерді қолданып анықтаңыз (мың сом) брак мөлшері, проценті, зиян мөлшері, процент.
Көрсеткіштер
|
Құрылғы зауыты
|
Литейный зауыт
|
Металлургия зауыты
|
толықтай
1) бракталынған бұйымның өз құны
|
250
|
1012
|
752
|
2) бракты жөндеуге кеткен шығын
|
35
|
110
|
-
|
3) пайдалану құны бойынша толық брактың құны
|
20
|
260
|
300
|
4) бракты жасаған адамнан ұсталынған сома
|
5
|
10
|
-
|
5) жеткізушілерден сомалар
|
67
|
-
|
-
|
6) жалпы өнімнің өндірістік өз құны
|
28000
|
29500
|
106000
|
Вариант А. Құрылғы зауыты. Жауабы 385 мың тг 1,13%; 223 мың тг; 0,8%.
Вариант Б. Литейный зауыт. Жауабы: 1122 мың тг; 3,8%
852 мың тг; 2,89%.
Вариант В. Метталургия зауыты. Жауабы: 752 мың тг; 0,71%
452 мың тг; 0,43%.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз:
1. Өндірістік қызметтің кез келген үрдісінде оның қалыпты жұмыс жасау үшін ресурстарға сипаттама беріңіздер
2.Өнеркәсіп өнімнің түсінігі, оның дайындалу сатылары қандай?
3.Өндіріс көлемі мен , өнім көлемінің құндық көрсеткіштеріне анықтама беріңіздер
4. Натуралды және шартты натуралды бейнедегі өнім көлемін есептеу жолдарына толық сипаттама беру керек
5. Өнім бойынша жоспардың орындалу дәрежесі және динамика әсері калай жүргізіледі?
6. Өнімнің ассортименті бойынша жоспардың орындалу көрсеткіштеріне талдау жасаңыздар
7. Өнім сапасының статистикасына талдау беріңіздер.
Тақырып 3. Еңбек статистикасы
Дәріс сұрақтары:
1. Кәсіпорын қызметкерлері және оның құрылымы. Тізімдік саны. Жұмысқа келетіндер саны, орта саны. Жұмысшылардың орта келетін және факттық саны.
2. Жұмыс күшін қолдану коэффициенті. Сандық қозғалыстың көрсеткіштері: жұмыс күшінің кіруі және шығуы, тұрақтамаушылық коэффициенті, қабылдау және шығу бойынша айналым.
3. Адам күнінің жұмыс уақытының қоры және оларды қолдану коэффициенті. Адам сағатының жұмыс уақытының қолдану көрсеткіштері және оларды қолдану коэффициенті. Ауысымдылық коэффициенті, ауысымдылық тәртіптемені қолдану және ауысымның орта ұзақтылығы.
4. Еңбек өнімділігі статистикасы
4.1.Еңбек өнімділігі деңгейінің көрсеткіштері және олардың өзәрә байланысы.
4.2.Еңбек өнімділігі динамикасының көрсеткіші
4.3.Еңбек өнімділігінің факторлық талдауы.
5. Еңбекақы статистикасы
5.1. Еңбек ақы қоры
5.2. Еңбекақы қорының үнемнің анықталуы.
5.3. Еңбекақы деңгейінің көрсеткіштері және олардың өзара байланысы
5.4. Еңбекақы динамикасын талдау
5.5. Еңбек өнімділігі өсімінің орташа еңбек ақы өсімімен салыстырғандағы алдын алу коэффициентін есептеу.
1. Өндірістік қызметке қатысуға байланысты кәсіпорынның барлық қызметкерлері екі топқа бөлінеді: өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлері (ӨӨҚ), яғни негізгі қызметтегі қызметкерлер және өндірістік емес ұйымдағы қызметкерлер (негізгі қызметтегі емес).
ӨӨҚ-ға өндіріске тікелей қатысатын және жұмысшылар жатады, сонымен қатар өндірістік-шаруашылық қызметті атқаратын: негізгі және қосымша цехтардағы жұмысшылар, заводты басқару, дайын өнім және шиікзат қоймасы, лабораториялар және т.б.
Кәсіпорынның негізгі емес қызметпен айналысатын жұмысшыларына автокөліктік, ауыл шаруашылық кәсіпорынның қосалқы жұмысшылары, сауда жұмысшылары жатады.
ӨӨҚ-ң жұмысшыларының жұмыс атқару функцияларына байланысты екі топқа бөлінеді: жұмысшылар және қызметшілер.
Жұмысшылар - өндірістік үрдісте шикізатты дайын өнімге айналдырумен тікелей айналысатын, сонымен қатар шикізат және дайын өнімді ауыстыру кезінде құрылғыларды күту және оларды жөндеу жұмысымен айналысатын, өндірістік бөлмелерді тазалап, кәсіпорынды күзетумен айналысатын тұлғалар.
Жұмысшылар ӨӨҚ-ң көп бөлігі және өз кезегінде өнімді дайындау жұмысымен тікелей айналысатын негізгі өндірістік жұмысшыларға бөлінеді, тиеу және түсіру, көліктік және қоймалық жұмыстарымен, құрылғыларды жөндеу жұмысымен айналысатын қосымша жұмысшылар.
Қызметшілерге мамандар және жетекшілер және т.б. жұмысшылар жатады.
Негізгі және қосалқы жұмысшылармен орындалатын еңбек функциясының әртүрлілігі тарифтік топты орындайтын рөлі бар квалификациялық дәрежесі бойынша әрбір кәсіп шегінде кәсіп бойынша жұмысшыларды топтауды қажет етеді.
1-ші разряд үшін мемлекет еңбекке төлеуге айлық минималдық дәрежесін белгілейді. Жоғарғы разрядты еңбекті тарифтік коэффициентке берілген 1-ші разрядттық мөлшерлемені тарифтік коэффициентке көбейту жолымен көрсетілген тарифтік торға сүйене отырып төлейді.
Кәсіпорын қызметкерлерінің саны тізімдік сан көрсеткіштерімен анықталады (ТС). Тізім құрамына барлық тұрақты, маусымдық және уақытша жұмысшылар, сонымен қатар толымсыз жұмыс күні және толымсыз жұмыс аптасына жалданған жұмысшылар кіреді.
Тізімдік құрамдағы жұмысшылардың еңбек кітапшалары кәсіпорынның кадрлар бөліміне өткізілуі керек, ал штаттық қызмет туралы бұйрықта көрсетілген.
Берілген кәсіпорынның штатында тұрмайтын жұмысшылар еңбек келісімі бойынша жұмысты орындау үшін тартылған және басқа кәсіпорындардан бірлесу бойынша жұмысқа қабылданған және бірлескен тізімде тұратын, кәсіпорынмен арнайы келісім шарт бойынша басқа кәсіпорынға уақытша жіберілетін, стипендиаттар, өндірістен үзіліммен үйренетін тұлғалар тізім құрамына кіргізілмейді.
Жұмысшылардың тізімдік саны берілген табельдік есептеу бойынша күн сайын анықталады және жұмысқа келмеген (КМ) жұмысшылар саны келу қорына (КҚ) жинақталады.
ТС=КҚ+КМ
Келу қоры (КҚ) жұмысшылардың келмейтін (КМ) санына ТС-сыз және жұмысқа шыққан жұмысшылардың санымен анықталады.
Жұмысты факттық өтегендердің саны (ФӨ) – жұмысқа кіріскен және келгендер санымен көрсетіледі. Ол күн бойы тұрған (КТ) жұмысшылардың саны келгендердің санынан аз.
ФӨ=КҚ+КТ
Жоғарыда қарастырылған көрсеткіштер анықталған күнгі жұмысшылардың саны болып табылады.
Осы уақыт ішінде жұмысшылар саны келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Орта тізімдік сан () мейрам күндерін қоса алғанда, әрбір календарлық күннің тізімдік санын қосуымен анықталады, онда демалыс дәне мейрам күндері тізімдік сан алдыңғы жұмыс күніндегі санға бірдей алынады және осы соманың календарлық күн кезеңдеріне бөлуімен анықталады (Тк).
Орта тізімдік санды есептеуде кейбір тізімдік құрамдағы жұмысшылар кірмейді. Оларға баланың тууынан кейін бала күтуімен демалысқа шыққан әйелдер, еңбек ақы төлемдерінің сақталуынсыз ауыл шаруашылық жұмыстарына командировкаға жіберілген жұмысшылар, еңбек ақы төлеуімен басқа кәсіпорындағы практикада жүрген студенттер және т.б.
Жаңадан енгізілетін және тарататын кәсіпорындардың айлық орта тізімдік саны айдың календарлық күндеріне кәсіпорынның жұмыс жасаудың әрбір календарлық күнге тізімідк санның сомасының байланысы сияқты анықталады.
Орта тізімдік сан басқа барлық уақыт кезеңдерінде (тоқсан, жарты жыл, жыл) ай бойынша орта тізімдік саннан орта арифметикалық қарапайым сияқты анықталады
2. Кәсіпорынның ТС-де жұмысшыларды қабылдау және шығару салдарынан үнемі өзгереді, сондықтан жұмысшылардың категориясы бойынша кадрлардың толық қозғалысы және бар болуы туралы арнайы есеп жүргізіледі:
-
жұмыс күшінің түсуі – кәсіпорын бастамасы бойынша, ауысу тәртібі, қызметтің айналысу бағыты бойынша;
-
жұмыс күшінің себептер бойынша шығуы:
табиғи (зейнеткерлікке шығу, ұзақ ауру, өлім);
заңмен қарастырылған (әскерге шақыру, оқуға түсу, басқа кәсіпорынға ауыстыру, мемлекеттік билік органдарына таңдау);
заңмен қарастырылмаған (өз қалауы бойынша кету, еңбек тәртібін бұзған үшін, қызмет бойынша жарамсыздығы және сот шешімі бойынша кету).
Заңмен қарастырылған себептер бойынша қуылған жұмысшылардың саны қажетті айналым деп аталды.
Заңмен қарастырылмаған себептер бойынша кеткен жұмысшылар саны артық айналым деп аталады (аайн).
Артық айналымның орта тізімдік санға қатынасын тұрақтамаушылық коэффициенті деп аталады (кт).
Қарастырылған кезеңде қабылданған жұмысшылар санының (xїèí) орта тізімдік саныға қатынасын қабылдау бойынша айналым коэффициенті деп аталады (кқабылд).
Қарастырылған кезеңде шығып кеткен жұмысшылар санының орта тізімдік санға қатынасын кету бойынша айналым коэффициенті деп аталады (ккету).
Кадрлардың тұрақтылық бағасы үшін кәсіпорынның тізімінде жыл бойы тұратын тұрақты жұмысшылар саны (ТЖС) осы кезең ішінде орта тізімдік санға қатынасымен анықталатын кадрлардың тұрақты коэффициенті (ктұрақ) қолданылады.
ктұрақ
3. Жұмыс күші адам-күн (ад-күн) және адам-сағатта (ад-сағ) есепке алынады. Ад-сағ жұмыс күші уақытының есебі тек негізгі қызметтің орта тізімдік санында есепке алынған жұмысшылар бойынша жүргізіледі.
Жұмысқа келетін және келмейтіндердің табельдік есебі ад-күн әрбір категориясындағы жұмысшылардың жұмысты өтеген орта саны туралы анық ақпарат қамтамасыз етеді.
Фактты өтеген адам-күн деп жұмысшының жұмысқа келуі және жұмыстың ұзақтылығына тәуелсіз жұмысқа кірісуі есептеледі (іссапарда болған күн жұмыс күні болып табылады). Күн бойы тұрып тұрған адам-күн адамның жұмысқа келіп, бірақ тұру себебі бойынша жұмысқа кіріспеу болып табылады.
Егер адам-күн календарлық қорынан мейрам және демалыс күндеріне байланысты келмей қалуларды шығарса, онда жұмыс уақытының табельдік қоры болып шығады (ТҚ). Егер адам-күн табельдік қорынан кезек демалыстарға байланысты келмей қалуларды шығарса, онда жұмыс уақытының максималды мүмкін қоры болып шығады (ММҚ).
Адам-күнде жұмыс уақытын қолдану ағымдағы жұмыс күнінің жұмыс уақытын пайдалану туралы толық ұсынысын бере алмайды, сондықтан адам-сағатта мынадай жұмыс уақытын жоғалту бар: ішкі ауысымды тұрулар, жұмысқа кешігіп келу, жұмыстан ерте кету.
Өтелген ад-сағ нақты жұмыс сағаты есептеледі. Жұмыс тәртібіне қарай өтелген адам-сағат тағайындалған және тыс тағайындалған деп бөлінеді. Тыс тағайындалған жұмыстардың ұйымда болуы еңбектің жаман және ырғақты емес жұмыстың болуын куәландырады. Ішкі ауысымды үзілістер – ауысым ішінде өтелмеген уақыт. Бұл жұмыс уақытын жоғалту (тұрулар, тәртіптің бұзылуы) және орынды себептерге байланысты пайдаланылмаған уақыт (емізулі балаларды тамақтандыру, ауру, мемлекеттік міндеттер). Шығындар себептер бойынша анықталады. Ішкі ауысымда жұмыс уақытын пайдалану сипаттамасы үшін мынадай көрсеткіштер қолданылады:
- жұмыс күнінің орташа белгіленген (тәртіптік) ұзақтылығы() әрбір кәсіпорын үшін еңбектің зиянды жағдайларына байланысты жұмыс күнінің әртүрлі белгіленген ұзақтығы бар жұмысшылардың салыстырмалы мөлшеріне тәуелді және орта арифметикалық өлшенген болып есептелді.
- жұмыс күнінің орта факттық (толық) ұзақтылығы () ішкі ауысымды тұрулар (ІАТ) және тыс тағайындалған (ТТ) өтелген ад-сағ қоса, фактты өтелген ад-сағ-тың (Тс) фактты өтелген ад-күнге (ФӨад-күн) қатынасымен анықталады.
Жұмыс уақытының пайдалану дәрежесін коэффициенттер көмегімен бағалауға болады:
- жұмыс күнін пайдалану коэффициенті (кжұм.күн.пайд) жұмыс күнінің орта толық ұзақтылығының () жұмыс уақытының орта белгіленген (Тбелг) ұзақтылығына қатынасымен анықталады.
кжұм.күн.пайд=
- жұмыс күнін көбейту коэффициенті (кжұмкүн.көб) тыс тағайындалған жұмыс есебінде қатынасымен анықталады
кжұм.күн.пайд=
Жұмыстың ауысымды тәртібінде анықталады:
1. Ауысымдылық коэффициенті (кауысым) – барлық ауысымдағы факттық жұмыс істейтін жұмысшылардың санының ең үлкен ауысымдағы жұмысшылар санына қатынасымен анықталады.
2. Ауысымды тәртіпті пайдалану коэффициенті (кауысым.тәрт) ауысымдылық коэффициентінің ауысымның тәртіптік санына қатынасымен анықталады.
3. Ауысымның орта ұзақтылығы () өтелген адам-сағаттардың өтелген адам-ауысымына бөлумен анықталады.
4. Еңбек өнімділігі статистикасы
4.1. Еңбек өнімділігі деңгейінің көрсеткіштері және олардың өзәрә байланысы.
Еңбек өнімділігі бұл өндіріс тиімділігінің басты көрсеткіші.Еңбек өнімділігі өсімі, өндіріс тиімділігінің арттырудың басты шарты болып табылады.
Еңбек өнімділігі деңгейі өнімді өндіруге кеткен уақыт бірлігінде өндірілген өнім сонымен анықталады.
Егер 1 ғана өнім дайындалса оның көлемі натуралды бейнеде анықталатын болса онда еңбек өнімділігі деңгейі W натуралды бейнеде анықталады.
W = Q : T
q-натуралды бейнеде берілген кезеңде өндірілген өнім саны.
Т- бұл берілген өнім санының өндірісіне кеткен жұмыс уақытының жалпы шығыны .
Еңбек өнімділігі статистикасына негізгі орында еңбек өнімдлігінің құндық көрсеткіші алады.Облыс аймағы өнеркәсіптері бойынша еңбек өнімділігінің деңгейі тауарлы өнім бойынша анықталады :
ТӨ : W =Тө / Т
Егер бірлестік нормативтік таза өнім көрсеткішін қолдануға көмекші болса онда негізгі болып 1 жұмысшыға өндірістің нормативті таза өнім өндіру көрсеткіші табылады.
w=NTӨ / Т
Еңбек өнімділігінің кері көрсеткіші бұл өнімнің еңбек сиымдылығы t табылады.
Өнім бірлігін өндірістің еңбек сиымдылығы төмен болсы , еңбек өнімділігі жоғары болады, бұдан w=1 / t t= 1 / w және w*t= 1
Еңбек өнімділігінің деңгейі атқарылған жұмыс уақытының әртүрлі бірлігінде есебінде анықталуы мүмкін 1 сағатқа, 1 айға, 1 күнге.
Орта сағаттың күндік және айлық өнім өндіру көрсеткіші өзәрә байланысты.
Орта күндік өнім өндіру бұл орта сағаттың өнім өндіруді жүйесін күннің орта ұзақтылығына көбейткенге тең .
Орта айлық өнім өндіру бұл орта күндік өнім өндіруді 1 ал ішінде істелген күндердің орта санына көбейткенге тең болады.
-
Еңбек өнімділігі динамикасының көрсеткіші
Еңбек өнімділігі динамикасынаң көрсеткіші берілген ақпарат мазмұны мен есептерге байланысты әртүрлі тәсілдермен есептеледі. Жалпы формада еңбек өнімділігі индексі бұл есепті және базисті кезеңдердегі базисті кезеңдердегі деңгейін салыстыру.
Егер еңбек өнімділігі деңгейі бұл натуралды бейнедегі өнім өндіру көрсеткіші болса онда еңбек өнімділігінің натуралды индексі қолданылады:
Еңбек өнімділігі динамикасы кәсіпорындар тооптары бойынша және кәсіпорындардағы еңбек өнімділгінің деңгейінің өзгеруіне ғана бйлнысты емес сол сияқты тірі еңбектің жиынтық өзгеруіне де байланысты . Мұнда индексті "Үзілікті құрал индексі " дейді. Аналитикалық мақсатта ол 2 индекстің көбейтіндісі түрінде болуы мүмкін
Iw=Iw *Idt(w)
Еңбек өнімділігінің индекстерін базиста және есептік кезеңдегі өнім өндірісінің еңбек сиымдылығы салыстыруға негізделген .
Еңбк өнімділігі, еңбек сиымдылыққа кері пропорционалды болғандықтан еңбек өнімділігі индексін есептегенде базисті еңбек сиымдылығын (Т0) септімен (Т1) ал жоспарлық (t) бұл іс жүзіндегімен (Т1) салыстырылады . Тәжирибеде еңбек индекстері аз қолданылады . Өнім өндіру көрсеткіші іс жүзінде өндірілген өнім көлемін сол уақытта өндіру керек болған өнім салыстыру арқылы анықтауға болады.
Мысалы :
W1/Wn немесе Q1T1/WnT1
-
Факторлық талдаулар
Еңбек өнімдлігінің факторлық талдауының негізгі мазмұны болып еңбек өнімділігінің өніміне әр факторының әсер етуіне өлшеу табылады, бұл үшін әр түрлі тәсілдер қолданылады : статистикалық топтастыру , регрессиялық, корреляциялық және индекстік тәсілдер .
Еңбек өнімділігінің өсіу бойынша топтастырмалар жоспарланғанда факторлар бойынша анықталады.Келесі формула бойынша :
Мұндағы :
-
- берілген факторлардың әсер етуінен болған еңбек өнімділігінің өсуі
Э- жұмыс күнінің үнемі
Тесепті – бұл еңбек өнімділігінің жоспар саны.
Эжалпы –барлық факторлар бойынша есептелген жұмыс күшінің үнемі
Индекстік тәсіл кезінде еңбек өнімдерінің жалпы индексі бірнеше индекстің көбейтіндісі ретінд қарастырылады.
Типтік есептер:
№1
Есептік кварталда ет комбинатының өнім көлемі мен жұмыстар шығыныны мынадай болады :
-
Өнім
|
өнім шығару, тонна (т)
|
Істелген жұмыс сағаты
|
Шұжық
Тұшпара
|
3,460
1,042
|
79,580
63562
|
Еңбек өнімділігі деңгейіне тура және тура көрсеткіштерін анықта керек:
Тура көрсеткіштер бұл істелген 1 сағтта өнім өндіру – w = q / t
1)шұжық өндірісінде – 3,460 / 79,580 =43,5 кг
2)тұшпара өндірісінде 1,042 / 63562 = 16,4кг
Еңбек өнімділігінің кері көрсеткіші еңбек дайындаудың еңбек сиымдылығы – t = T / q
Сонда : 1) шұжық өндірісінде : 79,580 / 3,460 =23 сағат .т
2)тұшпара өндірісінде: 63562 / 1,042 = 61 сағат. Т
№2
1 мысалдың шартын келесі мәлеметтермен толықтырамыз . 1 тонна шұжықтың салыстырмалы көтерме бағасы 2040 тг, ал 1 т тұшпараның бағасы 1300 тг.
Сонда еңбек өнімділігі деңгейінің көрсеткіші құндық бейнеде былай болады:
1)Шұжық өндірісінде
= 3,460*2042 / 79,580 = 88,7 тг
2)Тұшпара өндірісінде
= 1,042 *1300: 63562 =21,3 тг
Жалпы 2 өнім өндірісінде еңбектің сағаттық өнімдерінің деңгейі былай анықталады:
№3
Базистік еңбек өнімділігі бойынша 3200 адам болуы керек еді. Ұйымдастру тхникалық шараларды өткізу нәтжесіне жұмыс күшінің жалпы үнемі есепті кезеңі 290 сағат болады. Жаңа технологяны енгізу нәтижесінде жұмыс күшіне тұтынушылық 110 адамға келеді. Көрсеткен фактордың еңбек өнімділігіне әсер ететін анықтау керек :
Шілде айындағы еңбек өнімділігі өсімінің жеке факторының өзгеруі маусым айымн салыстырғандағы келесі мәлеметтермен сипатталады
-
Көрсеткіші
|
тамыз
|
шілде
|
өзгеру қарқыны
|
Жұмыстың сағаттық өнімділігі , тг
Жұмыс істеген сағат саны
Күн саны
Жұмысшының орта тізімдік саны,адам
Жұмыс істелгендіктің жалпы сандығы жұмысшының үлес салмағы
|
5,0
308946
39864
1812
0,425
|
5,2
294462
37800
1800
0,428
|
1,04
0,9531
0,9482
0,993
1,007
|
1 Жұмысшыға еңбек өнімділігі динамикасын анықтау керек , ең алдымен жұмыс күнінің орта уақытын анықтаймыз .
1)тамыз - 308946: 39864=7,75 сағат
2)шілде 294462: 37800=7,79 сағат. Жұмыс күшінің орта ұзақтылығының қарқыны 7,79 :7,75=1,052
Жұмыс уақытының орта ұзақтылығын анықтау :
1)тамыз 39864 / 1812 = 22 күн
2)шілде 37800/ 1800= 21 , сонда өзгеру қарқыны 21/22=0,954
1 жұмысшыға аталған факторлардың әсерінен еңбек өнімділігі 1,04*1,005*0,955*1,007=1,005 немесе 0,5 % өсті.
-
Кәсіпорын жұмысшыларының еңбегі еңбекақы қорынан, материалдың ынталандыру қорынан, төленеді. Талдау мерзімде еңбекақы қорында барлық осы қорлардың үлес салмағын анықтау керек. Одан кейін жұмысшылардың айлық (жылдық, кварталдық) еңбекақы қорының құрамында сағаттық, күндік оның ішінде тарифтік еңбекақы қорларын бөліп қарау керек.
-
Еңбекақы қорының үнемнің анықталуы
ӨӨП-дың еңбекақы қорының онсательді үнемінің сомасы іс жүзіндегі еңбекақы қорынан жастарды шегеру арқылы анықталады. Есеп қорының шамасы, жоспар бойынша өнім көлемінің өнімнің 1 теңге кеткен еңбекақының белгіленген нормативіне көбейту жолымен табылады.
Өнеркәсіптік емес персонал бойыншаеңбек ақы қорының үнемі іс жүзіндегі және жоспарлық қордың арасындағыайырмашылық ретінде анықталады.
Типтік мысалдар:
Достарыңызбен бөлісу: |